БӨЖ Тақырыбы: Ғұндардағы әскери жүйе. Қабылдаған : Динашева Лаззат Орындаған:Сарсенбаев Али
Түркістан – 2022 Тақырыбы: Ғұндардағы әскери жүйе. Жоспары: Кіріспе. 1.Негізгі бөлім 1)Ғұндардағы әскери жүйенің пайда болуы.
2)Ғұндардағы әскери технологиялар.
3)Әскери технологияларды соғыста қолдануы.
Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі – “Ұлы қоныс аудару” кезінде гұндар Еуропаға қарай ығысты.Еуропаға ығысу кезінде олар герман тайпаларын ығыстырып, Римді басып алып,құлдық білікті жойды .Яғни ғұндар Еуропаға оңай кіріп басып алды. Оның себебі олардың қуатты әскери жүйе мен озық технологияларында еді.Сол үшінде ғұндардың әскери жүйесі өзекті тақырып болып отыр.
Тақырыптың мақсаты:Ғұндардығы әскери жүйенің қандай қуатты болғанын білу.
Тақырыптың міндеті:
Ғұндардағы әскери жүйенің пайда болуы зерттеу.
Ғұндардың әскери технологияларын сипаттама беру.
Ғұндардың әскери жүйесінің дамыған кездеріне сараптама жасау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі – Ғұндар туралы алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі 3 тарихшысы еді.
Біріншісі – Сыма Цянье.Оның еңбегі “Ши-цзи” ( Тарихи жазбалар ) 130 бөлімнен тұрды.
Екіншісі – Бань- Гу.Оның еңбегі Цянь Хань-шу ( Батыс Хан мемелекетінің құжаты.Бұл еңбекте бұрынғы 206 жылдан бастап,біздің заманымыздың 25 жылына дейінгі оқиғаларды қамтиды.
Үшінші – Фай – Е – нің Хоу Хань – шу ( Шығыс Хан мемелекетінің құжаты) – жоғарыда толған екі тарихшының ішімен жазылған құнды еңбек.Бір ерекшелігі – түркі халықтары туралы арнайы тарау бар.
Еуропа тарихшыларынан ғұндар туралы жазған Аммиан Марцеллин – біздің заманымыздың 4 ғасырындағы Рим тарихшысы. Оның еңбегі - “Іс – қимыл” деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығарма.Ол б.з.д 1 ғасырдан 4 ғасырына дейін ғұндар туралы құнды деректер қалдырған.
Орыс тарихшылары арасында аса құнды деректер жазған Бичурин Н.Я (1777-1853) – орыстың белгілі қытайтанушысы,1807 жылдан бастап 14 жыл Пекиндегі орыс діни миссиясының басшысы болып, қытай тілін үйреніп,Орта және Орталық Азия түріктері туралы деректерге зерттеу жасаған.
Ғұндар тарихнамасына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, Л .Гумилев, К.Акишев, Г.А.Кушаев еңбектерін айтуға болады (Аристов және олардың саны жөніндегі халықтарының этикалық құрамы және олардың саны жөніндегі мәліметтер туралы мақалалар )(Сп.б 1887) “Живая старина”(“Тірі ескілік”) жеке IV рет шығуы,1896,Бартольд В.В.Истроия турецко- монгольских народов.Ташкент,1928.