2.Қазақ хандығының құрылу процесін сипаттаңыз.
3. Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
4.«Ирридента», «диаспора» терминдеріне анықтама беріңіз.
5 . Қазақ қоғамының ру-тайпалық құрылымын сипаттаңыз.
6. «Заманауи қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің бұлжымас ережелерінен толықтай бас тарту, идеологиясыздандыру, өмір құбылыстарына тарихи тәсілді тереңдету, алдыңғы қатарға ұлт мүдделерін шығару тән. Сонымен бірге көптеген қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға бірнеше дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
7.«Шежіре», «дәстүр» терминдеріне анықтама беріңіз.
8. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы большевиктердің экономикалық саясатын сипаттаңыз.
9. «Дала тайпаларындағы «әскери демократия» көсемдік түрінде дамудың ең жоғары деңгейіне жетті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
10.«Автохтонды халық», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз.
11. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуын сипаттаңыз.
12.«Батыс мәдениетін саналы түрде жүзеге асыруда қазақ даласының болашағын көремін». Сіз Ә. Бөкейхан тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
13.«Мәдени-генетикалық код», «ұлт» терминдеріне анықтама беріңіз.
14. Түркі қағанатының қалыптасу процесін сипаттаңыз.
15. «Дала өркениеті этностан тыс сипатқа ие болды және қандай да бір халықпен (этноспен) немесе белгілі бір дінмен байланысты болмады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
16.«Ақсүйек», «қарасүйек» терминдеріне анықтама беріңіз.
17. Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерін сипаттаңыз.
18. Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінің барлық мәдениеттері сабақтастыққа ие және бірыңғай тарихи процесті құрайды деген пікір қалыптасқан. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
19«Революция», «реформа» терминдеріне анықтама беріңіз.
20. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерін сипаттаңыз.
21. «Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне, соның ішінде қазақтарға биліктің «хан – билер – халық» үштігі тән. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
22.«Жәдидшілдік», «пантүркизм» терминдеріне анықтама беріңіз.
23.Дамыған орта ғасырдағы (Х-ХIV ғғ.) түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттаңыз
24.«Кеңестік қазақ автономиясының жариялануы және оның одақтық республикаға өтуі Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының маңызды тарихи кезеңдеріне айналды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
25.«Тоталитаризм», «демократия» терминдеріне анықтама беріңіз.
26. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы қалалық мәдениетті дамытудағы рөлін сипаттаңыз.
27. «Көшпенділер әлемдік тарихи үдерістердің барысына елеулі әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
28.«Интеграция», «жаһандану» терминдеріне анықтама беріңіз.
29. XVIII - XX ғғ. басындағы Қазақстанның ғылыми зерттеу процесін сипаттаңыз.
30.«Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және адамгершілік құндылықтарының кӛрінісі болып табылады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
31.«Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз.
32. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін сипаттаңыз.
33.«Тәуелсіз Қазақстан экономикасының көмірсутектер экспортына едәуір тәуелділігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталды». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
34.«Отар», «протекторат» терминдеріне анықтама беріңіз.
35. XIX-ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында жұмыс істеген білім беретін оқу орындарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
36. «Көшіп-қонудың табиғи циклдері қазақтардың мәдени-генетикалық кодының бір бөлігі». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
37.«Репрессия», «ақталу» терминдеріне анықтама беріңіз.
38.Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
39. «Отырықшы және көшпелі халықтың арасында тығыз экономикалық және мәдени өзара байланыс болды». Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз
40.«Ру», «жүз» терминдеріне анықтама беріңіз.
41.Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтаңыз.
42. «Ресей империясы қазақ балаларын патша үкіметіне адал шенеуніктерді даярлау мақсатында оқытқан» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
43.«Материалдық мәдениет», «рухани мәдениет» терминдеріне анықтама беріңіз.
44. Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз.
45. «КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды мемлекет деп жариялады, бірақ іс жүзінде Кеңес одағы унитарлы мемлекет болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
46.«Антропогенез», «этногенез» терминдеріне анықтама беріңіз.
47.Көшпенді киіз үй құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Неге қазақтарда киіз үйдің конус тәрізді емес, жарты шар тәрізді түрі таралғанын түсіндіріңіз.
48.XX ғасырдағы Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруінің негізгі кезеңдерін анықтаңыз. Әр кезеңнің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
49.«Репатриация», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз.
50.Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысы).
51. «ХХ ғасырдың басы Азия мемлекеттері үшін ояну дәуірі» болып табылады. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
52.«Дәстүрлі (аграрлық) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» терминдеріне анықтама беріңіз.
53. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы).
54.«Тілді шетелдік сөздермен шұбарламай, тіл тазалығын сақтау керек, өйткені шетел сөздері басқа этностардың мәдениетін, ерекшеліктерін, кодтық ақпаратын таратады» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
55.«Ақтабан шұбырынды жылдары», «Зарзаман» терминдеріне анықтама беріңіз.
56. Алаш және Түркістан (Қоқан) автономияларын мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру әрекеті ретінде сипаттаңыз.
57. «Ресей империясының қазақ даласындағы әкімшілік реформалары көшпелі шаруашылықтың құлдырауына алып келді» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
58.«Археологиялық мәдениет», «тарихи-мәдени ескерткіш» терминдеріне анықтама беріңіз.
59. XVIII – XX ғғ. басында Қазақстан халқының этникалық құрамын өзгерту үдерісіндегі негізгі этникалық топтарды сипаттаңыз.
60.«Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының бағыттарының бірі Қазақстан аумағына жіберілген ғылыми және әскери экспедициялар болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
61.«Индустрияландыру», «жаңғырту» терминдеріне анықтама беріңіз.
62. Қазақ хандығының саяси институттарын сипаттаңыз.
63.«Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
64. «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз.
65.Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында нарықтық экономикаға көшудің негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.
66.Қазақстандық заңнамалық актілер негізінде ҚР Кӛші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтаңыз. Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
67.«Шовинизм», «толеранттылық» терминдеріне анықтама беріңіз.
68.Қазақстанның білім және ғылым саласында 1917 жылдан бастап енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіріңіз.
69. «Қазақстан халқы Ассамблеясының рӛлі ұлттық бірлік пен қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
70.«Полиэтникалық қоғам», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз.
71.«Ұлы дала» ежелгі мәдениет ошақтарын және олардың бір-бірімен өзара байланысын сипаттаңыз.
72. «Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы отандастарымыздың елге оралуына үлкен әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
73.Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын анықтаңыз.
74. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы көші-қон саясатының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
75. «Жаңғыртылған «Жаңа Ұлы Жібек жолы» Қазақстан экономикасының дамуында басты рөл атқарады». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
76.«Аң стилі», «полихромдық стиль» терминдеріне анықтама беріңіз.
77.Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы рөлін талдаңыз.
78. VI - XIII ғ. басында қазақтардың этногенезіне қатысқан негізгі тайпалар мен тайпа одақтарын атаңыз.
79.«Референдум», «Конституция» терминдеріне анықтама беріңіз.
80. Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
81. «Қазіргі уақытта жастарды республикада сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау керек» деген ойды қалай түсінесіздер?
82.«Полиэтнос», «моноэтнос» терминдеріне анықтама беріңіз.
83. 1950-1980 жылдардағы Қазақстанның табысты дамыған ғылым салаларын сипаттаңыз.
84. XX ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдеріне шолу жасап, негізгі факторларды талдаңыз.
85.«Этногенез», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз.
86.Жастарға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттаңыз.
87.«Патриотизм – туған жерге, мәдениет пен дәстүрге деген ерекше көзқарас». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
88.«Рабад», «киіз үй» терминдеріне анықтама беріңіз.
89.Тәуелсіздік жылдары білім беру және мәдениет саласында жүргізілген реформалар туралы айтып беріңіз.
90.«Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан». Сіз «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.