Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған



бет17/82
Дата13.12.2022
өлшемі6,27 Mb.
#56945
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Байланысты:
kazakstan tarih paninen oak 2022zh

2. Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы» пәні курсын оқып меңгеру үшін студенттердің осы пән бойынша мектептің негізгі және жоғары сыныптарында алған білімдері болуы тиіс.
3. Постреквизиттер:Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану


2. Пәннің мазмұны


2.1 Кіріспе
Қазақстан тарихы пәні курсы алғашқы қауымдық қоғам кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі Қазақстан жеріндегі ең маңызды тарихи мәселелерді оқытады. Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың тіршілігі мен ескерткіштерінің зерттелуі, алғашқы тайпа одақтары мен мемлекеттердің тарихы, ерте орта ғасырлардағы түркі тілдес тайпалық одақтардың мемлекеттерінің тарихы, қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы, көшпенділер қоғамының мәдени құндылықтары, Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуы және оның салдарлары, тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстар, Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы және оның қазіргі кезеңдегі дамуы сияқты аса маңызды тарихи кезеңдерді қамтиды.


2.2 Негізгі бөлім
Лекциялар курсында өткен тарихтың өзекті мәселелері көтеріліп, олар бар мүмкіндігінше толық та жан-жақты қамтылған. Қазақстанның ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғарғы оқу орындарының тарих емес мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу жүйесіне сай типтік бағдарлама көлемінде баяндалады. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшу жағдайлары, оның негізі кезеңдері, жаңа экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудағы кейінгі жылдардағы қол жеткен табыстары, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алып отырған орны мен рөліең соңғы мәліметтер келтіріле отырылып, студенттерге қажетті деңгейде жазылған.
2.3Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысының тақырыптары
1. Ежелгі Қазақстан аумағындағы археологиялық ескерткіштер.
2. Ұлы жібек жолы және Қазақстан
3. Моңғолдардың жаулаушылық саясаты.
4. XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы
5. ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері
6. Патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістер
7. Ағартушылық істің дамуы және өнер қайраткерлері
8. Ресей Мемлекеттік Думасындағы қазақ депутаттары
9. Түркістан автономиясы және Түркістандағы ұлттық қозғалыстар
10. Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет