біржола тоқтағанын көреміз. Жоңғар елінің
ішкі алауыздығын тудыру арқылы, сыртқы
қорғаныстарын әлсіретіп жаулап алған қазақ жерлерін қайтарып алды.
Жоңғар шеріктерінің негізгі күштері Цинь империясымен болған шайқастарда шыңдалды. «Жоңғар
хандығының тарихы» атты еңбектің авторы И.Я. Зпаткиннің айтуынша, XVIII 20-жалдарына дейін
жоңғарлар Шығыс Түркістан халықтарын, қырғыз, тува, алтайлықтарды өзіне бағындырды. 30-
жылдарға қарай Жоңғария Еуразиядағы күшті көшпелі державалардың біріне айналды. Бұл
кезеңдерде Жоңғар мемлекеті бір мезгілде Қытай, Қазақ хандығы және Орта Азия билеушілерімен
соғыстар жүргізіп, Ресейдің солтүстік шекараларына қауіп төндірді. Олардың Сібір мен Алтайдағы
бекіністеріне жиі шабуылдап отырды. Жойылып кетушілік қауіпі қазақ халқын біріктірді.
Қазақ
қоғамында ерекше бірігу рухы пайда болды. 1723-1724 жылдардағы ірі жеңілістерден соң асығыс
түрде жер-жерде жасақтар құрыла бастады, оларды халық арасынан шыққан мықты батырлар
басқарды. Осындай қиын кезеңде Абылай, Әбілқайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің,
талантты қолбасшылар —
Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары және Жәнібек
батырлардың даңқы шықты.
Райымбек ойрат және қалмақ тайпаларын Қазақстанның оңтүстік-шығысынан түgкілікті қуып
шығуда үлкен рөл атқарды. Оның белсенді араласуымен Теrtc және Қарқара езендері бойында
шекара анықталды. Ол тұрғызған улкен «Қызыл оба» кейіннен Нарынқолда қазақ-қытай шекарасын
анықтауда ескерткіш белгі болып қалды, Сол кезеңде қазіргі Алматының айналасындағы үлкен
аумақ қалмақ билеушілері Ағанас пен Арысханның иелігінде болатын — Ұлы жүз
қазақтарының
әскери кеңесінде, Қалмақтар күшпен басып алған жерлерді жаудан азат ету жөнінде шешім
қабылданды. Ағанастың шабуыл жасауға дайындалып жатқанын сенімді адамдары арқылы білген
Райымбек дереу іске кірісіп, күтпеген соққы арқылы жауды кері қайтаруға шешім қабылдады. Өзі
бастап сарбаздарымен
жаудың қосына басып кіріп, оларды қашуға мәжбур етті. ¥рыс басында
Райымбек Ағанасты өлтірді. Келесі алған қамалы Ағанастың ордасы болды. Бұл үзіліс қазақтарға да
өте қажет еді.
Достарыңызбен бөлісу: