Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған викторина –сайысы



Дата27.11.2023
өлшемі14,35 Kb.
#129583
түріВикторина

Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған викторина –сайысы
Құрметті оқушылар , ұстаздар.
Сендерді келе жатқан мейраммен құттықтаймын. Зор денсаулық, үлкен бақыт, оқуларың, жұмыстарың жемісті болсын.
Тәуелсіздік

Өзіңдікі- Елің де, Орыс,ұйғыр,неміс те

Өзіңдікі- Жерің де. Үміт қосып жеңіске

Өзіңдікін өзің еткен Бақ- Жұдырықтай жұмылды

Тәуелсіздік –төріңде! Келешегі кең іске.

Асқар тау да-сенікі, Өзіңдікі- Туың да

Бақша,бау да – сенікі. От пен ауа, суың да

Қалтқысыз дос пенен Жаса,Қазақстаным

Қатал жау да – сенікі Белді бекем буың да!..

Бұл дүниеде біздің бір ғана. Отанымыз бар. Ол- тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.

Егеменді ел болып, халқымы өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.

Елтаңбамызды,Туымызды белгіледік.Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып , ұлттың мерейін көтерді.

Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқа көп ұлтты халқымыз бар.


Біздің туымыз- тәуелсіздік, тілегіміз-бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау-әрбір азаматтың борышы.

Біздің елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.

Рақмет.
Енді викторина сайысын өткіземіз

Әділқазы мүшелерін сайлаймыз (3 адам)

5,6 сынып оқушылары екі топқа бөлінеді

Қорытыңды кезең.

1)Сен қай Республикада тұрасың?

2)Қазақстанның бас Қаласы? (Астана)

3)Қазақстанда неше облыс бар ? (14)

4) Облыстық орталығын ата? (Петропавл)

5) Астананың бұрынғы атауы? (Ақмола, )

6)Қазақстанның оңтүстік астанасы? (Алматы)

7)Астананың символы? (Бәйтерек)

8) Қазақстан қай құрлықта орналасқан? (Еуразия)

9) Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей,Қытай,Өзбекістан, Түркменістан)

10) Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды (16 желтоқсан 1991ж.)

11)Биыл тәуелсіздігіне неше жыл? (23)

12)Тұңғыш Президент кім? (Назарбаев Н.А)

13)Қазақстанның рәміздерін ата? (Елтаңба,Әнұран, Ту)

14)Тұңғыш Қазақстан ғарышкері (Т.Әубәкіров)

15) Елтаңбада не бар? (жұлдыз,шаңырақ,пырақ, «Қазақстан» деген жазуы)

16) Қазақстанның қалаларын ата?

17) Ұлттық дәстүрлерін ата?

18) Ұлттық тағамдарын ата?

19)Қазақстан Республиканың мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

20)Ұлттық ойындарды ата?

21)Қазақстанның табиғаты қандай?

22) Қазақ әдебиетінде қандай кейіпкер кездеседі? (Алдар Көсе, Ер Төстік)

23) Ұлттық мейрамдар(Айт, Тәуелсіздік күні,Конституция,Наурыз мейрамы,Жеңіс күні)

24)Ұлы Отан соғысының қаһарман қыздары? (М.Мәметова ,А.Молдағұлова)

25) «Рәміздер» сөзінің аудармасы? (Символика)

26)Қазақстан валютасы қашан қабылданды? (15қараша 1993 ж)

27)Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

28)Қазақ дастарқанының ең басты тағамы? (бесбармақ)



29) «Юрта» сөзінің аудармасы? (Киіз үй)
30) «Кел,балалар,оқылық» -өлеңін кім жазды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет