Қазақстан тарихы


Дәл  осы  тұста  жиырма  жылдық  қазақ-бұқар  соғыс  өртi  тұтанған



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
 
Дәл  осы  тұста  жиырма  жылдық  қазақ-бұқар  соғыс  өртi  тұтанған  едi.  Қазақ 
хандығының  орасан  күш-қуаты  Мәуреннахрға  қарай  бағытталды.  Оның  үстiне,  1614 
жылдың шамасында қатаған Тұрсын хан оңтүстiк өңiрде дербес саясатқа бет бұрады. 
Жағдайды  тез  ұққан  қалмақ  тайшыларының  тiзе  қосқан  қалың  қолы  Қазақ  Ордасына 
қарсы  соғыс  қимылдарын  күшейте  түскенi  байқалады.  Ciбiр  өкiметiмен  байланысқан 
елшiлерiнiң  сөзi  мен  iс-қимылына  қарағанда, ойраттар бiршама табысқа жеткен тәрiздi 
деп шамалайды кейiнгi тарихи деректемелер.  
 
Бұл  кезде  қалмақтардың  алдыңғы  легi  Ертiстегi  қазақтарды  жаулап  алып, 
Есiлден  өтедi,  Жемге  жетiп,  Жайыққа  дейiн шабуыл жасап, Ноғай Ордасын күйретедi. 
1616 жылы көктемде қалмақ елiне барған орыс елшiлерi қазақтың Ұлы жүзi мен Енесей 
қырғыздары  ойрат  билiгiн  таныпты  деген  хабар  әкеледi.  Келесi,  1617  жылы  дүрбiттiң 
Далай-тайшысына  барған  орыс  елшiсi  И.Савельев қазақ пен қалмақ тепе-тең қалыпта, 
бейбiт  отырғанын  көредi.  Бiрақ,  бұл  екi  ел арасындағы уақытша ғана тыныс  болатын. 
Бұл  туралы  Ресейге  бiрнеше  рет  келiп  қайтқан  аустриялық  дипломат  Сигизмунд 
Герберштейн қазақтар туралы өз жазбаларында бiршама деректер келтiредi. 
 
Қазақ-ойрат  қатынасын  терең  қамту  үшiн,  алдымен  Қазақ  хандығының  саяси 
даму  ерекшелiгiн  ескерген  жөн.  XVI  ғасырдың  бiрiншi  ширегiнде  Қазақ  хандығының 
дәуiрлеуi  жүрдi.  Бұнда  тек  Қасым  ханның  басына  тән  қасиеттерi  ғана  басты  рөл 
атқарған жоқ. Ең алдымен, бұған iшкi әлеуметтiк даму мен этникалық құбылыстардың 
және  аймақтағы  саяси  жағдайдың  өзгерiсi  негiзгi  ұйтқы  болды.  Оның  үстiне  Қасым 
ханның  жеке  ұйымдастырушылық  қабылеттiлiгi,  көреген  саясаткерлiгi,  шебер 
қолбасшылық  қызметiнiң  өзiндiк  орны  бар.  Дегенмен,  Қазақ  хандығы  бұл  кезде  де 
орталықтанған  мемлекет  бола  алмады.  Ол  дүниеден  кете  дала  билеушiлерi  арасында 
өзара  бақталастық,  қырқыс  күшейiп,  елдiң  сыртқы  саяси  жағдайы  дағдарысқа  тап 
болды.  Қазақ  жерлерiне    көз  алартқан моғол және өзбек хандарының одағы күш алып 
келе жатты. 
 
¤зара тартыстың кесiрiнен Қасым ханнан кейiн таққа отырған ұлы Мамаш (1518-
1523  жж.),  одан  кейiнгi  Тақыр  ханның  (1523-1532  жж.)  Қазақ  Ордасының  саяси  өмiрi 
жандана  қоймады.  Ал,  хан  тағына  отыруға  аса  бiлiгi  жоқ  Буйдаштың  (1533-1534) 
тұсында  қазақтар  тiптi  өзбек,  маңғыт,  тоғал  хандарымен  соғыста    жеңiлiске  ұшырап, 
оңтүстiк және солтүстiк-батыстағы жердiң бiр бөлiгiнен айырылып қалды. 
 
XVI  ғасырдың  екiншi  жартысында  қалжыраған  халықтың  еңсесiн  көтеруде 
Қасым  ханның  баласы  хан  Ақназар  (1538-1580)  бiрталай  еңбектендi.  Ноғай 
Ордасындағы  билеушi  топтардың  өзара  тартысын  шебер  пайдаланған  Ақназар  хан 
Жайықтың сол жақ  жағалауын өзiне қосып алуына, оған қоса, Жетiсу мен Тянь-Шаньға 
қол  салған  Моғол мемлекетiне де тойтарыс бере бiлдi. Ақназардың жүргiзген ұтымды 
саясаты ел iшiндегi тартысты бәсеңдетiп, саяси жағдайды нығайтты, экономиканы және 
сауданы дамытты. Ол кескiлескен талас-тартыста өзбек ханы Абдоллаға дем берумен 
Сырдария бойындағы бiрсыпыра қалаларды (Сауран, Түркiстан) ел игiлiгiне  жаратты.  
 
Жоғарыда ғана баяндап өткен Тұрсын хан дербестiкке ұмтылғанмен, Елордадан 
бас үзiп кетпеген едi. Ол оңтүстiкте Бұқар майданында жағаласып жатқанда, Есiм хан 
халха-моңғолдың  Алтын-ханы  Шолай  Үбашымен  берiк  одақ  жасасып,  ойрат 
ұлыстарына  қарсы  тегеурiндi  жорық  ашады.  1619  жылы  жазда  батыста  қазақтан, 
шығыста  халхадан  жеңiлген  ойраттар  iрге  теуiп  отырған қоныстарынан ығысады, бей-
берекет босып, бас билiгiнен жаңылады. 
 
Алайда,  Хара-Хула,  Байбағыс  сияқты  жауынгер  тайшылар  қалмақтың  төрт 
ұлысын  бiрiктiрiп,  соғысқа  қайта  жұмылдырады.  1620  жылғы  жазда  келiссөздермен 
алдаусыратқан  қалмақтар, Қазақ жерлерiне тұтқиылдан басып кiредi. Шеткi ауылдары 
жау  қолында  қалған  Есiм  хан  шұғыл  қол  жинап,  қалмақтарды  қирата  жеңедi;  сол 
замандағы орыс деректерi: ”Қазақ Ордасының Есiм ханы қалмақтарды қатты қырғынға 
ұшыратты, қалмақ тайшылары өте қиын халге түстi”,-деп ерекше мән берiп баяндайды. 
 
Келесi жылғы ұрыстарда тағы да қырғынға ұшыраған ойраттар Сiбiрдегi Ресей 
бекiнiс-қамалдарына дейiн қашып, жан сағалаған. Ресейлік құжаттарда ойрат одағының 
ең үлкен әмiршiсi Хара-Хула еңсесi түсiп, бүкiл  жұртымен қазақ шапқынынан аса терең 
соққы алғаны ерекше көрсетіліп баяндалған. 
 
Қалмақтардың  маңдай алды жасақтарын Есiл мен Тобыл сағасына дейiн қуған, 
Ертiстен  асырып,  Оба  өзеніне  құлатқан  Есiм  хан  ендi  бiр  назарын  түстiкке аударады. 


 
43 
Екiншi  бұқар-қазақ  соғысын  жеңiспен  аяқтап,  бұл  бағыттағы  қазақ  жері  шегiн  берiк 
бекiтедi.  Осыдан  кейiн  қазақ  хандығы  құрамындағы  барлық  ұлыстың  таңдаулы 
қосындарын  бастап,  қалмаққа қарсы қайтадан аттанады. 1627 жылы азаттық жорыққа 
шыққан  Есiм  бастаған  қазақ  жасақтары  Ойрат  одағын  екi  жүз  жылдық  соғыс 
тарихындағы  ең  ауыр  соққыға  ұшыратады.  Соққы  ауыртпалығы  сондай,  бiр  байрақ 
астына  ұйысып,  Шығыс  және  Орта  Азия  өңiрiнде  алып  күшке  айналған Ойрат ұлысы 
сылпара  ыдырайды.  Сөйтiп,  бұл  соққылар  нәтижесiнде  екi  жүз  мың  әскерi  болған 
торғауыттар Ойрат одағынан бiржолата ажырап, батысқа қарай ығысады. 
 
Ал, әскери қуатымен де, жекелей алғандағы саны жағынан да торғауыттан асып 
түсетiн шорас пен дүрбiт тайпалары ата қонысы Жоңғарияға қарай қайта шегiнедi. Бүкiл 
ойратттың  бас  билiгiне  таласқан,  ендi  ауыр  соққылардан  жасақтарын  жинай  алмай, 
саялы  қоныс  таппаған  хошауыттар  Тибетке  өтiп  кетедi.  Ел  тарихымызда  1627-1628 
жылдардағы  әуелгi  ойраттар  қырғыны  қалмақтың  ақтабан-шұбырындысы  деп  аталып 
кеткен.  Қазақтардың  бұл  жеңiсi  бүкiл  Жетiсуға  және  Ертiс  пен  Жоңғар  өңiрiндегi 
түбегейлi  үстемдiкке  жетуiне  жол  ашқан  едi,  осы  уақытқа  дейiн  тура  жүз  жылға 
созылған  ойрат соғысы бiржола тамамдалуына жақын қалған едi. Бiрақ, дәл осы кезде 
Қатаған  Тұрсын  ханның  кертартпа  саясатының  кесiрiнен  Қазақ  хандығында  сұрапыл 
азамат  соғысы  басталады.  Қуат-күшi  бойына  сыймаған  алаш ұлының өзара қырқысы 
кезiнде  жарақ  асынған  аламанның  үштен  бiрi  болмаса  да,  анық  төрттен  бiрi  жер 
жастанады.  Қазақ  мемлекетiнiң  қарымы  қысқарады,  жауынгер  жұртының  серпiмi 
азаяды, алаш рухы ерiксiз тұншығады. Нәтижесiнде ойрат тайпалары уақыт ұтып, еркiн 
тыныс алады, ес жиып, ежелгi ерлiк дәстүрiн табады, жаңа ұрпақ өсiрiп, ұлыс болашағы 
жолындағы күрестiң жаңа тәсiлдерiн қарастыра бастайды.  
 
1627  жылғы жеңiлiстен соң босқынға ұшыраған торғауыттар ендiгi бiр несiбесiн 
батыс  бағытынан  iздейдi.  Олар  ендi  берiсi  Жайық,  арысы  Едiлде  көшiп-қонған 
ноғайларға  қарсы  он  бес-жиырма  жылға  созылған  соғыс  жүргiзiп  екi  өзеннiң  бойына 
еркiн  қоныстанады.  Сөйтiп,  ежелгi  Алтын Орда жерiнiң қақ жүрегiнде жаңа бiр қалмақ 
хандығы  орнайды.  Ноғайларды  бiржола  талқандап  жұртынан  бостырып,  елдiктен 
айырған  қалмақ  жүз  елу  жыл  бойы  қазақтардың  қақ  желкесiнде  отырған  қатерлi 
дұшпанға айналды. 
 
Есiм  ханнан  жеңiлген  соң  ата  қонысқа,  шығыс  өңiрге  оралған  жоңғар  рулары 
арада  он  жыл  өтпей  қайтадан  бiрiгiп  саяси  мәмлеге  келедi.  Шорас,  хошауыт,  дүрбiт 
және  жаңадан  көтерiлген  хойыт-жауынгер төрт тайпа өзара одақ құрады. Әуелгi ойрат 
одағының  әлде  қайда  қуатты  жаңа  қалмақ  мемлекетi  -  Дүрбiн-Ойрат,  немесе Жоңғар 
хандығының туы көтерiледi.  
 
Осының  алдында  ғана  әрқайсысы  өз  бетiне  тартқан  ойрат тайпаларының басы 
қосылып, жаңа орда құруы - табиғи ахуал, тарихи заңдылық болатын. Бiр жақтан қазақ, 
бiр  жақтан  халха-моңғол  қысқан  жоңғар  жұрты  мүлде  құрып  кету  қаупiне  ұшыраған. 
Ауыр  жеңiлiстер  бiрлiк  қажетiн  айқындаған.  Оның  үстiне,  1616  жылы  ойрат  халқының 
ресми  дiнi  болып  жарияланған  ламаизм  дәл  осы  шамада  елдiң сүйегiне бiте бастаған. 
Дiни  сана  мен  ұлттық  сана  бiр  арнадан  табылады.  Нәтижесiнде,  ойрат  жұрты  бiр  ел, 
бiртұтас халық ретiнде ұйысады. 
 
Тұтастығын сезiнген, күш-қуатын бағамдаған қалмақ мемлекет билеушiлерi жер 
шегiн  кеңейту  үшiн,  базарлы  өлкелердi  өзiне  қарату  мақсатында  қайтадан  соғыс 
жорықтарына  шығады.  Орталық  Азиядағы  ең  шұрайлы  жерлердi  ата-тегiнен 
қоныстанған,  Мәуереннахрдың  дулы  жәрмеңкелерiмен  аралықта  жатқан  Қазақ 
хандығына  қарсы  аяусыз  соғысқа  шығу  -  Дүрбiн-Ойраттың  өмiрлiк  қажетiнен 
туындаған. 
 
Соғыстың  бiржолата  өршiп,  бiтiспес  сипат  алуына  тағы  бiр  себеп  -  бұл 
шығыстағы  Халха-Моңғол  хандығы  әлсiреген,  оңтүстiктегi  Моғолстан  ыдыраған; 
қазақтың терiстiгiнде тегiн ұмтылып Ресей тұр, түстiгiнде сыбана күтiп Бұқар отыр, ал 
қалмақтың төрт аяғы бос, қазақтан басқа жауы қалмаған. 
 
1634  жылы  Хара-Хула  дүние  салғаннан соң оның үлкен ұлы Хото-Хоцин-Батур, 
Тибеттегi  Далай-ламаның  қолдауымен  және  Жоңғардағы  қалмақ  жұртының  қалауы 
бойынша  Ердене-Батур  қонтажы  деген  атпен,  бүкiл  ойрат  елiнiң  әмiршiсi  болып 
танылады.  Оның  хүкiм  жүргiзе  бастаған  1635  жыл  -  Жоңғар  мемлекетiнiң  құрылған 
жылы болып есептеледi. Ойрат ұлысы қайта көтерiлiп, Жоңғар хандығы құрылған кезде 


 
44 
қазақ  елi  осының  алдында  ғана  қара  дауылдай  ұйпап  өткен  азамат  соғысының  ауыр 
жарасынан  әлi  толық  оңалмаған.  Ал  кеше  ғана  талқандалған  Дүрбiн-Ойраттың  қуаты 
артық болатын. 
 
Жоңғар  хандығы  ту  көтерген  1635  жылы  Жәңгiр  сұлтан  Қазақ  мемлекетiне 
жартылай  тәуелдi  дүрбiт  Далай  тайшымен  одақтасып,  торғауыттың  Хо-¤рлiк 
тайшысына  қарсы  үлкен  жорық  ұйымдастырады.  Оның  нәтижесiнде Жем мен Жайық 
бойын  еркiн  иеленген  торғауыт  жұртын  ауыр  шығынға  ұшыратып,  батысқа  қарай 
ықтырады.  Арада  жыл  жарым  өтпей  қазақтардың  өзi  тұтқиыл  шабуылға  ұшырайды. 
Қонтажы  Ерден-Батур  қолбасшылығы  мен  болған  қысқы  жорықта  қазаққа  қарсы  бiр 
мезгiлде  екi  бағыттан  шабуыл  жасалады.  ‘’Қара  қалмақтар  түп  көтерiлiп,  Қазақ 
Ордасына  аттанды,  Қазақ  Ордасының  кiсiлерi  қарсы  шығып,  соғыста  қатты  қырғын 
болды.  Ақыры  қара  қалмақтар  жеңiп,  Есiмнiң  ұлы  Жәңгiр  ханзаданы  тұтқындап 
әкеттi’’,- деп жазылған, сақталған деректерде. Жәңгiр сұлтан қалмақ тұтқынында қанша 
уақыт  болды,  одан  қашан  және  қалай  құтылды,  әрине  бұл  жөнiнде  нақты  мәлiмет 
тапшы. Нақтылы сақталған дерек әлi де сұлтан дәрежесiндегi Жәңгiр 1640 жылы күзде 
Батұр  қонтажыға арнайы елшi жiберген. Елшiлiктiң міндеттігінің мән-мағынасы туралы 
мағлұмат жоқ. Алайда, бұдан соңғы оқиғаларға қарағанда, ортақ тiл табылмағаны, қазақ 
пен  қалмақ  екi  жақты  бiрдей  қанағаттандыратын қандай да бiр келiсiмге тоқтамағаны 
көрiнедi. Сол жылы Тарбағатайда өткен құрылтайда бүкiл моңғол ұлысы бiрлiкке келiп 
‘’Ұлы  заң’’  қабылдап,  бүкiл  жоңғар  жұрты  қыл  шашақты  қызыл ту астына топтасып, 
cоның нәтижесiнде 1643 жылдың қатал қысында Қазақ Ордасына қарсы үлкен жорыққа 
шығады. 
 
Бұл жорыққа Жоңғардағы төрт ұлыс Дүрбiн-Ойрат түгелiмен қатысады, ал Батұр 
қонтажының  бұл  жолғы  әскерiнiң  ұзын  саны  елу  мыңнан  астам  болған.  Орыс 
деректерiнiң  мәлiметтерiнше,  Батұр  қоңтажы    Алатаудағы  қырғызға  басып  кiрiп 
Тоқмаққа  дейiн  жетедi.  Бұл  заманда  қырғыз  халқы  Қазақ  хандығының  бiр  ұлысы 
болатын.  Ел  шетiне  жау  кiргенiн  естiген  Жәңгiр  сұлтан  қарсы  аттанады.  Кейiнiрек, 
соғыстың соңғы кезеңiнде жиырма мың шерiкпен Бұқар хандығынан Самарқан әмiршiсi 
Жалаңтөс  батыр  жетедi.  Сайып  келгенде,  ойрат-қазақ  соғысы  екi  хандық  шеңберiнен 
шығып, түрiк-моңғол соғысына айналады. 
 
Осы  кезден  бастап  жоңғарларға  тойтарыс беруге қазақ тайпалары бiрнеше рет 
ұмтылған.  Үйсiн,  қырғыздарды  қаратып  отырған  Шағатай  ұлысынан  шыққан 
Сейтханның  ұлы  Рашидхан,  одан  кейiн  1554  жылы  Тәуекел  хан  жоңғарларға 
(қалмақтарға)  бiрнеше  рет  ойсырата  соққы  берсе  де,  олар  қазақ  жерiне 
шапқыншылығын  үдете  түстi.  1600-1610  жылдары  Тер,  Түмен  уездерiн талап, 1630 ж. 
Едiлдiң төменгi жағына дейiн жеттi. Осы тұста олардың бiр бөлегi Едiл өзенiнiң төменгi 
сағасына қоныстанып, ол жер қалмақ қыры деп атала бастады.  
 
Қазақ  жерін  қорғауда  әр  жүзде  өз  ерлігімен  халықта  аңыз  болған  тұлғалар 
баршылық. Солардың бірі  Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батыр болды. Қарасайдың 
бастауымен  қазақ  жасақтары  1643  жылы  Лабастағы  Дөңiз  тауы  жанындағы    ұрыста, 
1646  жылы  Жаркенттен  күншығыс  жағындағы  Қосқолаң  тауының  түбiндегi шайқаста, 
тағы  басқа  соғыстарда  ойраттарға  ақыл-амалының,  әскер  өнерiнiң  басымдылығы, 
төңiрегiндегi  батырлардың  ерен  ерлiгiнiң  арқасында  талай  рет  соққы  берген.  Қарасай, 
Кiшi  жүзден – Жалаңтөс, Орта жүзден Ағынтай батырмен доc болып, қиын сәттерде тiзе 
бiрiктiрiп  бiрге қимыл жасаған. 
 
Қалмақтардың  қазақ  жерiне  шабуылдары  XVIII  ғасырдың  басында  Тәуке  хан 
дүние салғаннан кейiн күшейе түседi. Атыс жарақтарын жасап, 100 мыңдай әскер құрап 
қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан қауiп 
күтпей,  iшкi-талас  тартыспен  жүрген  болатын.  Бұл  тұста  қазақтар  мен  қалмақтар 
шекарасы Ертiс өзенi, Балқаш көлi, Шу, Талас өзендерiнiң аралығымен өтетiн едi. 1710-
1711  жылдары  қалмақ  әскерi  қазақ  жерiне  басып  кiрiп,  халқын  қырғын  соққыға 
ұшыратты. Көп олжамен керi оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенiнiң жағасында 
қазақтардың  30  мың жасағын талқандап жеңедi. Келесi жылы жоңғарлардың әскерлерi 
тағы  да  қанды  жорыққа  аттанып  Бөген,  Шаян,  Арыс  өзендерiнiң  бойында қазақтарды 
қырғынға ұшыратады. 
 
Қалмақтардың  қазақ  өңiрiне  шешушi  соғыс  жорықтары  1723  жылы  көктемде 
жан-жақты дайындықпен басталады. Әскерлер қатары толықтырылып, оларды барынша 


 
45 
қаруландырып,  оның  қолбасшылығына  Шуна  Дабо  қалмақ  баhадуры  тағайындалады. 
Негiзгi  мақсат  бойынша  қалмақ  әскерлерi  екi  бағытта  шабуылға  қызу  дайындалады. 
Бiрiншi  бағыт  Қаратауды  басып  өтiп,  Шу  мен  Талас  өзендерiне  шығу  болса,  екiншi 
бағыт  қазақтарға есiн жиғызбай Шыршық өзенiнiң қойнауын алу едi. Ол үшiн әскерлер 
жетi  шоғырға  бөлiнiп,  оның  бiрi  Жетiсу  Алатауының  етегiндегi  Балқаш  көлiне  құятын 
төрт  өзеннiң  маңына  топтастырылды.  Қалмақтың  белгiлi  қолбасшысы  Амурсана 
басқарған  70  мың  адамнан  тұратын  екiншi  бiр  тобы  Iле  өзенiнiң  бойымен,  Кеген 
өзенiнiң  солтүстiк  жағасына,  Нарын  өзенiнiң  күншығыс  жағындағы  Кетпен  тауының 
баурайына орналасты. 
 
Шапқыншылықтың  ауыртпалығы  Ұлы жүздiң, Жетiсудың халқына түстi. Ешбiр 
бөгетсiз,  қарсылықсыз  жолындағының  бәрiн  жайпап  келе  жатқан  жоңғарлар  араға  көп 
мезгiл салмай Орта жүз бен Кiшi жүзге де жетедi. Малын, мүлкiн, қонысын тастап, бала-
шағасынан,  туысынан  айрылып  босқан  халық  бетi  ауған жаққа қашып-пысуға мәжбүр 
болады. Ұлы мен Орта жүздiң қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды, ал 
Кiшi жүз халқы Хиуа мен Бұқарға ағылды. Босқындардың бiразы Алқакөл маңына келiп 
паналады.  Тарихи  деректемелер бойынша қазақ өңiрiнде екi көл болған. Оның бiрiншiсi 
Сырдың сол жақ бетiнде, Бетпақдала каналы екiге бөлiнетiн жерде, екiншiсi Ташкенттен 
90 шақырым жерде, ол да Сыр бойында. Босқан қазақ осылардың алғашқысына барып 
паналаған. Бұл кезең халқымыздың тарихында “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” 
деген  атау  алды.  Яғни,  табанымыз  ағарғанша  шұбырып  Алқакөлге  жетiп,  азап  пен 
аштықтан  сұлаған  жылдар  дейдi.  Осы  ауыр  жылдарда  шыққан  қазақтың  қаралы  да 
қайғылы,  әнұраны  сияқты  “Елiм-ай”  әнiн  бiлмейтiн,  оны  айтқанда  тебiренiп, 
қатыгездiктiң  құрбаны  болған  боздақтарын  еске  түсiрiп,  бүгiнге  дейiн  көзiне  жас 
алмайтын қазақтың кәрi-жасы кемде-кем. 
 
Ақтабан  шұбырындыда  ауа  көшкен  жұрттың  көптеген  қалалар  мен  елдi 
мекендердегi отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесiнде Самарқанд, 
Бұқар,  Хиуа,  Ферғана  сияқты  қалалар  қаңырап  қалды.  Сол  жылдарда  Хиуа  маңында 
мекендер мен егiндiк жерлер иесiзденіп , қаланың өзiнде қырық шақты отбасы қалған. 
 
1728  жылы  қазақ  жүздерiнiң  жасақтарын  басқарған  Әбiлқайыр,  ондағы  айтулы 
батырлардың  бiрi  Тайлақ  және  оның  жиенi  Ұлы  жүздiң  ошақты  руындағы  тасжүрек 
атасынан  шыққан  Саурық  батыр  Ырғыз  өңiрiнiң  оңтүстiк  шығыс  бетiндегi  Бұлан 
өзенiнiң  жағасында  “Қара  сиыр”  деген  жерде  қалмақтарға  есеңгiрете  соққы  берген. 
Қалмақ  әскерлерi  қиян-кескi соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Алты алаштың 
рухын  көтерiп  оларды  күреске  шабыттандырған  бұл  жеңiске  куә  болған  жер  кейiн 
“Қалмақ  қырылған”  деп  аталатын  болды.  Жеңiстi  баянды  етiп,  жауды  өкшелей  қуып, 
қазақ  жерлерiн  азат  ету  жорығына  жиналған  үш  жүздiң  қалың  қолы  Шымкентке таяу 
жердегi  Ордабасында  үлкен  жиын  өтедi.  Онда  бүкiл  қазақ  жасағының  бас  сардары 
болып Әбiлқайыр хан, жасақ қолбасшысы Бөгенбай батыр сайланады. 
 
Бұдан  кейiн  Балқаш  көлiнiң  маңында  1729/30/  жылы  Бөгенбай,  Қабанбай, 
Шапырашты Наурызбай, Жәнiбек, Малайсары т.б. батырлары бастаған қазақ жасақтары 
қалмақ  әскерлерiн  екiншi  рет  күйрете  жеңедi.  Бұл  ұрыста  жау  әскерлерi мыңдап қаза 
тапқан.  Бұл  жер  кейiн  “Аңырақай”  деген  атқа  ие  болды.  Аяусыз  соққыға  ұшыраған 
Шуно-Дабо  басқарған қалмақ әскерлерi Iле өзенiнiң бойымен шығысқа қарай шегiнген. 
Осыдан  кейiнгi  кездерде  де  қалмақтарға  қарсы  соғыс  сәттi  жалғасып  тiптi  солардың 
бiрiнде  Бөгенбай  батырмен  жекпе-жекте  қалмақтың  қолбасшысы  Шуно-Дабо  қаза 
тапқан. 
 
3. Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесi Болат хан дүние салуымен 
қазақ  халқының  тағдырына  қатысты iрi оқиғалар өрiстедi. Мемлекеттiк тұғырды берiк 
ұстауға  болбыр,  жуас  Болат  ханның  жiгерi  жетпедi.  Сол  себептен,  көпшiлiк  дала 
ақсүйектерi  оны  Ұлы  хан  дәрежесiнде  мойындамады.  Ұлы  хандық  орынға  Болаттың 
iнiсi  Сәмеке  (Шахмухамбет)  және  Кiшi  жүздiң  ханы  Әбiлқайыр  да  дәмелi  едi.  Сол 
заманда хан болмайтын тұқымнан шыққан Әбiлқайырға тең келер ешбiр тұлға болмады. 
 
Көпшiлiк билер қолдамаса да, аға хан болып Болаттың үшiншi ұлы Әбiлмәмбет 
сайланды.  Мұндай  таңдау  жасалғанына  наразы  болған  Әбiлқайыр  майдан  шебiнен 
әскерiн  алып,  елiне  қайтады.  Хандықтың  өзiне  тимегенiне  риза  емес  Сәмеке  де 
Әбiлқайырдан кейiн әскерiн алып Шудың бойымен Бетпақ даласына кеттi. Жоңғарларға 
қарсы  тұратын  майдан  бұзылды. Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздiң ханы Жолбарыс 


 
46 
қазақ  елiнiң  Ресей  құрамына  кiргенше  жоңғарлармен  мәмiлеге  келуге  мәжбүр  болды. 
Бұл  арада  тек  қазақ  тарихында  ғана  емес  жалпы  дүниежүзiлiк  тарих  ғылымында 
жауабын  күтiп  тұрған  сауал:  Әбiлқайыр  мен  Сәмеке  майданнан  өздерiне  хандық 
тимегендiктен пендешiлiк  жасап, ренжiп  кетiп қалды ма, жоқ әлде басқа себептер болды 
ма? Бұл жөнiнде құжатталып жазылған нақты ешбiр дерек жоқ. 
 
Бұл  кезең  әрбiр  жүздiң  iшiнде  бытыраңқылық  күшейiп,  ру-тайпа  билеушiлерi 
орталық басқаруға бағынбай, бөлiне бастайды. Кiшi жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы 
(Әбiлқайырдың  баласы),  Орта  жүзде  Күшiк  пен  Барақ  сұлтандарда  өз  бетiмен  билiк 
құрды. Қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары шиеленiскен күйiнде қала 
бердi. Едiл қалмақтары мен башқұрттар Кiшi жүзге шабуылын үдете түсiп, толастаудан 
қалды.  Осы себептерден келiп, Әбiлқайыр Кiшi жүздiң батыс шекарасында тыныштық 
пен  бейбiтшiлiк  орнатуды  өзiнiң  басты  мiндетi  деп  санады.  Cонымен  қатар,  қазақ 
қауымының  ортақ  жауы-жоңғарларға  қарсы  күрес  жалғасып  жатқан  едi.  Осындай 
күрделi  халықаралық  жағдайлардан  шығу  үшiн  солтүстiктегi  көршi  қуатты  елмен 
қарым-қатынасын  үйлестіру, өзiне тәуелдi болуын iске асыруға бағытталған жымысқы 
саясат жүргiзiп отырған Ресеймен тең құқықты тату-тәттi қарым-қатынас орнату қазақ 
хандары  үшiн,  оның  iшiнде  елдiң  батыс  бетiндегi  қалмақтар  мен  башқұрттардың 
тынымсыз  шабуылынан  мазасы  кетiп  отырған  Кiшi  жүздiң  ханы  Әбiлқайыр  үшiн, осы 
жердегі қазақтардың көпшілігі  үшiн тыныштық орнатудың кепiлi  болып көрiндi. 
 
Сайып  келгенде,  бұрынғы  тарихи  әдебиеттер  мен  ғылыми  зерттеулердегi 
көзқарастарды  сын  көзбен  талдап,  жоғарыда  ғана  атап  өткен  пiкiрлерiмiздi 
тоқайластыра келе мынадай тұжырымға тоқталамыз: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет