208
Ақуызды-витаминді қосымшаның өзімен малды азықтандыруға
болмайды, өйткені онда көптеген
заттар көп мөлшерде сақталып,
ал ол тұзбен улануды, тапшы ақуыз бен басқа өнімдердің артық
жұмсалуын тудырады. Ақуызды-витаминді қосымша өндіру үшін
құрама жем өндіруге қажетті құрауыштарды қолданады. Алай-
да ақуызды-витаминді қосымша рецебінің құрама жем рецебінен
айырмашылығы: біріншіден, ақуызды азықтарды (шрот, ашытқы,
еттісүйек жəне балық ұндары); минералды азықтарды (сүйек ұны,
бор, ас тұзы) көп сақтайды, ал екіншіден, дəнді дақылдар (бидай,
арпа, сұлы) болмайды.
Ақуызды-витаминді
қосымшаны арнайы зауытта, бірақ көбінесе
құрама жем зауыттарында жасайды. Биологиялық белсенді заттарды
арнайы желіде дайындайды немесе дайын премикстерді қолданады.
Ақуызды заттар мен микроқосымшалар рецепт құрамында
көп болғандықтан ақуызды-витаминді қосымша өндірісінің
технологиялық үдерісі ерекше жүргізілуі тиіс, мөлшерлеу мен ара-
ластыру өте дəлдікпен жүргізілуі керек.
Зауытта АВҚ мына технологиялық
желілерде дайындалады
(3.25-сурет):
- Ұншықты шикізат желісі. Кебек, еттісүйек жəне балық ұндары
ұнтақталған күйде келетіндіктен, автоматты таразыда өлшеніп (13),
елеуіш машинада еленіп (14), электрлі-магнитті сепараторда (15)
магнитті қоспалардан тазаланып, мөлшерлегіш алдындағы қорапка
барады.
- Жемдік ашытқы мен шрот желісі. Бұл желіде олар авто-
матты таразыда өлшеніп (11), елеуіш машинада А1-БЦП еленіп,
электрлі-магнитті сепараторда (15)
магнитті қоспалардан тазала-
нып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа барады.
- Күнжара желісі. Күнжара балғалы ұнтақтағышта (8)
ұнтақталып, автоматты таразыда өлшеніп, мөлшерлегіш алдындағы
қорапқа барады.
- Минералды шикізат желісі. Бор мен тұз ұнтақтағышта (6)
ұнтақталып, ірілігі елеуіш машинада бақыланып, мөлшерлегіш
алдындағы қорапқа барады.
- Байытқыш қоспа немесе премикс желісі.
Мөлшерлеу мен араластыру желісі. Бұл желіде рецепт бойын-
ша белгіленген мөлшерде құрауыштар таразылы мөлшерлегіште
өлшеніп, кезеңмен жұмыс істейтін араластырғышта араластыры-
лады.
209
Ақуызды-витаминді қосымшаның
сапасы құрамындағы құ-
рауыштардың сапасына жəне технологиялық үдерісті дұрыс
жүргізуге байланысты.
Жоғары сапалы ақуызды-витаминді қосымша жасау үшін
негізгі жабдықтардың: ұнтақтағыш, елеуіш машина, мөлшерлегіш,
араластырғыштардың жұмысын үнемі қадағалап тұру керек. Соны-
мен қатар шикізаттарды тазалауды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Дайын өнімнің сапасы оның құраушы бөліктерінің дұрыс
мөлшерленуіне де байланысты. Құрауыштардың
дұрыс мөлшерленуі
үшін ӨТЗ қызметкерлері əр 2 сағатта мөлшерлегіштердің жұмысын
тексеріп тұрады.
Ақуызды-витаминді қосымшаның біркелкілігін индикаторлық
əдіспен анықтайды. Индикатор ретінде ақуызды-витаминді қосымша
құрауышының бірі – ас тұзын анықтау ұсынылады.
Ақуызды-витаминді қосымшаны тиімді пайдалану соның
негізінде қоректілігі жағынан толық құнды құрама жем жасалынған
жағдайда мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: