6
2. Ғылымдағы тұжырымдар бойынша 3,5 млн. жыл бұрын әлемдегi табиғаттың
күрт өзгеруі мұздың еруі, топан судың қаптауы құрғақшылық табиғаттың күрделенуiне
әкелiп соқтырды. Бұл құбылыстар адамзатты, тiрi жануарларды табиғат өзгерісіне
бейімделуге мәжбүр еттi. Табиғатта болып жатқан жағдайларға тез арада маймылдар /
дриопитектер/ үйлесіп кеткен, ал жабайы адамдар уақыт өткен сайын екi аяқпен
қозғалу, күнделiктi өмiрiне қажеттi iстер атқару, түрлi еңбек құралдарын дайындау, қол
күшiнен көрi ойлау қабілетін жетiлдiруді бiрте-бiрте жеделдеткен. Эволюция тарихында
жануарлардың тағдырына қарағанда жабайы адамдарда кол күшiнен көрi ойлау қабiлетi,
басым бола бастайды. Бұндай жабайыларды ғылым екi түрге бөледi: австралопитек
және адам. Адамдарды жабайылардан бөлген ғалымдардың дәлелдері бойынша оның 3
пайыздық саналылығы болған, ол дамып отырған.
Австралопитек ( үш-төрт түрлi оңтүстiк маймылы) бұдан төрт миллион жыл
бұрын Африкада дүниеге келген. Бұдан екi миллион жыл бұрын шамасында жабайы
адамнан қәзіргі заманғы адамның алғашкы қалпы - Хомо (адам) пайда болады. Одан
кейiн шамамен 2-1,5 млн. жылдар шамасында Хомо-Хомо хабилис, яғни қабiлеттi адам
қалыптасады. ¤зiнен бүрынғы жабайы ежелгі адамнан гөрi ол ширақталған ой және
сөйлеу қабiлетiмен ерекшеленедi. Адамның бұл түрi еңбек құралын, қорғаныс
құрылыстарын салуды игередi, құс аулау тәсiлiне машықтанады.
Адам дамуының бұл түрінің өмір сүрген кезеңі б.з.б. келесi 1,6 млн.- 200 мың
жылдықтарды қамтиды. Олар тiк жүре бастаған. Тарих ғылымында хомо эректус деп
аталған. Ғылыми болжамдар бойынша олар Африкада пайда болып, кейiн топ-топ
болып Еуропа, Шығыс Азия (синантроп), Оңтүстiк-Шығыс Азия (явантроп) өңiрiне
тараған. Адамның бұл түрi архантроп немесе ежелгi адамдар тобын құрады, олардың
еңбек және қорғаныс құралдары тастан, сүйектен, ағаштан, жасалған. Адам тарихында
тас дәуiрi ең ұзақ кезең - бiздiң заманымызға дейiн 2,6 млн.- 5 мың жылға созылған ең
ұзақ дәуір. Палеолиттiң өзi екi кезеңге бөлiнедi: төменгi ( 2 млн. - 40 мың. жыл бұрын)
және жоғарғы (40-12 мың жыл бұрын). Тас дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде адам өмiрiне мыс
құралдары келедi, ол заманға ғылымда энеолит атауы берiлген.
Ғылымда ұзақ уақыт тас дәуiрiнде бiздiң өңiрде адамдар өмір сүрмеген. Бірақ
соңғы кездегi археологиялық iзденiстер Оңтүстiк Қазақстандағы Тәңiрқазған,
Бөрiқазған, Ақкөлде ежелгi адамдардың тұрғын орындарының табылуы бұл пiкiрдi
өзгерттi. Бүгiнгi таңда Қазақстанда палеолит мәдени ескерткiштерiнiң екi өңiрi белгiлi -
Оңтүстiк Қазақстан және Сары-Арқа.
Осыдан шамамен 300 мың жыл бұрын хомо эректус кәдiмгi адам қалпына
жақындады деп есептейдi. Зерттеушілер шамамен бұдан 200 мың жыл бұрын хомо
эректустан кәзіргі адамдарға типтес хомо сапиенс пайда болады. Оларды палеантроп -
неандерталенсис деп атаған. Бүгiнгi адамдарға типтес
хомо сапиенс Еуразия өңiрiнде
осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болады. Жалпы, әлемдік ғылымда казiргi адамның
қалыптасуы болжамдары бойынша Африкада қалыптасып, кейiн әлем аймақтарына
түрлi жолдармен тараған деп есептейдi.
Бұл құбылысқа қоршаған айнала, қоныс аудару және адамдардың басқа
топтармен араласып өмiр сүруi де біршама әсер еткен. Неандертальдықтар өздерiнiң
дамуында салыстырмалы түрде
айтарлықтай жоғары сатыларға көтерiлдi. Олар отты,
киiм тiгудi, аң өнімдерін өңдеу өнерін игердi. Әсiресе палеолиттiң соңғы (жоғарғы)
кезеңiнде адамдардың қол өнерi жетiле түседi. Ендi адам пышақ, ара, тескiш, балға,
кескiш, балық аулайтын т.б. тiршiлiкке қажет құрал-саймандарды жасауды үйренедi.
Осы кезде адамдар Қазақстан өңiрiн түгелдей мекендейдi, елiмiздiң Шығысы және
Оңтүстiк Сiбiр мен Алтайда ежелгi қоғам мәдениетiнiң тағы бір орталықтары пайда
болады. Қазақстанда бұрын ашылған ежелгi адамдар ескерткiштерiне қоса тағы да
Орталықта - Қарабас-3, Батпақ-7, Ангренсор-2 және Шығыста - Новоникольское;
Оңтүстiкте - Ащысай,Усықтас, Соркөл сияқты жаңа тарихи орындар ашылды.
Тас ғасырының орта және жаңа кезеңдерi ғылымда мезолит ( б. з. д. 12 мың жыл
), неолит (б.з.д. 5 - 3 мың жыл ) деп аталады. Аталған әр кезеңнiң өзiне тән эволюциялық
ерекшелiгi бар. Мезолит тұсында адам
садақ пен
жебе және
тасты өңдеу
технологиясын ашты. Неолит кезеңiнде тас өңдеу индустриясымен қатар адамдар
мал
Достарыңызбен бөлісу: