Практикалық сабақ 5. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі және барысы Сабақтың мақсаты:Қазақстан аумағындағы жүздердің Ресей қарамағына кіру алғышарттары мен себептері, патша өкіметінің отарлық аясаты барысындағы саяси оқиғаларды, Ресейге қосылудың салдарлары мен тәуелсздік жолындағы күрескерлер туралы деректермен тарихи зерттеулерді пайдалана отырып, тереңірек түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады, Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, мақсатын түсіне біледі, Ұлы жүздің Ресейге қосылуымен 1,5 ғасырға созылған процестің мәнін түсініп, сол кезеңнің мемлекеттік қайраткерлерінің елжанды әрекеттері туралы қажетті білімді игеріп, оны ойтолғаныс кезінде іске асыра алады.
Түйінді сөздер:қазақ-жоңғар шайқасы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, Бұланты шайқасы, Аңырақай шайқасы, А.Иоанновна, А.Тевкелев. Талқылауға арналған мәселелер: 1.Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
2. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
3.Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
4.ХІХ ғ. екінші ширегі және 60-90 жылдарынағы Қазақстанның әкімшілік-саяси жағдайы
Тапсырмалар: 1-тапсырмаСәйкестендіру жұмыстары орындалады