Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет60/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
2013 жылғы 22-24 мамырда «G-GLOBAL форматында экономиканың теңдестірілген экономикалық өсімін қамтамасыз ету» VI Астана экономикалық форумы өтті
2013 жылғы 21 маусымда «Астана-Опера» театрының салтанатты ашылу рәсімі өтті
2013 жылғы 6 шілдеде «Казахстанская правда»газетінде Астананың 15-жылдығына орай Елбасының «АСТАНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫ ДӘУІРІ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ВЕКТОРЫ» атты құттықтау сөзі жарияланды


90. Н.Назарбаев – ҚР тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында (қазіргі – Қарасай ауданы) дүниеге келді. 
1958 ж. Н. Назарбаев Қаскелең ауданындағы Абай атындағы орта мектепті үздік бітірді. 
1958 ж. комсомолдық жолдама бойынша Н. Назарбаев Теміртаудағы металлургиялық зауытқа жіберіледі. 
1958 ж. 20 қарашасы мен 1960 ж. 26 сәуір аралығында Н. Назарбаев бірқатар қазақ жастарымен Днепродзержинск қаласының (Украина) Днепр металлургиялық зауыты жанындағы (қазіргі – «Днепр металлургиялық комбинаты» ААҚ) № 8 техникалық училищесін бітіреді. 
1960–1969 жылдар аралығында Н. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істейді. 
1967 ж. Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын аяқтайды. 
1962 ж. қарашасында Н. Назарбаев Кеңес Одағының Коммунистік партиясына қабылданады. 1962–1991 жж. аралығында КОКП мүшесі. 
1969–1973 жж. Қарағанды облысының Теміртау қаласында партиялық және комсомолдық қызметте. 
1973 ж. қазаны мен 1977 ж. наурызы аралығында Н. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы. 
1973–1976 жж. Н. Назарбаев КОКП ОК жанындағы Жоғары партиялық мектепте сырттай оқиды. 
1977 ж. желтоқсаны мен наурызы аралығында Н. Назарбаев Қарағанды обком партиясының хатшысы. 
1979 ж. желтоқсанында Н. Назарбаев өнеркәсіп, транспорт және байланыс бойынша Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшылығына сайланады. 
1981– 1986 жж. КОКП Орталық Ревизиялық комиссиясының мүшесі. 
1984 ж. наурызы мен 1989 ж. маусым аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы 
1986–1991 жж. КОКП ОК мүшесі. 
1989–1991 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 ж. ақпаны мен сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарады. 
1989–1992 жж. қаңтарына дейін КСРО-ның халық депутаты. 
КСРО 10-шы, 11-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 
1990 ж. 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясының 12-ші шақырылымында Н. Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланады. 
1990–1991 жж. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі. 
1991 ж. 28 тамызда Н. Назарбаев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы міндетінен босап, ОК қызметінің тоқтатылуы туралы пікірін білдірді. 
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 
29.12.1992 ж. Ресейдің Басқару академиясында (Мәскеу қ.) «Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жағдайындағы ресурстарды сақтау стратегиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Мамандығы 08.00.05 – Экономика, жоспарлау, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқаруды ұйымдастыру. 
1995 ж. 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. (сайлауға қатысушылардың 91,26 %-ның 95,46 %-ы дауыс берді). 
1999 ж. 10 қаңтарында өткен ҚР Президентінің кезекті сайлауының қорытындысы бойынша Н. Назарбаев 79,78 % дауысқа ие болып, жеңіске қол жеткізді. 
2005 ж. 4 желтоқсанында кезекті президенттік сайлау өткізілді. Кандидат Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 91,15 пайызы дауыс берді. 
2010 ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Елбасы мәртебесі берілген бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. 
2011 ж. 3 сәуірде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді. Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 95,5%-ы дауыс берді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет