1970-ші жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіп Қазақстанның ең басты салаларының бірі – қара металлургия. Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты іске қосылды, оның арқасында Орал зауыттары мен республиканың басқа кәсіпорындары үшін шикізаттық база құрылды. Комбинатта кен байыту мен жоғары сапалы темір кенді шикізатты өндіру бағыттары бойынша көп жұмыс істелген. 1970 жылы республикада темір кенінің 18,2 млн. тоннасы өндірілді, 1960 жылымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 есеге өсті. Қарағанды металлургия комбинаты КСРО-ның ең ірі кәсіпорны болды. Комбинат болат, шойын, металл прокатының арнайы формаларын шығарды. Ермаков ферроқорытпа зауыты іске қолды. Осының барлығы жалпы одақтық қара металл шығару өндірісіндегі Қазақстанның үлесін артты. Республика елдегі хром кендерін өндіру бойынша – бірінші, темір мен марганец кедерін өндіру бойынша үшінші орынға шықты. Республиканың болат, прокат, ферроқосындыларды шығару көрсеткіші де өсті.
Түсті металлургия даму жолына түсті. Тишин кен орны мен Лениногоркөпметаллдыкомбинаты іске қосылды, Жезқазған комбинатының № 55, 57 шахталары, Павлодар алюминий зауыты – түсті металлургия кәсіпорны, Өскемен титан-магний комбинат, Балқаш тау-кен металлургиялық комбинаты өз жұмысын бастады.
Мұнай өндіретін өнеркәсіп жылдам дамып кетті. Маңғышлақ түбегі КСРО-ның ең ірі мұнай аймағының бірі болды. 1970 жылы мұндағы мұнай өндірімі 10 млн. тоннадан асып кетті. Күрделі техникалық және транспорттық мәселелер өз шешуін тапты, осылай маңғышлақтық мұнайды өндіру мен оның тасымалдауына байланысты барлық сұрақтар шешілді.
Қазақстан өз табиғи байлықтарының арқасында химиялық өнеркәсібінің дамуы бойынша елдің алдыңғы орнына шықты. Республикада минералды тыңайтқыш көп болды. Жетіжылдықтың аяғында «Қаратау» комбинаты фосфорлық шикізатты өндіру бойынша елдегі алдыңғы қатарға шықты. Қазақстан осындай шикізатпен негізгі қамтамасыз етуші болған. Қазақстанның оңтүстігі жоғары құнайлы тыңайтқыштарды шығаратын елдің ірі базасына айналып кетті.
Солтүстік Қазақстанда біріккен энергия жүйесі құрылған. 1970 жылы Ермаков ГРЭС-ында үшінші энергетикалық блок (қуаттылығы – 300 мың, кВт), ал Өскемен ЖЭО кәсіпорында жүз мыңдық жылыту құбыры іске қосылды.
Қазақстанның машина жасау саласы ауыл шаруашылығына қызмет көрсетуге бағытталған, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы, кен-тау, химиялық, мұнай өнеркәсіптері. Трактор зауыты іске қосылды, осы кәсіпорын республиканың трактор жасайтын саласының негізіне алынды. «Қазақсельмаш» зауытында жаңа қуаттылықтар іске қосылды, олар ауыл шаруашылық машиналардың құрамдас бөліктерін шығарды, жаңа машиналар мен жабдықтардың шығару үдері басталды, олардың арқасында егіншілік пен шаруашылық салаларындағы механикаландыру басталды.
«Қазақсельмаш» зауыты
Республикадағы машина жасау саласы жеткіліксіз дамыған, жалпы өндірістегі оның көлемі 1961 жылдан бері 10,4-тен 10,6%-ға дейін (1970 ж.) ғана өсті. Қазақстан машина жасау саласында көп емес өнімді шығарды. Шығарылған өнімдердің көп түрлілігі байқалмады. 60-шы жылдарда құралдар мен жабдықтар, машиналарға республиканың қажеттілігі 72%-ға ғана қанағаттанды. Машина жасау саласындағы өнімдердің әкелімі 8,5 есеге артты.
Азық-түлік өнеркәсібінде 60-шы жылдардың екінші жартысында 48 жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. 60-шы жылдарда құрылыстың көлемі өсіп кетті. Сондықтан да жаңа құрылыс базасын жасау керектігі пайда болды. Темір бетонды конструкциялардың жасалуы мен дамуы құрылыстың тездетілген темпіне көшу үшін негізгі база болды. Егер 1955 жылы республикада цемент шығаратын екі-ақ зауыт (жылдық өндірімі – 365 мың. т.) болса, 1965 жылы бес зауытіске қосылды – Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Шымкент зауыттары. Цементтің өндірімі – 4037 мың. т, осындай көрсеткіш он жыл бұрын көрсетілген көлімнен 11 есеге артты.
Заманауи техникамен жабдықталған Шымкент және Өскемен зауыттары қуатты болды. Осы кезде көптеген зауыттар, цехтер, құрамдас бөліктер, панельдер, темір бетонды конструкцияларды шығаратын полигондар салына бастады. 60-шы жылдарды ірі облыстық орталықтарда ірі панельді құралымдар пайда болды, Қарағанды мен Семей асбест-цемент бұйымдары зауыттары іске қосылды. Дегенмен, табақ шын және басқа қажетті құрылыс материалдарына көп назар аударылмаған.
Республикада әкімшілік-топтық экономикалықжүйесі болғандықтан, құрылыс барысында көп мәселе пайда болды. Құрылыстың басты кемшілігі – құрылыс көлемі мен бөлінген қаржы мөлшері арасындағы үйлеспеушілік болды. Жобалық ұйымдар сызба мен сметаларды дұрыс емес істеді, технологиялық бұзылулар көп болды. Құрылыс экстенсивті негіздемеге сәйкес дамыған, нысандар мен кәсіпорындарды салыну мерзімдері берілген уақыт нормативінен асып кете берген, жылдан-жылға аяқталмаған құрылыстың көлемі өсіп келді.