Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессияның саяси және әлеуметтік зардаптары



жүктеу 61.3 Kb.

Дата30.01.2017
өлшемі61.3 Kb.

Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессияның саяси және 

әлеуметтік зардаптары 

 

 

Ермаханова Р.Б. 

М.Х.Дулати атындағы Тараз  

мемлекеттік университеті  

 

Репрессияның тарихи салдарларының ауқымының көптігі сонша өмірдің 

барлық  салаларында  жекелеп  қарастыруға  болады.  Оның  саяси  өмірге  де 

экономика,  әлеуметтік,  мәдени  салаларға  әкелген  зардабы  орны  толмас  таңба 

болып  қалды.  Сталиндік  репрессия  зиялыларымыздың  ғылыми  қызметіне 

нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың шәкірттері мен жанұяларына да қасірет 

әкелді. Сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. Түрмеге қамау, жер 

аудару,  партия  қатарынан  шығару  және  қызметтен  босату  тәрізді  жазалаулар  

қазақ  зиялыларын  жалтақ,  жасқаншақ,  тіптен  екі  жүзді  етіп  қалыптастырудың 

жаңа кезеңіне апарды. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ол жағдай бәсеңдей 

бастады. 

Репрессия  саясатының  кең  ауқымдылығын  түсіну  үшін  “Үлкен  террор” 

кезіндегі  1937  жылғы  ақпан-наурыз  пленумында  келтірілген  баяндамаға  назар 

аудару  керек.  Онда  “басқа  державалардың  ішінде  КСРО  жалғыз  социализм 

құрылысындағы  мемлекет,  шетелдік  мемлекеттер,  оның  ішінде  Финляндия, 

Балтық  елдері,  Польша,  Румыния,  Түркия,  Жапония  елдері  Франция  және 

Ұлыбритания  елдерінің  көмегімен  КСРО-дағы  социализм  құрылысына 

тосқауыл  болуы  үшін  шпиондар  мен  диверсант  әскерлерін  КСРО-ға  енгізеді” 

деген оймен контексте “басқа әлеммен қарым-қатынас жасағандарға, қуғындау 

ісі  жүргізілді”  делінген.  Сондықтан  “басқа  әлеммен”  байланыста  болған 

шпиондарды  қудалау  науқанының  басталуы  ғажап  емес.  Оның  саяси  мәнінде 

мынаны  айтуға  болады.  Алашорда  зиялылары  қазақ  елін  отарлық  езгіден  азат 

ету,  қазақ  қоғамын  орта  ғасырлық  мешеуліктен  өркениетті  әлеуметтік-

экономикалық  және  мәдени  даму  жолына  шығаруды  мақсат  етіп  қойды.  Олар 

біртұтас  халықтық  мүддені  көздеді.  Кеңестік  кезеңдегі  “ұлтшылдар”  атанған 

ұлттық  бағыттың  заңды  жалғастырушылары  болды.  Бұл  үрдіс  келе-келе 

әміршіл-әкімшіл  жүйенің  туындауымен  үзіліп,  тәуелсіздігімізді  жариялауға, 

дербестік ұмтылыс жасау тұрмақ, емеурін білдіруге де болмайтын, төрешіл де 

тегеурінді мемлекет ішінде “кіші іні” ретінде өмір сүруге алып келді. [1]. 

Бұл  жағдай  Қазақстанның  өзін-өзі  билеуіне  бөгет  қойды,  ғасыр 

басындағы  ұлт  зиялыларының  ізгі  арманы  ХХ  ғасырдың  аяқ  кезінде  Одақтық 

мемлекеттің  күйреуі  нәтижесінде  ғана  ақиқатқа  айналды.  Қазақ  халқының 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  әдет-ғұрпына,  салт-санасына,  тұрмыс-тіршілігіне, 

ең бастысы тілі мен дініне соққы болып тиді. Бір халықтың маңдайына біткен 

жұлдыздарын  елім,  жұртым  деген  арыстарын  содырлы  саясаттың  сойылымен 

соғып,  есеңгіретіп  отыруын  не  деуге  болады?  Оны  тек  қана  өздерін  дәріптеп, 

өзгені көзге ілмеген шовинизм сырқатының сырынан іздеу керек.  


Кеңес  өкіметінің  Қазақстанда  жүргізген  кеңестендіру,  тап  ретінде 

байларды жою, жаппай отырықшылықтандыру  мен  ұжымдастыру  саясаты сол 

кездегі  аласапыран  тұста  жергілікті  халықты  күйзелтіп,  бей-берекетін 

шығарды.  Аса  жауапты  және  күрделі  мәселені  шешуге  ұлттық  зиялылардың 

ұстанған  бағыты,  ұлттық  мүддені  қорғауға  бағытталған  табиғи  әрекеттері 

“ұлтшылдық” есебінде бағаланды. 

ХХ  ғасырдың  20-30-жылдардағы  репрессиялау  науқанында  назар 

аударарлық  жағдай  –  сол  кезеңдегі  қаулы-қарарларды  мерзімді  баспасөз 

беттерінде  әр  түрлі  “шылдықтар”.  Ф.Голощекин  қазақ  зиялыларына 

“сәдуақасовшылдық,” 

“қожановшылдық,” 

“рысқұловшылдық,” 

“сейфуллиншілдік” тағы басқа “шылдықтар” атын туғызды, оның ұлттық билік 

басындағы  бетке  шығарларын  қуғындау  үшін  ойлап  тапқан  амалы  екеніне 

көзіміз  жетіп  отыр.  Сондай-ақ,  осы  тұстағы  баспасөз  бетіндегі  көптеген 

авторлардың  мақалаларындағы  пайымдаулары  нақтылы  құжаттар  емес, 

олардың  ойдан  шығарған  жасанды  тұжырымдары  “Ф.Голощекин  және  оның 

төңірегіне  топтасқан  партия  белсенділерінің  “шылдықтарды”  ойлап  тауып, 

жікшілдік  ауруын  жасанды  түрде  қоздырудағы  мақсаты:  ұлт  зиялыларының, 

жалпы ұлттың позициясын әлсірету әрекеті болатын [2]. 

ХХ ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары, Кеңес үкіметі орнағаннан 

кейінгі  коммунистік  партия  қатарында  болып,  “ұлтшыл,”  “оңшыл”  атанған 

ұлттық  зиялылар  қазақ  халқы  мүддесі,  ізгілік  пен  әділеттіліктен  өзгені  мақсат 

етіп  қойған  жоқ.  Оған  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов, 

С.Сәдуақасов,  С.Қожанов,  Т.Рысқұлов  іспеттес  біртуар  дарындардың 

шығармалары  білім  мен  танымның  асыл  қазынасы  болып  табылатыны  дәлел 

[3].  

Алаш 


зиялыларына 

қарсы 


күрестің 

жандануына 

жоғарыда 

келтіргеніміздей,  1925  жылы  29  мамырда  Сталиннің  Қазақ  өлкелік  партия 

комитетінің  бюросына  өлкелік  “Ақ  жол”  газетінің  ұстанған  бағытын  айыптап 

арнайы  жазған  хаты  себеп  болды.  Ол  хатта  газет  бетіндегі  жариялағанған 

мақалаларының  бұл  кезде  шет  елде  эммиграцияда  жүрген  М.Шоқайдың 

ойымен  “үндес  және  пікірлес  екенін,  яғни  Алашордашыл  ұлтшыл  идеяларды 

жаңғыртатыны”  атап  көрсетілді.  Сондай-ақ,  алдағы  уақытта  осындай 

көзқарастағы  партияда  жоқ  зиялы  қауым  өкілдерін  жастарды  тәрбелеуге 

жібермеу  ескертілді.  Көп  кешікпей-ақ,  1926  жылы  болған  партия 

конференциясында  Ф.Голощекин  басында  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов, 

М.Дулатов  сияқты  қазақ  зиялылары  тұрған  ұлттық  қозғалысты  “реакцияшыл” 

тіптен, “контрреволюцияшыл” деп бағалады 

Әлеуметтік зардабы ол қазақ санының азаю еді. Кеңес үкіметінің орнаған 

алғашқы  күніне  бастап-ақ  үзіліссіз  жүргізіп  отырған  бұл  шараның  қанды 

шеңберіне  қоғамның  саяси  өміріне  белсенді  түрде  араласқан  адамдардың 

барлығы да іліккен еді. Сондықтан бұл қанды террордың зұлматы зардабынан 

қазақ халқының ұлттық даму демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға 

тәуелділік жағдайында қалып қойды. Жазықсыз жазаланғандар саны әлі күнге 

дейін  әртүрлі  мөлшерде  айтылады.  1937-1938  жылдары  1  миллион  адам 

атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. М.Тәтімов “Зұлматтың ауыр зардабы” 



атты  еңбегінде 1937-1938 жылдары  қазақстандықтардың 44  мыңы  түрмеде,  ал 

оның  22  мыңы  атылған  деп  айтады.  1936-1938  жылдар  арлығында  29  әртүрлі 

“контрреволюциялық  ұйымдар”  ашылып,  1937-1938  жылдары  160  мың  адам 

қуғын-сүргінге ұшыраған.  

Қуғын-сүргінге негізделген саяси жүйе орнаған елде дені сау адамдардың 

өзін-өзі  өлтіруі  жиі  кездеседі,  1930-1950  жылдары  КСРО  көлемінде  жетекші 

қайраткерлердің  өзіне-өзі  қол  жұмсауы  жиі  кездескен.  Қазақстанда 

қалыптасқан  ауыр  саяси  жағдайдан  туындаған  психологиялық  күйзеліс 

салдарынан  адами  құндылықтар  қатары  сиреп,  нәтижесінде  өзін-өзі  өлтіру 

адамдар  арасында  жиі  кездескен.  Заманында  ұлт  азаттығы  жолында  халқына 

қалтқысыз  қызмет  еткен  зиялыларымыз  болашақ  тәуелсіз  мемлекеттің 

іргетасын  қаласты.  Сондықтан  да  тәуелсіздік  жолында  күрескен  ұлттық 

зиялыларымыздың есімдері ұлттық мүдде жолындағы белсенді қоғамдық-саяси 

қызметі  бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан  тарихының  қасиетті  төрінен  орын  алуы 

керек. 

Коммунистік  партияның  қағаз  жүзіндегі  ұлт  теңдігі,  ұлттардың  өзін-өзі 



билеу  құқы  шын  мәнінде  ұлтсыздандыру  саясаты  еді.  Коммунистік  идеяны 

уағыздап,  ұлт  тарихын,  тілді,  дәстүрді,  дінді  табанға  басып,  қорлау  осы 

кезеңнен басталды. Сталиндік қуғын-сүргін саясаты қоғамның барлық саласын, 

әртүрлі  әлеуметтік  жіктерді,  топтарды,  тіпті  балаларды  да  қамтыды.  Жаппай 

жазалаудың  құрығына  оқушылар  мен  студенттер  де  ілікті.  1929  жылы  15 

сәуірде  БК(б)П  Орталық  Комитетінің  хатшысы  Смирновтың  қолы  қойылған, 

12100  нөмірлі  аса  құпия  құжаты  жер-жерге  таратылды.  Онда,  “Орта  және 

жоғары  оқу  орнын  тазарту”  туралы  айтылып,  оқитындардың  әлеуметтік  және 

мүліктік  жағдайын  толық  тексеру  бұйырылады.  Оқытушылар  мен 

студенттерден  “контрреволюцияшыл,  троцкийшіл”  мазмұндағы  әдебиеттерді 

тартып алу науқаны 1930 жылдың ортасында күшейді  [4]. 

Сталинизм  тепкісінен  тентіреген  сәбилердің  тағдыры  қайғылы  да  ауыр. 

Тағдыры  ерекше  тәлкекке  түскендердің  үлкен  бір  тобы  –  балалар.  “Ішкі  Істер 

халық  Комиссариаты  балалары”.  Сталиндік  қанқұйлы  заманның  зұлматын 

оларға  қарап  отырып  салмақтасақ,  олар  өте  көп.  Мәселен,  С.Сейфуллиннің 

жалғыз  ұлы  Аян  (небәрі  екі  жарым  жаста)  поездағы  ыстық-суыққа  төзбей, 

тұлпардың соңғы тұяғы жол үстінде үзіліп кетті. 

Қазақ  қоғамының  дәстүрлі  дамуын  күйретуге  бағытталған  қуғын-сүргін 

саясатына  ер  азаматтармен  бірге  әйел-аналар  да  азды-көпті  дәрежеде 

қудаланды.  Мәселе  олардың  санында  емес.  Қуғын  көрген  бір  тағдыр,  бір 

адамның  жан  азабы  оның  төңірегіндегілерге,  отбасы  мүшелері  мен  тума-

туыстарына қаншама қайғы-қасірет әкелді. Оның бәрі сөзбен айтып жеткізетін 

оңай  нәрсе  емес.  Себебі,  ол  адам  тағдыры.  Біздерге  сталиндік  саяси  қуғын-

сүргінге  ұшырағандар  есебі  сол  кезеңнің  қылмысын  ашып,  оның  ауқымы  мен 

ақиқатын тануға көмектеседі. 

Отбасындағы  тәрбие  мен  құндылықтар  легі  ұлттың  ұйтқысы,  ұлттық 

рухтың  кепілі.  Сондықтан да  отбасының  шырқын  бұзу  саясаты ұлттың  рухын 

төмендетіп,  ел  бірлігіне  нұқсан  келтіретіндігін  кім  де  болса  мойындайтыны 

анық.  Кеңестік  тоталитарлық  мемлекет  құлағанымен  оның  кейбір 


қалдықтарының  әлі  күнге  дейін  сақталуы  заңды  құбылыс.  Себебі,  жүйені 

өзгерткенмен,  оның  адам  санасына  сіңіп,  бойында  қалыптасқан  элементтерін, 

әсіресе  құлдық  психологияны  жою  үшін  біраз  уақыт  керек.  Әсіресе,  әлі  күнге 

арамызда кездесетін құлдық психологиядан арылуымыз керек. 

20-шы 

жылдардың  екінші  жартысынан  бастап,  И.В.Сталиннің 



басқаруымен  қалыптасқан  тоталитарлық  жүйе  Қазақстанның  мәдениетінің 

дамуына үлкен кеселін тигізді. Қазақстан 1932-1933 жылдары бұрынды-соңды 

болмаған  қоғамдық  апатты  басынан  кешірді.  Соның  нәтижесінде  қазақ  елі 

өзінің  жартысынан  айырылды.  Апаттың  себебінен  орталық  та,  голощекиндік 

өлкелік бсшылық та өз мойындарына алудан үзілді-кесілді бас тартты. 

Партиялық-мемлекеттік  құрылымның  идеологияландырылған  саясаты 

профессионалдық  оқу  орындарындағы  істің  жағдайына  бәрінен  де  көп  зиян 

келтірді.  Ғалымдарды,  жоғары  оқу  орындары  қызметкерлерін  қудалау  мен 

жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. 

Осының  нәтижесінде  30-шы  жылдардың  орта  кезінде  А.Байтұрсынов, 

С.Асфендиияров,  Х.Досмұханбедов,  Т.Жүргенов,  О.Жандосов  және  басқа  аса 

көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педогогтердің өмірі қиылып кетті.  

Қазақ  қоғамының  дәстүрлі  дамуын  күйретуге  бағытталған  қуғын-сүргін 

саясаты ер азаматтармен бірге әйел-аналар да азды-көпті дәрежеде қудаланды. 

Мәселе  олардың  санында  емес.  Қуғын  көрген  бір  тағдыр,  бір  адамның  жан 

азабы  оның  төңірегіндегілерге,  отбасы  мүшелері  мен  тума-туыстарына 

қаншама  қайғы-қасірет  әкелді.  Оның  бәрі  сөзбен  айтып  жеткізетін  оңай  нәрсе 

емес.  Себебі,  ол  адам  тағдыры.  Біздерге  сталиндік  саяси  қуғын-сүргінге 

ұшырағандар есебі сол кезеңнің қылмысын ашып, оның ауқымы мен ақиқатын 

тануға  көмектеседі.  Кеңес  үкіметі  қазақ  әйелдерінің  “теңдігі”  мәселесін 

мемлекеттік  деңгейге  көтеріп,  оны  өз  саяси  мақсат-мүддесіне  орай  шешті. 

Нәтижесінде  ғасырдан-ғасырға  жалғасып,  ұлттың  ұйытқысы  болған  отбасы 

бірлігіне, тәрбиесіне зиянкестік жасалды. Әйелдерге қатысты жүргізілген саяси 

шаралар жаппай қуғын-сүргінге жол ашты. 

Сол жылдары адамдар бойындағы  тек қана адамзатқа ғана лайықты сапа-

қасиеттерді  азайту  қуғын-сүргін  саясатымен  қатар  жүрді.  Жазылған  “домалақ 

арыздар”  сол  кезеңнің  ақиқатын  қазіргі  күні  көрсеткендей.  Қудалау,  нақақтан 

жала  жабу  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласынан  көрініс  табатын,  тіпті 

үйреншікті деп атауға болатын құбылысқа айналды. 

Қылмыстық  өмірден  алу  себебін  тексерудің  орнына  “зиянкестер”  саны 

көбейтілді. Ал адамдарды тұлғалық қасиетінен айырып “меншігіне қол сұғуға” 

итермелеген  мемлекеттің  өзі  болатын.  Ақ-қарасын  айырмай  жалпылама  айып 

тағу  жоғарыдан  жасалғандықтан  өрескел  заңсыздықтар  өмірден  орын  алып, 

сансыз  “пайымдаулар”  дәлел  ретінде  қылмыстық  істерге  тіркеле  бастады.  Ал 

ұрып  қорқыту,  моральдық-психологиялық  қысым  жасау  да  репрессияға 

ұшырағандар  санын  көбейтті.  Түрмелерде  жатқан  әйелдерге  мән  берілмей, 

олардың аты-жөндері де дұрыс сұралмаған [5]. 

Халықтың жалған жауларымен күрес кеңейе келе өз мақсаттарын жүзеге 

асыра бастады. Оның қарқынды жүргені соншалық, еліміз лагерьлер торабымен 

шырмалып  (Карлаг,  Степлаг,  Алжир),  оның  жан-жағы  тікенекті  темірлермен 



қоршалды  және  оны  сыртынан  қаруланған  қызметкерлер  қарауылдады.  Ал 

кейіннен  жаппай  атылған  адамдардың  көмілген  жерлері  белгілі  бола  бастады. 

Соның  бірі  Алматыға  жақын  жердегі  Жаңалық  деген  жерде  табылған,  1937-

1938  жылдардағы  тоталитаризм  құрығының  құрбандары,  дүние  жүзіне  әйгілі 

жазушылар  мен  ақындар  М.Б.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров, 

Б.Майлин,  дарынды  оқымыстылар  А.Байтұрсынов,  С.Д.Асфендияров,  ірі 

мемлекет  және  қоғам  қайраткерлері,  шаруашылық  жетекшілері,  өндіріс 

саласындағы  озаттар  жерленген.  Ал  қазіргі  таңда  қаншама  адам  репрессия 

құрбандығына  жазықсыз  ұшыраған  өз  бауыр-туыстарының,  ата-аналарының 

мәйіті  қайда  екенін  білмей  іздеуде.  Сталиндік  сыңаржақ  саясаттың  қанды 

шеңгеліне  ілініп,  37-нің  зұлматты  жылдары  құрбан  болған  қазақтың  маңдай 

алды азаматтарының жамбасы жерге тиген жер бүгінгі күн белгілі болып отыр. 

Ол  Алматыдан  небәрі  35-ақ  шақырым  жердегі  Талғар  ауданына  қарасты  Әли 

елді  мекенінің  Диханбай  қыстауында.  Осы  жерде  2,5  мың  озбыр  саясат 

құрбандары  мәңгілік  дамыл  тапқан.  Ресейліктер  табыс  еткен  құжат  бойынша 

499  боздақ,  небәрі  14  күнде  атылып,  осы  жерге  құпия  түрде  көмілген.  Содан 

кейін-ақ дембіл-дембіл бірде 40-тан, бірде 37-, бірде 19 мәйітті тиеген қаралы 

көлік осы жерге түн сайын қатынап отырған . 

Әрине  заңсыздықтар,  әділетсіздіктер  мен  басынушылық  мәңгі  тұра 

бермейді.  1950-ші  жылдардағы  түбегейлі  өзгеріс  мемлекеттің  бұл  ісіне 

араласпай  қойған  жоқ.  Ақырындап  жазықсыз  жазаланғандарға  тағылған 

айыптарды  қайта  қарау  процесстері  мен  ақтау  процесстері  басталды. 

Лагерьлердегі адамдарды босату және атылғандарды ақтау істері қолға алынды. 

Иә,  қалай  десек  те,  қасірет  көлемі  аз  емес  және  КСРО  құрамындағы 

Қазақстан  сияқты  отар  елге  ол  үлкен  соққы  болып  тиді.  Бір  жағынан 

орталықтағыдай  партияны  “тазалау”,  экономика  саласындағы  кемшіліктерді 

“халық  жауларынан”  іздеу  саясаты  қолданылса,  екінші  жағынан  ҚазССР 

РСФСР-дің  құрамындағы  мемлекет  ретінде  отарлау  саясатының  жалғасын 

көрді.  Бұл  жылдары  сталиндік  қуғын-сүргін  қоғамның  көп  бөлігін  тіптен,  

барлық әлеуметтік топты қамтыды. 

 

 Әдебиеттер: 

 

1.Қойгелдиев  М.  «Ұлттық  саяси  элита.  Қызметі  мен  тағдыры  (ХVІІІ-ХХ  ғғ.)». 



Зерттеулер., Алматы: Жалын, 2004  

2.К.Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда». Алматы: «Ататек», 1995 

3.Омарбеков  Т.  «Зобалаң  (Күштеп  ұжымдастыруға  қарсылық)».  Оқу  құралы., 

Алматы: Санат,1994 

4.Нұрпейісов К. «Алаш һәм Алашорда». Алматы: «Ататек», 1995 

5. Мусин Ч. «Қазақстан тарихы». Алматы: Рауан, 1997 



 

 

 






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал