Қазақстан тарихы



бет1/2
Дата03.05.2023
өлшемі20,76 Kb.
#89486
  1   2

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Нұсқау: Сізге берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.
1. Бөріқазған тұрағы тас дәуірінің қай кезеңіне жатады?
A) Ерте палеолит;
В) Орта палеолит;
С) Кейінгі палеолит;
D) Мезолит ;
Е) Неолит.
2. 1980 ж. Ботай мәдениетін зерттеп жылқының алғаш қолға үйретілгенін дәлелдеген археолог
A) К.Байпақов
B) В.Зайберт
C) Н.Пантусов
D) Ә.Марғұлан
3. Ұлы жабғу атағын иеленген түркілердің көсемі
A) Қапаған қаған
B) Сұлу қаған
C) Бумын қаған
D) Шегу қаған
4. Палеолит кезеңінің тұрақтары алғаш рет Қазақстанның қай бөлігінен табылды?
A) Сырдария өзенінің бассейнінен:
B) Ертіс өзені бассейнінен:
C) Орталық Қазақстаннан
D) Маңғыстаудан;
E) Қаратау жотасы аумағынан.
5. XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған мемлекет
A) Ақ Орда
B) Көк Орда
C) Моғолстан
D) Сібір хандығы
6. Қазақстан БҰҰ-на мүшелікке қабылданған мерзім
A) 1991 жылы 10 желтоқсан
B) 1992 жылы 2 наурыз
C) 1992 жылы 4 маусым
D) 1992 жылы 11 желтоқсан
7. XIX ғасырдағы Қарқаралы уезіндегі жәрмеңке
A) Қоянды-Ботов
B) Тайыншакөл
C) Ойыл
D) Темір
8. 1960-1962 жылдары Д.А.Қонаевтың атқарған қызметі
A) Қазақ КСР-і ғылым академиясының президенті
B) Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы
C) Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
D) Балқаш мыс комбинатының басшысы
9. 1929-1933 жылдары болған көтерілістер қарсы бағытталды
A) еңбек міндеткерлігіне
B) тыл жұмыстарына алуға
C) күштеп ұжымдастыруға
D) әскери коммунизмге
10. Pесей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, «Орынбор өлкесінің Колумбы» атанған ғалым
A) И.Г.Андреев
B) П.И.Рычков
C) Г.Ф.Миллер
D) В.Н.Татищев

Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
Орталық Азия өркениетінің ежелгі ошағы Сырдария аймағы Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр. Сырдарияның орта ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңғы атаумен Авестада кездеседі, Ал Сыма Цянь оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл өркениет ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан Отырар (Фараб) шаһары болды. Мыңжылдықтың соңында бұл жер сауда мен қолөнер орталығына айналды. Бұл туралы көптеген мұсылман тарихшылары мен жағрапияшылары деректер қалдырды. Х ғасырда Отырар Қарахандар мемлекетіне қарады. Кейіннен қарахандар моңғол шапқыншылығынан күйреген соң, Отырар Хорезмнің қол астына өтті. Мұсылман жылнамаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам (Испиджаф) және Түркістан (Яссы) шаһарлары болды. Олар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның тарихында үлкен маңызды рөл атқарды. Джандосова З.А. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2019. – 24-25 бб
11. Мәнмәтінді пайдаланып, ежелгі дәуірде Сырдария аймағында өмір сүрген тайпаны анықтаңыз:
A) Сақ
B) Үйсін
C) Қаңлы
D) Ғұн
E) Сармат
12. Мәнмәтін бойынша Сырдария аймағы өркениет ошағының орталығы болған шаһарды анықтаңыз:
A) Жент
B) Тараз
C) Баршынкент
D) Фараб
E) Жанкент
13. Мәнмәтінді негізге алып, ІХ ғасырдың соңында Сырдарияның орта ағысында құрылған ортағасырлық мемлекетті анықтаңыз
A) Қыпшақ хандығы
B) Қимақ мемлекеті
C) Қарақытай мемлекеті
D) Қарлұқ қағанаты
E) Оғыз мемлекеті
14. Мәнмәтін бойынша Орталық Азия тарихында маңызды рөл атқарған қалаларды анықтаңыз
A) Қойлық, Талхиз, Алмалық
B) Баласағұн, Суяб, Науакент
C) Сауран, Созақ, Сығанақ
D) Жент, Ақтөбе, Кедер
E) Басқамыр, Аяққамыр, Сарайлы
15. Мәнмәтін бойынша Сырдария аймағы өркениетіне қатысты дұрыс дәйекті анықтаңыз
І. Сырдария аймағы өркениет ошағының ірі орталығы Тараз
ІІ. Қаңлы мемелкеті туралы мәліметтер Қытай дерегінде кездеседі
ІІІ. Мұсылман жылнамаларында Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды
ІV. Сырдария аймағы ХIII ғасырдың бірінші жартысында монғол шапқыншылығына ұшырады
V. Сығанақ қаласы Шығыс Түркістандағы маңызды сауда орталығы
A) І, ІV
B) ІІ, ІІІ, ІV
C) І, ІІІ,V
D) І, ІV,V
E) І, ІІ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет