Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру



Pdf көрінісі
бет52/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66
71) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. 
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ 
қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. 
Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін 
ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ 
шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР 
ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру 
науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола 
алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар 
қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша 
Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс 
істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-
қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы 
шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті 
органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе 
алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы 
қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды. 
72) Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. 
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа 
көшірудің зардаптарын талдаңыз (1928-1932 жж.). 
Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ 
этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.Кеңес үкіметі көшпелі және жартылай көшпелі қазақ 
қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп, бұрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді. 
Мұның бірден-бір себебі астық мәселесін күрделендірген гипердинамикалық индустриалды даму 
жоспары болды. Өндірісте істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен 
қамтамасыз ету міндеті тұрды. Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту мәселесі егін егуге 
қолайлы жерлерді жайылымға пайдаланып отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы 


келді. Міне, осы кезде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай 
отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және ол ұжымдастырумен қатар жүрді. 
Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үймен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші 
тұрған міндет деп санамады. Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді. 
Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ 
ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру 
мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел 
қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын 
орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің YІ Пленумында 1929 жылы 
Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға 
мәжбүр болды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. 
Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып 
тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере 
көшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937 
жылдың басында халық шаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың Л. Мирзоянға берген 
мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны 
2 есеге кеміген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет