Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-



Pdf көрінісі
бет12/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

18) Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-
қатынастары. 
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының 
құрамында кездеседі. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш 
көліне дейінгі аралық болды.
VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін 
жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі 
қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және 
бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды. 
Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты. 
Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының 
билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. 
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. 
Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай 
Он оқ еліне қашты». 
ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ 
тайпалары келді. 
Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар 
оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды. 
Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып, өздерінің 
мемлекетін құрды. Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы 
Суяб қаласы болды.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды. 
Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты.840 жылы Енисей қырғыздары 
қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Қарлұқ жабғуы Ұйғыр қағанатын 
бағындырып, қаған лауазымын иеленді. 
19) Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. 
IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті 
құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар 
алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл оғыздардың жаңадан әр үрлі тайпалардан қалыптаса бастаған 
кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-
біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі. 
Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп аталды. Оны атабектер 
тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғудың кеңесшілері күл-еркін деп аталды. 
“Оғызнама” дерегінде көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған. 
Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы оғыздардың 
отырықшылығын дәлелдейді. Мал жекеменшік мүлік теңсіздігіннің негізі болды. Оғыздар негізінен 


көшпелі малшаруашылығымен айналысты. Тоғыз-он бірінші ғасырлардағы деректерде оғыздардың 
Жент, Сауран, Сығанақ тағы басқа қалалары аталады. Малынан айрылған көшпелілер отырықшы 
өмір салтына көшті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды. Біртіндеп ислам 
діні де ене бастады. 
985-інші жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын 
талқандады. Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздардың территориясы оңтүстікте 
Мауреннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. Оныншы ғасырда Сырдариядан 
Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы деп аталды.X ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Әли 
жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс cалынған 
алым-салық оғыздардың наразылығын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда 
қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында 
Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы салжұқтардың 
қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. 
Ақырында XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет