АМАНБАЙ ЕСІЛБАЙ "АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ"
Белгілі қаламгер Амантай Есілбайдың бұл еңбегі тарих ақтаңдақтарының бірі – ашаршылықты өз басынан өткеріп, тағдыр тауқыметін қайыспай көтере білген жанның өз айтуымен еш қоспасыз сол қалпында жазылған. Автор кейіпкер айтқан оқиғалармен шектеліп қалмай, Ақмола, Атбасар өңірінде ашаршылық жылдары ел басынан өткен
тарихи оқиғаларды толық қамтуға тырысады.
Ел тарихынан үлкен мағлұмат беретін шығармада автор тіл көркемдігіне, ой тереңдігіне мән беріп, оқиға желісін қызғылықты баяндауға ден қойып, бір адамның өмір тарихын суреттеу арқылы тарихтан сыр шертуге тырысады. «Асылдың сынығы» - сонысымен құнды. Аталмыш еңбектің тілі жатық, ойы орамды. Қамтылған оқиғалар өмірдің өзіндей шынайы, боямасыз қалпында көз алдыңа елестейді.
3)Қорытынды.
Қорыта айтқанда, 1921-22жылдары орын алған ашаршылық ел экономикасына үлкен күйзеліс әкелді, демография нашарлады. Қаншама қазақтар аштықтан қырылып, көмусіз қалды, өзге жаққа көшіп кетті. Ашаршылық мәселесі Қазақ еліне оңай тиген жоқ. Астық пен шөптің шықпай қалуы мен мал шаруашылығының азаюына алып келді.
Голощекиннің құйтырқы әрекеттері қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халқын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болды. Оның қазақ халқының ары қарай дамуына келтірген зияны толассыз болды десем де артық емес.
Достарыңызбен бөлісу: |