Минералды шикізат. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.Адамзат қоғамының минералды-шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады.Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Минералды-шикізат қорлары маңыздылығы жағынан: Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие: қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді.
Мұнай - газ саласы Қазақстан Республикасының энергетикалық қуат көзінің екінші орында. Республиканың энергетикалық баланста мұнай - газ саласының негізгі үлесі көмір салаласынан кейін 18,6% және 14% құрайды: Қазақстан Республикасының Энергетикалық балансы.
Павлодар мұнай өңдеу зауыты Өндіріс Өндіріс сипаттамасы Технологиялық қондырғылар сипаттамасы Атырау мұнай өңдеу зауыты Қондырғылар Мұнай өнімдері Қоршаған ортаны қорғау Шымкент мұнайорганикалық синтез зауыты Өндіруші бөлімше Қайта өңдеуші бөлімше Мұнай өңдеу мәселесі
Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мұнай өңдейтін Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын. Қондырғылардың бірегей жиынтығы мұнайды 80-85 пайызға дейін тереңдете өңдеуге мүмкіндік береді. «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 1978 жылы іске қосылды, батыс –сібір кен орны мұнай шикізатын өңдеуге бейімделген, отын әдісі бойынша жобаланған. Зауыт құрамы келесі технологиялық қондырғылар және кешендерден тұрады. ЛК-6У кешені – мұнай өңдеу ; КТ-1 кешені – мазутты тереңдете өңдеу; мұнай битумдарын өндіру қондырғысы ; баяулатып кокстеу қондырғысы; күкірт өндіру қондырғысы. 2009 жылы сутегін өндіру жөніндегі қондырғы іске қосылды. Павлодар мұнайхимия зауыты мұнайөнімдеріның 10-нан астам түрін шығарады: бензиндер, реактивтік қозғалтқышқа арналған отын, дизель, қазандық отындар,сұйытылған газдар, битум, кокс, маркалары әртүрлі күкірт және т.б. Қазақстанның мұнай өңдеу саласының қазіргі даму кезеңі мұнай өңдеу зауыттары алдына оның әріғарай технологиялық дамуы және экономикалық әлеуетіін жоғарылатуға ықтимал ететін шешімдер мен міндеттерді алдына қояды. Өндіріс пен технологияны жетілдіру, өнім сапасын жоғарылату кәсіполрынның қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз ықпалдардың әжептәуір төмендеуіне және мұнай өнімдерінің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Атырау мұнай өңдеу зауыты - Қазақстандағы ірі өндіріс ошағының бірі. Зауытты жобалау КСРО мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының жоспарлы тапсырмасы негізінде 1943 жылы басталды. Зауыттың техникалық жобасын американдық "Баджер и сыновья" фирмасы жасады. Ал оған түзетуді КСРО мұнай өнеркәсібі халық комиссариаты № 1 мемлекеттік тресінің жобалаушы ұйымы жүзеге асырды. Жергілікті жағдайға ыңғайлау жұмыстарының авторлары - "Эмбанефтьпроектінің" жобалаушылары. Зауыт құрылысы соғыс уақытының аса қиын жағдайында жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам адам қатысқан. Зауыт 1945 жылдың 8 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Алғашқы өнімі – автокөлік бензині. Зауыттың алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна болды. Жұмысы Ембі кен орындарының мұнайына, Бакуден тасылып әкелінетін дистиллятқа негізделді. Зауыт алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлық және қазандық отындарын шығарумен айналысты. Батыс Қазақстан аймағының дамуына, мұнай өндіру көлемінің артуына сәйкес зауыт 1965 жылдан бастап қайта жаңғырту жолымен тасып әкелінетін қымбат дистиллятты өздері шығаратын дистиллятқа ауыстыру жөніндегі мәселені қарай бастады. 2003-2006 жылдар арасында зауытта қайта жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізіліп, АМӨЗ жапондық Джей Джи Си және Марубени Корпорейшн компанияларымен серіктестікте жұмыс жасады.
Табиғат ресурстары Ресей жері табиғат ресурстарының барлық түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40%дан астамы өндірісте игерілуде. Ресей дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің суэнергетикалық қоры жөнінен 1-орынды, ал өңделетін жер үлесі жөнінен 3-орынды иеленеді.
Минералдық ресурстары Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1%-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.
АҚШ жері табиғи ресурстарға да өте бай. Минералды шикізат түрлері кең тараған. Пайдалы қазбалары: Тас көмір, Қөңыр көмір мұнай, табиғи газ, темір кені, Вольфрам кені, молибден кені алюминиий кені, полиметал кені, мыс , қалайы кені, алтын, платина, уран кені, фосфориткалий тұзы. Энергетикалық ресурстар Агроклиматтық ресурстар су ресурстарына да бай.