Р е д а к ц и я а л қ а с ы
Редакция алқасының төрағасы
Мақсат СҚАҚОВ
Бас редкатор
Талғат МАМАШЕВ
Жауапты хатшы
Жанар ЖАНАПИЯНОВА
Өмірзақ АЙТБАЕВ
Ғарифолла ЕСІМ
Мұхтар ШАХАНОВ
Нұргелді УӘЛИҰЛЫ
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ
Орынай ЖҰБАЕВА
Әбдіуақап ҚАРА (Түркия)
Жапарбай ШАДҚАМ (Иран)
Сұраған РАХМЕТ (Моңғолия)
Әбдуислам ТҰРСЫНБАЕВ (Мәскеу)
Назарбек БАЙЖІГІТОВ (Қырғызстан)
Меллат РӘМЕТҰЛЫ (Қытай)
Тұрдыбай ҚАЛДЫБАЕВ
(Өзбекстан)
МЕНШІК ИЕСІ: Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті.
Альманах Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеуден өтіп,
2007 жылғы 23 шілдеде № 8514-А куәлігі берілген.
ТУҒАН ТІЛ № 1 (16), 2012
ЕЛАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ,
ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ АЛЬМАНАХ
МАЗМҰНЫ
Н. НАЗАРБАЕВ: ТҰҒЫРЫМЫЗ – ТЫНЫШТЫҚ,
ТІРЕГІМІЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ТІЛЕГІМІЗ – ТАТУЛЫҚ
4
АШАРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАТЫС ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ
18
ҰЛТТЫҢ ТІЛІ МЕН ЖАЗУЫ ОРТАҚ БОЛМАЙ
БІРТҰТАС БОЛУЫ ҚИЫН
26
31
МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ПОЭЗИЯСЫ
36
МЕН ҚАЗАҚ
42
MEN QAZAQ
48
ЕРТІС ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ОРАЛМАНДАР:
ТАҒДЫРЛАРЫ ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ
54
РЕПАТРИАНТЫ В ПРИИРТЫШЬЕ: ВМЕСТЕ
С НАРОДОМ В ЕГО НОВОЙ СУДЬБЕ
61
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АТАУ-ТЕЛІМ
ЖҰМЫСЫНДА БОЙСҰНАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ӨЛШЕМІ
66
ТӨТЕ ЖОЛДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
74
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ ТУРАЛЫ
78
QAZAQ ŞEJIRESI TWRALI
81
КӨНЕ ТАРИХТЫҢ КӨМБЕСІН АШҚАН ҚАЗАҚ
84
89
ТІЛІ БУДАН ҰРПАҚ ҰЛТ ҮШІН ҚАУІПТІ
94
ТІЛ САЯСАТЫ – ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ТАЛДАУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
98
ҚИСЫҚ 105
،ًاملوب قاترو ىۋزاج نەم يلىتء ڭىتتلۇ
هىيق ىۋلوب ساتۇترىبء
قازاق ناقشا نىسەبموك ڭىتحيرات ەنوك
3
Құрметті оқырман!
Міне, «Туған тіл» альманағының 2012 жылғы алғашқы нөмірі де қолыңызға
тиіп отыр. Өткен жыл Қазақстан үшін маңызды да айтулы жыл болғанын барша
қазақ біледі. Біріншіден, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 20 жыл
толса, екіншіден Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы өтті. Ел-елден, жер-
жерден келген қандастарымыз Астана қаласында бас қосып, Тәуелсіз елдің
тойына құтты болсын айтты.
Ал биыл шетелдегі қандастарымыздың қарашаңырағы Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Сонымен қатар со-
нау 1962 жылы тоқтаған көштің қайта жандануына, шекара сызығының ар
жағында қалған бауырларымыздың 30 жылдан соң кіндік қаны тамып, атажұрт
топырағына аяқ басқанына да биыл 20 жыл. Осы 20 жыл ішінде Қазақ еліне
1 миллионға жуық қазақ көшіп келді. Елге ел қосылды деген осындай-ақ болар.
Бұл көш әлі тоқтаған жоқ, жалғасын табуда. Өйткені, барша қазақтың бір ғана
Отаны бар, ол – Қазақстан. Ал елді елге қосатын, бір-біріне бауыр ететін –
ана тіліміз. Сондықтан шетелдегі қазақтарды біріктіріп отырған, ұлт ретінде
ұйыстырып отырған да – осы қасиетті тіліміз. Тілімізді қорғау, оны дамыту –
әр қазақтың міндеті. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл
комитеті мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірлесіп шығарып отырған
«Туған тіл» альманағы мемлекеттік тілді Қазақстандағы және жалпы қазақ
диаспорасындағы өзекті мәселе етіп басты бағытта ұстанып келеді. Өйткені
альманах Қазақстанның кітапханаларымен қатар 32 мемлекеттегі Қазақ мәдени
орталықтарына да таратылады. Осы басылымның арқасында жергілікті тіл ма-
мандары, ғалымдар шетелдегі қазақ зиялыларымен, ақын-жазушыларымен та-
нысып, ой бөлісе алады деп ойлаймыз.
Қолдарыңыздағы альманахтың алғашқы беттерін Қазақстан халықтары
ассамблеясының ХІХ сессиясы материалдарын жариялау арқылы ашып
отырмыз. Бұл басқосуда қазақ көші-қон мәселесі сырт қалған жоқ. Сонымен
қатар ХХ ғасырда қазақ үшін ең қасіретті кезең болған 1932-34 жылдардағы
ашаршылық зобалаңына 80 жыл толуына орай өткізілген халықаралық
ғылыми конференцияның жұмыс ахуалын шетелдік ғалымдардың көзқарасы
арқылы көрсетуді көздеп отырмыз. Әрине, шеттегі қазақ ғалымдарының
мақалалары мен зерттеулерін де оқи аласыздар. Тағы бір ескерте кететін
жайт, «Алыстағы ағайыннан хат» айдарымыздың қоржынына өздеріңізден хат
күтетінімізді айта кетпекпін. Алыстағы ағайынға амандық-саулық тілей оты-
рып, «қарашаңырағымыз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдық
мерекесінде аман-сау жолығайық» дегіміз келеді.
Алғы сөз
Талғат
МАМАШЕВ,
«Туған тіл» альманағының
Бас редакторы
4
ТҰҒЫРЫМЫЗ –
ТЫНЫШТЫҚ,
ТІРЕГІМІЗ –
ТҰРАҚТЫЛЫҚ,
ТІЛЕГІМІЗ –
ТАТУЛЫҚ
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ:
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
27 СӘУІРДЕ ЕЛОРДАДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ
САРАЙЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ
АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІМЕН «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ: ТҰРАҚТЫЛЫҚ,
БІРЛІК, ЖАҢҒЫРТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ
АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХІХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ АСЫЛ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН!
5
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассам-
блея сының мүшелері, Парламент депутатта-
ры, Үкімет мүше лері, саяси партиялар, діни
кон фессиялар, дипломатиялық миссиялардың
басшылары, сайлауды бақылау жөніндегі
қоғам дық комиссия өкілдері, ғылыми және
шығармашылық зиялы қауым және бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияға қатысушылар Елбасын ерекше зор
құрметпен қарсы алған соң, Мемлекет басшысы
бұл жиында аса өзекті мәселелер қаралатынын,
сессияны ашуға толық кворум бар екенін айта
келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ
сессиясын ашық деп жариялады. Еліміздің мем-
лекеттік Әнұраны ойналды. Одан соң Қазақ стан
халқы Ассамблеясы Хатшылығының мең геру шісі
Ералы Тоғжанов баяндама жасау үшін Қазақ-
стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевқа сөз берді. Елбасы былай деді:
Құрметті Ассамблея мүшелері!
Қадірменді отандастар!
Сессия қонақтары!
Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблея-
сы 19-сессиясының ашылуымен шын жүректен
құттық таймын!
Ассамблеяның әр сессиясы еліміз үшін тағ-
дыр лы және түбегейлі шешімге жол ашады.
Біз бүгін тұрақтылық, бірлік, жаңғырту ұғым-
дарын басқосудың күн тәртібіне шығарып отыр-
мыз.
Тұрақтылық – біздің татулығымыз берік бо-
луы үшін табан тірейтін тұғырымыз.
Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз.
Жаңғырту – келер күнге, кемел келешекке
жетелейтін жарқын жолымыз.
Осы үш ұғым біздің мызғымас мемлекетіміз-
дің тұтастығына тірек болып тұр.
Үндестігі мол үйлесімді үштаған – мерейлі
мемлекетіміздің қасиетті құндылығы.
Бүгін осы ұғымдардың төңірегінде пікір
алысып, болашақта бұл ұғымдарды нығайтып,
іс жүзіне қалай асыратынымызды әңгімелейтін
боламыз.
Құрметті Ассамблея мүшелері!
Құрметті қонақтар!
Ассамблея сессиясының күн тәртібіне маңыз-
ды біртұтас үш мәселе енгізілген.
Тұрақтылық, Бірлік, Жаңғырту – Қазақ стан
қоғамының шешуші құндылықтары.Олар табы-
сты Қазақстан жолының негізін құрайды.
ТҰРАҚТЫЛЫҚ – Тәуелсіз Қазақстан дамуы-
ның базалық шарты болған, болып отыр және
бола береді.
Қазақстандық тұрақтылық дегеніміз – 700-
ден астам жаңа мектеп, 750-ден астам жаңа ем-
хана, аурухана мен медицина орталықтары. Бұл
– жаңа пәтерлер мен үйлерде қоныстойларын
тойлаған бір жарым миллион қазақстандық.
Міне, еліміз екінші онжылдық тұрақты эконо -
ми калық өсім жағдайында дамып келеді.
6
2020 жылға дейін біз тағы бір жарым милли-
он қазақстандықты еңбекке орналастыруды жос-
парлап отырмыз.
Индустрияландыру картасы бойынша 2014
жылға дейін 100-ден астам жаңа өндіріс орын-
дары құрылатын болады.
Осы жылы индустриялық-инновациялық
бағдар ламаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық
қор дан бөлінетін қаржы көлемі 1,3 миллиард
долларға ұлғаяды.
«Бизнес-2020» жол картасын орындау толық
көлемде жүріп жатыр.
Кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсететін
мұндай бағдарлама әлемнің бірде-бір елінде жоқ.
Ал бізде бұл бағдарламаға 2012 жылы ғана
шамамен 37 миллиард теңге бөлінеді.
Бағдарламаның барлық бағыттары бойын-
ша жұмыс істейтіндердің жалпы саны 130 мың
дерлік адамды құрайтын бір мыңнан астам
кәсіпорынға қолдау көрсетілуде.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы ая-
сында өткен жылы 1500-ге жуық жұмысын енді
бастаған бизнесмендер шағын несиелер алды.
Бір шағын несиенің көлемі 1,8 миллион теңгеден
асады.
Үстіміздегі жылы шағын несиелеу шығын-
дары 3,5 есеге ұлғайып, алушылар саны 8 мың-
нан астам адамға өсетін болады.
Біз халықтық ІРО жобасын жүзеге асыруға
кірісіп кеттік.
ІРО халықтық рыногына 2015 жылға дейін
кезең-кезеңімен «ҚазТрансОйл», «KEGOC», «Эйр
Астана», «Самұрық-Энерго», ҚТЖ, «ҚазМұнайГаз»,
«Қазатомөнеркәсіп» және басқа компаниялар кіре-
тін болады.
Халықтық ІРО бағдарламасы – тек жаңа жап-
пай жекешелендіру емес. Бұл – лайықты өмір
сүретін қуатты жаңа меншік иелерінің табын
құру үдерісі.
«ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасын жүзеге
асыруға 2012 жылы 16 миллиард теңге бөлінді.
Бұл бағдарлама әр өңірді, әр қаланы, әр кент пен
ауылды қамтиды.
Біздің денсаулық сақтау саласы жыл өткен
сайын дами түсуде.
Ең соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақталған
денсаулық пойыздары шалғайдағы 200-ден
астам пункттегі 100 мыңнан астам тұрғынға
медициналық көмек көрсетті.
Қазіргі кезде 183 телемедицина орталығы
жұмыс істейді, олардың арқасында шамамен 200
мың пациентке қашықтықтан консультациялар
берілген.
Бүгінде Қазақстанда Ұлттық медициналық
холдинг арқауында жүректің жасанды сол жақ
қан қуысын ауыстыру бойынша ғаламат оталар
жасалды.
Осының арқасында Қазақстан кардиоим-
плантациялар технологиялары қолданылатын
22 дамыған ел қатарына қосылды. Біз, тұтастай
алғанда, кардиологияға қатысты мәселелерді
шештік.
Жалпы алғанда, бүгінде қазақстандықтардың
87 пайызы өздерін әлеуметтік тұрғыдан орнықты
сезінетінін және болашаққа сенімділігін атап
көрсетуде.
Қазір бүкіл әлем жаһандық дағдарыстың
жаңа толқынын алаңдаушылықпен күтіп отыр.
Тіпті дамыған елдердің өзінде экономикалық
қиындықтар үдеп, әлеуметтік шығындар қыс-
қаруда, мемлекеттік қарыздар өсуде.
Ал біз Қазақстанда жаңа зауыттар, фабри-
калар құрып, шағын несиелер берудеміз, зей-
нет ақыны, жәрдемақыны және еңбекақыны
ұлғайтудамыз.
Кез келген дағдарысқа дайындық деген, міне, осы.
Қазақстандықтардың БІРЛІГІ – Қазақ стан-
ның алға басуының, кері бұрылмай тыны ның
баға жеткісіз кепілі.
Әлемде мемлекеттің этномәдени бірлестік-
терді, Достық үйлерін, театрларды, мектептер
мен БАҚ-тарды мұндай кең ауқымды қолдайтын
ел аз.
Бүгінде қазақстандықтардың 92 пайызы ел-
дегі этносаралық ахуалды оң бағалайды.
Барлық қазақстандықтардың болашағы ортақ.
Мұны сайлаушылардың абсолютті көпшілігі
«Нұр Отан» партиясын қолдаған президенттік
және парламенттік сайлаулардың нәтижелері
тағы бір мәрте көрсетіп берді.
Қазақстандық бірліктің негізі – азаматтық
құқықтар мен бостандықтардың теңдігі.
Мәселен, бүгінде Қазақстандағы сөз бос-
тандығы, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес,
толық көлемінде қамтамасыз етілген.
Осы саладағы іс барысы бізде ТМД, ЕурАзЭҚ,
ШЫҰ және тағы басқа құрылымдардағы кез кел-
ген әріптестеріміздегіден айтарлықтай жақсы
және сәтті. Партия құрылысы мәселелерінде біз
ешкімнен қалып келе жатқан жоқпыз.
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
7
Іс жүзінде біз баспасөз қызметін қамтамасыз
етуде еуропалық үлгі-қалыптарға барынша
жақын быз.
Ал бірқатар айқындамалар бойынша, мәсе-
лен, зорлық-зомбылық пен қатыгездік, терро-
ризм мен экстремизм идеяларын таратпауды
бақылау жөнінен біздің заңнамаларымыз әлемнің
көптеген елдеріне қарағанда айтарлықтай жұм-
сақ.
ЖАҢҒЫРТУ – жаһандық дамудың императи ві.
Бүгінде әлемде экономиканы дамыту, адам-
дар өмірін жақсарту үшін теңдессіз мүмкіндіктер
ашатын жаңа технологиялық революция пісіп-
жетілуде.
Қазақстан осы үдерістерде Біртұтас экономи-
калық кеңістіктегі әріптестерімен қатар жүруі
тиіс.
Сондықтан барлық қазақстандықтарға индус -
трия лық-инновациялық дамудың, әлеу мет -
тік жаңғыртудың, өңірлік және жаһан дық
интеграцияның тағдыршешті тарихи міндет-
терін сезіну маңызды. Жаһандық әлем мен
жаһандану тежелу үстінде. Өңірлік интеграци-
ялар барынша үлкен рөл атқаруда. Сондықтан
Еуразиялық экономикалық одақ – экономиканы
нығайту, тәуелсіздік пен еліміздің болашағы
үшін қажеттілік және игілік.
Қымбатты отандастар!
Мен еліміздің түкпір-түкпірінен тұрақты түр-
де жылы сөздер жазылған хаттар алып тұрамын.
Тек соңғы бір жарым жылда менің атыма Ас-
самблея желісі бойынша шамамен 10 мыңдай
хат келіп түсті.
Олардың әрбір жолынан барлық Қазақстан
халқының ризашылықты және ақжарқын көңілі
көрінеді.
Қазақстандықтар біздің бейбітшілік пен
жасампаздық саясатымызға шынайы қолдауын
білдіреді.
Қостанай облысының Люблинка ауылынан
Виктория Георгиевна Костенко былай деп жаза-
ды: «Біз Германияға кетеміз деп шештік, бірақ
осында жан-жүрегімізді қалдырғандай болдық.
Мен ол жақта Қазақстанның байтақ даласынсыз,
туған әуенсіз тұра алмадым.
Отаным туралы, ең бастысы – бірге тұрған
адамдар туралы естеліктермен, күнделікті
күйбең тіршілікпен және үмітпен күн кештім.
Енді мен қайтадан үйімдемін – өсіп-өркендеген
және биіктіктерді бағындыра түскен елімдемін.
Біздің жерімізде қашанда бейбітшілік пен
келісім салтанат құрсын!».
Рахмет, Виктория Георгиевна!
Мен сіздің тілегіңізді барлық қазақстан дық-
тарға жеткіземін!
Бүгінде жаһандық әлем бірліктің форму-
ласын іздейді және оны осы жерден біздің
Қазақстаннан табады.
Менің жақындағы кездесуім барысында БҰҰ
Бас хатшысы Пан Ги Мун Ассамблея қағидат-
тарын – өзара құрмет пен толерант тылық ты –
«БҰҰ қағидаттары деген, міне, осы», – деп атап
көрсетті.
Осының барлығы біздің еліміздің дұрыс жол-
мен келе жатқанын айғақтайды.
Бүгінде кез келген этностық немесе діни
ұстанымдағы қазақстандық – өз елінің тең
құқықты азаматы.
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып
келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның
біріктіруші ядросы ретінде көрінуде. Бұл үдеріс
объективті жүріп жатыр.
Мемлекеттік БАҚ-тардың 70 пайызы қазақ
тілінде шығады. Қазақ тілінде білім беретін
мектептерде оқи тын дардың саны 63 пайызды
құрайды.
Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстан-
дықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді мең-
геруі тиіс деген міндет қойып отырмыз.
Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз
қандастарымыз мол үлес қосуы керек.
Еліміздегі он миллионнан астам қазақ түгел
ана тілінде сөйлесе, байлықтың үлкені осы бо-
лар еді.
Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды
жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!
Мен тіл туралы мәселе – саясат мәселесі емес
екенін талай айтқанмын.
Саяси шешім баяғыда, Конституция мен
тиісті заңдар қабылдануымен алынған болатын.
Тіл туралы мәселе саяси саудалаудың
тақырыбы бола алмайды.
Енді бұл – практикалық мәселе.
Экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудың
маңызды қыры – тілдердің үштұғырлығын дамыту.
Іс жүзінде барлық қазақстандықтар орыс
тілін біледі. Бұл – біздің жоғалтуға болмайтын
ортақ байлығымыз.
Қазақстандықтар үшін инновациялар, тех-
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
8
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
нологиялар мен бизнес әлеміне терезе ашатын
ағылшын тілінің маңызы мен рөлі артып келеді.
Бүгінде кез келген дамыған елде тұрғын-
дардың абсолютті көпшілігі 2-3 тілде еркін
сөйлейді.
Сондықтан технологиялық тұрғыдан ілгері
кеткен елдерде химия, математика, физика, био-
логия сияқты жаратылыстану пәндері мектеп-
тер мен университеттерде көбіне-көп ағылшын
тілінде оқытылады.
Ал тарих, әдебиет және басқа гуманитарлық
пәндер ана тілінде оқытылады.
Мұның ең жаңа мысалы – Малайзия тәжіри-
бесі. Онда халықтың басым көпшілігі елдің
мемлекеттік тілін тамаша біледі, бірақ оқы ту
ағылшын тілінде жүргізіледі. «Бұлай бол маған
жағдайда, – деп есептейді олар, – ел техноло-
гиялық тұрғыда әлемдік қоғамдастықтан кейін-
деп қалады. Бұл – әмбебап педагогикалық қадам».
Сондықтан бізге де ағылшын тілін оқу қажет.
Білім және ғылым министрлігіне осындай
халықаралық тәжірибені ендіру мәселесін тап-
сырамын.
Құрметті сессияға қатысушылар!
Биылғы жылдың үлесіне біз ұмытпауға тиісті
бірден екі дата дөп келіп отыр.
Бұл – 30-жылдардың басындағы жаппай
аштықтың 80 жылдығы мен сталинизмнің жап-
пай саяси репрессиясының шегіне жетуінің 75
жылдығы. Бұл қасіреттердің орны толмайды.
Ең жалпылама есеп бойынша аштық пен ау-
рудан Қазақстанда, Беларусьте, Ресейде және
Украинада 7 миллионнан астам адам көз жұмған.
Сол кезде аштықтан қаза тапқандардың бір
жарым миллионнан астамы Қазақстанға тиесілі.
600 мың қазақ аштық пен аурудан
құтқарыламын деп туған жерін тастап кетуге
мәжбүр болды. Тек 1937-1938 жылдары, ресми
дерек бойынша, Кеңес Одағы аумағында НКВД
органдары бір жарым миллионнан астам адамды
тұтқындаған.
Біз мұны ұмытпауға тиіспіз!
31 мамырда біз жыл сайынғы Саяси қуғын-
сүргін және аштық құрбандарын еске алу күнін
атап өтеміз.
Осы күні Астанада «Ашаршылық құрбан-
дары на ескерткіш» монументі ашылатын болады.
Сол бір қатыгез дәуірде қазақ халқының
қонақжайлығы мен Қазақстанға күштеп қоныс
аударылған барлық этностардың өзара қолдауы
арқасында республика ауыртпалықты кезеңнің
қатыгез жылдарына шыдас бере білді.
Кейінгі кезеңде біз бірлік пен келісім
құндылықтарын қоғамның іргетасына, біздің
айрықша қазақстандық толеранттылықтың
негізіне айналдыра алдық.
Біз бұл құндылықтарды қазақстандықтардың
әрбір келер ұрпағына ұқыптылықпен жеткізе
білуіміз керек.
Қымбатты достар!
Этносаралық келісімді нығайту ұдайы күш-
жігер жұмсауды қажет етеді.
Біріншіден. Қазақстандық толеранттылықты
нығайту – бәрінен бұрын, Қазақстан халқы Ас-
самблеясын нығайту мен дамыту.
Менің тапсырмам бойынша ҚХА-ны 2020
жылға дейін дамыту стратегиясының жобасы
әзірленді.
Бізге Ассамблеяның өңірлердегі жұмысын
сапалық тұрғыда күшейту қажет.
Өздеріңіз білесіздер, Мәжілісте Ассам-
блея бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық
келісім мәселелері бойынша партияаралық
ынтымақтастықтың депутаттық тобы құрылды.
Іс жүзінде бұл – түрлі партия депутаттары-
ның өзара іс-қимылының жаңа тетігі.
Өте сауатты қадам. Бұл тәжірибені облыстық
мәслихаттар деңгейінде де тарату қажет.
Облыс әкімдері хатшылық меңгерушілерінің
сапалық құрамына назар аударуы тиіс.
Оларда тәжірибелі және беделді кадрлар
жұмыс істеуі керек.
Сіздердің назарларыңызды ҚХА құрылымы
облыстардың, Алматы және Астана қала лары -
ның ресми деңгейінде шектеліп қалмауы тиіс
екендігіне аударғым келеді.
Жоғары оқу орындарының, ұлттық компани-
ялар мен кәсіпорындардың ірі ұжымдарындағы
Ассамблея жұмысының жаңа пішіндері туралы
мәселені зерттеу қажет.
Ассамблея – біздің ұлттық игілігіміз. Сон-
дық тан оның өңірлік филиалдары жұмысы ның
тиімділігі үшін облыс әкімдері дербес жауап
береді.
Белгіленген барлық көзқарастарды еске-
ре отырып, ҚХА-ны 2020 жылға дейін дамыту
стратегиясын жетілдіріп, қабылдау қажет.
Екіншіден. Мемлекеттің зайырлылық қағи-
дат тарын берік ұстану біздің қоғамымыздың
тұрақты дамуының берік кепілі болып табылады.
9
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Дін – адам жаны мен моралінің саласы.
Әрбір дін уағыздайтын жоғары құндылықтар
– исламның, православиенің, католицизмнің,
протестанттықтың діни ілімдері әркезде де мем-
лекеттен қолдау табатын болады.
Бір айдан соң біз Әлемдік және дәстүрлі дін дер
көшбасшыларының төртінші съезін қабылдайтын
боламыз. Оны өткізу – ХХІ ғасыр дағы әлемді
қалыптастырудың маңызды қағидаты ретіндегі
жаһандық толеранттылықты орнықтыру ісіне
қосқан Қазақстанның ең ұлы сыйы.
Бүкіл діни бірлестіктермен өзара байланыс-
тарды нығайту үшін Қазақстанда Дін істері
жөніндегі агенттік құрылды.
Жастарды жалған діни топтар ықпалынан
қорғау жөнінен тиімді шаралар кешенін қалып-
тастыру қажет.
Үшіншіден. Менің тапсырмама сәйкес
Үкімет Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
тұжырымдамасын әзірлеуде.
Тұжырымдамада жергілікті жерлердегі этно-
саралық және дінаралық өзара байланыс тардың
барлық қырлары ескерілуі тиіс.
ҚХА осы құжатты әзірлеуге белсенді атсалы-
суы керек.
Құрметті сессияға қатысушылар!
Халық Ассамблеясы мәжілістерінде біз
ел дамуының ең маңызды мәселелерін тал-
қылаймыз.
Бүгін әлеуметтік жаңғыртудың бірқатар жаңа
аспектілерін көтергім келеді.
Қазір қарапайым адамның мүддесі бірінші
кезекке шығып отыр.
Қоғамда әділ де лайықты еңбекке деген кең
көлемді сұраныс бар.
Менің қаңтардағы Жолдауымда осынау
халықтық сұранысқа жауап басты орын алды.
Мен әлеуметтік әділеттілік туралы егжей-
тегжейлі баяндадым.
Индустрияландыру – әншейін мақсат емес.
Біздің басты мақсатымыз – Адам, оның
мүдделері, тағдыры, білім алуы, еңбекке орна-
ласуы, сапалы тұрғын үй. Жаңа кәсіпорындар,
өнеркәсіптің жоғары өндірісті нысандары
жоғары кәсіби мамандарды талап етеді. Демек,
Қазақстанда өмір өзгеріп, өзіміз айтып жүрген
орта тап өсіп шығады.
ХХІ ғасырдағы табысты экономика –
әлеуметтік жауапкершілік пен әділеттілік эконо-
микасы.
Біздің халық экономиканы жаңғыртуға белсенді
атсалысуда және бүкіл жұмыс беру шілер тара-
пынан әділетті қарым-қатынастар күтеді.
Өнімді еңбек үшін әділ табыстарды қамта-
масыз ету қажет.
Еңбектің және кәсібиліктің беделін толық
көлемде қайта қалпына келтіру қажет.
Біздің Жаңаша индустрияландыру дәл осы-
ған бағытталған.
10
2020 жылы барлығы бір жарым миллион
адам еңбекке орналастырылатын болады.
Біз инновациялық экономиканы құрудамыз,
әрбір адам: «Мен – қазақстандықпын, менің
елімде мен үшін барлық есіктер ашық!» – деп
айта алатындай әділ қоғам орнатудамыз.
Қазақстан – жас ел, әрбір екінші қазақстан-
дықтың жасы 30-ға әлі жеткен жоқ.
Қазақстанның болашаққа серпінді ұмтылы-
сында мен сіздерден зор үміт күтемін, менің жас
отандастарым!
Қазақстан жастарының білім алуы, лайықты
еңбек етуі, тұрғын үйге ие болуы, спортпен ай-
налысуы үшін барлық қажетті жағдайлар жаса-
луда.
Тұрғындарды орта біліммен қамту көрсеткіші
бойынша біз Жаһандық бәсекеге қабілеттілік
индексіне қатысушы 182 елдің ішінде 18-орын
аламыз.
600 мыңнан астам адам техникалық және
кәсіптік білім берумен қамтылған.
Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің жоо-лар
2,4 миллионнан астам маман даярлады.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы ая-
сында 16 мыңнан астам жас мамандарды тарту
үшін 2012-2014 жылдарға республикалық бюд-
жетте 21,6 миллиард теңге қарастырылған.
Бүтіндей алғанда, «Ауыл жастары», «Диплом-
мен – ауылға!» және «Жасыл ел» жалпыұлттық
жобаларын қаржыландырудың жиынтық көлемі
бүгінде 37,7 миллиард теңгені құрады.
«Жасыл ел» бағдарламасы белсенді лер
бүкіл ел бойынша 43 миллионнан астам көшет
отырғызды.
Бұл дегеніңіз – 80 мың гектар жаңа орман
алқабы.
2020 жылға дейін жас отбасылар үшін 1,2
миллион шаршы метр тұрғын үй құрылысы
қарастырылуда.
Қазақстанда әрбір төртінші мемлекеттік
қызметші – жас маман.
Жастардың спортпен айналысуы үшін жағдай
жасалуда. Тек өткен жылы ғана мың жарымнан
астам жаңа спорт нысандары ашылды.
Жұмыстың маңызды бағыты – жұмыспен
қамту және жастарды еңбекке орналастыру.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы ая-
сында «Жастар тәжірибесі» сияқты бағыт табыс-
ты жүзеге асырылуда.
Осы мақсаттар үшін үстіміздегі жылы 2,7
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
11
миллиард теңге бөлінді, ол 15 мың жас түлекті
қамтуға жағдай жасайды.
Озық индустриялы елдерде – Германияда, Ан-
глияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда – жұмысшы
кадрларды даярлаудың дуалдық жүйесі өзін
жақсы жағынан көрсетті. Осы жүйе бойын-
ша кәсіптік мектеп оқушылары бір мезгілде
өндірісте тағылымгер болып табылады.
Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да
кеңінен енгізу қажет.
«Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіп-
орын дар тізімін белгілеп, дуалдық модельді бірте-
бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырамын.
Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін
кадр ларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай
жасайды.
Оның үстіне Индустрияландыру картасы ая-
сында құны 9,6 триллион теңге болатын алты
жүзден астам жоба жүзеге асырылуда.
Жастар үшін барлығы 370 мыңдай дерлік
жұмыс орындары құрылуда.
Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақстан дық-
тардың жаңа буынын қолдау үшін мемлекет
барлық қажетті жағдайларды жасап отыр.
Біз бұл жұмысты жалғастыруымыз керек.
Біріншіден, Үкіметке үстіміздегі жылдың 1
қарашасына дейін менің қарауыма Мемлекеттік
жастар саясатының 2020 жылға дейінге арналған
тұжырымдамасының жобасын ұсынуды тапсы-
рамын.
Екіншіден, үстіміздегі жылдың соңына дейін
біздің заңнамаларымызды мемлекеттік жастар
саясат мәселелері бойынша жаңарту қажет.
Үшіншіден, Білім және ғылым министрлігі
құрылымында Жастар саясаты жөніндегі коми-
тет, ал өңірлерде – тиісті басқармалар құруды
тапсырамын.
Облыстардың, Астана және Алматы қала-
лары ның әкімдері өңірлік Жастар істері жөнін-
дегі кеңестерді тікелей өздері басқаруы тиіс.
Төртіншіден, қазір жастар үшін жаңа әлеу-
мет тік лифтілер қалыптастырудың маңызы өте
зор.
Мемлекеттік қызмет тиімді әлеуметтік лифті-
лердің біріне айналуы үшін біз бұл бағытта
қазір дің өзінде көптеген істер атқардық.
Тек өткен жылы ғана Мемлекеттік қызмет
істер агенттігі кадрлық резерв аясында 2 мыңнан
астам адамды, негізінен жас мамандар, жұмысқа
орналастырды.
Бірақ тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер жұмыс-
қа орналасу және еңбек жолын бастауда жағдай-
лардың бірдей еместігі жастар үшін ең маңызды
мәселе болып табылатынын көрсетіп отыр.
Жақсы, кейде тіпті сапалы шетелдік білім ала
отырып, жас маман жұмысқа орналаса алмай-
тын және өз әлеуетін жүзеге асыра алмайтын
жағдайлар да аз емес.
Үкіметке жастар үшін әлеуметтік лифтілер
қалыптастыру жөнінен заңнамалық және әлеу-
меттік-экономикалық шаралардың жүйелі дес-
тесін әзірлеуді тапсырамын.
Бесіншіден, жастар арасындағы үдерістерге
терең зерттеулер жүргізу қажет.
Білім және ғылым министрлігіне Гумилев
атындағы Еуразия университеті жанынан «Жас-
тар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы
мәселені ойластыруды тапсырамын.
Алтыншыдан, «Жас Отан» Жастар қанаты-
ның жұмысын күшейте түсу қажет.
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппа-
ратына «Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі іс-
қимыл стратегиясын әзірлеп, бекітуді тапсыра-
мын.
Азаматтық альянстың және жастар ұйым-
дарының бастамасымен менің Жолдауыма қол-
дау ретінде бүкіл ел бойынша «Болашақ бүгіннен
басталады!» акциясының басталғанын білемін.
Оның аясында мен жастармен кездесулер
өткізуге дайынмын.
ҚХА істен бейтарап қалмай, жастар пробле-
маларына көбірек көңіл бөліп, жоғарыда аталған
шараларға белсенді қолдау көрсетуге тиіс.
«Нұр Отан» партиясымен бірге осы
жұмыстарға қатаң бақылауды жолға қою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |