Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
55) Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. 
XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер 
Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып 
келген еді. 
Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай 
үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. 
Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің 
күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің 
құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол 
аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің 
қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары 
құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір 
тұрақтандырылғандай болды. 


Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде 
келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы 
тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт 
келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына 
қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша 
жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген 
Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген 
болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті.
56) Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне 
қатысты ғылыми мұрасы. 
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл 
ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың 
екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің 
бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде 
«Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 
12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық 
бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери 
шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты 
қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық 
басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Кадет корпусын 
1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде 
қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс 
аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы 
қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын 
зерттеуге белсене араласады.Қызмет барысында Шоқан көптеген экспедицияларға қатысады , ал 
сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», 
«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай 
империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет