Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы Бүгін сабақта



Дата10.01.2023
өлшемі1,5 Mb.
#60801
түріСабақ
Байланысты:
2 сабақ. Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы 2


Қазақстандағы
моңғол шапқыншылығы
Бүгін сабақта:
  • XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсінесіз;
  • Қазақстанды толық жаулап алу соғыстарымен танысасыз.

Сығанақ-қазақ тарихында өзіндік орны бар ортағасырлық қала. Қала туралы алғашқы дерек Х ғасырдағы парсы шығармасы «Худуд әл- Әлемде» кездеседі. Ертедегі Сығанақ Қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты
«Қыпшақ даласының айлағы» деп атаған.
Есте сақта!
Хорезмшах мемлекетінің күйреуі.
Одан кейін Хорезмшах мемлекетінің екінші астанасы Самарқандта моңғолдар алдында тізе бүгеді.
Сырдарияның төменгi ағысы бойындағы қалаларды бағындыруға жiберiлген Шыңғысханның
Ашнас қаласы
Жент қаласы
Отырар қаласы
Оңтүстік Қазақстанның үш қаласы-Отырар, Сығанақ, Ашнас қиян-кескi қарсылық көрсетті.
Солтүстiк-батыстан қазiргi Қазақстан даласына кіріп, шығыс қыпшақ тайпаларын бағындырды.
Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Иранға қарай қашты, монғолдар Мұхаммедтiң соңынан қуу кезiнде Кавказ арқылы Батыс Дештi Қыпшақтан бiр-ақ шықты.
1221 жылы Үргеніштің құлауымен Шыңғыс хан бастаған моңғол әскері Орта Азия аумағын жаулап алуды аяқтады.
Қазақстан және Орта Азияның
1213 жылға дейінгі картасы
1224 жылы Шыңғысхан шығыста Амурдан, батыста Әмударияға дейiнгі аумаққа өз билігін орнатты.1227 жылы қайтыс болды. Алайда монғол жаулап алушылығы мұнымен аяқталған жоқ. Шыңғысхан ұрпақтары оны одан әрі жалғастырды.
Қазақстан аумағын толық жаулап алу.
Арал теңізінің солтүстік-шығысына қарай қыпшақ хандарының иеліктерін бағындырды.
Жошы әскері
Жебе мен Сүбедей нояндар бастаған әскер
Солтүстік Иран, Кавказ жерлерін басып өтіп, аландарды, қыпшақтарды талқандады.
Шыңғысханның және оның қолбасшыларының Орта Азия және Қазақстанға жорықтары
1219-1221жж.
1229-1230 жылдары Батыс Қазақстан аумағындағы кейбір қыпшақ рулары табанды қарсылық көрсеткен. Әсіресе ортағасырлық деректерде елбөрілі руының билеушісі Башманның ерлігі туралы мәліметтер сақталған.
Шыңғыс ханның жаулап алу соғыстарының нәтижелері.
Моңғол шапқыншылығын көзімен көрген автор:
«Адамдар бұрынғы ғасырларда, жойылған мемлекеттер заманында да құлақ естіп, көз көрмеген апаттардың куәсі болды»,– деп сипаттаған.
Тұтастай қалалар халқымен бірге, мысалы, Отырар, Сығанақ, Ашнас жойылды. Орасан зор адам шығыны орын алып, материалдық және рухани құндылықтар қиратылды.
Тарихи диктант
Үргенішті алған соң, .......... әскері Арал теңізінің солтүстік- шығысына қарай ............ хандарының иеліктерін бағындырды.
......... мен ......... нояндар бастаған әскер Солтүстік ......, ........ жерлерін басып өтіп, аландарды, қыпшақтарды талқандады.
Жауабы:_Үргенішті_алған_соң_,_Жошы'>1-тапсырма
Жауабы:
Үргенішті алған соң , Жошы әскері Арал теңізінің солтүстік - шығысына қарай қыпшақ хандарының иеліктерін бағындырды.
Жебе мен Сүбедей нояндар бастаған әскер Солтүстік Иран, Кавказ жерлерін басып өтіп, аландарды, қыпшақтарды талқандады.
Монғол шапқыншылығының қандай зардаптарын білесің?
2-тапсырма
Талда, талқыла?.....
?
?
?
Қала мен қоныстар қаңырап бос қалды;
Қалалық мәдениеттің дамуына кедергі болды;
Елдер арасындағы қарым-қатынас мүлдем тоқтады;
Халықтың этникалық құрамы бұзылды;
Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзақ жылға кешеуілдеді.
Жауабы:
Қорытынды
XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіңіз;
Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттадыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет