Өндіріске ұсыныс
1. Дастан Ата шаруа қожалығында өсірілетін асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік қасиеттері, тұқымдық құндылығы, төлдерінің жетілгіштік қабілеттері, тұқым эволюциясының ұрпақ ауысымы уақытында үздіксіз ұнамды бағытқа сай дамуын қамтамасыз еткен тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерделеп іс жүзінде қолдану нәтижесінде аталған шаруа қожалығында өте құнды қой табыны қалыптасқан. сондықтан осы шаруашылықта өсірілген асыл тұқымды төлдерді етті-майлы бағыттағы қойларды жақсартуға көптеп пайдаланған жөн болады.
2. Ең жоғары экономикалық тиімділік қамтамасыз етілетіндіктен еркек қозылардың басым бөлігі етке енесінен бөлгенде 4-4,5 айлық жас кезеңінде өткізілсе.
3. Дастан Ата шаруа қожалығының қойларының ет өнімділігін арттыру үшін Батыс Қазақстан облысының Бірлік асыл тұқымды зауытынан немесе облыстағы Сүйіндік жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұнамды типті еділбай қойы тұқымдық қошқарларын пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |