Байланысты: Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары 2022 жыл
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ
БЕКІТІЛДІ Қазақстан тарихы және «Рухани
жаңғыру» кафедрасы
отырысының шешімімен
(кафедраның атауы)
Кафедра меңгерушісі
__________ Кушпаева А.Б.
(қолы) (аты-жөні)
«Қазақстан тарихы» пәнінен тарих емес мамандықтар үшін
емтихан сұрақтарының тізімі
Көкшетау – 2022.
Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз.
Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне және оның ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Қазақстан аумағындағы скиф-сақ кезеңіне сипаттама беріңіз.
Үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттерінің саяси тарихына, қоғамдық құрылысына, шаруашылығы мен тұрмысына талдау жасаңыз.
Қазақстан аумағындағы ғұндардың тарихын баяндаңыз. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және оның дүниежүзілік тарихтағы маңызы.
Түрік қағанатының құрылу үдерісіне сипаттама беріңіз, оның тарихи маңызын ашып көрсетіңіз. Батыс Түрік қағанаты: аумағы, халқы, саяси тарихы.
Түргеш қағанатының, Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихына талдау жасаңыз. Қарахандар мемлекеті: аумағы, халқы.
Оғыз мемлекетіне, Қимақ қағанатына сипаттама беріңіз: аумағы, халқы, саяси тарихы.
Қыпшақ хандығына сипаттама беріңіз: этникалық құрамы, аумағы, саяси тарихы.
Ұлы Жібек жолының көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және саяси дамуындағы маңызын түсіндіріңіз. Түрік дәуіріндегі Қазақстанның материалдық және рухани мәдениеті (VI-XII ғғ.).
Моңғол дәуіріндегі Қазақстанның тарихына сипаттама беріңіз. Қазақстан Алтын Орданың құрамында.
Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттерінің тарихына талдау жасаңыз: этникалық құрамы, аумағы, саяси тарихы.
Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы мемлекеттеріне сипаттама беріңіз: этникалық құрамы, аумағы, саяси тарихы.
Сібір хандығының тарихына сипаттама беріңіз. Көшім хан.
ХIII ғ. – ХV ғ. 1-ші жартысындағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетіне сипаттама беріңіз.
Қазақ халқының этногенезіне талдау жасаңыз. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік және этникалық мазмұны. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, алғашқы хандары.
Қазақ жүздерінің құрылу үдерісіне, олардың этникалық құрамы мен аумағына сипаттама беріңіз.
Қазақ хандығының Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан билігі кезіндегі ішкі және сыртқы саясатына сипаттама беріңіз.
Тәуке хан тұсындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз (1680-1715 жж.). «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
ХVIII ғ. 1-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын сипаттаңыз. «Ақтабан шұбырынды». 1726 жылғы мәслихаттың тарихи маңызы. Аңырақай шайқасы.
XVI ғ. соңы – XVIII ғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарына талдау жасаңыз. Қазақстанның Ресей империясына қосылуының басталуы: алғышарттары, барысы, салдары.
Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығына сипаттама беріңіз (1771-1781 жж.). Оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
ХVII-ХVШ ғғ. билердің қоғамдық рөліне сипаттама беріңіз. Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің қызметі.
ХVI-ХVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылысына сипаттама беріңіз. ХVI-ХVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы. Феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.
ХVI-ХVIII ғғ. Қазақстанның мәдениетіне сипаттама беріңіз. Қазтуған, Үмбетей, Бұхар жырау шығармашылығы.
Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуына (1773-1775 жж.), С. Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне (1783-1797 жж.) сипаттама беріңіз.
1822-1824 жж. реформаларға талдау жасаңыз. Хандық биліктің жойылуы және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы. Көкшетау округінің ашылуы.
И. Тайманов пен М. Өтемісов басқарған Бөкей Ордасы қазақтарының көтерілісіне (1836-1838 жж.), Кенесары Қасымұлы басқарған халық-азаттық қозғалысына (1837-1847 жж.) сипаттама беріңіз.
XIX ғ. қазақтардың азаттық күресіне талдау жасаңыз. Қаратай және Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 жж.).
ХІХ ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет Көтібаров басқарған қазақтардың көтерілістеріне сипаттама беріңіз.
ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметіне, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметіне, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына сипаттама беріңіз.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы үдерісіне сипаттама беріңіз. Қазақстанның оңтүстігінің қосылуы. Әлеуметтік-экономикалық салдары.
1867-1868 жж. Уақытша ережелерге сипаттама беріңіз. 1868-1869 жж. Торғай және Орал облыстары қазақтарының бас көтеруі. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.
ХІХ ғ. Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетіне талдау жасаңыз. Ән өнерінің дамуы. Ақан сері Қорамсаұлының, Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы.
ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуін сипаттаңыз. Өнеркәсіптің, қалалардың, көлік жүйесінің дамуы.
1905-1907 жж. бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз.
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселеге сипаттама беріңіз. Столыпин реформалары.
Ресейдегі I және II Мемлекеттік Думалардағы қазақ депутаттарының қызметін сипаттаңыз.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз (1914-1918 жж.). 1916 жылғы халық-азаттық көтеріліс.
ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қызметін көрсетіңіз. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті.
1917 жылғы Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз.
1917 жылғы Бірінші Бүкілқазақ съезінің тарихи маңызын түсіндіріңіз. «Алаш» партиясының бағдарламасына талдау жасаңыз.
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси партиялардың қызметіне баға беріңіз: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-Исламия».
1917 жылғы Қазан революциясына сипаттама беріңіз. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуының тәжірибесі мен мәселелері.
Түркістан (Қоқан) автономиясының аумағын картадан көрсетіңіз. М. Шоқайдың қызметіне баға беріңіз.
Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы қызметіне талдау жасаңыз. «Алаш» қозғалысы және Екінші Бүкілқазақ съезі.
1918-1920 жж. Азамат соғысы кезіндегі Қазақстандағы маңызды оқиғаларды анықтаңыз. «Ақтар» мен «қызылдар» саяси күштерінің күресіне сипаттама беріңіз.
1918-1920 жж. «әскери коммунизм» саясатына және оның салдарына сипаттама беріңіз.
1920 жылғы Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуының тарихи маңызын түсіндіріңіз. КСРО-ның құрылуы.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) тарихи маңызын сипаттаңыз.
1921-19222 жж. Қазақстандағы жер-су реформасын, оның мақсаты мен негізгі іс-шараларын түсіндіріңіз.
1920-1940 жж. Қазақстандағы индустрияландыру саясатын, оның ерекшеліктері мен салдарын ашып көрсетіңіз.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың салдарына баға беріңіз. ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы аштық және қазақтардың көшуі.
Қазақ зиялыларының сталиндік саясатқа қарсы идеялық-саяси күресіне сипаттама беріңіз (1920-1930 жж.).
Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясына талдау жасаңыз. Тоталитарлық жүйенің орнатылуы.
1930-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірге талдау жасаңыз. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.
1930-1950 жж. саяси қуғындауға ұшыраған қазақстандық зиялыларды атаңыз.
1920-1930 жж. Қазақстандағы халыққа білім беру мен ғылым жүйесіне баға беріңіз.
ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы әдебиет пен өнердің көрнекті өкілдерін атаңыз.
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның жағдайын сипаттаңыз. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктеріне баға беріңіз.
1941-1945 жж. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының майдан арсеналы болғанын дәлелдеңіз. Көкшетаулықтардың жеңіске қосқан үлесіне баға беріңіз.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға күштеп депортацияланған халықтарды атаңыз.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылымның, мәдениеттің және халыққа білім берудің жағдайына сипаттама беріңіз.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндаңыз.
1946-1953 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттаңыз. «Бекмаханов ісі».
«Хрущёвтік жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның жағдайына талдау жасаңыз: реформа жүргізу және демократиялық идеалдарды қалпына келтіру әрекеттері (1953-1964 жж.).
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің салдарына баға беріңіз.
ХХ ғ. 40-60 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдерін атаңыз. Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясының қызметіне баға беріңіз.
1960 ж. ортасы – 1970 ж. Қазақстанның жағдайына талдау жасаңыз. 1965 жылғы экономикалық реформа («Қосыгин» реформалары).
Кеңестік қоғамның тоқырауы кезеңіндегі Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз (1970-1985 жж.). Экономиканың жағдайы.
ХХ ғ. 70-80 жж. қоғамдық-саяси жағдайға сипаттама беріңіз. Диссиденттік қозғалыс.
1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаларды сипаттаңыз.
1970-1980 жж. Қазақстан мәдениетінің жағдайын анықтаңыз. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар.
Қайта құру кезеңіндегі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз. 1985-1991 жж. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы дағдарыс.
1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына талдау жасаңыз. Жастардың қоғамды демократиялық жаңарту үшін күресі.
Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды және олардың салдарын сипаттаңыз. «Невада-Семей» қозғалысы.
Кеңес өкіметі жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық саясат пен демографиялық үдерістерді ашып көрсетіңіз (1917-1991 жж.).
Президеттік институттың енгізілуі қандай тарихи жағдайларда жүзеге асырылғанын анықтаңыз. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны сипаттаңыз.
1991 жылғы тамыз бүлігін түсіндіріңіз. КСРО-ның ыдырауы.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялау» тарихи кезеңіне сипаттама беріңіз.
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранға сипаттама беріңіз.
ХХ ғ. соңындағы Қазақстандағы тілдік жағдайды түсіндіріңіз. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР-ның Заңы.
1991 жылғы тәуелсіздік кезеңінен бастап Қазақстанның дамуына талдау жасаңыз. Ішкі саясаттың негізгі бағыттары.
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сипаттама беріңіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының негіздері.
1991 жылғы тәуелсіздікті жариялағаннан кейінгі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына талдау жасаңыз.
Қазіргі Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелерді атап көрсетіңіз.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуына сипаттама беріңіз (1991–2022 жж.).
Қазіргі Қазақстандағы саяси партияларды атап көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтің 2021 жылғы 5-қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына талдау жасаңыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауына сипаттама беріңіз. Жаңа Қазақстанды құру және саяси жүйені реформалау.