«ҚазаҚстан темiр жолы» ұлттыҚ КомПанИЯсы» акционерлІК


) «Көліктік логистиканың ұлттық даму орталығы» аҚ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.03.2017
өлшемі8,73 Mb.
#8216
1   2   3   4   5   6

13) «Көліктік логистиканың ұлттық даму орталығы» аҚ.

«Көліктік логистиканың ұлттық даму орталығы» АҚ қызметінің негізгі түрлері: көліктік 

саясат  саласында  зерттеулер  жүргізу,  транзиттік  жүк  ағынына  арналған  дәліздерді 

анықтау, Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық кешенінің дамуы бойын-

ша ұсыныстарды дайындау, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс 

жерлерде  көліктік-логистикалық  қызметтер  нарығының  маркетингтік  зерттеулерін 

жүргізу, мемлекеттік органдарға, өнеркәсіптік ұйымдарға, қоғамдық ұйымдарға және 

жеке  тұлғаларға  көліктік-логистикалық  қызметтер  сұрақтары  бойынша  ақпараттық 

және консультациялық қызметтер ұсыну.

14) «Вокзал-сервис» аҚ.

«Вокзал-сервис»  АҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  вокзалдардың  тиісті  жұмысын 

ұйымдастыру,  темір  жол  вокзалдарында  жолаушыларға  техникалық  қызметтің 

көрсетілуін  ұйымдастыру  (билет  кассалары,  күту  бөлмелері,  санитарлық-тұрмыстық 

бөлмелер  мен  ақпараттық  қызмет  көрсету  объектілері,  медициналық  бекеттер, 

күзет  бекеттері,  қоғамдық  тәртіпті  қорғау  бекеттері),  темір  жол  вокзалдарының, 

перрондардың қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану жұмыстарын орнату, темір жол 

вокзалдарында және перрондарда сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымын дамы-

ту және жетілдіру, жол жүру билеттерінің сатылымын ұйымдастыру, жолаушылардың 

өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және темір жол вокзалдарында, перрондарда 

тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету.

2. КелеСі  аКционерліК ҚоғаМдардың ҚараПайыМ аКциялардың  

ПаКеті:

1)  «Қазақ  көлік  және  коммуникациялар    академиясы»  аҚ  қарапайым 

акциялардың 65,00% пакеті.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

10

«Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ қызметінің негізгі түрлері: те-



мір жол саласы, сонымен қатар қалалық электр көлігі, метрополитен мен автокөлік, 

ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар үшін кадрларды дайындау.



2) «досжан темір жолы» аҚ қарапайым акциялардың 46,016% пакеті.

«Досжан темір жолы» АҚ қызметінің негізгі түрлері: жобалық-сметалық құжаттар мен 

жобалық-іздестіру  жұмыстарының  дайындалуын  қамтамасыз  ету,  құрылыс,  жөндеу 

және ісе қосу-реттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігерлік ұйымдарды тарту, 

жобалық құжаттаманың және орындалған мердігерлік жұмыстардың сараптамасын, 

сонымен  қатар  жаңа  инфрақұрылымдық  объектілердің  қабылдануын  ұйымдастыру, 

Қоғамның  құнды  қағаздарының  шығарылуы  мен  ұйымдастырылуын  ұйымдастыру 

арқылы «Шар бекеті – Өскемен» темір жол желісінің құрылысы мен пайдаланылуы үшін 

қажетті қаражаттарды тарту, «Шар бекеті – Өскемен» темір жол желісін және басқа 

темір жол инфрақұрылымдарының объектілерін пайдалану.



3) «Кедентранссервис» аҚ қарапайым акциялардың 33,00%  пакеті.

«Кедентранссервис»  АҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  жүк  тиеу-түсіру  жұмыстары, 

жүктердің  кедендік  рәсімделуі,  локомотивтік  жетек  қызметтерін  ұсыну,  вагондар 

(контейнерлер)  операторы  қызметтерін  ұсыну,  жеке  кедендік  тәртіптер  шектерін-

де,  Қазақстан  Республикасының  кедендік  заңнамасына  сәйкес  жүзеге  асырылатын 

қызмет, кедендік қызметтер.



4) «теміржол жөндеу» аҚ қарапайым акциялардың 23,43% пакеті.

«Теміржол жөндеу» АҚ қызметінің негізгі түрлері: жолдарды қайта құру, капиталдық 

және  орташа  жөндеу  бойынша  жұмыстарды  және  жол  шаруашылығындағы,  жаңа 

темір  жол  желілерінің  құрылысындағы  басқа  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыру  және 

орындау, ауыр жол машиналарының, механизмдердің және жабдықтың паркін пайда-

лану, қызмет көрсету және жөндеу, рельс-шпал торын бекіту, сілтемелік аударымдар-

ды  жинау  және  төсеу,  жүктер  тасымалы,  меншікті  жылжымалы  құраммен  жоғарғы 

жол  құрылысының  материалдарын  және  сусымалы  жүктерді  тасымалдау,  жол 

машиналарының  капиталдық,  орташа  және  ағымдағы  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу, 

автотракторлық техниканы, дизельдік қозғалтқыштарды және шағын механикаланды-

ру құралдарын жөндеу, темір жолдардың, автокөлік жолдарының балласттық қабаты 

және құрылыс үшін малтатас өндіру.



5) «Каскор транссервис» аҚ қарапайым акциялардың 13,403%  пакеті.

«Каскор Транссервис» АҚ қызметінің негізгі түрлері: көліктік-экспедициялық қызмет 

көрсету, Маңғышлақ б. – Ақтау порты бөлігінде жүру жолдарының қызметтерін ұсыну.  

6) «Қазақстан халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» (ҚхБ ЖзҚ) аҚ 

қарапайым акциялардың 3,521% пакеті.

ҚХБ ЖЗҚ қызметінің негізгі түрлері зейнетақы салымдарын қабылдау және салымшы-

лар үшін инвестициялық табысты қамтамасыз ету.

3.КелеСі ЖауаПКершілігі шеКтеулі СеріКтеСтіКтерінің ҚараПайыМ 

аКциялардың 100% ПаКеті:

1) «орманқорғау» ЖшС.

«Орманқорғау»  ЖШС  қызметінің  негізгі  түрлері:  жасанды  және  табиғи  орман 

көшеттеріне қызмет көрсету, тораптық темір жол желілері өтетін тармақтарда жаңа 

қарға, желге, құмға қарсы қорғаныс және абаттандыру көшеттерін құру және т.б.



2) «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖшС.

«Қамқор»  жөндеу  корпорациясы»  ЖШС  қызметінің  негізгі  түрлері:  қатысу  үлестері 

Серіктестікке меншік құқығы бойынша тиесілі болатын еншілес ұйымдарды басқару, 

темір жол салу және жөндеу, темір жол жылжымалы құрамын жөндеу, жетілдіру және 

дайындау, темір жол жылжымалы құрамына қызмет көрсету, радио мен байланыстың 

дабылдама,  орталықтандыру  және  тосқауыл  (ДСТ)  құрылғыларын  жобалау,  салу, 

құрастыру, сервистік қызмет көрсету.

3) «ғылыми-зерттеу көлік институты» ЖшС.

«Ғылыми-зерттеу көлік институты» ЖШС қызметінің негізгі түрлері: ғылыми-зерттеу 

қызметі; тәжірибелік-конструкторлық қызмет, жобалау-іздестіру қызметі.

4) «ақжайық-Батыс 2006» ЖшС.

Қазіргі уақытта «Ақжайық-Батыс 2006» ЖШС өндірістік қызметті жүзеге асырмайды 

және 2009 жылдың 24 қарашасындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің (№ 7 хат-

тама) шешіміне сәйкес тарату кезеңінде орналасуда.



4. «ҚорғаС» халыҚаралыҚ  КедендіК СеріКтеСтіК орталығы» аКцио-

нерліК ҚоғаМының ҚараПайыМ аКциялардың 100% ПаКеті.

«Қорғас» халықаралық кедендік серіктестік орталығы» АҚ қызметінің негізгі түрлері: 

«Қорғас»  халықаралық  кедендік  серіктестік  орталығының  қазақстандық  бөлігінде 

инфрақұрылымды құру, дамыту және әрекет етуін қамтамасыз ету; құру мақсаттарына 

қол  жеткізу  үшін  Орталықтың  қазақстандық  бөлігінде  қызметті  жүзеге  асыратын 

мемлекеттік  органдармен  және  шаруашылық  субъектілерімен  әрекеттесу;  Орталық 

дамуының ағымды, ұзақ мерзімді бағдарламаларын дайындауда және жүзеге асыруда 

қатысу және басқа.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ



Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

11

Таиланд

Daegu

Чунцин

Сымянь

 

Г

ЭС 

Ч Х

 

Ы

Х

С

С

 

Г

Г

Ь

И

иг

 

Г

Г



Й

Славкув

Арқалық

КЫР

Ғ

ЫЗСТАН

САУД АРАБИЯСЫ

ҰЛЫБРИТ

АНИЯ

Брюссель Кельн

Познань

МЫСЫР

ТҮРКИЯ

РЕСЕЙ

Мәскеу

Стамбул

ӘЗIРБ

АЙЖ

АН

ӨЗБЕК

СТ

АН

ТӘЖІКСТАН

АУҒАНСТАН

ТҮРIКМЕНСТ

АН

ҚАЗАҚСТАН

Қостанай

Ақтөбе

Мақат

Шалқар

Ақтау

Өзен

Қарағанды

Шұбаркөл

Сарыағаш

Жетіген

Монғолия

Достық

ҚЫТАЙ

Үрiмші

ПӘКІСТАН

ҮНДІСТАН

Тайпей

Каохсуинг

Сексеуiл

Қорғас

Жезқазған

ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ

Солт. ТАТТ (Ляньюнгань-Достық-Петропавл-Брест-Гамбург)

Орт. ТАТТ (Ляньюнгань-Достық-Астана-Озинки-Брест)

Оңт. ТАTT (Ляньюнгань-Достык-Сарахс-Рази-Стамбул)

Солтүстік-Оңтүстік (Санкт-Петербург-Ақтау-Амирабад-Бендер-Аббас)

Чунцинь-Дуйсбург

TRACECA  (Ляньюнгань-Достық-Ақтау-Баку-Поти-Стамбул)

Транссіб (Находка-Петропавл-Xельсинки)

Оңтүстік теңіз жолы

Қашғар (ҚХР) – Ош (Қрғ) – Герат (Афг)

Жапония

О. Корея

Филиппины

Тайвань

Малайзия

Сауд Арабиясы Катар

Оман

Йемен

Үндістан

БАӘ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ



Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

12

4

4

КелеСі  аКционерліК ҚоғаМдардың ҚараПайыМ 

аКциялардың  ПаКеті

«Қазақ көлік және коммуникациялар  академиясы» аҚ қарапайым акциялардың 

65,00% пакеті

«досжан темір жолы» аҚ қарапайым акциялардың 46,016% пакеті

«Кедентранссервис» аҚ қарапайым акциялардың 33,00%  пакеті

«теміржол жөндеу» аҚ қарапайым акциялардың 23,43% пакеті

«Каскор транссервис» аҚ қарапайым акциялардың 13,403% пакеті

«Қазақстан халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» (ҚхБ ЖзҚ) аҚ қарапайым 

акциялардың 3,521% пакеті

КелеСі ЖауаПКершілігі шеКтеулі 

СеріКтеСтіКтерінің ҚараПайыМ аКциялардың 

100% ПаКеті:

«ҚорғаС» халыҚаралыҚ  КедендіК 

СеріКтеСтіК орталығы» аКционерліК

 ҚоғаМының ҚараПайыМ аКциялардың 

100% ПаКеті.

«орманқорғау» ЖшС

«Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖшС

«ғылыми-зерттеу көлік институты» ЖшС

«ақжайық-Батыс 2006» ЖшС

 «локомотив» аҚ

«Қазтранссервис» аҚ

 «транстелеком» аҚ

 «Жолаушылар тасымалы» аҚ.

«Көліктік сервис орталығы» аҚ

  «Әскери темір жол күзеті» аҚ

 «Қазтеміртранс» аҚ

 «теміржолсу» аҚ

 «локомотив сервис орталығы» AҚ

 «алматы вагон жөндеу зауыты» аҚ

 «локомотив құрастыру зауыты» аҚ

 «ремлокомотив» аҚ

 «Көліктік логистиканың ұлттық даму орталығы» аҚ

 «Вокзал-сервис» аҚ

КелеСі аКционерліК ҚоғаМдардың 

ҚараПайыМаКциялардың 100% ПаКеті:

меншІК 


Құрылымы

«Қтж» ұК» аҚ тИесІлІ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ



Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

13

ҚұрМетті ӘріПтеСтер, СеріКтеСтер, 

Клиенттер!

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұсынған Жылдық 

Есепте өндірістік және қаржылық көрсеткіштер өсуінің, әлеуметтік индикаторлардың, 

теміржол  көлігі  қызметінің  мультипликативті  әсерінің  жағымды  беталыстары 

көрсетілген. 

2012 жылдың қорытындылары бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ жеделдетілген индустриалды-

инновациялық  дамудың  Мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыруға  қосқан  үлесі 

үшін  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «2012  жылғы  индустриалдандыру 

көшбасшысы» номинациясында «Алтын сапа» әлеуметтік сыйақысымен марапаттал-

ды. 


2012  жылы  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  қызметі  жаңа  сапаға  көшті  –  компания  өзіне  үш  сала 

қызметтерін шоғырландырды: теміржолдық, машина жасау және логистикалық. Және 

барлығында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыстың тиімділігінің артуы және еңбек өнімділігінің дамуы бойынша 

мақсатты түрде іс-шаралар жүргізеді.

2012 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқару жүйесі сапаны басқару, экологиялық қауіпсіздік, 

денсаулықты  қорғау  және  еңбек  қауіпсіздігі,  ақпараттық  қауіпсіздік  салаларында 

халықаралық стандартқа сәйкес сертификатталған.

Компанияға Standard & Poor`s, Fitch Ratings, Moody`s Investors Service сияқты үш бедел-

ді рейтингтік агенттіктердің жоғары несиелік рейтингтері берілген, бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ 

және оның еншілес мекемелеріне қолайлы жағдайларда несиелік қажаттарды тартуға 

мүмкіндік береді.

Еуроазиаттық көліктік – логистикалық хаб құратын оператор ретінде өзін жайғастыра 

отырып, компания мультимодальды халықаралық жобаларды жүзеге асырады. 2012 

жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Чунцин – Достық – Дуйсбург маршруты бойынша тұрақты кон-

тейнерлік поездар қатынасын орнатты, Ухань (ҚХР) – Пардубице (Чехия) Чэнду (Қытай) 

–  Лодзь  (Польша),  Ляньюньган  (ҚХР)  –  Аламедин  бекеті  (Қырғызстан)  және  басқа 

бағыттарында,  осы  маршруттарда  электрондық  құжат  айналымын  енгізе  отырып,  

ұшқышты контейнерлік поездар жөнелтті.

«Қазақстан темір жолы» компаниясын осы және басқа да жобаларында қолдағандарға 

алғысымды білдіремін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның серіктестері өркендей берсін.

Құрметпен, 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы  Н. Байдаулетов

ДИРЕКТОРЛАР КЕңЕСІНІң 

ТӨРАҒАСЫ  Н. БАйДАУЛЕТОВ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

14

ҚұрМетті СеріКтеСтер, доСтар!

Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ – бұл объектілердің тармақтану жүйесі бар мультимодаль-

ды көп салалы корпорация.

Компания теңіз порттарын, басты темір жол бағыттарын, құрлықтық және әуе-дәліздік 

логистикалық  терминалдардың  халықаралық  жүйесін  құра  отырып,  өз  ықпалын 

Қазақстан шекарасынан тыс жерлерге таратуда.

160 мың теміржолшылардың ерен еңбектері былтырғы жылы келесілерге қол жеткізді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және ел 

Үкіметінің тапсырмаларын жүзеге асыруда әр аудандарда үш ірі толық циклді өндіріс 

ашылды: Астанадағы электровоз өндіру бойынша зауыт, Жамбыл облысындағы Шу 

бекетінде маневр телповозын шығару бойынша зауыт және Өскемендегі ірі вагон құю 

өндірісі.

Астанада «Evolution» тепловоздары үшін қозғалтқыш шығару, Ақтөбеде рельс-арқалық 

зауытын құрастыру бастау алды.

Қазақстан  арқылы  үш  елге  сапар  шегетін  Жезқазған  –  Сексеуіл  және  Арқалық  – 

Шұбаркөл теміржол тораптары құрылуда, ол айтарлықтай тиімді, жақын аумақтарда 

өмір деңгейі мен экономикалық даму – айтарлықтай жоғары.

Жеделдетілген индустриалдық – иновациялық дамудық Мемлекеттік бағдарламасын 

жүзеге асыру аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлығы жоғары экспорттық потенциалмен 9 ірі 

зауыт салынды.

Компанияға  аймақтық  жолаушылар  хабын  құрумен  әуежайға  және  республикалық 

маңызы  бар  автожолдарға  жақын,  Астанада  екінші  теміржол  вокзалын  құрастыру 

қажет болады.

Компания  басшылығы  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  міндеті  экономиканың  тұрақты  өсуінің  жөнді 

көліктік негізін қамтамасыз ету екендігі бірнеше рет атап көрсетті. Бүгін Жылдық Есеп 

мәліметтерімен расталып отырған, барлық көрсеткіштерінде бұл міндет орындалды 

деп сеніммен айтуға болады.

Құрметпен, 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А. Мамин

«ҚТЖ» ҰК АҚ ПРЕЗИДЕНТІ 

А. МАМИН


«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің 

үндеуі


КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

15

диреКторлар КеңеСі

Директорлар  кеңесі  ұзақ  мерзімді  преспективаға  Компанияның  стратегиялық 

мақсаттарын,  дамудың  басым  бағыттарын  анықтайды  және  қызметтің  негізгі 

тұспалдарын  белгілейді,  қойылған  мақсаттың  орындалуы  үшін  қажетті  қаржылық 

және адами ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Директорлар Кеңесі «ҚТЖ» ҰК» 

АҚ атқарушы органы қызметіне бақылау жасайды.



31.12.2012 ж. жағдай бойынша «ҚтЖ» ұК» аҚ директорлар Кеңесінің құрамы:

БайдаулетоВ нуржан 

талипович

директорлар Кеңесінің төрағасы

1960  жылы  туған.  1986  жылы  «Теміржол  көлігінде  тасымалдау  процесін  басқару» 

мамандығы бойынша Мәскеу теміржол көліктері институтын бітірген.

1986 жылы еңбек жолын поезд құраушы, Целинный темір жолының Екібастұз бекеті 

бойынша кезекші болып бастаған. Екібастұз станциясында инженер – технолог, Пав-

лодар қ. Павлодар – Северный бекетінде бас инженер болып жұмыс істеген.

1989 жылдан 1998 жылға дейін Целинный темір жолының Павлодар бөлімшесінің та-

сымалдау бөлімі бастығының орынбасары, Павлодар қ. Павлодар бекетінің бастығы, 

Целинный  темір  жолының  Павлодар  бөлімшесінің  тасымалдау  бөлімі  бастығының 

бірінші орынбасары, «Қазақстан темір жолы» РМК Ақмола темір жолының бастығы.

1998 жылы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің те-

міржол көлігі департаменті Директоры қызметіне тағайындалды.

2003 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының көлік және коммуника-

ция Министрлігінің Вице-Министрі.

2004 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасының көлік және коммуника-

ция Министрлігінің жол қатынастары комитетінің Төрағасы.

2006 жылдан бастап – қазіргі уақытта – «Самұрық» Холдингі» АҚ көліктік және өндірістік 

активтерін басқару бойынша Директор, «Самұрық» Холдингі» АҚ Басқарушы директо-

ры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы.

Қазақстан  Республикасының  азаматы.  Компанияның,  жеткізушілердің  және 

бәсекелестердің  акцияларын  иеленбейді.  Директорлар  Кеңесіне  алғашқы  рет 

20.06.2006 ж. сайланған, 21.06.2012 жылы қайта сайланған.



МаМин аскар узакпаевич 

директорлар Кеңесінің Мүшесі, «ҚтЖ» ұК» аҚ Президенті – Басқарма төрағасы

1965  жылы  дүниеге  келген.  Целиноград  инженерлік-құрылыс  институтын,  Г.В.  Пле-

ханов  ат.  Ресей  экономикалық  академиясын  инженер-құрылысшы,  экономист 

мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек қызметін 1987 жылы «Целинтяжстрой» трестінің құрастырушысы ретінде баста-

ды. Қазақстан жаңартпашыл кәсіпорындарының одағында бас директорының орын-

басары ретінде жұмыс істеді.

1996 жылдан 2008 жылға дейін – Астана қаласы Әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан 

Республикасының көлік және коммуникациядар вице-министрі, индустрия және сауда 

бірінші вице-министрі, көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі.

2008  жылдың  сәуір  айынан  бастап  –  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  Басқару  Төрағасы-Президенті, 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан  Республикасының  азаматы.  Компанияның,  жеткізушілердің  және 

бәсекелестердің  акцияларын  иеленбейді.  Директорлар  Кеңесіне  алғашқы  рет 

04.04.2008 ж. сайланған, 21.06.2012 жылы қайта сайланған.

уразБеКоВ Марат 

Жанабергенович

директорлар Кеңесінің мүшесі

1960 жылы туған. 1986 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітір-

ген және инженер – электромеханик біліктілігін алған. 2000 жылы мемлекеттік және 

муниципалдық  басқару  мамандығы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын аяқтаған.

Еңбек өтілін локомотивтік депо шебері, аға шебері болып бастаған.

Директорлар кеңесі

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ



16

1988 жылдан Алматы темір жолдың Арыс локомотивтік депосына бас технолог болып 

тағайындалады.

1993 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің Темір-

жол көлігі Департаментінің зауыттық және жөндеу кешенін дамыту білімі бастығының 

орынбасары, бастығы, теміржол көлігі Департаменті директорының орынбасары, одан 

кейін осы Департаменттің директоры болып тағайындалған.

2003 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қазанына дейін ҚР көлік және коммуни-

кация министрлігінің теміржол көлігі Комитеті Төрағасының орынбасары, көлік және 

коммуникация Министрлігінің жол қатынасы Комитетінің Төрағасы.

2008 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ көлік актив-

терін басқару бойынша дирекция директоры болып қызмет атқарады.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап – «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.

Қазақстан  Республикасының  азаматы.  Компанияның,  жеткізушілердің  және 

бәсекелестердің  акцияларын  иеленбейді.  Директорлар  Кеңесіне  алғашқы  рет 

24.01.2012 ж. сайланған, 21.06.2012 жылы қайта сайланған.



КаСыМБеК Женис Махмудович

директорлар кеңесінің Мүшесі

1975  жылы  туған.  Архитектор  –  дизайнер  мамандығы  бойынша  Қазақ  мемлекеттік 

архитекторлық  –  құрылыс  академиясын  және  мемлекеттік  және  жергілікті  басқару 

мамандығы бойынша Еуразиялық университетті бітірген.

Еңбек  өтілін  «Темірбанк»  ААҚ  бас  банкирі  болып  бастаған.  Табиғи  монополияны 

реттеу және бәсекелікті қорғау бойынша ҚР Агенттігі порттары мен теміржол көлігі 

бөлімінде бастық болып, координация мен тарифтік саясат Департаментінің тариф-

тік  саясат  бөлімінің  бастығы,  ҚР  көлік  және  коммуникация  Министрлігінің  су  көлігі 

Департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры болып 

жұмыс істеген.

2005 жылдың қараша айынан бастап – Қазақстан Републикасы көлік және коммуни-

кация Вице-министрі.

2009 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация 

Министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды.

2011 жылдан бастап – «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің Мүшесі.

Қазақстан  Республикасының  азаматы.  Компанияның,  жеткізушілердің  және  бәсеке-

лестердің акцияларын иеленбейді. Директорлар Кеңесіне алғашқы рет 20.06.2006 ж. 

сайланған, 21.06.2012 жылы қайта сайланған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет