|
Қазақстан территориясында табылған алғашқы адамның іздері қай дәуірге жатады?
|
Дата | 20.12.2023 | өлшемі | 43,7 Kb. | | #141323 |
| Байланысты: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 1 руб
Қазақстан территориясында табылған алғашқы адамның іздері қай дәуірге жатады?
ертетас дәуірі
Алғашқы адамдар негізінен қай мақсатта қауымға бірікті?
сыртқы шабуылдардан және жыртқыш аңдардан
Адамзат тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым саласы:
археология
Адамзат от жағуды қай дәуірде үйренді:
орта палеолитте
Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдардың қоныстануы үшін ең қолайлы жерлер тау жотасы:
Қаратау
Тас дәуірі қандай хронологиялық кезеңді қамтиды?
б.э.д. 2,6 млн. – б.э.д. 3 мың. жж.
Ежелгі адамдардың жартас суреттері қалай аталады?
петроглифтер
Адамзат алғашқы еңбек құралдарын қандай материалдан жасады?
тастан
Адамзат баласы садақ пен жебені қашан ойлап тапты?
мезолитте
Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып не саналады?
мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі
Қола дәуірінің хронологиялық шеңбері:
б.э.д. XVIII ғ. -VIIІ ғ. басы.
Орталық Қазақстан территориясындағы соңғы қола мәдениеті қалай аталады?
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Қазақстанның қай аймағында Андрон мәдениетінің 30-дан астам қонысы мен 150-ден астам қорымы табылды?
Орталық Қазақстанда
Андрондықтардың шаруашылығының негізгі түрлері:
мал шаруашылығы және егіншілік
Қола дәуіріндегі тайпалар қай тілде сөйледі?
үндіиран тілінде
Қола қандай металдардың қоспасынан алынды?
мыс пен қалайының
Қола дәуіріндегі керамикалық бұйымдарда қандай ою-өрнек басым?
геометриялық
Андрондықтардың антропологиялық типі?
европеоидтар
Б.э.д. III ғасырда сақ тайпаларының орнына үйсіндер келді. Олар Қазақстанның қай аймағына қоныстанды?
Жетісуда
"Халықтардың ұлы қоныс аударуы" қашан болды?
б.э. ІІ-V ғғ..
Ғұндар Қазақстан аумағына қашан басып кірді?
б.э.д. І ғ.
Археологтар тапқан "Алтын адам" қай ғасырға жатады?
б.э.д. V-ІV ғғ.
Ғұн қоғамында қанша тайпа болды?
24
Біздің заманымыздың 1 мың жылдығында Қазақстанның қай аймағында ірі қуатты бірлестік – Қаңлылар пайда болды және дамыды?
Оңтүстік Қазақстанда
Үйсіндердің билеушісі қалай деп аталды?
гуньмо
Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтардың жалпы атауы қандай?
сақтар
Александр Македонский қай ғасырда сақтармен соғысты?
б.э.д. 1V ғ.
Сақтар қоғамы қандай үш топқа бөлінді?
жауынгерлер, абыздар, қауымдар
Сақ қоғамында әйелдердің орны қандай болды:
әйелдер мен ер адамдардың құқықтары бірдей болды
Сақтарды қандай жазба деректерде скифтер деп атаған?
ежелгі грек деректерінде
Сақ қорғандарынан табылған заттар қандай стильде орындалған?
аң стилінде
Қазақстан аумағында көне жазба деректер қашан пайда болды?
б. з. д. І мыңжылдықта
Үйсіндердің қай мемлекетпен дипломатиялық және туыстық байланыстары болды?
Қытаймен
Еуропа елдеріне жойқын шапқыншылық кезінде ғұндарды кім басқарды?
Атилла
Қаңлылардың өмір сүру кезеңіндегі саясатының басты бағыты қандай фактор болды?
Сырдария бойындағы Ұлы Жібек жолы тармақтарын бақылау
Ғұн қоғамының басында кім тұрды?
шаньюй
Қазақстандағы VІ-Х ғғ. мемлекетті анықтаңыз:
орталықтандырылған
552 жылы Түрік қағанатының негізін қалаушы кім болды?
Бумын-қаған
Түрік қағанаты өмір сүруінің хронологиялық шеңбері:
552-603 жж.
Батыс Түрік қағанатының хронологиялық шеңбері:
603-704 жж.
Батыс Түрік қағанатының астанасы:
Суяб
Көне түркі жазуы қалай аталды?
руна жазуы
Сақтар туралы ежелгі жазба дерек қалай аталады?
Авеста
VI-XII ғғ . Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің негізгі орталығы қандай аудандар болды?
Жетісу және Оңтүстік Қазақстан
ІХ ғасырда қай қалаларда тиын сарайлары болған?
Тараз, Испиджаб
Түріктердің басты құдайы
Көк тәңірі
Қазақ жерінде ислам дінінің таралуының басталуы:
VIII ғ.
Шығыстың "екінші Аристотелі" деп кімді атады?
Әл-Фараби
Кітап көлемі мен саны бойынша әлемдегі екінші кітапхана қай қалада болды?
Отырарда
Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін кім салды?
Ақсақ Темір
Оғыз мемлекетінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері:
ІХ-ХІ ғғ. басы
Оғыз мемлекетінде мүліктік теңсіздіктің негізі немене болды?
мал
Ұлы Жібек жолының басты тауары:
Жібек
VIII-XII ғасырларда Қазақ жерінде қандай мемлекет исламды ресми түрде мемлекеттік дін деп жариялады?
Қараханидтер
Қараханидтер мемлекетінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері:
942-1210 жж.
Қарахан мемлекетіндегі "икта"термині қандай мағына берді?
салық жинау құқығы
Ежелгі түріктердің тотемі қандай жануар болған?
көкбөрі.
Түргеш қағанатының хронологиялық шеңберін көрсетіңіз:
704-756 жж..
Қай түрік мемлекетінде алғаш «ақша» пайда болды?
Түргеш қағанатында
1007 жылы Наймандар мен Керейлер қандай дінді қабылдады?
христиан дінінің несториандық тармағын
Қыпшақтар жайлаған жер қалай аталды?
Дешті-Қыпшақ
Қыпшақ қоғамында құл ресурсын қалай толтырылды?
әскери тұтқындарды ұстау
Жошы ұлысының жері орналасқан аймақ:
Орталық Қазақстан
1359-1379 жылдар аралығы Алтын Орда тарихы қалай сипатталады?
«Ұлы дүрбелең» кезеңі
XV ғ. 30-жылдарында Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ мен Днепр арасындағы аумақта пайда болған мемлекет?
Ақ Орда
Алтын Орданың бас қаласы?
Сарай
Қазақ жерін моңғолдардың жаулап алуы қай жылы басталды?
1219 ж.
Шыңғысхан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы қалай аталады?
Яса (Жасақ)
Моңғол мемлекеті қашан құрылды?
XIII ғ.басы
Монғолдардың қоршауына бес ай төтеп берген қала
Отырар
Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде қандай мемлекеттер пайда болды?
Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы
Әбілқайыр мемлекетінің (Көшпелі өзбектер мемлекеті) өмір сүрген жылдары:
1428-1468 жж
Қазақ хандығы қашан құрылды?
1465 -1466 жж
Қазақ хандығының негізін қай хандар құрды?
Керей, Жәнібек.
XVII ғасырда Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?
Түркістан
Ұлы жүздің құрамына қандай тайпалар кірді?
Дулат, Албан, Жалайыр
Орта жүзге қандай тайпалар кірді?
Арғын, Найман, Қыпшақ,
Кіші жүзге қандай тайпалар кірді?
Адай, Жағалбайлы
XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басында Қазақ хандығы қай ханның тұсында біртұтас мемлекет болды?
Тәуке ханның тұсында
Тарихта "Қазақ жерін біріктіруші"деген атаққа ие болған хан?
Қасым.
Жеті жарғы деген не ?
XVIII ғасырдағы қазақтардың әдет-ғұрып заңдары
Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды?
XVII ғ
Қазақ тарихына Ақтабан шұбырынды оқиғасы қай жылы болды?
1723-1727 жж.
1726 жылы жоңғарларды жеңудің тарихи маңызы қандай болды?
Қазақ халқы жауға қарсы бірікті
Қазақ хандығында таптық топтарға бөлінуінің себебі?
Әлеуметтік шығу тегі
Қазақтың тарихи жазбалары мен шежірелері қалай аталды?
шежіре
Қазақстанның Ресей мемлекетіне қосылуының басталуы?
1731 ж.
Ең алғаш Ресейдің қол астына өтуге ант берген қазақ ханы?
Әбілқайыр хан
Қазақстанның Ресей мемлекетінің қоластына толығымен өткен жыл?
1867-1868жж.
Кіші жүз қазақтары Ресей бодандығын қашан қабылдады?
1731 жылы 19 ақпанда
«Сібір қырғыздары туралы жарғы» бойынша жаңа басқару жүйесінің авторы кім?
М.М. Сперанский
Орта жүздің бір бөлігі ресми түрде Ресейдің құрамына қашан кірді?
1732 ж.
Қай жылдары Сырым Датұлы басшылығымен шаруалар көтерілісі болды?
1783-1797 жж.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кімге қарсы бағытталды?
Хандық билікке.
Кіші жүздегі хандық билік қашан жойылды?
1824 ж.
Орта жүздегі хандық билік қашан жойылды?
1822 ж.
1822 ж. М.Сперанский реформасы бойынша Орта жүз аумағына қандай әкімшілік атау берілді?
Сібір қырғыздарының аймағы
1783-1797 жж. Кіші жүздегі қазақтар көтерілісінің салдары қандай болды?
көтеріліс хан билігінің іргетасын шайқап, оны жоюға алғышарттар жасады
«Орынбор қырғыздары туралы жарғы» жобасының авторы:
П.Эссен
1822-1824 жылдарға дейінгі реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?
& 2
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?
3
Орыс және украин шаруаларының Қазақстан жеріне жаппай көшірілуі қашан басталды?
ХIХ ғасырдың 60-жылдарында
Қазақ даласын басқару жөніндегі «Қатынас қағазы» жобасын дайындау үшін «Дала комиссиясы» қай жылы құрылды?
1865 ж.
ХIХ 19 ғасырдағы Жетісудың ең танымал ақыны, әрі Жамбылдың ұстазы болған кім?
Сүйінбай
«Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты құнды жинақтарды жинап, жазған өнер зерттеушісі?
А. Затаевич
Ш. Уәлихановтың жазып қалдырған қырғыз халқының эпикалық циклі?
Манас.
ХIХ ғасырдағы шертпе күйдің негізін қалаған күйші?
Тәттімбет
Қай қалада Ы.Алтынсарин алғашқы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернатын ашты?
Ырғыз
Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалаған көпес?
Ботов
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” еңбегін жазған орыс жазушысы?
А. Левшин
"Ғақлия" көркем-философиялық шығармасының авторы кім?
А. Құнанбаев
Ресей Империясының алғашқы халық санағы қашан болды?
1897 ж
СырымДатұлы бастаған көтеріліс қандай сипатта болды?
ұлт-азаттық
1906-1912 жж. Столыпинның аграрлық реформасы кезінде қазақ халқынан қанша жер тартылып алынды?
17 млн. десятина
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қашан болды?
1836-1838жж.
1916 жылғы көтерілістің себебі:
1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша бұратана халықтан еркектерді әскердегі тыл жұмыстарына алу
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қандай аумақты қамтыды:
бүкіл Қазақстан
Алаш партиясының бағдарламасы қай газетте жарияланды?
«Қазақ» газетінде
Қандай басқару органдары Қос билікті құрады?
Уақытша үкімет және жұмысшылар мен сарбаздар депутаттарының Кеңестері
“Алаш” партиясы қай жылы құрылды?
1917 ж.
"Алаш" партиясының көшбасшысы кім болды?
Ә. Бөкейханов
"Қазақ" апталық газетінің алғашқы редакторы?
А. Байтұрсынов
1917 жылы А. Байтұрсынов пен М. Дулатов ұсынған идея:
пантюркизм идеясы
Қай партия өзін "Алаш" партиясына қарсы қойды?
"Үш жүз"
Кеңес өкіметін құруда белсенді қатысушыларын бөліп көрсетіңіз:
Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің бірінші астанасы:
Орынбор
Қазақ АКСР-ін құру туралы Декрет қашан шықты?
1920 ж. тамызда
1920 жылғы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару Комитеті төрағасы болып кім сайланды:
|
|