Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған



бет59/82
Дата13.12.2022
өлшемі6,27 Mb.
#56945
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
Байланысты:
kazakstan tarih paninen oak 2022zh

Қысқаша мазмұны
1925-1933 ж.ж. Қазақстан партия ұйымын Ф.Голощекин басқарды. Ол "Кіші Қазан" идеясының авторы. Оның ойынша социалистік революция қазақ ауылына соқпай, жанай өтті, онда большевиктердің ықпалы әлсіз, сондықтан тап күресін өршітіп жаңа революция жасау қажет. Осы идеяны ол өзіне қарсы келген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сияқты қазақ ұлтының бетке шығарларын қудалау үшін пайдаланды.
Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы құрылысы Сібір мен Орта Азияны жалғастырған Түркістан-Сібір (Түрксиб) темір жолы болды. Оның құрылыс 1927 ж. көкек айында басталып, 1930 ж көкегінде аяқталды. Ұзындығы 1445 км. Индустрияландыру жылдарында Шымкент қорғасын зауыты, Ащысай полиметалл комбинаты салынып, Текелі полиметалл, Жезқазған мыр қорыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын мырыш комбинатының құрылысы басталды. Нәтижесінде Қазақстан түсті металдар өндіру жөнінен Одақ бойынша екінші орынға, мұнай өндіру жөнінен үшінші орынға шығып, Қарағанды КСРО-ның үшінші көмір базасына айналды. Бірақ Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіру бағытында болды. Республиканың қазба байлықтары орталыққа тасылды. Мұнай, газ, металл өңдеу, машина жасау, станок жасау, прибор жасау кәсіпорындары болған жоқ. Ресейден Қазақстанға көшіп келушілер көбейді. 20-30 ж.ж. аштық пен миграция салдарынан 1939 жылы Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы 38 процентке төмендеді.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұйымдастыру дөрекі әкімшілік шаралар қолданып, күштеп-зорлау арқылы, республиканың ерекшеліктері ескерілмей, алдын-ала дайындықсыз жүргізілді. Жергілікті халықты күштеп отырықшыландыру етек алды.1928 ж. 675 ж қазақ байларының мал-мүлкін тәркілеп, өздері жер аударылды. Осының салдарынан 1931-1933 ж.ж. Қазақстанды бұрын-соңды болып көрмеген ашаршылық жайлап, республикада тұратын 6,2 млн тұрғындардың 2,1 млн аштан қырылып, 1 млн шет жерлерге көшіп кетті.Мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Егер республикада ұжымдастыру қарсаңында 40,5 млн мал болған болса, 1933 жылы соның 4,5 млн ғана қалды. Ұжымдастыруға қарсы республикада 372 көтеріліс болды.Үлкен жетістіктермен қатар репрессияларда қазақ интеллигенциясын баудай түсіріп, қырып жіберді.1928 ж. 44 бұрынғы "Алаш Орда" қайраткерлеріне "буржуазияшыл-ұлтшылдар" деген айып тағылып тұтқынға алынды. Олардың ішінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар бар еді. 1930 ж. ішінде М.Тынышпаев және Х.Досмұхамедовтер бар тағы да 40 адам тұтқындалды. 1937-1938 жылдары репрессиялау жаппай сипат алды.Саяси қайраткерлер Т.Рысқұлов, Ж.Сәдуақасов, О.Исаев, О.Жандосов ақын-жазушылар С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, ғалымдар К.Жұбанов, С.Аспендияров атылып кетті. Қазақстанда 7 тұтқын лагерлері құрылды. Олардың ішіндегі ең ірілері "КарЛаг" және "Алжир" болды.1937 ж. Қиыр Шығыстан 100 мың кәрістер күштеп Қазақстанға көшіріп әкелінді. Осы жылы мыңдаған күрділер, түріктер, әзірбайжандар мен ирандықтар Қазақстанға зорлап жер аударылды. Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.1937–1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.
Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.
Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша» ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ:
Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді.
1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды.Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет