Ұстазға керек үлкен жүректілік Алаш арысы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияда «Білім жолы – ізденіс, даму жолы – өзеріс»



Дата16.05.2023
өлшемі17,81 Kb.
#93589
Байланысты:
Ашық есік күніне пікір


Ұстазға керек үлкен жүректілік...

Алаш арысы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияда


«Білім жолы – ізденіс, даму жолы – өзеріс» тақырыбында ашық есік күні өтті. 5 «В» сыныбында оқитын ұлым Бақытболатұлы Мирастың анасы ретінде мен білім ұясына бардым.
«Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым,
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын»,-деген Сәкен Сейфулиннің өлеңі есіме түсе кетті. Мектептің табалдырығын аттаған соң, күлімдегі мейірбан жүзді ұстаздар, қызыл, жасыл моншақтай тізілген ұстаздар мен оқушылардың дайындаған ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстары, қол өнерлері көзімізге оттай басылды. Қонақ күтіп жатқан қожайындай мектеп әкімшілігі мен ұйымдастырушылар зыр жүгіруде.
5 «В» сыныбының сынып жетекшісі Мұратбек ағаймен бірге «Отбасы құндылықтары» тақырыбында сынып сағатын өткіздік. Балалар бізді жатсынбады. Ойларын еркін жеткізіп отырды. Кейін ашық сабақтар басталып кетті. 5 «В» сыныбында өткен музыка сабағында оқушылар өзге халықтардың өнерімен танысты, ана туралы ән айтып көңілімізді көтеріп тастады. Келесі сабақ тарих сабағы. Мұғалім **** жүзінен мейірім төгілген, тәжірибелі ұстаз екені бірден байқалды. Сыныптағы оқушылардың тәрбиесі өз алдына бір төбе. Мұратбек ағайдың бір сөзінен жым болатын бұл сынып, тарих сабағында кәдімгідей шығармашылыққа еніп кетті. Бір бірімен жарыса жауап беріп, мұғалімнің қолындағы «жүрекше», «жұлдызшаны» (бағалау әдісі) алуға бар күш жігерлерін салды.
Ағылшын тілі сабағы. Сабақтың ерекшелігі сол балалар кәдімгі күнделікті сабақта отырғандай мұғалімнің сұрақтарына еркін жауап беріп, еркін диалог құрып отырды. Мұғалім де оларды әр тапсырма сайын бағалап, қолдап отырды.
Біз ашық сабақтардан соң алдыңғы айтқан қызыл, жасыл көрмені тамашалауға бардық. 4 «Б» сынып оқушысы Қасым Айарудың «Мәтінді әдемі жазу» жобасымен таныстық. Айарудың жобасын қолыма алып көргенде бастауыш сынып оқушылары да осылай мінсіз, тізіп қойған маржандай етіп жазатынына тәнті болдық. Балаға бірнеше сұрақ қойдық. Баланың жобаны өн бойынан өткізгені, ұстазының бұл жобаға еңбегі сіңгені бірден көрініп тұрды. Өзге балалардың да әдемі жазуларын ұсынды.
4 «А» сынып оқушысы Сембі Аяжан «Табиғатты аялау» тақырыбында жобасы да ерекше есте қалды. Аяжан кішкентай тастарды қалап, су бұрқақ жасапты.
Ұлтымыздың дәстүріне жақын келетін тағы бір жоба Нұрмұқаммедқызы Арайлымның «Бас тас» ойыны. Асық маторикасы. Ата-аналар асық ойнап, балалық шағымызды есімізге алдық. Асықтар әр түрлі тұрмыстық бұйымдардан жасалған екен. Дами берсін деген тілек айттық! Арайлымның ұстазы жобаны дамыту үшін асықтардың өте көп мөлшерде керек екенін айтып қалды.
Ашық есік күні мектеп директорымен бірлескен ата-аналар арасында рефлексия өткізіліп, ата-аналар марапатталды.


Ұстазға керек үлкен жүректілік,
Бере алмас ешкім оны үлестіріп
Шын бедел-ел таңдауы ,халық сыйы,
Ала алмас,ешкім оны тіліп тұрып.
Құралай Ақназарқызы басқарып отырған мектеп ұжымына 5 «В» сыныбының атынан алғыс айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет