келді. Міне, осы кезде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай
отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және ол ұжымдастырумен қатар жүрді.
Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үймен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші
тұрған міндет деп санамады. Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді.
Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ
ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру
мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел
қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын
орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің YІ Пленумында 1929 жылы
Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға
мәжбүр болды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді.
Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып
тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере
көшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937
жылдың басында халық шаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың Л. Мирзоянға берген
мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны
2 есеге кеміген.
Достарыңызбен бөлісу: