«ҚазаҚстан темiр жолы» ұлттыҚ КомПанИЯсы» акционерлІК



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.03.2017
өлшемі8,73 Mb.
#8216
  1   2   3   4   5   6

2012

2

«ҚазаҚстан темiр жолы» ұлттыҚ 

КомПанИЯсы» аКЦИонерлІК 

ҚоҒамыныҢ 2012 жылҒы есеБi

МАЗМҰНЫ


3

КомПанИЯ тУралы



Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

4

Міндет

«Жүйе  құрушы  инфрақұрылым  болып,  біз  экономиканың  тұрақты  дамуының 

оңтайлы  көліктік  негізін  қамтамасыз  етеміз  және  жүк,  жолаушылар  тасымалы 

бойынша сапалы және бәсекеге қабілетті көліктік-логистикалық қызметтерді және 

тораптық  темір  жол  желілерін  ұсыну  арқылы  Акционерлер,  тұтынушылар  және 

жалпы қоғам үшін құндылықтар құрамыз.»

ҮМіт

Бизнес жүргізудің үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес келетін және Жалғыз  акционердің 

талаптарына жауап беретін Қазақстанның жоғары тиімді ұлттық көліктік корпораци-

ясы.


Құрылу тарихы

«Қазақстан  темiр  жолы»  республикалық  мемлекеттік    кәсіпорны  1997  жылдың  31 

қаңтарындағы  №  129    «Қазақстан  Республикасының  темір  жол  кәсіпорындарын 

қайта  құру  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысымен  келесі 

республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру арқылы  құрылды: Алматы те-

мір жол басқармасы, Целинный темір жол басқармасы және Батыс-Қазақстан темір 

жол басқармасы. Құру мақсаты тасымал үрдісін басқару құрылымын оңтайландыру 

және  артық  буындарды  жою,  темір  жол  саласының  қаржылық-экономикалық 

сауықтырылуы.    

2002  жылдың  15  наурызындағы  №  310  «Қазақстан  темір  жолы»  ұлттық  компания-

сы»  жабық  акционерлік  қоғамын  құру  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

қаулысымен  «Қазақстан  темiр  жолы»  республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны  мен 

оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын біріктіру арқылы «Қазақстан темір жолы» 

ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.     

2004 жылдың 2 сәуірінде 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар ту-

ралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстан темiр жолы» жабық 

акционерлік қоғамын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционер-

лік қоғамына (ары қарай – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) қайта тіркеу жүргізілді.    

Қазіргі  уақытта    «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  тасымал  үрдісіндегі  темір  жол  саласының  

атқарымдық тұтастығын және басқарылуын қамтамасыз етуде негізделген холдингтік 

құрылымға ие. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционер-

лік қоғамы болып табылады, ол корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, бюджеттік 

мөлдірлікті жоғарылату мақсаттарын шешеді және оперативтік жұмысына араласпай, 

Директорлар кеңесі арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін басқарады.     

Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі Қазақстан Республикасының Көлік және ком-

муникациялар  Министрлігімен  бақыланады,  ол  2001  жылдың  8  желтоқсанындағы 

№  266-ІІ  «Темір  жол  көлігі  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес 

өкілетті орган ретінде темір жол саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуын, 

шоғырландырылуын, Қазақстан Республикасында көлік кешенінің қызметінің реттелуі 

мен бақылауын жүзеге асырады.

СтратегиялыҚ  МаҚСаттар 

2010 жылдың  7 мамырындағы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2020 

жылға дейінгі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық дамуы бекітілді.   

Басты мақсат ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы Акционердің талаптарын қанағаттандыратын 

және «ҚТЖ» ҰК» АҚ менеджмент қызметінің тиімділігін бағалайтын көрсеткіш ретінде 

жиынтық акционерлік капиталдың барынша ұлғайтылуын қарастырады.  

Стратегиялық және орташа мерзімді кезеңдердегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық әрекеттері  

рентабельділік (таза табыс) өсімінің есебінен жиынтық акционерлік капиталдың ба-

рынша ұлғайтуға бағытталған.

1. «ҚтЖ» ұК» аҚ өндірістік-экономикалық қызметінің тиімділігін жоғарылату

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жиынтық акционерлік капиталының өсуін қамтамасыз ету үшін шығынға 

негізделген  корпоративтік  мәдениеттен  тартылған  ресурстар  мен  үрдістердің 

тиімділігін барынша жоғарылатуға бағытталған мәдениетке ауысуын жүзеге асырады. 

Сондай-ақ  ағымдағы  операциялық  орнықтылықты  қамтамасыз  ету  үшін,  сонымен 

қатар  көрсетілетін  қызметтердің  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылату  үшін  «ҚТЖ» 

ҰК» АҚ-да өндірістік және әкімшілік ұсталымдарды төмендету жөніндегі іс-шаралар 

жүзеге асырылады. 



2. Жүк тасымалы нарығындағы көшбасшы орындарды сақтау  

Жүк  тасымалы  нарығында  табыстылықтың  жоспарланған  өсімін  қамтамасыз  ету 

үшін  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  темір  жол  инфрақұрылымына  қол  жетімділікті  ашқаннан  кейін 

нарықтың кем дегенде 80% үлесін сақтап қалуы керек. Бұл үшін Компанияда тасымал 

қызметтерін көрсету кезінде клиенттік-бағдарлық тәсілдерді енгізу керек.    

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


5

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ



3. Портфельдік және өндірістік активтердің тиімді құрылымын құру  

Ырықсыздандыру жөніндегі мемлекет мақсаттары  және осымен байланысты инсти-

туционалды  өзгерістер    «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  құрылымында  экономиканың  сала  құрушы 

субъектісі  ретінде  анықталады.  Осыған  байланысты  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  портфельдік 

активтердің  масштабтық  қайта  құрамдастырылуын  жоспарлады,  бұл  корпоративтік 

және салалық мүдделерді ескеріп, оңтайлы құрылымды құруға мүмкіндік береді (ре-

сурстарды негізгі қызмет түрлерінде шоғырландыру және салалық машина жасауды 

және жөндеу базасын дамыту).

Қаржылық  активтер  құрылымын  түрлендірумен  қатар  өндірістік  активтер  де 

өзгертіледі. Жалпы салалық инвестициялық бағдарламасының бір бөлігі болып табы-

латын «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізгі құралдарын түпкілікті жаңарту және жетілдіру орын алады.

4. Қызметтің басқарылуын жоғарылату 

«ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  басқарылуды  жоғарылату  жөніндегі  іс-шаралар  қызметтің  басқару 

аспектілерін қамтиды. Басқарудың үлкен мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін, жауапкер-

шілік, біліктілік, есеп берушілік және тиімділік деңгейін жоғарылату үшін «ҚТЖ» ҰК» 

АҚ-да басқаруға қатысты үрдістік тәсілді енгізу жөніндегі жұмыс жүргізіледі.   

Стратегияны  сәтті  жүзеге  асыру  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ    шығындардың  төмен  деңгейінде 

жоғары  сапалы  көлік  қызметтерін  ұсынатын  жоғары  тиімді  коммерциялық  ұйымға 

айналдыруға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, түрлендіру шектерінде келесі өзгерістер 

күтілуде:

•  Ұйымдастырушылық  құрылым  өзгертіледі.  Күрделі  өзара  әрекеттесу  сұлбасы, 

артық элементтері және ұйымдастырушылық құрылымының тиімсіздігі бар құрылым  

орнына  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  өзінің  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылатуға  көмектесетін 

нарыққа бағдарланған икемді және қарапайым құрылым пайда болады.   

•  Активтер  портфелі  қайта  ұйымдастырылады.  Көптеген  көмекші  еншілес 

компаниялардың  орнына  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ    үшін  шешуші  стратегиялық  маңызға  ие 

болатын біршама бейінді активтер қалады.  

•  Қаржылық  мөлдірліктің  төмен  деңгейінің  орнына  бір  мағыналы  есеп  беру  мен 

мөлдірліктің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ететін  қаржылық  есептіліктің  нақты 

бөлінуі пайда болады.  

•  Инфрақұрылым өзгертіледі. Жүк тасымалдары есебінен қиылыспалы субсидиялаудың 

орнына мөлдір баға белгілеу жүйесі бар темір жол инфрақұрылымының қызметтерінің 

дара жеткізушісі пайда болады.

 

ҚызМетКе шолу

Жаһандану  жағдайында  темір  жол  теңіз  порттарымен,  автожол  кәсіпорындарымен, 

сонымен қатар аэропорттармен тығыз әрекеттеседі. 

2012 жылы мемлекет көліктік логистика бағытын дамытуға бағытталған мақсатты іс-

шараларды қабылдады. Қазақстанның Орталық Азияда іскер, көліктік-логистикалық 

буыны ретінде танылуында басты рөл «ҚТЖ» ҰК» АҚ  берілуде.   

2012  жылдың  14  желтоқсанындағы  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  халыққа  Жолдауында  Президент  Н.  Назар-

баев «Өз пайдамызды мұқият есептей отырып, Қазақстанның шегінен тыс өндірістік 

көліктік-логистикалық  объектілер  құру  үшін,  елден  сыртқа  шығуға  назар  тіктеудің 

маңызы  зор…  Біз  қазіргі  түсініктерімізден  арылып,  өңірде  және  барша  әлемде 

–  Еуропада,  Азияда,  Америкада,  мысалы,  теңізге  тікелей  шыға  алатын  елдердің 

порттары,  әлемнің  тораптық  транзиттік  нүктелеріндегі  және  тағы  басқа,  көліктік-

логистикалық  хабтар  секілді  қазіргі  заманғы  кәсіпорындар  құруға  тиіспіз»  деген  

міндет қойды.

Қазақстанның  көліктік  логистикасының  операторы  міндетін  жүзеге  асыру  шек-

терінде,  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  серіктестерімен  бірге  компанияға  Ақтау  теңіз  портының  ак-

цияларын  табыстау  жөніндегі  жұмысты  аяқтауда.  Логистика  саласындағы  әлемдік 

көшбасшылардың тәжірибесін қолдану арқылы портты басқару мәселесі шешілуде. 

Компания Ақтау – Баку паром өткелін ашу, осы мақсатта кемелік қуаттарды сатып  алу 

бойынша жобаны жүзеге асырады.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Қазақстанның 11 жетекші аэропортының мемлекеттік активтерін 

басқаруға қатысу туралы сұрақ қарастырылуда. 

Ең үлкен жүк ағындары шоғырланған ҚР аймақтарында көліктік-логистикалық орта-

лықтарды салудың ТЭН дайындау басталды.  

ҚХР шекарасында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамыту жалғасуда. 

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

6

ҚазаҚСтан Үшін СтратегиялыҚ Маңыз 

Жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жүк және жолаушылар тасымалдарының 

жалпы көлемінің жартысынан астам бөлігін темір жол көлігі қамтамасыз етеді.   

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тораптық темір жол желісі операторының қызметтерін орындау, темір 

жол көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдау сияқты қызмет түрлерін жүзеге асы-

рады. Аталған қызмет «Темір жол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар мен рет-

телетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Бүгінгі күні темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының 

маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанның географиялық жағдайлары 

(теңізге тікелей шығу жолының болмауы, кеме жүретін өзендердің болуы), аумақтың 

кеңдігі,  өндірістің  шикізаттық  құрылымы  және  өндірістік  күштердің  болуы,  автокөлік 

инфрақұрылымының  нашар  дамуы  экономикадағы  темір  жол  көлігінің  рөлін  аса 

маңызды қылады.

Қазақстанның темір жол саласы дамып жатқан экономика саласы  болып табылады, 

оның өндірістік және техникалық әлеуеті соңғы уақытта артуда және 160 мыңнан астам 

адамды жұмыспен қамтиды.  



ҚазаҚСтанның КөліК таСыМалдары 

нарығына шолу  

Қазақстанның  экономикалық  және  географиялық  ерекшеліктері  (ауқымды  аумағы, 

теңізге шығатын жолының болмауы, елді мекендер мен табиғи ресурстардың біркелкі 

орналаспауы) оның экономикасын әлемдегі ең жүк сыйымдылығы жоғарылардың бірі-

не айналдырады, және бұл көлік жүйесінен жоғары тәуелділігіне себепші.

  

Еуропа мен Азия түйісетін жерде орналасып, Қазақстан азиялық мемлекеттерге Ре-



сеймен және Еуропамен географиялық баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсынып, 

елеулі транзиттік әлеуетке ие. 

Салыстырмалы  түрде  алқаптық  ландшафт  және  табиғи  тас  материалының  үлкен 

қорларының болуы темір жол және автокөлік транспортының коммуникацияларын ке-

дергісіз дамытуға мүмкіндік береді.  

Жер үсті байланыс жолдары желісінің негізгі үлесі автокөлік және темір жолдарына 

тиесілі (шамамен 96 және 14,8 мың км сәйкесінше). Пайдаланылатын су жолдарының 

ұзақтығы шамамен 4 мың км құрайды.   

Өз дамуының заманауи кезеңінде республиканың көліктік кешені негізгі құралдарының 

қанағаттандырмайтын  жағдайымен,  ескірген  және  жеткілікті  шамада  дамымаған 

инфрақұрылымдармен және технологиялармен сипатталады.

Қазақстан аумағы бойынша республикада қолданылатын көліктік инфрақұрылым не-

гізінде 4 халықаралық көліктік дәліз өтеді және құрылады. Атап айтсақ:

трансазиялық  темір  жол  торабының  солтүстік  (татт)  дәлізі:  Батыс  Еуропа  – 

Қытай, Корея тубегi және Жапония, Ресей мен Қазақстан арқылы  (Достық – Ақтоғай 

– Саяқ – Мойынты – Астана – Петропавл (Пресногорьковская) бөлігінде).

татт солтүстік дәлізі: Оңтүстік-Шығыс Еуропа – Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия, 

Түркия, Иран, Орталық Азия елдері мен Қазақстан арқылы (Достық – Ақтоғай – Алма-

ты – Шу – Арыс – Сарыағаш бөлігінде).

TрACEКA:  Шығыс  Еуропа  –  Орталық  Азия,  Қара  теңіз,  Кавказ  және  Каспий  теңізі 

арқылы (Достық– Алматы – Ақтау бөлігінде). 



Солтүстік-оңтүстік

:

 Солтүстік Еуропа – Персы шығанағы, Ресей мен Иран арқылы 



Қазақстанның  қатысуымен,  Ақтау  теңіз  порты–  Ресейдің  орал  аймақтары  –  Атырау 

бөлігінде. Негізгі құрлықаралық маршруттарда қатысатын бағыттармен қатар, татт 



орталық дәлізін атап өткен жөн, ол Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш – Озинки бағыты 

бойынша аймақтық көлік тасымалдары үшін жоғары маңызға ие.  

Дәліздер  Шығыс-Батыс  байланысындағы  қашықтықты  және  жүктердің  жеткізілу 

мерзімдерін  айтарлықтай  қысқартуға  мүмкіндік  береді.  Қытай  экономикасының, 

атап айтсақ оның батыс аймақтарының қарқынды дамуы бүгінгі күннің өзінде әлемдік 

нарықтарға әр түрлі тауарлар тізімін жеткізу қажеттілігін тудырады.    

Қазақстан  Үкіметімен  2015  жылға  дейінгі  мемлекеттің  көліктік  саласын  дамыту 

Стратегиясы  дайындалды  және  бекітілді,  оның  мақсаты–  мемлекеттің  болашақтағы 

экономикалық стратегиясына сәйкес көліктік-коммуникациялық кешеннің озық дамуы.

Көліктік стратегияны дамыту нәтижесінде көліктік жүйенің әрекет етудің сапалы жаңа 

деңгейге ауысуы жүзеге асырылады. Инфрақұрылымды  қаржыландыруға  толық өзін-

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

7

негІзгІ мәлІметтер



16

 Қытаймен, ресеймен, 

ӨзБеКстанмен, ҚырҒызстанмен және 

түрКІменстанмен түйІсетІн ПУнКт

элеКтрлендІрІлген  УчасКІлер         

4,2


 

мыҢ


 Км

темІр жолдар ұзаҚтыҒы:

14,8 

мыҢ Км


лоКомотИв

жолаУшылар 

вагондары

БеКеттер мен таратУ 

ПУнКттерІ

жүК вагондары

1 920

2 255


784

65,5 


мыҢ

160 


мың жұмыскер

iSO 9001:2008, iSO 14001:2004, iSO/iEC 

27001:2005, және OHSAS 18001:2007 

халыҚаралыҚ 

стандарттарына сәйКес КелУІ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ



8

өзі өтеу қағидатында  ауысу оның кейінгі тұрақты дамуы мен жоғары техникалық және 

технологиялық қолдау үшін ресурстар құруға мүмкіндік береді. 

Қазақстан    көлік  кешені  әлемдік  көлік  кешеніне  үйлесімде  негізделеді.  Көліктік 

инфрақұрылым әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Экология саласындағы норма-

тивтік база мен бақылау жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі. 

Осының барлығы негізгі бөлігін контейнерлік тасымалдар құрайтын транзиттік тасы-

малдар үлесін айтарлықтай  арттыруға мүмкіндік береді. Транзит мемлекет бюджеті 

мен көліктiк компанияларға келетін елеулі қаржылық түсімдерді қамтамасыз етеді.

Стратегия темір жол, автокөлік, қалалық жолаушылар, әуе және су көліктiк түрлерін 

қамтиды, олардың дамуы мен әрекет етуі айтарлықтай дәрежеде мемлекет саясаты-

нан тәуелді. 

Стратегия барлық көлік құралдарының түрлерін жаңартумен бірге «түзулеуші» көлік 

жолдары мен инфрақұрылымдардың – қолда барын жетілдіруді және жаңасын салуды 

қамтиды. 

МеншіК ҚұрылыМы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ  активтер портфелінің құрылымы бейіндік және бейіндік емес қызмет 

түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстанның барлық аумағы бойынша географиялық 

орналасуға ие еншілес және ортақ бақыланатын ұйымдары бар, атқарымдық қағидаты 

бойынша ұйымдастырылған  тік-интеграцияланған компания құрылымы болып табы-

лады.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ тиесілі:

1. КелеСі аКционерліК ҚоғаМдардың ҚараПайыМ аКциялардың 100% 

ПаКеті:

1) «локомотив» аҚ.

«Локомотив» АҚ қызметінің негізгі түрлері: жетекті қозғалмалы құрамның қызметтерін 

ұсыну,  локомотивтер  жұмысын  техникалық   ұйымдастыру, локомотивтерді    барлық 

қор мен резерв түрлерде техникалық жарамды жағдайда күту.



2) «Қазтранссервис» аҚ.

«Қазтранссервис»  АҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  контейнерлік  тасымал  қызметтерін 

ұсыну  (жөнелтушілердің  тапсырыстарын  рәсімдеуден  қабылдаушыларға  жүктерді 

жеткізуге дейін), жүк вагондары мен контейнерлерін тіркеу және пайдалану жөніндегі 

жұмыстарды ұйымдастыру), заңды және жеке тұлғаларға барлық ілеспе қызметтерді 

көрсету (барлық байланыс түрлерінде).   



3) «транстелеком» аҚ.

«Транстелеком» АҚ қызметінің негізгі түрлері: заңды және жеке тұлғаларға жергілік-

ті,  қалааралық  және  халықаралық  байланыс,  аудиомәжілісбайланыс  және/немесе 

видеомәжілісбайланыс  қызметтерін,  Интернет  желісіне  қол  жетімділікті,  байланыс 

арналарын  жалдауды,  желілердің  қосылуын  және  трафиктің  өткізілуін,  жылжыма-

лы  радиотелефондық  байланысты,  ұялы  байланысты,  жылжымалы  радиобайланы-

сты  ұсыну,  тораптық  желі  операторының  келісімімен  темір  жол  көлігінің  тармақталу 

бөлігінде  де,  сондай-ақ  кез  келген  басқа  рұқсат  етілген  жерлерде  талшықты-

оптикалық және мыс шоғырсымдық байланыс желілерін, серіктік және радиорелелік 

телекоммуникация жүйелерін құру және пайдалану.



4) «Жолаушылар тасымалы» аҚ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметінің негізгі түрлері: халықаралық, облысаралық, 

ауданаралық  және  ішкі  байланыстарда  темір  жол  жолаушылар  тасымалын,  жүк, 

жолжүк,  және  пошталық  жөнелтілімдер  тасымалын  ұйымдастыру  және  қамтамасыз 

ету,  жолаушылар  вагондары  паркінің  қызмет  көрсету,  жөндеу  және  пайдалану 

жұмыстарын ұйымдастыру, жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетін 

қамтамасыз  ету,  жолаушылар  поездары  қозғалысының,  жолаушылардың  өмірі  мен 

денсаулығының  қауіпсіздігін  және  тасымалданатын  жүктердің,  жолжүктердің,  және 

пошталық жөнелтілімдердің сақталуын  қамтамасыз ету.

5) «Көліктік сервис орталығы» аҚ.

«Көліктік сервис орталығы» АҚ қызметінің негізгі түрлері: заңды және жеке тұлғаларға 

темір жол қатынас жолдары қызметтерін көрсету, атап айтсақ: жылжымалы құрамның 

өтуін,  маневрлер  жұмыстарын,  жүк  тиеу-түсіруді,  тасымалдау  үрдісінің  басқа 

технологиялық операцияларын, сонымен қатар тасымалдау үрдісінің технологиялық 

параметрлерімен  қарастырылмаған  жылжымалы  құрамның  жылжымалы  құрамның 

тұрағын ұсыну, темір жол қатынас жолдарына күтім жасау және жөндеу, шағын меха-

никаландыру құралдарын дайындау.



6) «Әскери темір жол күзеті» аҚ.

«Әскери темір жол күзеті» АҚ қызметінің негізгі түрлері: заңды және жеке тұлғалардың 

мүлігін қорғау, соның ішінде тасымалдаған кезде, құқыққа қайшы араласушылықтар 

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


Компания  қызметінің  жалпы 

көрсеткіштері

9

бойынша  күзет  әдістері  мен  құқықтық  қорғаныс  бойынша  кеңес  беру,  заңды 



тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

7) «Қазтеміртранс» аҚ.

«Қазтеміртранс»  АҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  жүктерді  тасымалдау,  соның  ішінде 

шағын, арнайы, әскери және қауіпті жүктерді тасымалдау, вагондарды жеткізу және 

тазарту  бойынша  қызметтер  ұсыну,  көліктік-экспедициялық  қызметтерді  ұсыну,  ва-

гондар операторының қызметтерін көрсету, Қазақстан Республикасының аумағында 

және одан тыс жерлерде орналасатын Қоғамға тиесілі вагондардың тіркеуін жүргізу, 

жүк вагондарын мүліктік алымға (жалдауға) ұсыну, жүк вагондарын жөндеу.

8) «теміржолсу» AҚ.

 «Теміржолсу» АҚ қызметінің негізгі түрлері: темір жол көлігін және халықты ауыз және 

техникалық сумен жабдықтау қажеттіліктерін уақытылы және сапалы қамсыздандыру, 

ағын  суларды  қабылдау,  тазарту  және  шығару,  сумен  жабдықтау  жүйелеріне  және 

санитарлық-техникалық  құрылғыларға  техникалық  қызмет  көрсету,  темір  жол 

ұйымдарының,  заңды  тұлғалардың  және  жылу  және  электр  энергетикасындағы 

халықты қажеттіліктерін уақытылы және сапалы қамсыздандыру.

9) «локомотив сервис орталығы» AҚ.

«Локомотив  сервис  орталығы»  AҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  қолданыста 

локомотивтердің  техникалық  жарамды  жағдайын  және  тұрақты  жұмысын 

қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету, локомотив жетегінің қызметтерін көрсету, 

локомотив  бригадаларының  демалысын  ұйымдастыру  бойынша  қызмет  көрсету, 

локомотивтерге жанар-жағармай материалдарын құю, локомотивтерді маймен, су-

мен, құммен жабдықтау, темір жол жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық 

қызмет көрсету, темір жол жылжымалы құрамның доңғалақ жұптарын куәландыру 

бойынша қызмет көрсету, доңғалақ жұптарын жөндеу және қызмет көрсету.

10) «алматы вагон жөндеу зауыты» аҚ.

«Алматы  вагон  жөндеу  зауыты»  АҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  темір  жол  көлігінің 

және  басқа  сала  ұйымдарының  темір  жол  жылжымалы  құрамын,  оның  буындары 

мен агрегаттарын жөндеудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, жаңа технологиялар-

ды, жабдықты, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын дайындау және 

өндірістік үрдістерге енгізу, қосалқы бөлшектерді және стандартты емес жабдықты 

дайындау.

11) «локомотив құрастыру зауыты» аҚ.

«Локомотив  құрастыру  зауыты»  АҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  локомотивтерді 

өндіру,  локомотивтерге  арналған  қосалқы  бөлшектерді  өндіру,  жетекті  жылжыма-

лы  құрамға  қызмет  көрсету,  локомотив  паркінің  техникалық  жарамды  жағдайын 

және локомотивтердің қолданыстағы тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ғылым мен 

техниканың жетістіктерінің негізінде дайындалған жаңа жетек түрлерін, оларды пай-

далану және жөндеу үшін қажетті құрылғыларды енгізу бойынша іс-шаралар дайын-

дау және орындау, лизингтік қызмет.



12) «ремлокомотив» аҚ.

«Ремлокомотив»  АҚ  қызметінің  негізгі  түрлері:  жетекті  жылжымалы  құрамның,  мо-

торвагонды  жылжымалы  құрамның,  санатты  вагондардың  және  жол  техникасының 

жетілдіру, капиталды жөндеу, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарын және 

басқа жұмыс түрлерін ұйымдастыру және орындау, локомотив жабдығын жөндеу және 

жетілдіру.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет