Қазақстандағы бүгінгі фармация


Әлсіз және күшті жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау



бет2/4
Дата07.04.2023
өлшемі450,04 Kb.
#80354
1   2   3   4
Байланысты:
400611.pptx

2. Әлсіз және күшті жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау

  • Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсібінің жағдайын талдау және шамамен 30 жергілікті өндірушідің пікірін сұрау құн есептеу тізбегіндегі бірнеше негізгі қиындықтарды анықтауға мүмкіндік берді.
  • Әлсіз жақтары. Шетелдік ойыншылармен бәсеке.
  • Жергілікті фармацевтикалық компаниялардың көпшілігі шетелдік ойыншылармен бәсекелестік жайында, әсіресе әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қауіп білдіреді. Өндірушілер ішкі нарыққа шығарылатын көптеген дәрілік заттар бойынша уақытша бағалық шектеулер енгізуге мәжбүр болды, бұл олардың рентабельділігі мен инвестициялау қабілетіне теріс әсер етті.
  • Жаңа өндірістік қуаттарды қатарға қосумен байланысты фармацевтика өнімдерін өндірудің жалпы экспортында шапшаң өсу қарқынының болжамдарына қарамастан, Қазақстан Республикасының фармацевтика өнімдерінің сыртқы саудадағы теріс сальдосы табысы орташа нарықтар мен дамушы нарықтарға тән жалпы дүниежүзілік үрдісін қайталай отырып, 2014 жылдың соңына дейін өсуін жалғастыратын болады.

Күшті жақтары.

  • Күшті жақтары.
  • 2014 жылдың соңына дейін қазақстандық фармацевтика өнімдері экспортының негізгі бағыты ТМД елдерінің нарықтары, сондай-ақ құрылымы жағынан ұқсас кейбір басқа нарықтар, мысалы, Монғолия нарығы болады. «ViOrtis» консалтингілік компаниясының 2008 жылғы деректері бойынша экспорттың 81%-ы құны бойынша және 91%-ты көлемі бойынша Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға жөнелтілді.
  • Алайда, соңғы уақытта Қырғызстан мен Өзбекстанда қазіргі заманғы жаңа қуаттар пайдалануға берілді (әзірше, шынын айтқанда GMP толық сәйкес келмейді) және екі ел де импортты алмастыру жөнінде белсенді шараларды жүзеге асыра бастады.

3. СК – Фармация

  • 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында «СҚ-Фармация» компаниясын құру туралы шешім қабылдады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 134 қаулысы).
  • Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету және тең құқылы серіктестік жағдайында жеке және мемлекеттік секторлардың күш-жігерін біріктіру жолымен ҚР-да фармацевтикалық саланы дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет