Ойыл (30 – 70 мг/л), аммоний (5 – 30 мг/л), т б. микроэле- менттер бар. Оба жотасы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата17.01.2017
өлшемі2 Mb.
#2106
  1   2   3   4

499

Ойыл

(30 – 70 мг/л), аммоний (5 – 30 мг/л), т.б. микроэле-

менттер бар. 

ОБА  ЖОТАСЫ  –  Кенді  Алтайдың  батысындағы 

жота.  Шығыс  Қазақстан  обл.  Глубоков  ауд.  және 

Риддер  қалалық  әкімдігіне  қарасты  жерінде,  солт.-

батыстан  оңт.-шығысқа  қарай  120  км-ге  созылып 

жатыр. Батысынан (600 м) шығысына қарай (1812 м) 

биіктей түседі. Жота кристалды тақтатас, әктас, гра-

ниттен  түзілген.  Батыс  бөлігіндегі  беткейдің  етегін 

дала өсімдіктері, шығысын шыршалы-самырсынды, 

кей  жерлерін  көктеректі-қайыңды  орман  алып  жа-

тыр.  Кен  байлықтарынан  қорғасын,  мырыш,  мыс, 

құрылыс материалдары өндіріледі. 

ОБухОв  ТиТАндЫ  кен-ҚАйрАҢдАр  ТО- 

БЫ – Ақмола обл-нда, Көкшетау қ-нан солт-ке қа- 

рай 35 км жерде Қазақстан қалқанының солт. еңісін- 

де орналасқан. Құрамы 3 телімнен (Горьков, Обухов 

және Березов) тұрады. Жоғ. эоцен жасындағы обу-

хов шоғырының құмды түзілімдеріндегі шашыран-

дылар  палеогендік  аккумулятты  жазықтың  шеткі 

бөлігінде  орналасқан.  28  м  қалыңдықтағы  өнімді  

түзілімдер  үгілу  қыртысында  қалыптасып,  үш  бө- 

лікті  құрылым  құрайды.  Жоғары  концентрациялы 

титан мен цирконийдің минералдары төм. және жоғ. 

шоғырлардың астындағы ұсақ түйірлі құмтастарда 

кездеседі. Төм. шоғыр астында олар бірінші өнімді 

горизонтты, ал жоғарыда – екінші және үшінші го-

ризонтты  құрайды.  Екінші  горизонттың  өнімділігі 

жоғары, ол 75% кенді минералдардан тұрады, оның 

ішінде  ильменит  36%,  цирконий  26%,  рутил  8%, 

лейкоксен  9%.  Бұл  горизонттың  созылуы  Горьков 

телімінде 9,4 км, Обуховта 12,8 км, Березовта 4,2 км-

ге жетеді. Бұл телімдерде едәуір байыған кендер ұз. 

8 км-ге дейін және ені 1,5 км-ге дейін шоғырларды 

құрайды. Сипатталған шашырандылар – сирек ме-

талды-титан өндірісінің шикізат базасы. 



ОйрАндЫ – Шу алабындағы өзен. Жамбыл обл-

нда. Қырғыз Алатауының солт. сілемдерінен бастау  

алып,  Меркі,  Шу  аудандары  аумағымен  ағып,  Қо- 

рағаты өз-не оң жағынан құяды. Ұз. 100 км, су жина-

латын алабы 640 км

2

. Қар, мұздық, жаңбыр суымен 



толығады.  Көктем  айларында  тасиды.  Бастауында 

(Қырғызстанда)  Жарлықайың  деп  аталады.  Жоғ. 

аңғары тік жарлы, төменде жазыққа шығып, аңғары 

кеңейеді. Суы егін суғаруға пайдаланылады.



ОйрАШ (Ostrovskіa) – қоңыраугүлділер тұқымда-

сына  жататын  көп  жылдық  өсімдік.  Қазақстанда 

Өгем  жотасының  (Батыс  Тянь-Шаньда)  оңт.-ба-

тысындағы  орташа  биіктіктегі  тау  белдеулері  мен  

жартастардың  қорымдарында  өсетін  1  түрі  –  к ө - 

р і к т і  О. (О. magnіfіca) бар. Биікт. 1 м-дей. Сабағы 

мықты,  сырты  тегіс,  іші  қуыс  болады.  Шоқтанып 

орналасатын  жапырақтарының  пішіні  жұмыртқа 

тәрізді, жиектері ара тісті ойықталып келген. Тос- 

тағанша гүлжапырақшалары жіңішке қандауыр тә- 

різді, күлтесі ашық көгілдір, сирек ақ түсті. Тұқы- 

мынан  көбейеді.  Маусым  –  шілде  айларында  гүл-

деп,  тамыз  –  қыркүйекте  жеміс  салады.  Жемісі  –  

көп тұқымды қауашақ. Көрікті О. сәндік үшін өсі-

ріледі, Орта Азияның өте сирек кездесетін реликт 

өсімдігі.  Қорғауға  алынып,  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына» енгізілген. 

ОйСАЗ БҰЛАҚТАрЫ – Жетісу (Жоңғар) Алата- 

уының солт-ндегі, Алматы обл. Текелі қ-нан солт.- 

шығысқа  қарай  22  км  жердегі,  Ойсаз  өз-нің  аң- 

ғарындағы  бұлақтар  тобы.  Суы  тұщы,  минералд.  

0,15 – 0,5 г/л. Хим. құрамы негізінен гидрокарбо-

натты,  сульфатты  натрийлі.  Су  құрамында  крем-

ний қышқылы (70 – 85 мг/л), фтор (10 – 15 мг/л), 

күкіртсутек (2 – 25 мг/л), радон бар. Су темп-расы 

жазда 30 – 35°С, қыста –20 – 25°С болады. Әр бұ- 

лақтың тәуліктік су өнімі 15 – 30 м

3

. О. б. суының 



құрамы  мен  шипалық  қасиеттері  жағынан  Алма- 

арасан шипалы бұлақтарына өте ұқсас.  



ОйСЫЛҚАрА,  С а р м ы р з а   –  Ор  алабындағы 

өзен. Ақтөбе обл. Хромтау ауд. жерімен ағады. Ұз. 

113  км,  су  жиналатын  алабы  1900  км

2

.  Хромтау  қ-



ның батысындағы бұлақтардан басталып, Қопа а. тұ-

сында Ор өз-не құяды. Аңғары кең, арнасы тік жар-

лы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. 

Суы тұщы. Ұз. 10 км шамасында болатын 15 саласы 

бар. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. 

ОйСЫЛҚАрАСАй  –  Сырдария  алабындағы 

өзен.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Отырар  ауд.  жерімен 

ағады.  Ұз.  72  км,  су  жиналатын  алабы  880  км

2



Өзен  Қаржантау  етегіндегі  бұлақтардан  бастала-

ды. Сырдарияға жетпей тартылып қалады. Арнасы 

тік  жарлы.  Жауын-шашын,  жер  асты  суларымен 

толығады. Су деңгейі ақпанда көтеріліп, мамыр – 

маусым айларына дейін су ағыны болады. Салала- 

ры – Соркөлсай, Шығанақсай. Өзен аңғарында бе-

теге,  жусан,  көде  және  аласа  бұталар  өседі.  Егін 

суғаруға пайдаланылады.



ОйЫЛ – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау 

және  Батыс  Қазақстан  облыстары  жерімен  ағады. 

Ұз. 800 км, су жиналатын алабы 31 мың км

2

, Ақтөбе 



обл-ндағы Қандыағаш т. ж. ст-ның солт.-батысында 

50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау 

обл.) бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше 

көлге құяды (ертеде Жайық өз-не құйған). Өзеннің 

жоғ.  және  ортаңғы  бөлігіндегі  аңғары  терең  сай-

жырамен тілімденген, төм. бөлігі белесті жазықпен 

ағады. Негізгі арнасының ені 20 – 40 м. Жер асты, 

жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде қар 

суымен  өзен  деңгейі  көтеріледі,  минералдылығы 

азаяды. Жазда қарасуларға бөлініп, тұздылығы ар-

тады. Басты салалары: Ащыойыл, Кенжалы, Қиыл, 

Қайыңды. Жылдық орташа су ағымы Миялы а. тұ-

сында 10,8 м

3

/с. Жайылмасы – Ақтөбе, Атырау об-



лыстары  шаруашылықтарының  шабындығы.  Суы- 

мен  егін,  мал  суарылады.  Өзен  бойында  Миялы, 

Ойыл, т.б. елді мекендер орналасқан. 

Ойыл өзені



500

Ойыл

ОйЫЛ  АудАнЫ  –  Ақтөбе  обл-ның  солт.-баты-

сында  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  1930  ж.  құрыл-

ған. Жер аум. 11,5 мың км

2

. Тұрғыны 19,6 мың адам. 



Халықтың  орташа  тығызд.  1  км

2

-ге  1,7  адамнан 



келеді (2010). Ірі елді мекендері: Ойыл, Көктоғай, 

Қаратал,  Сарыбие,  Ақжар,  Кемер,  Қараой.  Аудан- 

дағы 23 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген. 

Орт. – Ойыл а. О. а-ның жері негізінен эрозиялық-

денудац. жазықта орналасқан. Орт. бөлігі көтеріңкі 

келген. Ол сай-жыралармен тілімденген. Өзен аңға-

рында Барқын, Сарытөбе, т.б. құмды алқаптар кез-

деседі. Геоморфол. тұрғыдан аудан Каспий ойпаты-

ның  құмды-саздақты  жазығында  орналасқан.  Жер 

қыртысы Шығыс Еуропа платформасының Каспий 

маңы синклизасына (ойысына) кіреді. Ол өз кезегін-

де  Елек-Ембі  белдеміне  ажыратылады.  Елек-Ембі 

белдемі  Орал  алды  ойпаңының  Елек-Ойыл  жары-

лысы арқылы өтеді. Жер бетін жоғ. бор жыныста-

ры жауып жатыр. Кейбір жерлерінде палеоген жы-

ныстары ұшырасады. Жер қойнауында мұнай, газ, 

гипс, әктас, қиыршықтас, т.б. кен байлықтары бар-

ланған. О. а-ның климаты тым континенттік, қысы 

суық,  қар  жамылғысы  20  см-ден  аспайды.  Қаңтар 

айының жылдық орташа темп-расы –14 – 16ºС, шіл-

деде 22 – 24ºС. Жел жиі соғады. Оның басым ба-

ғыты оңт.-батыс және солт.-батысқа келеді. Жылд. 

3 – 4 м/с. Аязсыз күндер 140 тәулік. Жылудың көп 

жылдық  жиынтығы  2800ºС.  Агроклиматтық  тұр-

ғыдан  аудан  қоңыржай-құрғақ  белдемге  жатады. 

Оның  геотерм.  коэфф.  0,3  –  0,5  (қуаң).  Жауын-

шашын  жылдық  орташа  мөлш.  220  –  250  мм.  

Аудан  жерінен  шығыстан  батысқа  қарай  Ойыл 

өз.  ағады.  Оның  Ащыойыл,  Шағырлы,  Қайыңды, 

Ботабай, Қиыл, Кенжалы, Қуырдақты, т.б. салала-

ры бар. Бірнеше шағын көлдер (Қамыскөл, Соркөл, 

т.б.)  орналасқан.  Жер  асты  су  қабаты  жоғ.  бор 

және  бор  кезеңінің  құрылымында  шоғырланған. 

Ол 5 – 15 м тереңдікте жатыр. Суы кермек татиды. 

Артезиан суы 15 – 40 м тереңдікте және ол Орал-

Ембі артезиан алабына жатады. Топырағы бозғылт 

қоңыр, қызғылт қоңыр, оңт-нде қиыршықтасты қо-

ңыр, сортаңды бозғылт қоңыр. Өзен-көл аңғарлары 

мен  жайылымдарында  шалғынды  қызғылт  қоңыр 

топырағында бұта шоғырлары аралас бетеге, қыл-

қан боз, еркек шөп, көде, боз жусан, құм жусан, т.б. 

қуаң далаға тән өсімдіктер басым. Барқын құмында 

шағын қарағай орманы бар. Жануарлардан қасқыр, 

түлкі, қарсақ, ақ бөкен, жабайы шошқа, қоян, суыр, 

сарышұнақ,  аламан;  құстардан  дуадақ,  безгелдек, 

үйрек,  қаз  кездеседі.  А.ш-на  пайдаланылатын  жер 

аум.  1,1  млн.  га,  оның  ішінде  егістік  663  га,  ша-

бындық 51,5 мың га,  жайылым 1,02 млн. га (2009). 

Аудан жерінен Ойыл – Шұбарқұдық, Ойыл – Қобда 

автомоб. жолдары өтеді. 



ОкТЯБрЬ  ҮҢГІрІ  –  Іле  Алатауының  солт.  бет- 

кейінде, 3300 м биіктікте орналасқан Қазақстандағы 

ең ұзын (1390 м) үңгір. Кіші Алматы өз. бастауын- 

дағы Богданович мұздығының етегінде, Шымбұлақ 

спорт базасынан 3 км жерде. Алматы обл. жерінде 

орналасқан. Үңгірдің ауыз пішіні сопақ, ені 1 – 3 м, 

ішкі биікт. 12 – 15 м, түп жағындағы ені 4 – 10 м-ге 

кеңейіп, биікт. 1,5 м-ге аласарады. Үңгірдің төбесі 

бірнеше  жерден  тесілген,  оның  тар  ауызды  каме-

ралары жер бетіне шығып жатыр. Мұздық суы әре-

кетінен  үңгір  қабырғалары  мен  табанының  пішіні 

үнемі өзгеріп отырады. Үңгір аузын қар көшкіндері 

жиі басып қалады.

ОҚЖЫЛАн (Psammophіs lіneolatus) – қабыршақ- 

тылар отрядына жататын бауырымен жорғалаушы. 

Қазақстанның оңт-нде, көбіне құм топырақты дала-

лы аймақтарды мекендейді. Денесі жіңішке, ұз. 120 

см-дей. Басы сүйір, мойын жігі онша байқалмайды. 

Арқасы  сұр,  құм  түстес  не  қоңырқай  тартқан,  екі 

бүйірінде  ұзына  бойына  созылған  қара  жолағы 

бар. Қабыршағы тегіс. Өте шапшаң, оқтай атылып 

қозғалады,  жыланның  аты  осы  ерекшелігіне  сай 

қойылған.  Қорегін  күндіз  аулайды.  Негізгі  қорегі 

кесірткелер;  жемтігін  әуелі  шағады,  содан  кейін 

денесімен қысып өлтіреді. Уы ұсақ жәндіктер үшін 

қауіпті болғанымен, омыртқалы ірі жануарлар мен 

адамдарға зияны жоқ. Маусым – шілде айларында  

2 – 6 сопақша жұмыртқа салып, одан тамыз – қыр-

күйекте ұз. 24 – 26 мм-дей жас жыландар шығады. 



ОЛЖАҒҰЛ,  О л ж а к ө л   –  Торғай  алабындағы 

тұйық тұщы көл. Қостанай обл. Амангелді ауд. же-

рінде,  Өтеміс  және  Ұзынқоға  а-дары  аралығында 

орналасқан. Теңіз деңгейінен 110,7 м биіктікте, аум. 

18,8 км

2

, ұз. 7,2 км, енді жері 3 км, жағалауының ұз. 



20,4 км. Жағалауы жайпақ, батысы және солт.-шы-

ғысы  батпақты.  Онда  қамыс,  қоға  өскен.  Шарасы 

жауын-шашын,  жер  асты  суларымен  толысады. 

Көктемде қар суымен деңгейі көтеріледі де төңіре-

гіндегі шағын көлдермен бірігіп кетеді. Жаздың ыс-

тық айларында деңгейі төмендейді. Көл жағалауы 

шабындық пен жайылым ретінде пайдаланылады.

ОҢТҮСТІк АЛТАй ЖОТАСЫ – Алтайдың оңт-

ндегі таулы жота. Қазақстан (Шығыс Қазақстан обл-

Аудандағы жайылым

Оңтүстік Алтай жотасы



501

Оңтүстік

ның Қатонқарағай, Күршім аудандары жерінде) мен 

Қытай шекарасында. Ұз. 130 км-дей, орташа биікт. 

3400 м, ең биік жері 3871 м. Жота негізінен саздақты 

тақтатастан түзілген. Беткейлері көбіне тік құлама. 

Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  400  –  

600 мм. О. А. ж-нан Қарақобы, Арасанқобы өзен-

дері бастау алады. Тауаралық аңғарында және бет-

кейлерінде дала өсімдігі, одан жоғары жапырақты 

орман, субальпі, альпі шалғыны өседі. О. А. ж-нда 

жалпы ауд. 116 км

2

 шамасында мұздық бар.



ОҢТҮСТІк  БАЛҚАШ  АрТеЗиАн  АЛАБЫ –  

жер  асты  суы  бар  өңір;  оңт.  және  оңт.-шығыста 

Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңт.-батыста Шу-Іле тау 

жоталарымен шектеліп, солт-нде Балқаш көліне де-

йін  созылып  жатыр.  Алматы  обл.  жерінде.  Жалпы 

аум. 80 мың км

2

-ден астам. Артезиан алабы екі бөлік-



тен (батысында Іле-Қаратал, солт.-шығысында Ақсу-

Лепсі  ойыстарынан)  тұрады.  Олардың  аралығында 

аласа  Үшкөл  тау  жотасы  орналасқан.  Ойыстарда 

палеозойлық  метаморфты  тау  жыныстарының  үс-

тінде  негізгі  арынды  сулы  қабаттар  бар.  Олар  жоғ. 

палеоген  мен  неоген  дәуірлерінің  құм,  құмтасты 

шөгінділерінде 40 – 600 м тереңдікте орын алған. Су 

өткізбейтін қабатшалармен бөлінген әр сулы қабат-

тың қалыңд. 20 – 100 м-ден аспайды. Бұл қабаттарға 

жеткізіле қазылған ұңғымалардан шыққан су солт., 

солт.-шығыс бағыттарда жер бетінен 5 – 30 м-ге де-

йін көтеріліп төгіледі. Олардың су өнімд. 5 – 50 л/с 

аралығында. Судың минералдылығы оңт., оңт.-батыс 

бағыттардан Балқаш көліне қарай 0,5–1 г/л-ден 30– 

50 г/л-ге дейін артады. Алаптың әр бөлігіндегі арын-

ды  сулы  қабаттарының  үстінде  аллювийлі  шөгін- 

ділерде және  көбінесе өзен аралықтарындағы үрмелі 

үгінді құмдардан құралған құмшағылдарда арынсыз 

жер  асты  сулары  кең  таралған.  Олар  1  –  30  м  те- 

реңдікте қалыптасқан. Бұл шөгінділердегі су өнімд.  

0,1 – 2 л/с, минералд. 0,5 – 2 г/л-ден аспайды.

ОҢТҮСТІк  ҚАЗАҚСТАн  ОБЛЫСЫ  –  Қазақ- 

станның оңт-ндегі әкімш.-аумақтық бөлініс. 1932 ж. 

10 наурызда құрылған. 1962 – 92 ж. Шымкент обл. 

деп аталды. Аум. 117,3 мың км

2

. Тұрғыны 2,42 млн. 



адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 20,6 адамнан келеді 



(2010).  Орт.  –  Шымкент  қ.  Солт-нде  Қарағанды, 

шығысында  Жамбыл,  батысында  Қызылорда  об-

лыстарымен,  оңт-нде  Өзбекстан  Республикасымен 

шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімш. аудан, 4 қа-

лалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 

171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Жер  бедері.  О.  Қ.  о-ның  жер  бедері  негізінен  жа-

зық  (орташа  биікт.  200  –  500  м).  Солт-нде  тасты- 

сазды  Бетпақдала  шөлінің  оңт.-батысы,  Ащыкөл 

ойысы,  Тоғызкентау  жоны,  Шу  өз-нің  төм.  ағысы 

және  Мойынқұм  құмды  алқабының  батыс  бө-

лігі  орналасқан.  Облыстың  орт.  бөлігін  Қаратау 

жотасы  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай  екі- 

ге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мың- 

жылқы)  тауы  (2176  м).  Қаратаудың  оңт.-шығы-

сында  Боралдай  (1400  –  1600  м)  жотасы  орналас-

қан.  Облыс  жерінің  оңт.-шығысын  Батыс  Тянь-

Шаньның  сілемдері  (Өгем  жотасы),  Қаржантау 

(2800  –  2900  м),  Қазығұрт  тауы  (1700  м),  Талас 

Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м),  

Алатау  (3137  м)  таулары  қамтиды.  Облыстың  ең 

биік  жері  –  Сайрам  шыңы  (4299  м).  Оңт.-баты-

сында  Қызылқұм  құмы,  Қарақтау  тауы  (388  м),  

оңт-нде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауын- 

баймолда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр 

оңт-н Мырзашөл шөлі алып жатыр.

Облыс  жерінің  басым  бөлігі  Тұран  плитасының 

құрамына  кіреді.  Геол.  құрылымы  негізінен  кем-

брийлік,  девондық,  тас  көмірлік  жыныстардан 

(тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төм. палео-

зойлық  жыныстардан  (құмтас,  гранит,  конгломе-

рат,  жоталар  аралығындағы  ойыстар  девонның 

қызыл  түсті  шөгінділеріне  толған)  түзілген.  Жер 

қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран 

кентастары,  фосфорит,  вермикулит,  тальк,  барит, 

гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, 

т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, 

Мырғалымсай,  Байжансай  қорғасын-мырыш  ке-

ніштері  20  ғ-дың  40-жылдарынан  жұмыс  істейді. 

Республикада  уран  кентастарының  қоры  жағынан 

бірінші  орын,  фосфорит  және  темір  кентасының 

қоры жағынан үшінші орын алады.

Облыстың  климаты  континенттік.  Қысы  қысқа, 

жұмсақ,  қар  жамылғысы  жұқа,  тұрақсыз.  Қаңтар 

айының  жылдық  орташа  темп-расы  солт-нде  –7  – 

9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және 

аңызақты.  Шілде  айының  жылдық  орташа  темп-

расы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашын-

ның жылдық орташа мөлш. 100 – 150 мм, тау ал-

дында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Өзендері  облыс  аумағында  біркелкі  таралмаған. 

О.  Қ.  о.  жерінің  оңт-нен  солт.-батысына  қарай 

Сырдария  өз.  ағып  өтеді.  Сырдарияға  Арыс  (378 

км),  Келес  (241  км),  Құркелес  (98  км)  өзендері 

құяды.  Халқы  тығыз  орналасқан  оңт.-шығысында 

Арыс өз-нің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жа- 

бағылы,  Машат,  Дауылбаба,  Боралдай  өзендері-

нің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан 

басталатын  Бөген,  Шаян,  Арыстанды,  Шылбыр, 

Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын 

сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы 

аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, 

Созақ  ауд-ның  шаруашылықтарын  суландырады. 

Шардара (ауд. 400 км

2

, су көл. 5200 млн. м



3

), Бөген 

(су көл. 377 млн. м

3

), Бадам (су көл. 61,5 млн. м



3

),  


т.б.  бөгендер  салынған.  Арыс  өз-нен  Арыс  –Түр- 

кістан,  Өзбекстан  жеріндегі  Сырдариядан  Достық 

(бұрынғы Киров атынд.), Шардара ауд-нда Қызыл- 

Облыстың таулы өңірі



502

Оңтүстік

«ПетроКазахстанОйл  Продактс»  ААҚ  (мұнай  өң-

деу)  және  «ИнтеркомШина»  ААҚ  (шина  шығару). 

Металлургия  өнеркәсібіндегі  басты  кәсіпорын 

«Южполиметалл»  ЖАҚ  (қорғасын,  мырыш,  т.б. 

өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіп-

орындары:  «Карданвал»  ААҚ  (автомобильдер  мен 

тракторлар  үшін  кардан  біліктерін  шығаратын), 

«Южмаш-К» ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машинала-

ры мен қосалқы бөлшектерін шығару), «Экскаватор» 

ААҚ,  «Кентау  трансформатор  зауыты»  ААҚ, 

«Түркістан-насос»  ААҚ;  құрылыс  өнеркәсібінен 

«Шымкентцемент»  ААҚ;  химия  өнеркәсібінен  – 

«Химфарм»  ААҚ  (дәрі-дәрмек  өнімдерін  шығару); 

жеңіл өнеркәсіптен «Восход» ААҚ, «Эластик» ААҚ, 

«Адал» ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі 

саласындағы  жетекші  кәсіпорындарды  «Шымкент-

май», «Қайнар», «Шымкент сыра», «Бахус-Деронсек» 

АҚ-лары,  «Арай»,  «Амангелді»  ЖШС-тері,  т.б.  құ-

райды.  Сарыағаштың  минералды  суын  шығарумен 

«Әсем-ай», «Алекс» ЖШС-тері айналысады. Темекі 

өнімдерін  JTL «Central Asіa» ЖАҚ шығарады.

Облыстың а. ш-на жарамды жерінің аум. 10,3 млн. 

га, оның ішінде жыртылатын жер аум. 0,8 млн. га, 

шабындығы  142,5  мың  га,  жайылым  9,09  млн.  га. 

А. ш-нда 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 

ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы 

респ. а. ш. өнімінің 12,2%-ын береді. А. ш-ның бас-

ты саласына стратег. маңызы бар мақта өсіру мен 

өндіру жатады. Оның егіс көл. 170 мың га-ға (егіс 

көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен 

жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта з-ты ай-

налысады.  Олар  облыстың  Мақтаарал,  Сарыағаш, 

Шардара ауд-нда және Түркістан қалалық әкімдігі 

жерінде  орналасқан.  Облыс  әкімш.  2003  жылдың 

соңында мақта иіру ф-каларының құрылысын бас-

тады.  Облыс  экономикасының  тұрақты  дамуында 

темір  жол  тасымалының  үлесі  басым.  Маңызды 

т.ж. тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан –  

Сібір  т.  ж.  Темір  жолдың  жалпы  ұз.  443  км-ден 

асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және 

Түркістан – Арыс – Түлкібас ст-ларының аралық-

тары. Автомоб. жолының жалпы ұз. 5200 км, оның 

800 км-ден астамы респ., 4470 км жергілікті маңызы 

бар  жолдар.  Облыс  жеріндегі  ірі  автомагистрал- 

дар:  Алматы  –  Ташкент,  Шымкент  –  Қызылорда, 

Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде «Шым- 

кент әуежайы» ААҚ халықар. тікелей және транзит-

тік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс 

жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, 

Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Облыстың  жалпы  аймақтық  өнімі  2010  ж.  1  трлн. 

135,9 млрд. теңге болды. Бұл респ. жалпы өнімнің 

5,2%-ын құрайды. Шаруашылық салалары бойын-

ша  өнеркәсіп  өнімі  316,4  млрд.  теңге  (аймақтық 

өнімнің 27,8%-ы), а.ш. өнімдері 163,8 млрд. теңге 

(аймақтық өнімнің 14,4%-ы) болды. Облыста жал-

пы аймақтық өнім соңғы 5 жыл ішінде (2006–10) 2,7 

есеге өсті. Оның ішінде өнеркәсіп өнімдері 2,2 есе-

ге, а.ш. өнімдері 1,5 есеге өскен. Облыстың негізгі 

капиталына тартылған инвестиция көлемі 2010 ж.  

263 млрд. теңгеге жетті. 

Мектепке дейінгі мекемелер саны 2006 жылға қара-

ғанда 2,8 есеге өсіп, 333-ке жеткен. Онда 38,2 мың 

бала  тәрбиеленуде.  Күндізгі  жалпы  білім  беретін 

құм  магистральды  каналдары  тартылған.  Облыс 

көлдері  негізінен  таяз  және  тұзды,  көктемде  суға 

толып,  жазда  құрғап,  сорға  айналады.  Ірі  көлдері: 

Ақжайқын  (48,2  км

2

),  Қызылкөл  (17,5  км



2

),  одан 

басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ 

көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

Облыстың  жазық  бөлігінде  топырақ  жамылғысын 

сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты 

топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың 

қызғылт қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл 

белдеміне  тән  өсімдік  жамылғысы  қалыптасқан. 

Сексеуіл,  жүзгін,  жусан,  күйреуік,  бұйырғын,  ши, 

жантақ, еркек шөп; Сырдария, Шу өзендерінің аң-

ғарында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-

жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, 

альпілік  шалғын  өседі.  Жануарлардан  қасқыр, 

түлкі,  қоян,  қарсақ,  елік,  арқар,  таутеке,  жабайы 

шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді ай-

мақтарда  бауырымен  жорғалаушылардың  түрлері 

тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, 

торғайдың  көптеген  түрлері  мекендейді.  Табиғи 

өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін 

Төле  би,  Түлкібас  аудандары  аумағында  мемл. 

Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

О. Қ. о-нда республика халқының 14,9%-ы тұрады 

(2010). Республика бойынша бала туу жөніндегі ең 

жоғ. көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) 

және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары ша-

масына (32,5 мың адамнан астам) жетті. 

О. Қ. о. – республикадағы өнеркәсіп пен а. ш-ның бар-

лық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті 

аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық 

өнеркәсіп  өнімдерінің  5,9%-ын  өндіреді.  Елімізде 

шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фар-

мацевтик. препараттардың 70,1%-ы, минералды және 

газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 

38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, цемент- 

тің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майы- 

ның  барлығы  дерлік  О.  Қ.  о-нда  өндіріледі.  Облыс 

тері  шикізаты,  жеміс,  көкөніс,  жүзім,  бақша,  ма-

карон  өнімдерінің  ірі  өндірушісі  болып  табылады.

Облыстың  өнеркәсіп  мүмкіндіктерін  негізінен  мұ-

най  өңдеуші  және  металлургия  кәсіпорындары  құ-

райды.  Түсті  металлургия,  машина  жасау,  химия, 

мұнай  өңдеу,  тамақ  өнеркәсібі,  әсіресе,  Шымкент, 

Кентау  қ-ларында  жақсы  дамуда.  Облыс  өнеркә-

сібінде  147  ірі  және  орта  кәсіпорын  бар.  Мұнай-

химия  өнеркәсібі  саласындағы  ірі  кәсіпорындар: 

Облыс аумағындағы тау өзені


503

504



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет