Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер



Pdf көрінісі
бет13/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

20) Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. 
Қарахан мемлекеті (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.Қарахан мемлекеті 
Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан 
басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент 
(Тараз) қаласы. 
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ 
хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. 
Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, 
өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен 
үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан 
мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы 
Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. 
Оныншы ғасырдың соңына қарай қағанаттың жер аумағы қалыптасты. Қарахан мемлекеті мен 
Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шегара Балқаш және Алакөл көлдерінің бойымен өтті. 
Қарахандықтар иеліктері батысында Мауренахрды (Әмудария мен Сырдария аралығы), Жетісу 
жерін және шығысында Қашғарды қамтыды. 
Қарахан мемлекетінде жер иеленудің иқталық жүйесі орнықты. Қағандар өз маңайындағыларға 
қазметтері үшін жер үлестерін бөліп беріп отырды. Олар аймақ немесе қала тұрғындарынан салық 
алу құқығына ие болды. 
Мұндай жер үлестері иқта, ал иқтаны ұстаушылар иқтадар деп аталды. 
Қарахандықтарда иқтадан басқа мынадай жер иелену түрлері болды: вакф – діни орындардың 
меншігі, ал мүлік – дінбасылардың жеке меншігі. 
Шаруашылығына келсек Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген 
қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал 
шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі 
тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай 
отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді 
дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда 
қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ 
Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды. 


Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі 
қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. Он екінші ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі 
қидандардың шапқыншылығына ұшырап отырды. 1141-інші жылы Жетісудың негізгі аумағындағы 
саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда 
қарақытайлар тек салық алумен шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, 
дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан 
қарақытайлардың үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды. 
1210-ыншы жылы наймандармен соғыста Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212-інші жылы 
Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір 
кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет