Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіп Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан өнеркәсібі көп салалы болды, сондықтан да республика халық шаруашылығын бейбіт өмірге қайта құрып, оны азаматтық өнімнің шығаруына бағыттады. Қазақстан соғыстан зардап шеккен аудандарды қайта қалпына келтірудің негізі ретінде, өңірлерге республикадан металл, шикізат ресурстары, отын, құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түліктер, тұқымдық мал, дәндер жеткізіліп тұрды.
Ұзақ уақыт бойы майдан қажеттіліктеріне бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындары енді бейбіт өнімді шығара бастады. Технологиялық үдерістер қайта ұйымдастырылды, жабдықтар да жөнделе бастады, машиналар мен өнеркәсіп орындары күрделі жөндеуден өтті. Кәсіпорындар арасында байланыстың жаңа түрлері орнатыла бастады. Олардың көптегендері жаңадан мамандарылған немесе өзінің бұрынғы қызметін жалғастыра берді.
Ауыр индустрияның кәсіпорындары салына бастады. Жаңа алты көмір шахтасы мен Қаратон, Мұнайлы кәсіпшіліктері іске қосылып, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды. Ақтөбе ферроқорытпазауытының қуаттылығы артты, «Қаратау» кен-химия комбинаты өз жұмысын бастады. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. 1950 жылы 2,6 млрд. кВт/с электр қуатынөндірілген, ал 1940 жылы – 0,6 млрд. кВт/с.
Жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік өнеркәсібі әрі қарай дамыды. Халық тұтынатын тауарлар ассортименті көбейді, тауарлар сапасы да артты. Жеңіл өнеркәсіпке жұмсалған қаржылар соғысқа дейінгі екі бесжылдықтың қаржы мөлшерінен 20 пайызға асып кетті, ал жалпы өнім 60%-ға өсіп, соғысқа дейінгі өндірілетін азық-түрлерінің көлемінен асты.
1960-шы жылдардағы Қазақстанның өнеркәсібі 60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүргізілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытқа негізделгендіктен, өндіруші салалар ғана дамыды.
Өнеркәсіптің негізгі салалары қаржы жұмсалымы, жаңа қуаттылықтардың енгізу арқасында (өндірісті қарқындандырудың арқасында емес) дамыған мен өмір сүрген, дегенмен, базалық, әсіресе республиканың шикізаттық салаларында, тоқырау үдерісі байқалмады. 1961-1965 жылдары республиканың халық шаруашылығындағы игерілген барлық қаржы жұмсалымы кеңестік өкіметтің алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым көп болды, соның арқасында мемлекет потенциалы екі есеге артты. 729 ірі өнеркәсіп кәсіпорны, 535 цех іске қосылды. 60-шы жылдардың екінші жартысында тағы 445 ірі кәсіпорын мен цех іске қосылды, жүздеген зауыт мен фабрикалар қайта жаңғырды, техникалық тұрғыдан қайта жабдықталған.
Республиканың жалпы одақтық еңбек бөлісу үдерісіне сәйкес қара мен түсті металлургия, мұнай мен газ өнеркәсібі, өнеркәсіптің химия және нефтехимиялық салалары тез дамып кете бастады. Өнеркәсіптің жаңа салалары – титан, асбест, магний, глинозем, шойын, кокс, синтетикалық каучук, көтергіш кран, электр қозғалышы, сым созатын машиналар, темір соғатын машиналарды шығаратын салалар пайда болды.
1963 жылы Ақтөбе хромқосындыларызауыты іске қосылды, соның арқасында өнім шығарымы 3 есеге артты. Қарағанды СК зауытының мамандары синтетикалық каучук шығаратын цехтың қуаттылығын қысқа мерзімде меңгерді. Гурьев химиялық зауытының алғашқы цехтері өз жұмысын бастады. 1959 жылы Шымкент гидролиз зауыты ашылды. 1963 жылы Шымкент қаласында шина жөндейтін зауыт іске қосылды, осындай зауыттар Целиноград, Қостанай, Қарағанды, Павлодар қалаларында ашылды.
60-шы жылдарда химиялық өнеркәсіп басқа салалардың өнеркәсіптерімен (мысалы, металлургиялық) бірлесіп шығарылып жүрген. 1963 жылы Балқаш тау-кен комбинаты мен Шымкент қорғасын зауытындағы күкірт қышқылының цехтері іске қосылды. Қарағанды металлургиялық зауытында коксхимиялық өндіріс кеңінен қолданылды. Соның арқасында Қазақстанда химия саласының негіздері қалыптасты. 1970 жылы Қазақстан сары фосфордың үлкен бөлігін шығарып, хром тұздарының – 40% , төменгіқысымда өндірілетін полиэтилен – 20%, күкірт қышқылының – 10% шығарды.
Республикадағы энергетика саласы дамып келе жатқан. 1961-1965 жылдары Қарағанды ГРЭС-2 (қуаттылығы – 600 мың. кВт), ПетропавлЖЭО-2 (250 мың. кВт), Алматы ГРЭС-2 (200 мың. кВт), Бұхтарма СЭС-i (600 мың. кВт) электростанциялары салынып, өз жұмысын бастады. 60-шы жылдардың екінші жартысында электр қуаттылығының өндірімі 1,9 есеге өсіп, жылу көрсеткіші де екі есеге өсті. 1970 жылы 34,6 млрд. кВт.с өндірілген. Бесжылдықтан бері электр желілерінің 90 мың. км салынды, оның ішіндегі 85 мың – ауыл шаруашылығына арналған. Электрэнергиясымен және орталықтандырылған жылуменқамтамасыз етукөрсеткіші екі есеге өсіп, 70%-ға тең болды.
Көмір өнеркәсібі тез дами бастады. 1959-1965 жылдары республикада өндірістік қуаттылықтардың көрсеткіші – 19,5 млн. мың. Коксті көмірдің өндірімі 68%-ға өсті. Ашық өндіру кеңінен қолданылды. 1954 жылдан бастап Екібастұз кен орны зерттелді. 1965 жылы Екібастұз көмір алабындағы өндірім 14,3 млн. тоннаға жетті. 1970 жылы Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарындағы көмір өндірімі жылына 61 млн. тоннаны құрады, оның ішіндегі 41% ашық әдіспен өндірілген.