Ќазаќстан тарихы


Курс мазмұнының ерекшелігі



бет2/22
Дата25.03.2022
өлшемі235,5 Kb.
#28742
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ТУП ҚАЗҚЗТ ЖОБА (2)

Курс мазмұнының ерекшелігі. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық - методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу – әдістемелік жоспарларына енгізілген. Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс тапқан.

Республикадағы ЖОО-ның тарих емес факультеттері үшін «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

Бұл бағдарламаны жасау барысында авторлар ең алдымен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары негізінде қалыптасқан стратегиялық міндеттерді, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» және т.б. маңызды құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы жетістіктер мен жаңалықтарды, пәнді ЖОО-ында оқытудағы көпжылдық тәжірибені және студенттік дәрісхана сұраныстарын, оқыту әдістемесінің үрдістері мен ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты білім алушылардың түсіну деңгейін ескерді.

Типтік бағдарлама бөлімдерінің проблемалық материалдары студенттерге отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және тұтастай қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескерген бұл типтік бағдарламаның мазмұны бөлімдер мен тақырыптардан, тарих ғылымындағы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын проблемалық тұрғыдан қарастыруға негізделген бөліктерден тұрады.

Бұл типтік бағдарламаны құрастыру барысында авторлар, «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды:



  • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

  • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;

  • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;

  • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;

  • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.

Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:

- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;



- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;

- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;



- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет