Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет109/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Премикс толықтырғышы маңызды рөл атқарады. Жақсы 
толықтырғыштарға: жүгері азығы, жемдік ашытқы, бидай ұны жата-
ды. Толықтырғыштың қоспадағы мөлшері 80-90% құрайды.
Толықтырғыштың міндеті – биологиялық белсенді заттардың көп 
мөлшерін ұстап тұру, яғни толықтырғыш солармен толып тұруы ке-
рек, ол кеуекті, жеңіл, 10-15% целлюлоза сақтауы керек. Ылғалдығы 
9-10% аспауы керек. 
Оны құрама жем құрамындағы құрауыштардан таңдау керек, ол 
құрамажемнің жемдік құндылығын түсірмеуі керек.
Толықтырғыштың ірілігі 1,2 мм аспауы қажет, ал одан ірі немесе 
майда толықтырғыштар қоспамен жақсы араласа алмайды.
Премикс құрауыштары премикске ену нормасы бойынша 
мына топтарға бөлінеді: микроқұрауыштар 
-1 тоннадағы мөлшері 
0,1-2кг дейін. Оларға В
6
, К, В
1
, Д
3
витаминдері мен хлорлы ко-
бальт жатады; орташа құрауыштар 
– 2-30 кг дейін. Оған РР, Е, В
12
витаминдері, көмірқышқыл марганец, көмірқышқыл мырыш жата-
ды; макроқұрауыштар 
– 30-100 кг дейін, мысалы, холин-хлоридті 80 
кг дейін қосады.
Премикс өндірісінің технологиялық үдерістері мына желілерден 
тұрады: толықтырғышты дайындау желісі; микроэлемент тұздарын 
дайындау желісі; холин-хлоридті дайындау желісі; микроэлементтің 
алдын ала қоспасын дайындау желісі; йодты калийді дайындау желісі; 
макроқұрауыштарды енгізу желісі; майды енгізу желісі; құрауыштар 
мен толықтырғышты мөлшерлеу жəне араластыру желісі.


202
Толықтырғышты дайындау желісі толықтырғышты бөтен, маг-
нитті қоспалардан тазарту, кептіру жəне ұнтақтауды қарастырады.
Бөтен қоспаларды елеуіш машинада, ал металды-магнитті 
қоспаларды электрлі-магнитті сепараторда тазалайды.
Егер толықтырғыштың ылғалдығы 10% асса, онда оны кептіргіш 
машинада кептіреді.
Кептірілген толықтырғышты ұнтақтағышта 1,2 мм дейін 
ұнтақтап, одан кейін маймен өңдейді. Ол қоспаның шаңдануын 
азайтып, микроқосымшалардың өздігінен сұрыпталуын азайта-
ды. Май толықтырғышқа үздіксіз істейтін майөңдегіш машина 
арқылы беріледі. Май сақталатын ыдыста орнатылған ыстық су-
мен (95°С) жылытатын қондырғы майды үнемі еріген күйде ұстап 
тұрады.
Толықтырғышқа қосылатын май мөлшері: кебек үшін-3%, 
ұнтақталған дəн – 2%, ашытқыға – 1. Антитотықсыздандырғышпен 
тұрақтандырылған май майөңдегіш машинаға түскен өнімнің масса-
сына булы бүріккіш арқылы шашыратып, себіледі. Маймен өңделген 
толықтырғыш мөлшерлегіш алдындағы қорапқа түсіп, одан алдын 
ала қоспа жасау желісіне барады.
Микроэлемент тұздарын дайындау желісі. Премикске негізінен 
мына микроэлемент тұздары қосылады: күкіртқышқыл темір, 
көмірқышқыл марганец, көмірқышқыл мыс, көмірқышқыл мырыш, 
хлорлы кобальт, йодты калий. 
Өндірістен сусымалы ұнтақ күйінде шығарылатын микроэле-
мент тұздары (көмірқышқыл күйіндегі) премикске дайындықсыз 
енгізіледі, ал ірікристалды күйде жəне ылғалдығы жоғары келетін 
тұздарды (күкіртқышқыл, хлорлы) кептіріп, ұнтақтайды, оларды 2 
əдіспен дайындайды: 
Бірінші əдіс бойынша микроэлемент тұздарын ірі ұнтақтағышта 
алдын ала ұнтақтап, кептіріп, одан кейін балғалы ұнтақтағышта 
қажетті ірілікке дейін ұнтақтап, мөлшерлеуге жібереді. Микроэле-
мент тұздарының ірілігі 250 мкм аспауы керек.
Екінші əдіс бойынша валкалы ұнтақтағышта ұнтақталған микро-
элемент тұздарын ылғалдығы 8% аспайтын толықтырғышпен 1:1 
қатынаста араластырып, алынған қоспаны балғалы ұнтақтағышта 
ұнтақтап, мөлшерлеуге жібереді. Дайын қоспаның ірілігі 1,2 мм 
аспауы керек.
Холин-хлоридті дайындау желісі. Холин-хлорид (В
4
витамині) –
қою шырын тəрізді сұйықтық, ол премикс құрамына 1 тоннасына 


203
100 кг дейін енгізіледі. Оны жас малға арналған премикске енгізудің 
маңызы зор.
Холин-хлоридті премикске 2 əдіспен енгізеді: премикске сұйық 
күйде енгізу; толықтырғышпен алдын ала араластырып, одан кейін 
енгізу.
Бірінші əдіс бойынша холин-хлоридті премикске араластырғыш-
та бірден қосады. Екінші əдіс бойынша толықтырғышты автомат-
ты таразылы мөлшерлегіште өлшеп, ал холин-хлоридті насосты 
мөлшерлегіште өлшеп, 1:3-тен 1:5-ке дейінгі қатынаста 10 мин 
араластырып, қоспаны 10-12% ылғалдылыққа дейін кептіреді. 
Кептірілген өнімді мөлшерлеу-араластыру желісіне жібереді.
Е витамині препаратын дайындау желісі. Е витамині сұйық 
токоферолацетат күйінде келсе, онда толықтырғыш, кремний 
тотығы жəне Е витаминін таразылы мөлшерлегіште өлшеп, мына 
қатынаста 10:1:1 араластырғышта алдымен толықтырғыш, одан 
кейін Е витаминін қосып, 10 минут араластырып, одан кейін крем-
ний тотығын қосып тағы 10 минут араластырады. Алынған ұнтақ 
күйіндегі Е витаминін микроқұрауыштарды мөлшерлеуге арналған 
қорапқа жібереді.
Йодты калийді дайындау желісі. Йодты калийдің микро-
элемент тұздарымен араласқанда ыдырауын болдырмау үшін оны 
тұрақтандырады. Ол үшін калий стеараты немесе натрий тиосуль-
фатын йодты калий массасы бойынша 10% қосады. Йодты калий 
мен тұрақтандырғыш заттарды таразыда өлшеп, араластырғышта 10 
минут араластырады.
Микроқұрауыштар желісі. Микроқұрауыштар өңдеуді қажет 
етпейді жəне премикске өте аз мөлшерде қосылады, сондықтан 
фармокопейлі витаминдер, антибиотиктер, көмірқышқыл тұздарын 
жүк көтеру сыйымдылығы аз мөлшерлеу алдындағы қорапқа жібереді.
Əр құрауышты рецепт бойынша мөлшерлегіште өлшеп, алдын ала 
араластыру араластырғышына жіберіп, толықтырғышпен 1:1 немесе 
2:1 қатынаста араластырып, алынған қоспа негізгі араластырғышқа 
жіберіледі.
Майды дайындау желісі. Май сақтайтын қорапта ыстық сумен 
(95°С) жылытатын қондырғы орнатылып, ол майды үнемі еріген 
күйде ұстап тұруы кажет. Майды тұрақтандырғышпен (санто-
хин, дилудин) арнайы араластырғыш-эмульгаторда араластырады. 
Тұрақтандырылған майды толықтырғышпен үздіксіз жұмыс істейтін 
араластырғышта араластырады.


204
Мөлшерлеу жəне араластыру желісі. Құрауыштарды жоғары 
дəлдікпен өлшеу үшін əр құрауышты өзінің массасына сай 
мөлшерлегіште өлшеу керек.
Премикс зауытында мөлшерлеудің 4 түрі қарастырылады: бірінші 
мөлшерлегіште жүк көтерімділігі 1000 кг таразылы мөлшерлегіш 
тұр, ол толықтырғышты өлшеуге арналған; екінші мөлшерлегіш 
– 100 кг, ол макроқұрауыштарды өлшеуге арналған; үшінші 
мөлшерлегіш- 50 кг, ол орташа құрауыштарды өлшеуге арналған; 
төртінші мөлшерлегіш – 2 кг, ол микроқұрауыштарды өлшеуге 
арналған. Араластыру желісі алдын ала араластыру жəне негізгі ара-
ластырудан тұрады.
Алдын ала араластыру сыйымдылығы 100 кг араластырғышта 
толықтырғыш пен микроқосымшаларды 5 минут араластыру арқылы 
жүргізіледі, өндірістік араластыру циклі 8 минут созылады, ал негізгі 
араластыру сыйымдылығы 1000 кг негізгі араластырғышта 8 минут 
араластырылады, өндірістік араластыру циклі – 17 минут (оның 
ішінде араластырғышты толтыруға – 3 минут, араластырғыштан 
шығуға – 3 мин, кепілдік – 3 мин кіреді). Премикс өндірісінің 
технологиялық сызбасы 24-суретте берілген.
Премикстер органолептикалық жəне физикалық-химиялық 
көрсеткіштері бойынша мына талапқа сай болуы керек: ылғалдығы 
- 10% көп емес; ірілігі – 1,2 сым тор қойылған електегі қалдық 
масса бойынша – 0,7-2% көп емес; бөлшегінің өлшемі 2 мм дейінгі 
металды-магнитті қоспа мөлшері – 20-30 г, 2 мм артық өлшемдегі
өткір қыры бар металды қоспа жіберілмейді.
Микроэлемент тұздарының сапасы мемлекеттік стандарт пен 
техникалық шарт бойынша анықталады. 
Өндіріс арнайы жемдік витаминдік препараттарды шығарады. 
Витаминдердің сақтау мерзімдерін ұзарту үшін оларды 
тұрақтандырған немесе қорғалған күйде шығарады.
Құрама жемге, ақуызды-витаминді қосымшаға, премикске 
енгізілетін витаминдер майда, ұнтақ бөлшегінің орташа ірілігі 
0,12-0,71 мм, ылғалдығы төмен болып келеді. Оның кейбіреулерінің 
(мысалы В тобының витаминдері) көлемдік салмағының аздығынан 
сусымалығы нашар. Кей витаминдерді (А,Е) бұзылудан сақтау үшін 
капсул күйінде шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет