Қазақстандағы етті-майлы қой шаруашылығы және олардың өнімділік биологиялық ерекшеліктері


Зерттеудің зерзаты мен әдістемелері



бет2/3
Дата29.05.2022
өлшемі47,25 Kb.
#35883
1   2   3
Байланысты:
С.Сабырғалиева,соңғы — копия.плагиатқа

Зерттеудің зерзаты мен әдістемелері
Атырау облысы «Дастан Ата» шаруа қожалығында өсірілетін асыл тұқымды Еділбай қойларының сипаттамасы

Зерттеу зерзаты еділбай қойының өнімді және биологиялық ерекшеліктері зоотехникалық зерттеулердің жалпы қабылданған әдістеріне сәйкес зерттелді. Еділбай етті-майлы қойларын жетілдіру бойынша іріктеу процесінде мынадай параметрлер зерттелді: төлдердің өсуі мен дамуы, 4-4,5 және 7,5-8 айлық жастағы қалаулы типті қошқарлардың ет сапасы, аналықтардың өсімін молайту қабілеті, тұқымдық қошқарлардың, аналық және ұрғашылардың жүн өнімділігі, жүннің морфологиялық құрамы, жүннің физикалық-техникалық қасиеттері. Жас малдардың өсуі мен дамуы қозыларды туылған кезде және 4-4,5 және 7,5-8 ай жасында өлшеу арқылы зерттелді, Ата-аналарды бояу бойынша іріктеу тәжірибесін жүргізу үшін толық жастағы қойлар үш топқа бөлінді: І топ – 200 бас, ІІ топ-200 бас, ІІІ топ-200 бас. Күзде қарашадада жоғарыда аталған қойларды қолдан ұрықтандыру үшін Еділбай қой тұқымының әртүрлі түстердегі (қызыл, қоңыр, қара) қошқарлары таңдалды. Жылыой ауданындағы «Дастан Ата» шаруа қожалығы 2006 жылы құрылғаннан кейін,Исатай ауданындағы «Бақтығали» шаруа қожалығынан еділбай тұқымының қанымен сіңіре будандастырған 500 бас жерлілікті қазақтың құйрықты қойларын сатып алады. Сол жылдан бастап шаруашылық Батыс Қазақстан облысындағы «Бірлік» таза қанды еділбай қойын өсірітін зауыттан он бес бас тұқымдық қошқар әкеледі. Малмен мақсатты селекциялық жұмыс басталады. Нәтижесінде жүргізілген асылдандыру жқмыстарының арқасында таза еділбай қойының басы,яғни саны 2012 жылы 2000 бастан асады.Бұрыннан өздерінде 270 бас үшінші буын будандар болған. Келесі жылы Ауылшаруашылығы министрлігі құрған комиссия малмен жүргізілген селекциялық жұмыстардың қортындысына талдау жасап, қорытындысында малды асыл тұқымды еділбай қойы деп таниды.


Қазір елімізде өсірілген қой жүнінің басым бөлігі сыртқа экспортталып келеді. Ал оны өңдеп, пайдалану ісі әлі күнге дейін тиісті деңгейде дамымай отыр. Осыдан кейін малшы қауымы қылшықты етті бағыттағы қой түрін көбейтуге мән бере бастады. Олардың мұндай қадамға баруына соңғы кездері еліміздің Кедендік одаққа мүше болып, ет экспортының әуелетін арттыру мәселесінің күн тәртібіне швғуы себепші болғаны анық. Жалпы алғанда етті бағыттағы асылтұқымды қой өсірудің бірқатар артықшылығы бар. Әдетте етті бағыттағы қойлар күтімді көп қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді. Ол өз бетінше жайылып, адамға көп салмақ салмайды. Ал асылтұымды мад көп күтімді қажетсінеді. Бұдан басқа тиісті жемшөбі болуы да маңызды. Нарықтық қиыншылықтарды бастан өткерген қарапайым халық асылтұқымды малдарға қажетті азығын тауып бере алмай, олардың орнына экссентивті дамуға бейім етті бағыттағы қойларды көптеп өсіре бастағаны белгілі.
Жалпы алғанда етті бағыттағы қойлардың арасында қазақтың көнеден келе жатқан Еділбай қойының етіне жететін ет жоқ. Оның еті өте дәмділігімен ерекшеленеді. Әдетте қой жайылғанда шөптің нәзік жапырақтарын ернімен жұлып жейтіні белгілі. Осыны ғалымдар зерттеп, қойдың ерні өте сезімтал екенін анықтаған. Қой жайылымға шыққанда дәмді шөптер мен балғын жапрақтарды жұлып, оттайды. Қойдың сүбесінің дәмі ауыздан біразға дейін кетпеуі сондықтан.
Бүгінде Дастан Ата шаруа қожалығындағы еділбай қойларының өнімділігі жеткілікті дәрежеде жақсы жетілген. Еділбай қойы берік конституциясымен, жоғары етті майлы өнімділігімен, өсіру аймағының жағдайына төзімділігімен және бейімделгіштігімен сипатталады. Еділбай қой тұқымы едәуір ірі, мықты, бастары салмақты, орташа көлемді,тұмсығы үшкірлеу, дөңестігі айқын байқалады, бірақ ірі сүйекті емес. Мойын орташа ұзын, бұлшық еттері айқын көрініп тұрады. Кеуде қуысы терең, арқасы жазық, құйрығы үлкен , кеуде сүйегі сәл алға шығады. Терісі тығыз кең және жақсы дамыған. Дене тұрқы кең, сауыры тік, үлкен, ұзын, жалпақ қысқа мойынды, дұрыс түзу қойылған қысқа аяқты болу керек.Аталған шаруа қожалығында сипаты осындай келбетте. Десекте, Дастан Ата асыл тұқымды шаруа қожалығында еділбай қойларының дене формасында сәл ғана өзгерістер пайда болды. Мысалы, қошқарлардың үлкен промерлері 0,9 см-ге кішірейді, кеуде орамы кеудесімен тереңділігінің өзгеруіне байланысты 3,2 см-ге кеміді, саулықтар бойынша да осындай өзгерістер байқалды. Көптеген ауытқулар көбінесе олардың дене тұрқымен кеуде орамдарында байқалды. Шаруашылықтағы 1,5 жастағы тұсақтарының шоқтығының биіктігі, тұрқының қиғаш ұзындығы ересек малмен салыстырғанда, иық-жауырын қиылысындағы кеуде кеңдігі, сербек аралығының кеңдігі, кеуде орамы, осы көрсеткіштер бойынша, қасындағы шаруа қожалығы малдарымен салыстырғанда біршама жоғарылау болды , яғни еділбай қойларының тірілей салмағы жоғары деңгейде. Қозылары орта есеппен 4,8-5,5 кг салмақпен туылып, соңынан тез жетіледі.
Қазіргі кезде Дастан Ата шаруа қожалығында өсірілетін еділбай қойының саны 5.5 мыңнан асып отыр. Қой табынында жоғары салмағымен, жүн қоюлығымен және жүн түсімен ерекшеленетін өнімділігі жоғары малдардан құрылған. Етті-майлы қойдың бұл тұқымының аталған шаруашылықтағы табынының қазіргі жай-күйін талдау, қойлардың биологиялық ерекшеліктеріне тән керемет тез жетілгіштігі, табиғи жайылымда жақсы семіріп ет алуыменен және асыл тұқымды құндылығы бар ірі малдар екенін көрсетеді.
Жалпы, қой өсіруші жеке шаруашылықтар мен қосалқы шаруашылықтардың алдында тұрған басты міндет: қой саның көбейтіп, одан алынатын өнімді молайту, өнімнің өзіндік құның кеміту, адам күшін жеткілікті етіп, берік жемшөп қорын жасай білу. Мұның бәрі агрономиялық, зоотехникалық, мал дәрігерлік және өндірістік-техникалық шаралардың дер кезінде, әрі дұрыс қолдануына, еңбек ұйымдастыруды жақсартып, қой тұқымын асылдындыруға байланысты шешіледі. Қазіргі кезде қой шаруашылығын өркендету және өнімділігін арттыру жолдары бұрынғыға қарағанда терең зерттеліп, жаңа прогрессивтік тәсілдермен байылтуда. Атап айтқанда саулықты қыста қоздату, қойды жедел бордақылау, қозыны енесінен ерте айырып бөліп-бөліп, саулықтарды циклдық әдіспен ұрықтандыру, еңбекті жанаша ұйымдастыруды ұжымдық, бригадалық, фермерлік, арендалық-мердігерлік әдістерді барынша кенінен қолдану керек.
Біздің міндетіміз Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Дастан Ата ШҚ-да өсірілетін Еділбай тұқымды ет-майлы қойларының өнімділік - биологиялық ерекшеліктерін жетілдіру зерттеу және қалаулы түрдегі малдарды жинақтау бойынша жұмысты жалғастыру болды. Еділбай қойларын бағалау, қылшық жүнді құйрықты қойларды бағалау жөніндегі нұсқаулыққа және асыл тұқымды малдар үшін өнімділіктің ең төменгі көрсеткіштеріне толық сәйкес жүргізілді. Қойларды іріктеу қажетті типтегі жануарларды өлшеу және өсіру арқылы жүргізілді. Қалаған типтегі қойлар жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген асыл тұқымды табынға іріктелді. Селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу кезінде барлық қажетті ветеринариялық іс-шаралар жүргізілді. 2020-2021 жылдардағы қой төлдеу кезеңінде ұрықтануын (шағылысуын) және қозыларын есепке алу журналының талаптарына сәйкес: қозылардың туу кезіндегі тірі салмағы, жынысы, сырға нөмірі, сондай-ақ саулық қойлардан қозыларды жұлу кезінде алынған тірі салмақ деректері толтырылды.
Аталған шаруа қожалығындағы асыл тұқымды еділбай қойының аталық малдарының салмағы орта есеппен 90,3кг,жүн түсімі 2,2 кг, сақа саулықтардың салмағы мен жүн түсімі тиісінше 68,6 мен 2,0 кг.болды. Ал 14-15 айлық жас қошқарлар мен тұсақтардың орташа салмақтары тиісінше 62-47кг. тартқан. Бұл сақа қошқарлар мен сақа саулықтар салмағының 67-68%-ын ұстайды.
Кесте де, аталған шаруашылықта әр түрлі жастағы негізгі мал топтарының өнімділігі берілді. Малдың тірілей салмағы соңғы жылдары өңірде болған қуаңшылық жағдайға байланысты еділбай қой тұқымына арналған өнімділігі ең төменгі көрсеткіштен сәл төмендеу, бірақта малдың даму дәрежесі, бітім ерекшелігі, дене құрылысы,өсіп - өнуі осы малдың стандартқа сәйкес келеді.
Жалпы, қандай ма болмасы мал тұқымдарының тірі салмақ деңгейі мал онтогенезінің түрлі кезеңдеріндегі оның өсіп-жетілуі сипатын анықтайтын ең басты көрсеткіш болып саналады. Қой шаруашылағымен айналысқан атақты ғалымдар М.Ф.Иванов, В.А.Бальмонт, Қ.Ұ.Медеубеков, К.К.Канафиннің көптеген ғылыми зерттеу еңбектерінде тірі организмнің өсіп-жетілуінің белгілі бір биологиялық заңдылықтарға байланысты екендігі жөнінде деректер келтіріледі [4]. Малдардың белгілі бір жас кезеңдеріндегі тірі салмақ деңгейі мен өсіп-жетілу қарқынының үлкен маңызы бар, себебі тез жетілгіш төл шаруашылықта пайдалану мезгіліне баяу өсетін тұстастарына қарағанда ертерек жетеді және бірдей жағдайда салмақ өсімі бірлігіне аз мөлшерде азық жұмсайды.
Кесте де көрсетілген,еркек және ұрғашы қозылардың өсу кезеңдерінде тірілей салмақтары тәжірибелеріндегі ғылыми дәлелденген деректерге сәйкес келеді. Бұл жас кезеңінде таза тұқымды еділбай қойларынан алынған қозылардың салмағының басқа тұқымды қойлармен салыстырғанда артықшылығы сақталады. Дегенмен, 4-4,5 айлық жас кезеңіндегі тәжірибедегі толтар арасындағы тірі салмақ көрсеткіштерінің айырмашылықтары статистикалық дәйекті емес екендігін айту қажет. Сондай -ақ, тірі салмақтың өзгеруі қозылардың жетілу деңгейін толық сипаттай алмайтыны белгілі. Осыған байланысты сырт пішін көрсеткіштерін негізгі және құрылымы өлшемдерін алып және керекті индекстерді есептеу арқылы зертеу қажеттілігі туындайды. Биылғы қой науқанында туылған қозылардың пісіп – жетілуін зерттеу үшін, сырт – пішін ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік беретін, олардың туылғаннан 1,5 жас кезеңіне дейінгі даму аралықтарындағы кейбір дене мүшесі өлшемдерін алдық.
Кестедегі мәліметтер, яғни еділбай қойларынан жаңа туған қозыларыныің дене өлшемдері олардың ұрпақтарының тірі салмақ деңгейлеріне сәйкес келетінін сипаттайды. Ең жоғары салмағы бар қозылар, ең жоғары сырт пішін өлшемдерімен көрінді. Осы жерде бір ескертетін жәй, диплом жұмысымызды аяқтау мерзіміне байланысты қозылардың 4 – 4,5 айлығындағы дене өлшемдерін ала алмадық. Бірақ оның орнына өткен жылғы қозыларды бүгінде 15 айлық болған тоқтылардың дене өлшемдерін алғанда төмендегідей болды.

Қойлардың сыныптық құрамы


Зоотехния ғылымында етті - майлы құйрықты қой шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстары малдардың өсімталдығын, еттілік- майлылық қасиеттерін жақсартуға, өсіру ортасына төзімділігін және берілген жем - шөтпі жақсы пайдаланып, оның қайтарымын арттыру қаблеттерін жетілдіруге бағыталуы тиіс.


Сұрыптау туралы ілімді кезінде Ч.Дарвин жасаған болатын. Сұрыптаудың екі түрі бар. Олар табиғи және қолдан сұрыптау. Қолдан сұрыптауды адам жүргізеді, мұнда ол өзіне қажетті қасиеттері бар малдарды ұрпақ алу үшін іріктеп таңдап алып, сақтайды және көздеген мақсаттағы белгілері нашар дамыған жануарлардың тұқымдық мал ретінде көбеюіне жол бермейді. Сұрыптау дегеніміз, басқаша айтсақ, өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және тіршілікке бейімділік секілді құбылыстардың нәтижесі болып табылады. Мәдени және интенсивті мал шаруашылығы жағдайларында қолдансұрыптау негізгі творчествалық роль атқарады. Алайда тұқымды жетілдірудің немесе жаңа тұқым шығарудың барлық кезеңдерінде табиғи сұрыпталу сөзсіз әсер етеді.
«Дастан Ата» шаруа қожалығындағы еділбай қойларының қалаулы түрі ет және жүн өнімділігіне, өнім сапасына, биологиялық қасиеттеріне, жергілікті ұстау жағдайларына бейімделуіне қатысты мал тұқымының ішкі талаптарына барынша толық қанағаттандырады. Бағымдағы мал тұқымының қазіргі жағдайдағы сипаттамасын жоғарыдағы бөлімдерде айтылды. Еділбай қойлары дене тұлғасының ірілігі мен тірі салмақ көрсеткіштері бойынша тек гиссар қойларынан ғана сәл төмен деңгейде, ал жүн түсімі мен жүн сапасы едәуір жоғары.
Асылтұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда малды бонитировкалау малдың түріне,тұқымына қарай,белгіленген нұсқауға сай уақытында асылдандыру жұмысының бағыты мен мақсатына байланысты жүргізіліп отырылады, яғни малдарды белгілер жиынтығы бойынша бағалап тиісті класқа бөлу. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша біз жұмыс жүргізіп отырған шаруа қожалығында еділбай қойы тұқымын бонтировқалау алдымен көктемдік жүн сапасы мен түсімін анықтап алып, екінші рет күзде олардың жайылымда семіруіне байланысты тірі салмағын және көктемгі, күзгі жүннің жалпы түсімін, сапасын анықтау негізінде қорытынды баға береді. Ал төлдерін он бес айлығында бонтировкалағанда тек көктемгі жүн түсімі есепке аланады.
Ауыл шаруашылығы малдарын асылдандыру жұмыстарында белгілі бір табын, сүле немесе топ малдары үшін анықталған селекциялық-генетикалық параметрлерді қолдану бұл жұмыстардың нәтижелігін арттырады.
Белгілі бір тұқым, сүле және желі малдарын жетілдіру ісінде селекцияланатын белгілердің бір-бірімен байланыстарының сипатын зерттеу бірнеше өнімділік белгілер бойынша іріктеу жүргізгенде аса қажет болады, себебі ол жұмыстардың нәтижелілігі белгілердің байланыс заңдылықтарымен қамтамасыз етіледі. Дастан Ата шаруа қожалығында 2013 жылы еділбай қойының саулықтарының селекциялық тобында генетикалық құрылымды жетілдіру үшін екі генеалогиялық желі құрылып кейіннен жетілдіріліп, ҚР АШМ сараптық комиссиясының шешімімен апробацияланған болатын. Аталған шаруашылықта еділбай қойын желілеп өсіру малдардың өнімділік қасиеттерін жетілдіру мен тұқымын асылдандыру жұмыстарындағы ең тиімді селекциялық тәсіл болып шықты. Малды мұндай әдіспен өсіру белгілі бір өнімділік белгісі тұрақталған желілік қошқарлар арқылы сол жоғары деңгейдегі өнімділік белгіні отардағы, табындағы төлдерге дәйекті түрде берілетіндігі дәлелденді.
Бұл Жылыой ауданында еділбай қойын өсіретін шаруашылықтардағы алғашқы ғылыми жаңалық болды. Кейіннен шаруа қожалығы асыл тұқымды еділбай қойын өсіретін шаруашылыққа айналды. Шаруа қожалығы аудандағы басқа қылшық жүнді құйрықты қой өсіретін шаруашылықтарды, көрші Қызылқоға, Мақат аудандары мен Маңғыстау облысы шаруашылықтарының малдарын асылдандыруға қошқармен қамтамасыз етіп отыр.
Біздің зерттеулерімізде тәжірибедегі тұсақтардың негізгі өнімділік белгілерінің өзара байланыстарының сипаты зерделенді. (5-кесте).
Тәжірибедегі тұсақтардың өнімділік белгілерінің арасындағы өзара байланыс сипатында шаруа қожалығында қой тұқымының апробациядан өтіп бекітілгеніне сегіз жылдан астам уақыт өткенде қандай сапалық өзгерістер болғанын анықтау мақсатымен зерттеулерде алынған деректер тұқым апробацияланған жылға осындай мәліметтермен [2013] салыстыра зерделенді.
Тірі салмағы бойынша асыл тұқымды табынның қалаулы түріндегі қойлар тұқым стандартына сәйкес келеді (5-кесте). Еділбай тұқымының төлдері 1,5-2 жасқа дейінгі жас өсу энергиясымен ерекшеленетінін атап өткен жөн. Олар осы жаста ересек қойлар салмағының 75,0-80,0% - іне жетеді.
Шаруа қожалығындағы аталған тұқымды қойлардың жылдың кейбір мерзімдерінде шөлейт аймақтарда пайда болатын тиімді азықтық және ауа райы жағдайларын марқайған не жас төлдер болсын жақсы пайдалана алатындығы бұл қойлардың өте құнды биологиялық ерекшелігі болып табылады.
Атырау өңірі еділбайларының өнімділік-пішін ерекшеліктерінің қалыптасуына жергілікті жағдайларға өте жақсы бейімделген жергілікті құйрықты қойлардың нәсілдік қасиеттерімен бірге оларды Батыс Қазақстан облысы еділбайларымен жақсартудан алынған қан үлесі әртүрлі будан ұрпақтардың Каспий маңы ойпатының аса қатаң табиғаты мен өсімдігі жұтаң азықтық жағдайларына бейімделу деңгейлерінің де өзіндік әсері болды деп байлам жасауға болады.
Бүгінгі таңдағы Батыс Қазақстан облысы мен Атырау өңірі еілбайларының басты сырт-пішін ерекшеліктері төмендегідей: Е-Б қойларының басы Е-Ат қойларына қарағанда жеңілдеу, ал мойны ұзындау келеді. Екіншілерінің кеуде тереңдігі, кеуде кеңдігі, кеуде және бақай орамдары көрсеткіштері біріншілерінен біршама басым. Дене тұрқының қиғаш ұзындығы Е-Б қойларында едәуір артық. Яғни, азғыр даласы мен Нарын құмдарының табиғи-климаттық жағдайлары еділбай қойының кең кеуделі, қысқалау тұрықты, шымыр сүйекті, онша үлкен емес тартыңқы құйрықты еділбай қойының өзіндік түрінің қалыптасуына әсерін тигізді.
Осындай тұлғалы Атырау еділбайының қалыптасуына, ең алдымен, селекционерлердің ұзақ жылғы мақсатты да бағытты селекциясының үлкен әсері болды. Белгілі бір табиғи-климаттық жағдайда сол жағдайларға бейімделген мал тобы, не типі ғана жоғары өнімділік көрсете алады. Солардың бірі біз малмен жүргізілген селекциялық жұмыстарын зерттеп отырған ДастанАта шаруақожалығы.



  1. Селекциялық топ қойларының өнімділіғі

Зоотехника ғылымында тұқым үлгісі деп тиісті өкілетті орган бекіткен белгілі бір мал тұқымының асыл тұқымды малдарының өнімділігіне, дене құрылысына және шығу тегіне қойылатын ең төменгі талаптарды айтады. Бірінші класты малдың бітіміне,ет және жүн сапасына,өнім мөлшеріне қойылатын талап сол қой тұқымының үлгісі болып табылады. Малдарды селекциялық топтарға бөлгенде тек қана қойдың құйрығына емес,сондай - ақ жүнінің сапасына, түсіне, жылтырлығына, жуандығына, ұзындығына біркекілігіне, түбіті мен қылқандарына,өлі ташықтарының жоқтығына назар аударылады.


Ауыл шаруашылығы малдарының тірі салмақ деңгейіне олардың постнатальды даму кезеңінде қоршаған орта, яғни паратиптік факторлар көп әсер етеді. Басқаша айтқанда олардың өсіп-жетілуі азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларына едәуір деңгейде байланысты болады. Бұл айтылған қағиданың күнделікті селекцияда үлкен маңызы бар. Біздің тәжірибемізде ұрғашы тоқтылардың тірі салмақ деңгейінің түрлі жас кезеңдеріндегі өзгергіштік коэффициенттерін салыстыра келгенде олардың мәнінің төлдер есейген сайын төмендей беретіні анықталды. Біздің пікірімізше, өзгергіштік коэффициенттің мәнінің төмендеуі туылғанда жеңіл салмақты қозылардың постнатальдық кезеңнің барысында ағзаның бұл жетіспеушілікті толықтыруға деген биологиялық заңдылық көлеміндегі ұмтылысына және белгілі бір топтағы малдарды іріктеп, таңдаулыларын өсіру үшін қалдыруға арналып жүргізілетін селекцияның бағытына байланысты болады.
Еркек қозылардың тірі салмақ деңгейінің өзгергіштік коэффициенттері ұрғашыларына қарағанда сәл төмендеу екендігі аңғарылды, тиісінше туылғанда 8,4 және 12,5%, енесінен бөлгенде – 7,1 және 8,0%. Бұл коэффициенттің шамасы селекциялық бағыты мен белгілі бір топ малдарын селекцияланатын белгілер бойынша іріктеу деңгейіне байланысты болады. Яғни, тәжірибе отарындағы еркек төлдерді тірі салмақ деңгейі бойынша іріктеу жұмыстары ұрғашыларына қарағанда қатаңырақ жүргізілетіндігі аңғарылады.
Қозылар енесімен бірге,әдетте,төрт ай бірге жүріп өсіп жетіледі. Бұл кезеңде олар қоректік заттардың қажетті мөлшерімен толық қамтамасыз етіледі ( ене сүті мен жайылымның балауса шөбі). 4-5 айлығында қозылар жайылым оты мен басқа да жем шөп түрлерін жей алады және жақсы дамыған дене тұлғасымен ерекшеленеді. Осы кезеңде қозыларды енесінен бөледі, олардың жынысына,жетілу деңгейіне, жүн түсіне қарап жеке отарлар құрады,оларды жақсы суаты бар таңдаулы жайылымдармен қамтамасыз етеді,қажетті жағдайда құнарлы жеммен үстеп қоректендіреді.Элита, бірінші класты аналық пен өнімділігі жоғары аталықтардан алынған ұрғашы және еркек тоқтыларды табынды толықтыруға бөліп алады да арнайы отарларға біріктіреді .Оларға ең жақсы азықтандыру, күтіп - бағу жағдайларын жасайды.Тұқымдық ұрғашы тоқты отарларында 600-750 бас, еркек тоқты отарларында 600 бас тоқты етіп отар жасайды. Қыс түскенге дейін тоқтылардың бұғанасы бекіп, жайылым оты мен азықтың басқа да түрлерін пайдалануға үйренуі керек. Сондықтан жас төл отарларына шөбі жұмсақ та шүйгін жайылымдар бөлінеді, қажет жағдайда тоқтылар жеммен үстеп азықтандылады. Қыс мезгілінде де тоқтылар жеммен және жұмсақ, ұсақ шөппен үстеп қоректендіріледі. Бітімі берік, өміршең және өнімділігі жоғары төл өсіру қойлардың тұқымдық қасиеттерін жақсарту өнімділігін жоғарлатудың негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет