Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Ж о с п а р ы 
 
1.  Түркi әлемi туралы ғылыми тұжырымдар. 
 
2. Түркi мемлекеттерiнiң қалыптасуындағы Ұлы Жiбек жолының маңызы. 
2.  Қазақ жерiндегi түрiк мемлекеттерi: қоғамдық қатынастары мен әлеуметтiк 
      құрылымы. 
 
4. Қолөнер, сауда және ақша айналымы. Мәдениет. 
 
Семинар жоспары
 
1.  
Түрік және Түргеш мемлекеттерінің саяси тарихы. 
2.  
Қазақстан өңiрiне арабтардың әскери жорығы, олардың iзгiлiгi. 
3.  
Оғыз, қимақ, қыпшақ, қидандар, наймандар мен керейiттер мемлекеттері. 
4.  
X-XII ғғ. мәдениеттiң, қалалардың, сәулет өнерi мен қолөнерiнiң  одан әрi дамуы. 
5.  
Шығыстың  аса  iрi  ғалымдары  -  Әл-Фараби,  Жүсiп  Баласағұни,  Махмуд  Қашғари, 
Ахмет Иассауи т.б. ойшылдардың рухани қазынаға қосқан үлесi. 
 
Рефераттардың тақырыптары
 
1.  
Батыс Түрiк қағанатының саяси құрылымы. 
2.  
Оңтүстiк Қазақстанды арабтардың жаулап алуы. 
3.  
Алғашқы  феодалдық  мемлекеттер  құрамына  енген  тайпалардың  наным-сенiмдерi 
мен дiнi. 
4.  
Қыпшақ этносы - қазақ халқының негiзiн  қалаушы. 
5.  
Әл-Фараби - ұлы ғалым. 
6.  
Қазақстан тайпаларының арасына ислам дiнiнiң  тарауы. 
7.  
Қазiргi Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалалар (X-XIII ғғ.) 
 
¤зiндiк жұмыс сұрақтары
 
1.  
Түрiктердiң шығу тарихы. 
2.  
Бiртұтас Түрiк қағанатының ыдырап күйреуiнiң  себебi. 
3.  
Түргеш қағанатының пайда болуы. 
4.  
Ұйғыр қағанатының құрылуы. 
5.  
Қарлұқ мемлекетi және оның маңызы. 
6.  
Қарахан әулетiнiң  пайда болуы және олардың әрекеттерi. 
7.  
Қазақ халқының қалыптасуында қыпшақтардың ролi. 
8.  
Оғыз мемлекетiнiң пайда болуы. 
 
Ә д е б и е т т е р


 
18 
 
1.  
Қазақ ССР тарихы, 5-томдық: 1 және 2-томдары.-Алма-Ата, 1980, 1983. 
2.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн. 1 том.”Атамұра”, Алматы, 1996. 
3.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
4.  
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы “Жалын”, 1994. 
5.  
А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.  
6.  
Асфендияров С., Кунте Н. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - 
Алматы,(1935) “Қазақстан”, 1997. 
7.  
В.В. Бартольд. Тюрки. Двенадцать лекций  по истории  турецких  народов Средней 
Азии. Алматы, ТОО “Жалын”, 1998. 
8.  
Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших  дней. Алма-
Ата., 1992. 
9.  
С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 
“Рауан”, 1992. 
10. 
О. Сулейменов “АЗ и Я”. Алма-Ата.,”Жалын”, 1989. 
11. 
Ахинжанов  С.М. Кыпчаки в истории Средневекового Казахстана.- Алма-Ата., 1989. 
12. 
Байпаков К. Древние города Казахстана.- Алма.-Ата., 1990. 
13. 
Гумилев Л.Н. Древние тюрки.-М., 1967. 
14. 
Н. Шевченко Страна номадов в 9 книгах. М., Известия, 1992. 
15. 
М. Аджи. Полынь половецкого  поля. М., ТОО “ПИК-КОНТЕКСТ” 1994. 
16. 
Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и Казахстана.-М., 
1986. 
17. 
Самойлович.А., О слове “казак“. Казахи. Антропологические очерки. - М.. 1927. 
 
 
1. Б.з. I мыңжылдығында Еуразия даласының этникалық құрамында бiрқалыпты 
өзгерiстер болған. Түркi тiлдес тайпалардың үлес-салмағы тұрғындар құрамында ұлғая 
түседi.  Әлеуметтiк,  саяси-территориялық  өзгерiстердiң  жедел  қарқынмен  жүруi  I 
мыңжылдықтың  екiншi  жартысында  бұл  тайпалардың  бiрiгуiне  және  сол  арқылы  iрi 
мемлекеттiк  бiрлестiктердiң  (қағанатар)  қалыптасуына  негiз  болады.  Яғни,  Оңтүстiк 
Сiбiр,  Орта  Азия,  Едiлдiң  төменгi  жағалауы  мен  солтүстiк  Кавказда  алғашқы  Түрiк 
қағанаты  пайда  болады,  кейін  ол  екіге  бөлініп  /Шығыс  Түрiк,  Батыс  Түрiк/  кетеді. 
Сонымен қатар түргештер, Енисей қырғыздары, қарлұқ, қимақ және Арал жағалауында 
Оғыз мемлекеттерi бой көтередi. Бұл кезең ғылымда көне түрiк заманы деп аталады 
 
Осы  кезде  бүгiнгi  түркi  тiлдес  халықтардың,  соның  iшiнде  қазақтардың  этно-
саяси негiзi қалыптасады. Бұл заманда дала тұрғындарының материалдық және рухани 
мәдениетi  жаңа  сатыға  көтерiледi.  Түркi  жазуы  (басқа  этностар  мәдениетiнiң  және  өз 
негiзiнде),  жазбаша  түркi  әдебиетi,  түркi  тайпалары  арасында:  буддизм,  манихея, 
христиан,  ислам  секiлдi  дүниежүзiлiк  дiндер  тарайды,  олар  өздерiмен  өркениеттiлiктiң 
жетiстiктерiн  ала  келедi.  Көшпендi  және  жартылай  көшпендi  казiргi  қазақ  елiнiң 
көптеген аймақтарында отырықшылық пен қала өмiрiн сипаттайтын өзiне тән мәдениет 
қалыптасады. 
 
Бұл құбылыстарды жеке бiр этностың немесе тайпалардың тарихы тұрғысынан 
қарайтын  болсақ,  ол  Ұлы  Дала  халықтарының  жалпы  өткен  кеткенi  туралы 
тұжырымдарға  қиянат  болар  едi.  Еуразияның  түркi  тiлдес  халықтары,  олардың 
алдындағы  тайпа  бiрлестiктерiндей,  ғасырлар  бойы  қалыптасып  дамыған,  барлығына 
табиғаттас  тарих  пен  мәдениеттiң  иелерi.  Тарихи  сахнадағы  тайпа  бiрлестiктерiнiң 
уақыт  өткен  сайын  өзгеруi  оларды  жоққа  шығармайды,  олар  жаңадан  қалыптасқан 
этнобiрлестiктерде,  ондағы  саяси  құрылымдарда  өзiнiң  сипатын  сақтап  одан  әрi 
жандандырады.  Яғни,  әр  тайпа немесе тайпа бiрлестiктерi мүлдем жойылмайды, өзiнiң 
даму нәтижесiнде жаңа этностарды, халықтарды, елдердi қалыптастыруға негiз болады. 
Бүгiнгi  түркi  тiлдес  халықтардың  даму  жәйiн  олардың  көршiлесi  немесе  туысының 
тарихынан бөлiп,  жеке талдауға болмайды. 
 
Еуразия  Даласында  қола  дәуiрiнде  пайда  болған  халықтардың  тарихы  мен 
мәдениетiндегi бiрлiк пен сабақтастық, сақтар заманында ең жоғарғы даму дәрежесiне 
көтерiлiп жоғалмай көне түркi дәуiрiнде жаңа этникалық түстерге боянып одан әрi дами 
түседi.   


 
19 
 
Түркі  тілдес  тайпалар  Қазақстанның,  Орта  Азия  және  Еуропаның  этно  -  саяси 
картасын  терең  және  аумақты  өзгертедi.  V  ғ.  түркi  тiлдi  теле  тайпаларының  бiрнеше 
топтары Солтүстiк Моңғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейiнгi ұлаңғайыр далаға кең 
жайылып  қоныстанады,  оңтүстiкте  олардың  қоныс-өрiсi  Амударияның  жоғарғы 
ағысына дейiн жетедi. 
 
Бұл  жерде  көне  түрiк  тайпаларының этникалық тарихының жалпы  концепциясы 
дүниежүзiлiк  ғалымдарды  ойландырып  келедi.  Көне  түрiктердiң  орналасқан  өңiрi  және 
тiл  диалектерінің  қалыптасуына  Еуразия  өңiрiнiң  шығыс  бөлiгi,  яғни  Орта  Азия  мен 
Оңтүстiк  Сiбiр  -  Алтай  мен  Хинган  тауларының  маңызы  ерекше.  Бұл  аумақты  өңiр 
көршi  өркениеттермен  тығыз  байланыста  дамып  бiр-бiрiн  мәдени  алмасуларымен 
байытып келген. Ұлы Даладағы этногенетикалық құбылыстардың ерекше сипаты-оның 
жүйелi  түрде  қозғалыста  болуында.  Көне  және  ортағасырлардағы  түркi  тiлдес  тайпа 
бiрлестiктерге  жалпы  тән  ерекшелiк  -  олардың  көршiлес  тайпалық  одақтармен  етене 
жақын  араласып,  үйреншiктенуiнде  болатын.  Жалпы  халықтардың  қозғалысы 
(миграция)  бiр  бағытта,  яғни,  түркi  тiлдес  тайпалардың  шығыстан  батысқа  қарай 
жылжуынан  көрiндi. 
 
Түрiк  этносының  қалыптасуы  ғылымда  ғұндар  мемлекетiнiң  күйреуi  және 
Орталық Азияда бұдан бұрын белгiсiз тайпалық топтардың дербестенуiмен байланысты 
деп  тұжырымдалған.  Ал,  соңғылардың  ғұндармен  байланысы  туралы  тұжырым 
ғылымда пiкiрталас мол. Ғұндардың өзi (тiл туралы зерттеулерде) және алтайлықтармен 
туыстығы  жөнiнде  әртүрлi  екi  пiкiрлер  бар.  Сайып  келгенде  түркi  тiлдес  тайпалар 
алдындағы  этносаяси  бiрлестiктер  жаңа  дәуiрдiң  бiрiншi  ғасырларында  ғұн 
империясының  шет аймақтарында қалыптаса бастаған. 
 
“Түрiк”  атауы  тұңғыш  рет  542  жылмен  межеленген  Қытай  шежiрелерiнен 
кездеседi.  Қытайлар  түрiктердi  сюнну-ғұндар  деп  атаған.  Алтайда  теле  тайпасының 
қыруар әскерiнiң талқандалуы салдарынан түрiктерге 50 мың үйдiң келiп қосылғанынан 
кейiн,  олар  тым  күш  алып,  тiптi,  өздерiнiң  қожайындары  аварларға  қарсы  шығып, 
ойсырата  жеңедi.  Кейiн,  осы  өңiрде  Бумын  қаған  билiгiмен  Түрiк  қағанаты құрылады. 
Бұл этникалық-әлеуметтiк бiрлестiк Бумынның мұрагерi Мұқан-қаған тұсында (553-572 
жж.)  Маньчжуриядағы  қидандарды,  Енисейдегi  қырғыздарды  бағындырып  Солтүстiк 
Қытай мемлекетiн алым-салық төлеуге көндiрiп, Орта Азиядағы үстемдiкке ие болады. 
 
Түрiктердiң  батыс  бағытындағы  жорықтары да сәттi және нәтижелi болған. VI 
ғасырдың 60-шы жылдарында Түрiк қағанаты сол кездегi iрi  мемлекеттермен (Византия, 
Иран,  Қытай)  бiрге  саяси  және  экономикалық  қатынастарда  тиесiлi  орын  алып,  Қиыр 
Шығыс пен Жерорта теңiзi арасындағы сауда керуенiн бақылау құқығына таласқан. VI 
ғасырдың  80-шы  жылдарында  Қытай  империясының  экономикалық  және  әскери 
қуатының  күшеюi,  түрiк  мемлекетiнiң  қонысының  кеңеюi,  ондағы  билеушi  топтардың 
(аристократия)  басып  алған  өңiрлердi  дербес  басқаруға  ұмтылысы, 581-582 жылдарда 
болған  жұттан  қатардағы  көшпендiлердiң  кедейленуi,  осының  бәрi  қағанатты  терең 
дағдарысқа соқтырып ел iшiндегi  билеушiлер арасында iрiткi  туғызады. Ал бұл құбылыс 
582-603  жылдар  аралығында  кағанаттың  шығыс  (кiндiказиялық)  және  батыс 
(ортаазиялық) елдерiне бөлiнуге әкеп соқтырады; Шығыс және Батыс түрiк кағанаттар 
арасында екi жақты да әлсiрететiн созылмалы соғыстар жалғаса бередi. 
 
Түрiктердiң  басқа  тайпаларға  үстемдiгi  арқылы  құрылған  мемлекеттiк 
бiрлестiгiнiң  сексенжылдық  тарихи  даму  жолы  қоғамдық  терең  өзгерiстерге  толы 
болған.  Мемлекеттiк билiктi тiкелей қолына алған қаған қоғамдағы билеушi топтардың 
сұранысын қанағаттандыруға мүдделi болды.  Ал, билеушi топтардың негiзгi табыс көзi 
соғыс болды, бiрақ қоғам мүшелерiнiң дерлiгi бейбiт мал шаруашылығымен айналысып, 
экономикалық  мүдделерiн  саудамен  қанағаттандырғысы  келдi.    Осыны  ескерген 
қағандар,  кейде  қалың  бұқараның  мүддесiн  есепке  алып,    Қытай  үкiметiмен  айырбас 
сауда  ұйымдастыру  жөнiнде  келiссөздер  жүргiзген,  бiрақ,  көбiне  нәтижесiз  аяқталып 
отырды.  Алайда,  ғылыми  тұжырымдарға  сүйенсек,  Қытай  императорлары  барлық 
кезеңде  шекаралық  сауданы  шектеумен  түрiктердiң  үстiнен  саяси  бақылау  орнатуды 
көздеген.  Кiндiк  Азиядағы  түрiк  бiрлестiктерiнiң  екi  жүз  жылдық  тарихында  Қытай 
шекарасындағы айырбас сауда немесе жәрмеңке жөнiндегi мәлiметтер сирек кездеседi. 
Бейбiт  экономикалық  мүдделелердегi  (сауда т.б.) сәтсiздiк қатардағы қауымшыларды 
билеушi топтардың оңтүстiктегi қырғын соғыстарын белсене қолдауға итермеледi. 620-


 
20 
629 жылдарда екi ел шекарасында 67 рет соғыс болып өткен. Бұл соғыстар қатардағы 
халықтан  жиналатын  түрлi  салық-төлемдерді  көбейтiп, елдегi бұқараның наразылығын 
туғызады.  Оның  үстiне  Эль-каган әмiрлiк еткен кезде елдi басқарудың жаңа жүйесiнiң 
енуiмен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ру-тайпалық  қатынастарға  нұқсан  келiп,  ал 
көптеген шешушi  билiк орындарын қытай, соғды өкiлдерi басып алады. 
 
Сөйтiп,  мемлекеттiк  билiк  шетелдiктердiң  қолына  ауысуы  елде  әлеуметтiк 
теңсiздiк  пен  таптық  қанауды  тереңдетiп,  жалпы  халықтың  арасында  билеушiлерге 
соның  iшiнде  “келiмсектерге”  деген  жеккөрiнiштi  сезiмдi  туғызады.  Қағанат  iшiндегi 
әлеуметтiк қатынастардың соншама шиеленiсуiн Қытай шекарасындағы шенеунiктердiң 
орталыққа  жiберiлген  құпия  хаттамаларынан  көруге  болады.  Мысалы,  ”  Түрiктердiң 
әдет-ғұрпы қарапайым және олардың мiнез-құлқы табиғатынан ашық. Хели [Эль-каган - 
авт.] өзiнiң  жанында Чжао Дэ-янь деген қытай ғалымын ұстаған. Ол оны даналығы үшiн 
құрметтеп толық сенiм артқан, ал Чжао Дэ-янь бiрте-бiрте мемлекеттiк iстердi басқаруға 
араласады.  Сонымен  қатар, Хели басқарудың түрлi салаларын хуларға ( соғдылықтар) 
берiп,  өз  туыстарын  билiктен  алшақтатқан.  Салықтар  мен  түрлi  төлемдер  саны  мен 
мөлшерi  көбейiп,  жағдайы  нашарлаған  ру-тайпалардың  Хелиге  наразылығы  күшейе 
түстi.” 
 
Аталмыш  себептердiң  нәтижесiнде  басталған  қағанаттағы  саяси дағдарыс 629 
жылы  Эль-каганның  тақтан  түсуiне  соқтырып,  Қытай  империясының  бұл  елдi  жаулап 
алуына әкеледi. Осылайша, Бiрiншi  Түркi мемлекетiнiң тарихы аяқталады. 
 
2. Орта Азияны жаулап алғаннан кейiн түрiктер сауда жолы - Ұлы Жiбек жолын 
иелендi. Сауда жолдарының жандануын негiзiнен қолдаушы соғдылықтар мен парсылар 
болса,  жiбек  маталарын  алушылар  Оңтүстiк  Еуропа,  Балқан  елдерi болған (Византия). 
Жiбек саудасы түрiктер мен соғдылықтарға көп пайда әкелген. Сонымен қатар түрiктер 
соғдылықтардың  тiкелей  қолдауымен  соғыстан  түсетiн  табыстармен  қатар, 
қытайлықтардың  төлейтiн    салықтарын  сауда  арқылы  өткiзген.  Cөйтiп,  соғдылықтар 
қолында  бiр  кезде  көп  мөлшерде  аса  бағалы  жiбек  маталары  жинақталған.  Ал,  IV  ғ. 
аяғында  Соғды  елiнiң  өзiнде  жергiлiктi  шикiзатқа  негiзделген  жiбек  мата  өндiрiсi 
қалыптасты.  Сонымен  бiрге,  мұндай  өндiрiстер  Иран,  Византия,  Сирия  және  Египет 
елдерiнде дамып, осы елдер арасында бәсеке туғызады.  
 
VI  ғасырда  түрiктер  Иранды,  Солтүстiк  Кавказды,  Қара  теңiз  және  Едiл 
жағалауы  елдерiн  жаулап  алғаннан  кейiн  осы  өңiрлерде  бiртұтас  сауда  орталығын 
қалыптастырады.  Орта  Азиядағы  түрiктер  мемлекетiне  қараған  жерлер  мен  Иран 
арасындағы  шекара  Сасанидтерi  араб басқыншылығынан күйрегенше өзгермеген. Бұл 
кезде  тауар  керуендерiнiң  бағыты  батысқа  қарай  Иран,  Хорезм  және  Едiл  жағалауы 
арқылы жүрген. 
 
Түрiк  қағанатының  iшiндегi  iрi  билеушi  рулар  арасындағы  өзара  соғыс  VII 
ғасырдың басында екi мемлекеттiң: Батыс түрiк қағанаты ( Орта Азия, Жоңғария және 
Шығыс Түркiстан); Шығыс түрiк қағанаты (Монголия) құрылуына әкеледi. 
 
Батыс түрiк қағанатының (ғылыми деректерде “он оқ елi” деген атаумен белгiлi) 
Шығыс  түрiк  мемлекетiнен  көрi  көптеген  ерекшелiктерi  болған.  Бұл  өңiрдегi  халық 
отырықшылыққа  бейiм  болып  жер  өңдеп,  қолөнер  және  саудамен  айналысқан.  Батыс 
түрiк  қағанатының  әлеуметтiк  құрылымы  да  күрделi  болды.  Сондықтан  да  көптеген 
зерттеушiлер  бұл  мемлекетте  феодалдық  қатынастар  терең  дамыған  деген тұжырым 
жасайды. Қала және жерөңдеу мәдениетiнiң  дамуына Соғды тұрғындарының Ұлы Жiбек 
жолындағы,  яғни  Жетiсу,  Жоңғар,  Шығыс Түркiстан, Солтүстiк Қытай өңiрiндегi сауда 
және  жер  өңдеушiлер  елдi  мекендерi  мен  қалалары  көп  әсерiн  тигiзген.  V-VII 
ғасырларда Талас, Шу және Iле өзендерiнiң жағаларында соғдылықтар ондаған қалалар 
мен  бекiнiстер  тұрғызған,  бұл  VII-VIII  ғасырларда  Жетiсу  және  Шу  даласында  20-ға 
жуық  қалалардың    бой  көтеруіне  әкелді.  Олардың  бiршамасы  сол  кездегi  қалалармен 
салыстырғанда  iрiрек  болып  салынып,  орталықтары  цитадель  және  шахристан  деп 
аталған. Шахристан рабадпен жалғасып сауда, қол-өнершiлер бөлiгiн құраған. 
 
630  жылы  бұл  өңiрде  болған  Қытай  жорықшысы  Сюань  Цзянның  жазуынша 
Ыстық  көлден  500  ли  қашықтықта  оның  солтүстiк-батыс  бағытында  көлемi  6-7  ли 
құрайтын Суяб, Талас және көптеген ұсақ қалалар орналасқан. Олар әрқайсысы дербес 
бола тұрса да түрiктерге бағынған, ал қаланың iшкi шаруаларын старшиналар басқарған. 
Саяхатшы  елдiң  этникалық  құрамындағы  мәселелерге  тоқтала  келiп,  жергiлiктi 


 
21 
халықпен  соғдылықтар  арасында  аса  көп  айырмашылықты  байқамаған.  Халықтың 
киiмiн,  сыртқы  көрiнiсiн  және  жазу  мәдениетiн  сипаттай  келе,  олардың  әдет-
ғұрпындағы келеңсiз жақтары ретiнде сауда-саттыққа, баюға аса бейiмдiлiгiн келтiредi. 
Яғни,  бұл  мысалдан  өңiр  тұрғындары  арасында  жер  өңдеушiлiк  пен  сауда 
қатынастарының ежелгi заманнан дамығанын көремiз. 
 
VII-VIII ғасырларда Батыс түрiк қағанатында қағанның саяси билiгi Шығыспен 
салыстырғанда аса күштi болмаған. Қолында әскери күш жинақтаған түрлi ру-тайпалық 
бiрлестiктердiң  өзара  қырқысуынан  қағандардың  билiгi  берiк  бола  бермеген.  Бұл 
жағдайда  қарқынды  қорғаныс  мүмкiндiгi  бар, қолына қарулы күштер шоғырландырып, 
жан-жақты  сауда-дипломатиялық  байланыстар  жүргiзiп  отырған  дербес  қалалардың 
мемлекеттегi орны аса ерекше болған. Елдiң iшкi және сыртқы өмiрiнде қандай күрделi 
жағдай  болмасын  қалалар  әр-уақытта  өздерiн  дербес  “  үшiншi  күш”  ретiнде  ұстаған. 
Түрiк  қағандары  соғдылықтарға  “тат”  немесе  салық  төлеушiлер  деген  атау  берген. 
Солай бола тұрса да, Батыс түрiк қағанатындағы соғдылықтардың орны ерекше болған. 
Олардың  қолында  мемлекеттiң  бүкiл  экономикалық  тетiгi,  ақша  құндылығы 
жинақталған.  Cуяб  маңындағы  археологиялық  қазбалар  нәтижесiнде  табылған 
монеталардың сырты соғды тiлiнде жазылған аңыздарға толы және ғалымдар олардың 
барлығы соғды шеберханаларында құйылған деп тұжырымдайды.  
 
VII  ғасырдың аяғында шығыс түрiктерi 8 жылдай соғысып Қытай үстемдiгiнен 
құтылды, мемлекеттiк егемендiкке ие болады. Елдiң алғашқы кағаны Кутлуг болған, ал 
(Эльтериш-каған)  оның  көмекшiсi  және  кеңесшiсi  Тоныкөк  өзiнiң  iс-қимылы  туралы 
деректеменi көнетүрiктiң руникалық  жазуымен тас стелласында қалдырған. Қағанаттың 
ордасы  Отюкенде  (  Хангай таулары) орналасып, ал, елдiң батыстағы шекарасы Алтай 
тауларына  дейiн  жеткен.  Шығыс  түрiк  қағанаты  өзiнiң  әскери  және  саяси  дамуының 
шырқау  шегiне  Капаган-қағанның  тұсында жеткен (691-716). Оның тұсында Солтүстiк 
Қытайға  бiрнеше  сәттi  соғыс  жорықтар  ұйымдастырып,  қидандарды  ойсырата  жеңдi 
(696-697).  Тува  мен  Енисей  қырғыздарын  тiзе  бүктiрумен  Орта  Азиядағы  бiрден-бiр 
әмiршi мемлекетке айналады. 
 
Түркештер. Оларды Қытай тарихшылары Батыс түрiк қағанатындағы бес арыс 
ел  дулаттың  белдi  тайпасы  деп  атайды.  Ал,  дулаттар  түркештер  шежiресiнде  “  сары 
үйсiн”  деген  атпен  белгiлi.  Бұл  мемлекеттiк  бiрлестiкте  дулат тайпасы болып аталған 
түркештер  Iле  мен  Шу  өзендерi  аралығын  және  Iле  Алатауынан  Балқаш  көлiнiң 
оңтүстiгiне  дейiнгi  өңiрде  көшiп-қонып  жүрген.  Бұл  аймақ  мал  шарушылығына 
қолайлы,  шұрайлы  өрiс-қоныс  болуымен  қатар  құнарлы  егiншiлiк  ошақтары  мен 
бiршама  көркейген  қалалары  бар  бай  өлке.  Түркештердің  Шығыс  пен  Батысты 
байланыстырған 
сауда-керуен 
жолдарының 
тоғысқан 
өңiрлерiнде 
орналасу 
түркештердiң әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түстi. Бiр жағынан Батыс 
Түрiк  қағанатының  әлсiреуi  түркештер  үшiн  тарих  төрiне  iлгерi  қадамдар  жасауына 
септiгiн  тигiздi. 
 
699 жылы түркештер көсемi Уч-элиг Батыс қағанатта, яғни Шаштан (Ташкент) 
Турфан  мен  Бесбалыққа  дейiнгi  аймақтарға    өзiнiң  билiгiн  орнатады.  Бұл  өңiрлерде 
мемлекеттiк саяси құрылым қалыптасып, Шу мен Iле далалықтарында қағандық ордалар 
тағайындалады  Ел  20  облысқа  (  түтүк)  бөлiнiп,  олардың  әрқайсысынан  7000  әскер 
жиналатын  болған. Уч-элигтiң iзбасары Сақалдың ( қытай жазбаларында Согэ) кезiнде 
қытай  әскерлерiнiң  қолдауымен  ел  iшiнде  билеушi  топтардың қарсылықтары да болып 
өткен. 
 
Түркеш қағандығының саяси тарихы тұс-тұстан төнген қауiп-қатер жағдайында 
жетiледi.  Әсiресе  барлық  Орта  Азия  елдерiне  қауiптiң  қара  бұлтын  үйiрген  арабтар 
шапқыншылығы  үлкен  iзiн  қалдырды.  Түркеш  қағандығы  Орта  Азия  халықтары  мен 
бiрлесе  отырып,  араб  шапқыншыларына  қарсы  қажырлы  күрестер  жүргiздi.  Бiрақ  737 
жылы  түркештер  соғдылармен  бiрлескен  Әмудария жағасындағы соғыста арабтардан 
жеңiлiске  ұшырайды.    Арабтармен  бiрнеше  жылға  созылған  соғыстар  түркеш  қаған 
дығының  бүкiл  саяси-экономикалық  жағдайын  әлсiреттi.  Осындай  ауыр  жағдайға 
түсуiне  түркеш  билеушiлерiнiң  өзара  үкiмет  билiгiне  таласқан  қиянкескi  қырқысы  да 
ықпал  етпей қоймады. Түркештердiң iшкi және сыртқы саяси дағдарысының тереңдеуi 
түбiнде Шығыс Түркiстан өңiрiндегi  Қытай билiгiнiң  нығаюына әкелiп соқтырды. 


 
22 
 
Көптеген  зерттеушiлердiң тұжырымдауынша VIII ғасырдың орта шенiнде түрiк 
тайпалары  бұрынғы  империяның  батысын  және    Алтай  мен  Жоңғар  өңiрiнде  бiршама 
жерлердi  өз  қарамағында  сақтап  қалса  да, кейiнгi тарихи оқиғаларда аса маңызды рөл 
атқара  алмаған  .  Олар  жөнiндегi  Қытай  тарихшыларының  деректерi  (941  жылмен 
межеленген) бұл кезде  түрік  тайпалары Қарахандар қағанатының құрамында  болған. 
 
Еуразия  өңiрiне  дейiн  жайылған  Түрiк  империясының  күйреуiмен  Ұлы  далада 
саяси дағдарыс пайда болды. Ортақ билiк үшiн басмыл, ұйғыр және қарлұқ тайпалары 
арасында  шиеленiскен  күрес  басталды.  Ақыры,  ұйғырлар  тарих  сахнасына  көтерiлiп 
билiктi  иемдендi.  Олар  III-IV  ғасырлардағы  қытайдың  династиялық  архивтерiнде 
гаогюй  (биiк  арбалар)  деген  атаумен  белгiлi.  Ал,  V  ғасырда  ұйғырлар  қытай 
жазбаларында теле (арбалылар) деп аталған. Ұйғыр тайпа одақтарының басым көпшiлiгi 
Қазақстан  даласымен Оңтүстiк-Шығыс Еуропаға дейiн қоныс аударған, ал қалғандары 
түрiк мемлекетiнiң қол астына кiредi. Теле (ұйғырлар) тайпаларының негiзгi орналасқан 
өңiрi  Жоңғария  мен  Жетiсу  жерлерi.  Зерттеулерде  баяндалғандай,  Батыс  түрiк 
қағанатының  (есiмi  белгiсiз)  бiрнеше  жүз  қолбасшыларын  дүреге  салып,  зәбiрлегенiне 
қорланған  ұйғыр  тайпалары  Ханғай  тауына  қоныс  аударған.  Сонда  дербес  елдiк  туын 
көтердi.  Бұл  Қытай  хроникасында  “тоғыз  тайпа”  елi  деп  берiледi,  өз  кезегiнде  орхон-
енисей  жазбалары  да  “тогуз-огуз”  атымен  қуаттай  түседi.  Бiрiншi  Түрiк  қағанаты 
күйрегеннен  кейiн  (603  жыл)  ұйғыр  тайпалары  қарқынды  саяси  күш  алып,  олардың 
iшiнде  жетекшiлiк тұғырға Яглакар руы бастаған, он тайпаға ие болады.  
 
VI  ғасырдың  80-шi  жылдарының  шамасында  токуз-огуз  тайпалары  түрiктердің 
қатты  соққысынан  мемлекеттiлiгiнен  айрылу  шегiне  жетедi.  Бұдан  кейiнде  ұйғыр 
қағанаты VIII-XI ғасырларда дәуiрлеу мен құлдырау кезеңiн басынан өткерiп, түпкiлiктi 
күйреуi  840  жылы  Енисей  қырғыздарының  соққысынан  болды.  Үш  ғасыр  шамасында 
билiк құрған ұйғыр қағандарының сәтсiздiкке ұшырауы бүкiл Кiндiк Азиядағы геосаяси 
жағдайды  өзгерттi,  бiр  орталыққа  шоғырланған  мемлекеттiк  басқаруды  жояды. 
Қағандар  тек  шағын  ру-тайпа  деңгейiндегi  ықпалын  сақтап  бұрынғыдай  мемлекеттiк 
билiктi  толық жүргiзе алмады. 
 
Ислам  елдерiндегi  тарихи  деректемелер  бойынша  түрiк  қоғамындағы 
мемлекеттiк  билiк  қарлұқ  қолбасшыларына  ауысады.  Ал  Орыс  тарихнамасының 
деректерi  бойынша  бұл  кезде  Орта  Азия  мен  Қашғар  өңiрiнде  жаңа  түрiк  бiрлестiгi 
қалыптасып, ол қарахандар мемлекетi деп аталған. Аталмыш мемлекет туралы нақтылы 
тарихи  деректер  тапшы  болғанымен  араб,  парсы  авторлары  еңбектерiнде  бiршама 
мәлiметтер кездеседi. Қарахандар мемлекетi туралы тарихшы Әбу-л-Футуха ал Гафира 
ал-Алмаидың  “Тарихи  Кашгар”  атты  еңбегi  шағын  үзiндi  тұрғысында  және  XIII  ғ. 
Жамал  Қарши  шығармаларында  мәліметтер кездеседi. Қарахандардың шығуы туралы 
тарих  ғылымында  жетi  гипотеза  бар.  В.В. Бартольд олардың шығу тегiн қарлық, ягма 
және  шығыл  тайпаларымен  байланыстырады.  Ал  қарахандықтардың  сақталған аңызы 
бойынша бұл елдiң бiрiншi  (840) көсемi Бильге Кюль Қадыр-қаған болған. 
 
XI ғасырда Қарахан мемлекетi Шығыс және Батыс бөліктерден құралды, оларды 
белдi  екi  тайпа  (шығыл  және  ягма)  дербес  биледi.  Негiзiнен  Шығыс  қағанатының 
билеушiсi  тұтас  Қарахан  мемлекетiне  әмiрiн  жүргiздi.  Қағанаттар  орталығы  шығыста 
Қашғар мен Баласағұн (Қырғызстанның Тоқмақ қаласының маңы), ал батыста-Таразда 
орналасқан.  893  жылы  басталып  бiр  ғасыр  шамасына  созылған  саманидтермен  соғыс 
нәтижесiнде Қарахан мемлекетi бүкiл Орта Азияны өз билігіне қаратып үлгердi. 
 
Осы  кездегi  аса  маңызды  тарихи  оқиғалар  қатарына  қарахандықтар  мен  оның 
қоластындағы  тайпалардың  ислам  дiнiн  қабылдауы  жатады.  Академик  В.В.Бартольд 
араб  жазбаларынан  алынған деректерге сүйенiп, Х ғасырда түрiктердің алғашқы кезде  
ислам  дiнiне  қарсылық  көрсеткенін  ерекше  көрсетедi.  Түрiктердің  ислам  дiнiн 
қабылдауы туралы сол замандағы араб географы Ибн Хаукал “Х ғасырда Сырдарияның 
орта  ағысындағы  таулы  аймақтарды  (Испиджаб  пен  Шаш  аралығы)  мекендеген 
көшпендi  түрiктердiң  және  олардың  Жетiсудағы  туыстарының  200  мыңнан  астамы 
ислам дiнiн  қабылдаған (960 жылы)” деген деректер тiзбегiн келтiредi. 
 
Осы  проблеманы жан-жақты терең зерттеген академик В.В. Бартольд түрiктер 
арасында  ислам  дiнiнiң  таралуын  қарахандар  қағаны  Сатук  Богра-ханның  есiмiмен 
байланысты  деп  тұжырымдайды.  Автор  Сатуктың  баласы  Муса  қаған  955  жылы 
исламды  мемлекеттiк  дiн  ретiнде  жариялаған  деп  нық  жазады.  Мусаның  бұл  батыл 


 
23 
шешiмiн  түркiтанушы  көбiнесе исламды уағыздаушы нишапур Әбу-л-Хасан Мұхамбет 
ибн  Суфьян  Келиматидiң  iс-қимылымен  байланыстырады.  Объективті  тұрғыдан 
талдасақ қарахандықтар арасында ислам дiнiнiң кең жайылу себептерi жеке тұлғаларға  
байланысты  емес.  Негiзiнен,  сол  замандағы  әлеуметтiк-экономикалық  тиiмдiлiк  пен 
тарихи-табиғи қажеттiлiктен туындаған едi. 
 
Қарахан  мемлекетi  алғашқы  кезде  түрiк  әулетiнде  қалыптасқан  дәстүрдi 
жалғастырады.  Ол  уақыт  өткен  сайын  экономикалық  және  әлеуметтiк  құрылымдарда 
нақтылы  өзгерiстермен  толығып,  нәтижесiнде  Кiндiк  Азия  дәстүрлерiнен  тыс  өзгеше 
саяси  құрылым  мен  мәдениеттi  қалыптастырды.  Бұл  құбылыс  Орта  Азия  өңiрiндегi 
түрiк  империяларында  ертефеодалды  қоғамның  әскери  сатылық  құрылымын  дүниеге 
әкелiп (икта), жаңа билеушi топтардың қалыптасуына себепкер болады. 
 
1130-1210  жылдарда  Азия  шығысындағы  моңғол  тайпалары  қарақытайлардың 
Жетiсу  өңiрiн  басып  алып,  өз  мемлекетiн  құруы  қарахандықтарды  кидан  билеушiсiне 
(гурхан)  тәуелдi  етедi.  Қарақытай  үстемдiгi салық жинаумен сипатталатын вассалдық 
тұрғыда  бола тұрып, әсіресе Қарахан мемлекетiне терең саяси дағдарыс әкеледі. 1210 
жылы  наймандармен  болған  соғыста  шығыс  қарахандықтар  мемлекетi  түпкiлiктi 
күйредi. 
 
Осы  кезде  Орта  Азия,  Жетiсу,  Қашғар  өңiрлерi  жаңа  этникалық,  әлеуметтiк-
экономикалық  құрылымдармен  толығып,  қоғамдық  өмiрдiң  рухани  дүниесi күрделеніп, 
жан-жақты  толығады.  Түрiк  тайпалары  феодалдық    мемлекеттiлiк  пен  отырықшылық 
құрылымға, қала өркениеттiлiгiне көшуi тайпалық қоғамнан көрi жоғары - ортақ тiлi мен 
жазу мәдениетi бар этникалық қауымдастықты дүниеге әкеледi. Бұл табиғи құбылыстың 
дамуын моңғолдар шапқыншылығы уақытша тежеді. 
 
Иран  елiнiң  қоғам  қайраткерi  (бекзадасы)  Ибн  Хордадбектің (Солтүстiк-Батыс 
Ирандағы  барлау  тобының  бастығы)  846-847  жылдарда  жарық  көрген  “  ¤ңiрлер  және 
жолдар”  атты  кiтабында  елдiң  iшкi  әкiмшiлiк-жағрафиялық  құрылымымен  қатар 
көршiлес  елдер  туралы  нақтылы  деректер  келтiрiлген.  Зерттеушiлердi  елең  еткiзетiн 
жағдай  онда  Әмударияның  “арғы”  және  ”бергi”  бетiнде  тұратын  халықтар”  туралы 
деректердiң  болуы.  Яғни,  ирандықтардан  алшақтау  орналасқан  (Әмударияның  арғы 
бетiндегi)  Фараб  аймағы  маңындағы  түрiк-қарлұқтар  мен  олардың  он  алты  қалалары 
аталған.  Түрiк  әулетi  оның  iшiнде  Қытай,  Тибет  және  Қарлұқтармен  қоныстас,  ұйғыр 
қағанаты  туралы  тиянақты  мәлiметтер  қалдырған  араб  географы  Ибн  Хордадбектiң 
еңбегiн  терең  зерттеген,  шығыстанушы  ғалымдардың  пайымдауынша  “сонымен қатар 
бұл еңбекте алғашқы рет қимақтар мен қарлұқ тайпалары жөнiнде деректер кездеседi.” 
 
Ендi  Махмуд  Қашғаридiң  пiкiрiнше  VIII-X  ғғ.  Алтай  мен  Ертiс  жағалауын, 
Шығыс  Қазақстанды  көктей  өтiп,  Орал  бөктерлерi  мен  Орталық  Қазақстанға  дейiнгi 
кең-байтақ  даланы  әртүрлi  кезде  жайлаған  қимақтар  мен  қыпшақтардың  этникалық 
құрамының қалыптасуында табиғи-жағрафиялық ортасының орны ерекше. Осыған орай 
XI-XII  ғасырларда,  яғни  қыпшақтар  көшiп-қонуының  соңғы  сатысында,  тайпалық 
одақтардың  негiзгi  бес  тобы  қалыптасады:  1)  алтай-сiбiр;  2)  қазақстан-орал  бөктерi 
(Едiл-Жайық); 3) Дөң тобы (Кавказ бөктерi); 4) Днепр (Қырым маңы); 5) Дунай (Балқан) 
тобы.  Қыпшақтардың  шағын этникалық топтары Фергана мен Шығыс Түркiстан өңiрiн 
жайлаған.  Бұдан  1200  жыл  бұрын  өмiр  сүрген  көптеген  авторлардың  еңбектерiнде 
қыпшақтар өзiне тән көпсанды сипаттамалары бар әртүрлi атаулармен берiлген. Оларды 
Ресей жерiнде половцы,  Кiндiк  Азияда - командар, ал, Шығыста - қыпшақтар деп атаған. 
Қыпшақтар  бүкiл  тарихында  Сырдария  бойындағы  Оғыздар  мемлекетiмен,  Орта 
Азиядағы  Салжықтар,  Хорезмшахтар  және  Қарахандар  әулеттерiмен  күресiп,  ата-
қонысын қорғаған. Осы кездегi Дештi-Қыпшақтағы саяси бытыраңқы өзара қырқыспен 
негiздеп  келген  қыпшақ  пен  куман  тайпаларының  көптеген  топтары  көшiп  кеткеннен 
кейiн,  Қыпшақ хандығының iргесi едәуiр нығайып  бiршама тұрақтанды. 
 
Қыпшақ  хандарының  өкiмет  билiгi  әкеден  балаға  мұра  ретiнде  қалды.  Хандар 
әулетi  қасиетпен  құрметтелген.  Хан  қосынында  оның  дүние-мүлкi  мен  әскерiнiң  iсiн 
бақылаушы болған. Ол әскери-әкiмшiлiк жағынан көне түрiк дәстүрлерiн сақтаған Орда 
деп  аталды.  Қыпшақ  хандығы  екi қанатқа бөлiнген. Оң қанат қосынымен Жайық өзенi 
бойында (Атырау облысындағы Сарайшық елдi мекенi), сол қанат - қосынымен Сығанақ 
қаласында  болды.  Хандықтың  негiзгi  орталығы  Торғай даласында орналасқан. Әскери 


 
24 
ұйымдар  мен  әскери-әкiмшiлiк  басқару  жүйесiне  орталық  билiк  тарапынан  көңiл 
бөлiндi.   
 
Басқару  iсiнде  билеушi  ақсүйек  топтың  (хан,тархан,  басқақ,  бек  пен  байлар) 
қатал  иерархиялық  жүйесi  айқындалды,  бұған  қоса  рулар  мен  тайпалардың  өзi  де 
қоғамда  алатын  орнына  қарай    әр  түрлi  топтарға  бөлiнген.  Қыпшақ  қоғамында 
әлеуметтiк  және  жiктелу  жағынан  айқын  теңсiздiк  байқалды.  Мүлiктiк  теңсiздiктiң 
негiзi  -  малға  жекеменшiк  болып  табылған.  Байлық  өлшемi  жылқы малының санымен 
анықталған.  Сол  заманды  зерттеушiлердiң  пайымдауынша  iрi-iрi  байлардың 
жылқысының  саны  10  мыңдай,  тiптi  одан  да  асып  жығылған.  Жекеменшiк шарттарын 
бұзған  қоғам  мүшесi  жазаға  тартылатын  болған,  кәдiмгi  құқықтың  (төрелiк  айту) 
жәйттерi  олар  айыпталуға  тиiс  деп  есептеген.  Осы  кезден  бастап  ру-тайпа  белгiлерi, 
таңба  пайда  болып,    ол  жеке  малға  басылған.  Малы  көп  қожайындар  жеке  меншiгiне 
берiлмесе  де  көлемдi мал жайылымдарын еркiн пайдаланған. Шаруашылыққа қолайлы 
жерлердi иелену, көшiп-қону бағыттарды анықтау мәселелерiн реттеп отыруды қыпшақ 
хандары мен тайпа тектiлерi әрқашан уысынан шығармаған. 
 
Қоғамның  қатардағы  мүшелерiнiң  басым  көпшiлiгi  еркiн  де  ерiктi  болса  да, 
дүние-мүлкi  өзiнен  әлдеқайда  әулеттi туысқанының қарауына өткендiктен оған тәуелдi 
болған.  Малы  жоқ,  қолы  қысқа    кыпшақтар  көшiп-қону  мүмкiндiгiнен  айырылып 
отырықшылар  (жатақтар)  қатарын  толықтырған.  Ал  олардың  бiрсыпырасы  қайтадан 
малды болғаннан соң көшпелi шаруашылық аясына қайта оралып отырған. Ұрыс-соғыс 
нәтижесiнде тұтқынға түскендер есебiнен қалыптасқан құлдар қыпшақ қоғамында ешбiр 
құқы  жоқ  топты  құрады.  Оларды  қожайыны  сатуға  да,  аяусыз  жұмысқа  салып,  
жазалауға  да  құқылы  болды.  Жалпы,  зерттеушiлердiң  көпшiлiгi  қыпшақ  хандығының 
көне  түрiк  мемлекетiнiң  дәстүрiн  жаңғыртуын  негiзгi  ерекшелiк  ретiнде  қарастырады. 
Қыпшақ  хандығының  әлеуметтiк-экономикалық  қалыптасу  кезеңiне  тән  ерекшелiк  – 
көнетүрiк мемлекетiнiң дәстүрiн дамытып, жалғастыруда деп атайды зерттеушiлер. 
 
XI ғасырдың 60 жылдарында Маңғыстау өңiрiндегi салжықтармен болған сәтсiз 
соғыстардың  нәтижесiнде қыпшақтардың бiр бөлiгiн Хорасан елiне тәуелдi етедi. Кейiн 
осы  ғасырдың  соңғы  ширегiнде  қыпшақтар  қайтадан  күш  алып,  бұрынғыша  оғыз  бен 
түрiкмен  тайпаларының  кейбiр  бөлiктерiне  өз  үстемдiгiн  жалғастырды.  М.  Қашғари 
деректерi бойынша қыпшақ билеушiлерi Қарахандар және кимақ тайпа бiрлестiктерiмен 
аса  күрделi  қарым-қатынаста  болып,  олар  шығыс  Ертiс  жағалауы,  Жетiсу  өңiрлерiне 
жиi-жиi шабуыл жасаған. Ал, қыпшақтардың “құдыреттi” ханы 1096 жылы Хорезм елiне 
де жойқын жорықтар ұйымдастырды, бiрақ онысы сәтсiздiкке ұшырады. 
 
XI  және  XII  ғғ.  алғашқы  жартысында  Жент,  Янгикент,  төменгi  Сырдарияның 
көптеген  елдi  мекендерiнде  қыпшақ  хандары  мен  Орта  Азияның  мұсылман  әулеттерi 
арасында қиянкескi шайқастар болып тұрды. Ислам дiнiн уағыздаған Хорезмшахтардың 
бұл  уақытта  күшейгенi  соншалық  Жент  қаласын  басып  алып,  одан  әрi  өз  қарауына 
солтүстiктегi қыпшақ жерлерi мен Маңғыстауды қосады. Сайып келгенде, 1133 жылғы 
Жент  түбiндегi  ұрыста  қыпшақтардың  хорезмшахтықтардан  ойсырап  жеңiлуiнен  кейiн 
Дештi  Қыпшақ  империясының  ыдырауы  басталады.  В.В.  Бартольд  пен Қазақстандық 
ғалымдардың  зерттеушiлерiнiң  пайымдауынша  ыдыраудың  негiзгi  себептерi  мынадай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет