Қазақстандағы оралмандардың жай-күйі Шолу Алматы 2006 ж. Каzakhstan



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата16.02.2017
өлшемі1,33 Mb.
#4211
  1   2   3

Қазақстандағы оралмандардың  

жай-күйі

Шолу

Алматы 

2006 ж.

Каzakhstan

  

ҚысҚАртулАр тізімі

MДА


Көші-қон және демография жөніндегі агенттік 

ІЖӨ


Ішкі жалпы өнім

ЖОО


Жоғарғы оқу орындары

ҚҚЖА 


Қазақстандық  Қызыл Жарты Ай қоғамы

ХКҰ


Халықаралық көші-қон ұйымы

ХЕҰ 


Халықаралық еңбек ұйымы

МПО 


Халықаралық үкіметтік ұйымдар

АЕК


Айлық есептік көрсеткіш

ҮЕҰ


Үкіметтік емес ұйымдар

БҰҰ


Біріккен Ұлттар Ұйымы

БҰҰДБ


Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы

ҚР

Қазақстан Республикасы 



ТМД

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ССРО

Совет Социалистік Республикалар Одағы



АҚШ

Америка Құрама Штаттары

Теңге

қазақ теңгесі



ӘТО

Әлеуметтік технологиялар орталығы





МАЗМҰНЫ

ХАлыҚАрАлыҚ көШі-Қону ұйымы АтынАн кіріспе сөз   ..................................4

Біріккен ұлттАр ұйымы дАму БАғдАрлАмАсы АтынАн  

кіріспе сөз ........................................................................................................................5

ҚысҚАША мАзмұны .......................................................................................................6

I Бөлім. 

ЭтнИкАлыҚ ИммИГрАЦИЯлыҚ сАЯсАттыҢ ҚАлыптАсуы ЖӘне дАмуы ......9

II Бөлім. 

орАлмАндАрды ҚоныстАндыру ерекШеліктері ЖӘне БАсҚА  

неГізГі мАзмұндАмАлАр ............................................................................................14

III Бөлім. 

орАлмАндАрдыҢ ЭкономИкАлыҚ ЖӘне Әлеуметтік ИнтеГрАЦИЯсы .......17

IV Бөлім. 

орАлмАндАрдыҢ мӘденИ ИнтеГрАЦИЯсы ..........................................................25

V Бөлім. 

орАлмАндАрғА көрсетілетін сыртҚы көмек ....................................................28

ұсыныстАр .....................................................................................................................30

БИБлИоГрАфИЯ  .............................................................................................................30

ҚосымШАлАр .................................................................................................................32



ХАлЫқАрАлЫқ көші-қоНу 

ҰйЫМЫ АтЫНАН кіріспе сөЗ 

Халықаралық  көші-қону  ұйымы  (ХКҚҰ)  тәуелсіз-

дік  алғаннан  кейін  Қазақстанға  қайтып  келген 

этникалық  қазақтардың  (қазақ  тіліне  аударғанда 

–  оралмандар)  жағдайына  арналған  аналитика- 

лық шолуды ұсынуға қуанышты. 

Өзбекстаннан,  Монғолиядан,  Қырғызстаннан,  Ре-

сейден,  Ираннан,  Ауғанстаннан,  Түркиядан  және 

басқа  елдерден  қайтып  келген  оралмандар  бір 

этникалық топқа жатады. 70 және одан да көп жыл-

дар  бойы  Қазақстан  шегінен  сырт  жақта  түрған- 

ға  қарамастан,  олар  өзінің  ұлттық  тілін  және 

дәстүлерін  сақтай  алды.  Бірақ,  басқа  шет  елдер- 

де  тұрғаннын  салдарынан,  оралмандар  Қазақ-

станға  жергілікті  әдептердер  айрықша  басқа  мә-

дениеттердің мұрағатын әкелді. 

Оралмандардың  Қазақстанның  қазіргі  қоғамына  

интеграциясы өкіметтегі, БАҚ және қоғамдағы бай-

тақ  пікірсайыстардың  тақырыбы  болып  жатыр. 

Кейбір  оралмандар  жергілікті  ұйымдастықтарға 

ойдағыдай  кіріп,  басқалары  оларды  келген  ел-

деріне  қайта  кетуге  мәжбүрлейтін  проблемаларға 

шалдығады. 

Қазақстанда  тұратын  жергілікті  халық  19  және 

20-шы  ғасырларда  келген  келімсектерге  төзерлік 

көрсетіп,  оралмандарға  түрлі  қатынас  білдірді.  

Мемлекеттін  көші-қону  саясатын  жетілдіруге  

арналған  ұсыныстарды  өндіру  мақсатында,  ке- 

лімсектердің  проблемаларын  шешу  мен  қа-

жеттіліктерін  анықтау  және  де  осы  мәселені  

зерттеу  қажеттігі  болды.  Сонымен  қатар,  осы 

зерттеудің  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттердегі  иммиг-

рация  және  қайта  миграция  мәселелерін  шешуге 

арналған түрлі әдістемелерді талқылауға қатысты 

маңызы зор. 

ХКҚҰ  Қазақстандағы  мигранттардың  проблема-

ларын  шешудегі  БҰҰДБ-ның  құштарлығын,  әсіре- 

се,  оралмандар  жағдайын  ары-қарай  зерттеуге  

деген  ықыласын,  жоғары  бағалайды.  Осы  шолу 

БҰҰДБ  және  ХКҚҰ  арасындағы  мигранттардың 

проблемаларын  зерттеудеге  бағытталған  ынты- 

мақтастықтын жаңа бетін ашады деп үміттенемін. 



Екатерина Бадикова

Қазақстан Республикасындағы уақытша  

миссия басшысы 



БіріккеН ҰлттАр ҰйЫМЫ дАМу 

БАғдАрлАМАсЫ АтЫНАН 

кіріспе сөЗ

Еуразия  жүрегінде  орналасқан  Қазақстан  ғасыр-

лар  бойы  күшті  көші-қону  және  демографиялық 

процестердің арасында болған. Қазақстан 100 аса 

ұлттарға  үй  болып  жатыр,  олардың  ішінде  53,4 

пайызы  –  қазақстан,  30  пайызы  –  орыстар  бо-

лып  отыр  Барлық  этникалық  топтар  өз  арасында 

келісімде тұрып, бір-бірінің дәстүрлерін сыйлайды. 

21  ғасырда  көші-қону  мәселелері  әлем  бойынша 

ерекше  маңызға  ие  болды.  Әлемдік  миграциялық 

процестердің  негізінде  кем  дамыған  елдерден 

аса  дамыған  және  демократиялық  мемлекеттерге 

жалпы  көші-қону  тенденциялары  мне  этникалық 

және  мәдениеттік  байланыстар  жатыр.  Глоба-

лизация,  әлем  бойынша  шексіз  ақпараттық  пен 

технологиялық  айырбас,  және  де  көмескі  тілдік 

шекаралар  жағдайында, осындай мемлекеттердің 

көшу-қоні  саясаты  белгілі  мақсаттарды  қуалайды. 

Бір  жағынан,  ол  ұлттық  ерекшелік  пен  тарихын 

сақтау,  екінші  жағынан,  әлеуметтік,  экономикалық 

және  мәден  факторларды  ескеру.  Тәуелсіздік 

алғаннан  кейінгі  Қазақстанның  диаспоралық  сая- 

саты  этникалық  қазақтарды  Қазақстан  террито-

риясына  қайта  қаратуға  бағытталды.  Бұл  ұлт-

тық  ерекшелікті  сақтауға  бағытталған  мемлекет  

тұрақтылығының  негізгі  факторы  ретінде  қарас-

тырылып отыр. 

Осы  зерттеу  мемлекет  тарапынан  оралмандарға 

қатысты  көшу-қону  саясатына  шолу  ұсынып, 

олардың  әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени 

интеграциясының іс жүзіндегі жағдайын сипаттай-

ды. Шолу, көбінесе, зерттеу нәтижелеріне сүйене- 

ді,  сонымен  қатар,  мемлекет  тарапынан  орал- 

мандарға  қатысты  іс-әрекеттер  мен  бағдарла-

маларды  қарастырады.  Осы  аналитикалық  шолу-

дың  құндылығы  ол  мәселелерді  белгілеп,  жау-

аптар  бермейді,  және  оларды  шешу  жолдарын 

ұсынбайды, қызықтырылған жақтарды талқылауға 

шақырады. 

Осы  шолу  мәселе  бойынша  кейінгі  аса  ауқымды, 

нәтижелері  оралмандарға  қатысты  саясатты  жақ-

сартуға бағытталған зерттеулерге түрткі болап, не-

гіз беретініне үміт артамын. 

Юрико Шоджи 

Қазақстан Республикасындаңы тұрақты өкілі




қЫсқАшА МАЗМҰНЫ

Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  1,1  млн  им-

мигранттардың, соның ішінде 464000 – этникалық 

қазақтар  мен  оралмандардың  баспанасына  ай-

налды.

1

Этникалық иммиграциялық саясаты бар басқа ел- 



дер  сияқты  (мысалы  Германия,  Израиль)  Қазақ- 

станда  этникалық  өкілдердің  репатриациясы  әле-

уметтік күйзелістердің залалдарын болдырмаудың 

негізгі  (тиімді  және  нәтижелі)  тәсілі  болып  табы-

лады,  сондай-ақ,  ішкі  тұрақтылықты  қамтамасыз 

етуге және ұлттық төлтуманы, ерекшелікті сақтауға 

мүмкіндік жасайды.

Оралмандардың  тарихи  отанына  қайтып  келуі  

әр түрлі жолдармен ынталандырылады. Бұл бағыт-

та көптеген жұмыстар жасалды, дегенмен, ел ішін- 

де оралмандарды қоныстандырғаннан кейін эконо-

микалық  және  әлеуметтік  интеграциялау  әлі  де 

өзекті мәселе болып тұр.

Қазақстан экономикасының даму үрдісі жоғары бол- 

ғанына  қарамастан,  оралмандар  айтарлықтай  қи- 

ыншылықтарға  кездеседі,  халықтың  әлжуаз,  қор-

ғалмаған топтарына кіреді.

Жүргізілген ізденістер барысында интеграция үде- 

рісінде  оралмандардың  тарихи  отанында  кездес-

тіретін қиындықтарына талдау жасап, осы жағдай-

ды бағалауда нақты жұмыстар жасалды. 

Қазақстан  Республикасының  бес  өңірінде  (Ал-

маты,  Маңғыстау,  Оңтүстік  Қазақстан,  Павлодар,  

Қарағанды  облыстарында)  2004  жылы  сәуір  ай-

ының  ортасынан  бастап,  мамыр  айының  ортасы-

на дейін жүргізілген әлеуметтік зерттеулер топтық 

пікірталастар  арқылы,  әр  топтың  өкілдерімен 

жүргізілген  20  тереңдетілген  интервью  арқылы 

оралмандардың,  жергілікті  халықтың  зерттеліп 

отырған  проблемалардың  әр  түрлі  аспектілері  ту-

ралы көзқарастарын білуге жағдай жасады.

Зерттеулерге  600  оралмандар  мен  300  жергілікті 

тұрғындар тартылды.

Бұл шолу ресми статистика органдарының дерек-

теріне және ақпаратты талдау нәтижелеріне негіз-

делген.


Шолудың құрылымы

I  Бөлімде  Қазақстандағы  этникалық  иммиграция-

ның пайда болуы, оралмандар  туралы  мемлекет- 

тік  саясаттың  ерекшеліктері  және  қайтып  келуі  

мен  интеграциясын  реттейтін  құқықтық  негіздері, 

сондай-ақ, оралмандардың қайтып келуіне жағдай 

жасау  шаралары  мен  интеграция  үдерісінде  көр-

сетілетін көмектер қарастырылған. 

II  Бөлімде  жалпы  ақпарат  беріліп,  Қазақстандағы 

оралмандар  туралы  негізгі  елдер  мен  қоныстанд-

ыру ерекшеліктеріне жалпы мазмұндама берілген. 

III  және  IV  бөлімде  Қазақстан  Республикасында- 

ғы интеграция үрдістері көрсетілген.

  IV  бөлімнің  негізін  мәдени  интеграция  мен  тілге 

бейімделу жағдайын талдау қалайды

Жұмыспен  қамтамасыз  ету,  тұрғын  үй,  білім  беру 

сияқты  негізгі  көрсеткіштер  арнайы  бөлімге  кірік-

тірілген.

Осы  көрсеткіштер  бойынша  зерттеудің  негізгі  нә-

тижелері көрсетілген. 

Зерттеулер  жүргізу  барысында  көріп  отырға-

нымыздай,  оралмандардың  негізгі  қиыншылығы, 

әсіресе квотасыз келгендерге, тұратын үй табу бо-

лып табылады.

2004 жылға дейін келгендердің тек қана 51,2 % ға-

на тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Зерттеулер  көрсетіп  отырғандай  квотамен  және 

квотадан  тыс  келген  оралмандардың  көбісі  

(78,5%),  мемлекеттік  емханаларың  медициналық 

қызметін  алады,  әрбір  алтыншы  оралман  ақ-

ша  үнемдеу  мақсатымен  емханаға  бармайды.  

Оралмандардың  көбісі  (80%)  емдеуге  ақы  тө-

лемейді.

1

 «Оралман» деген ұғымды «қайтып келгендер» деп түсінуге болады. Кең ұғымда оралмандар дегеніміз-өздерінің тарихи отанына қайтып 

келген қазақтар. Сандық көрсеткіштер 1991 жылдар мен 1.01.2005 жылдар аралығында қайтып келген оралмандарды көрсетеді.




Медициналық  қызметпен  қатар  мемлекет  орал-

мандарға  орта  білім  алуға  кепілдік  береді.  Жоға- 

ры оқу орындарына оқуға квота бөлінген.

Оралмандардың  балалары,  зерттеулер  көрсетіп 

отырғандай, сабақты жақсы оқиды. Бірақ бұрынғы 

тұрған  елдердің  жазу  ерекшеліктеріне  байланыс-

ты қиындықтар туындайды. Оралмандардың бала-

ларының  ішінде  сабаққа  бармау  көрсеткіші  өте 

жоғары,  олардың  ішіндегі  23%-і  негізгі  себебін 

аурумен  және  қаржылық  қиындықтармен  түсінді- 

реді.


Оралмандардың  қазақстандық  қоғамға  интегра-

циялануы тілмен, психологиялық және мәдени бей-

імделумен тікелей байланысты.

ТМД–ға  кірмейтін  елдерден  келген  оралмандар 

орыс  тілінің  кең  ауқымда  қолданылуына  байла-

нысты проблемалармен кездеседі.

Бұл  проблема  еліміздің  солтүстік  аймақтарында 

жиі кездеседі.

Мәдени  және  этникалық  бейімделу  оңтүстік  және 

шығыс  өңірлерде,  батыс,  солтүстік  және  орталық 

аймақтардағы  моноэтникалық  аудандарда  жеңіл-

деу  болып  отыр,  өйткені  бұл  жақтарда  ұлттық, 

соның ішінде тілді қолдау дәстүрлері сақталынған.

V  бөлімде  оралмандардың  интеграциялауына 

жағдай  жасайтын  халықаралық  және  мемлекеттік 

емес ұйымдардың көмектері қарастырылған.

Оралмандарға  құқықтық  көмек  (заңдар  бойынша, 

әлеуметтік қорғау, азаматтыққа тіркелу құжаттарын 

қазақ  тіліне  аудару)  көрсететін  көптеген  ұйымдар 

бар; олар конференциялар, семинарлар, дөңгелек 

үстел өткізеді, құқықтарын қорғайды. Өкінішке орай, 

мұндай  ұйымдардың  мемлекеттік  құрылымдар- 

мен қатынас деңгейі жоғары емес.

Шолудың  қорытындысында  оралмандардың  ин-

теграциялану  үрдісін  жақсартатын  ұсыныстар  кі- 

ріктірілген.  Жалпы,  зерттеулер  көрсетіп  отырған-

дай,  оралмандарға  қатысты  экономикалық  және 

әлеуметтік  саясатты  жаңартып,  үйлестіру  қажет. 

Қазақстандағы  оралмандардың  бейімделуіне  жағ- 

дай  жасайтын  мемлекеттік  бағдарламалар  қажет. 

Мұндай  жаңа  қаржылық  тәсілге  негізделген  бағ-

дарлама квотаға енгізілген немесе квотаға енгізіл-

меген  оралмандардың  жағдайын  теңдестіреді, 

экономикалық бейімделу мәселелерін, соның ішін- 

де  жұмыспен  қамтумен,  кәсіпкерлікпен  айналысу 

проблемаларын  шешсе,  тұрғын  үймен  қамтама- 

сыз  ету,  медициналық  қызмет,  білім  алу  ба-

ғытындағы  әлеуметтік  бейімделуді  жүзеге  асыра-

ды және мәдениетке, тілге байланысты бейімделу 

қарастырылады.

Оралмандардың  қоныстануы  мен  бейімделуі  де- 

мографияға,  Қазақстанның  әлеуметтік  және  эко-

номикалық саясатына үлкен маңызы бар. Осыған 

байланысты  оралмандардың  тарихи  отанында 

интеграциялануының  дамыу  мен  интенсифика-

циясын  жандандыратын  механизмдерді  қолдану 

өзекті мәселеге айналып отыр. 




АлғЫ сөЗ 

Осы  зерттеу  Қазақстандағы  БҰҰ  Даму  Бағ-

дарламасының  көмегімен  жүргізілді.  Оның  негізгі 

мақсаты республикадағы оралмандардың интегра-

ция жағдайын айқындау болып табылады.

Экономикалық  және  әлеуметтік  жағынан  миг-

ранттар  әлсіз  болатындығын  ескеріп,  бұл  зерт-

теуде  оралмандардың  қазақстандық  қоғамдағы 

жағдайын толыққанды әрі нақты көрсетуге талпы-

ныс жасадық.

Зерттеу мақсаттары: 

-  


оралмандардың  әлеуметтік  қызмет  алу 

мүмкіндігінің деңгейін және олардың сапа-

сын анықтау;

-  


оралмандар  отбасыларының  негізгі  қар-

жы көздерін анықтау және өңірлерде орал-

мандардың  жұмыспен  қамтылу  деңгейін 

анықтау;


-  

оралмандардың  денсаулығы  мен  тұрғын 

үй  сапасына  байланысты  кедейшіліктің 

негізгі көрсеткіштерін айқындау;

-  

оралмандарды  жұмыспен  қамтуда  негіз-



гі  қиыншылықтарды  анықтап,  олардың 

әлеуметтік және медициналық қызмет алу 

мүмкіншілігін қарастыру

.

Әдістемелік

Оралмандардың  әлеуметтік  және  экономикалық 

интеграциясы  әлеуметтік  зерттеулерге  (одан  ары  

қарай-зерттеулер)  негізделген.  Бұл  зерттеулер  

географиялық  жағынан,  оралмандардың  қоныс-

тануымен ерекшеленетін Қазақстанның бес облы-

сында  (Алматы,  Маңғыстау,  Оңтүстік  Қазақстан, 

Павлодар, Қарағанды) жүргізілді.

Зерттеулерді  «Сандж»  зерттеу  агенттігі  2004 

жылдың сәуір айының ортасынан маусым айының 

ортасына  дейін  жүргізді.  Бұл  зерттеулерде  ар-

найы  анкеталар  арқылы  20  тереңдетілген  интер-

вью  жүргізіліп,  оралмандардың,  жергілікті  тұр- 

ғындардың көзқарасы айқындалған. Зерттеуге 600  

оралман  мен  300  жергілікті  тұрғындар

2

  мына-



дай үш негізгі талаптар бойынша теріліп алынды: 

Қазақстанның  азаматы  болуы,  квотаға  енгізілуі 

және  қайтып  оралу  мерзімі  мен  қай  елден  кел-

гендігі.  Әр  облыс  орталығында,  бірнеше  селоның 

тұрғындарымен интервью жүргізілді; тереңдетілген 

интервью  –  көші-қон  комитетінің  жергілікті  депар- 

таментінің мамандарымен, Еңбек және әлеуметтік 

қорғау  министрлігінің,  Денсаулық  сақтау  министр-

лігінің,  Білім  және  ғылым  министрлігінің  маман-

дарымен,  дәрігерлермен,  мұғалімдермен,  МЕҰ 

қызметкерлерімен  және  де  басқа  қызығушылық 

танытқан тұлғалармен жүргізілді.

Зерттеулер оралмандардың қолы жеткен интегра-

ция деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштерге не-

гізделген:

Тіл – барлық коммуникацияның негізі болып табы-

лады,  сондықтан  тіл  интеграциясы  өте  маңызды; 

мигранттардың  қабылдаған  елдің  тілін  меңгеру 

деңгейі  осындай  интеграцияның  негізгі  көрсеткіші 

болып табылады.

Мигранттардың  әлеуметтік  интеграциясы  –  қа-

былдаған  елдің  қоғамдық  өміріне  қатысу  деңгейі-

мен  айқындалады,  сондай-ақ,  әлеуметтік  қызмет- 

ке қол жеткізу деңгейі, мысалы, медициналық қыз-

метті алу мүмкіншілігі . 

Білім  деңгейі  –  интеграциялық  үрдістің  көрсеткіші 

ретінде келешектегі экономикалық интеграцияның 

негізгі  шарты  бола  алады.  Оралмандардың  білім 

деңгейі,  білім  сапасы,  мектептер  мен  жоғары  ор-

гандарды  таңдауы  жергілікті  оқушылармен  са-

лыстыруға жағдай жасайды. 

Экономикалық  интеграция  –  мигранттардың  ең-

бек  рыногына  қатысуына,  жалпы,  мемлекеттің 

экономикалық  өміріне  қатысуына  жағдай  жасай-

ды. Ол мигранттар арасындағы жұмыссыздық пен 

жалпы елде қалыптасқан жұмыссыздық деңгейінің 

ара-қатынасы  арқылы  анықталады.  Оралмандар 

отбасының табысы мен жергілікті халықтың табы-

сын салыстыру арқылы сапалы ақпарат алуға бо-

лады.


Мигранттардың  тұрғын  үй  интеграциясы  қабыл-

даған  елдің  азаматтарының  тұрғын  үй  жағдайы  

мен  оралмандардың  тұрғын  үйлерінің  жағдайы  

мен  орналасу  жеріндегі  айырмашылықтарын  көр-

сетеді. 

2

 Квотаға енгізілген 150, 300 квотаға енгізілмеген оралман және 150 ҚР азаматтығын соңғы екі жылда алған орламандар.




I БөліМ.

ЭтНИкАлЫқ ИММИГрАЦИЯ 

сАЯсАтЫНЫҢ қАлЫптАсуЫ 

МеН дАМуЫ 

Қазақстанның  этникалық  иммиграциялық  саяса-

тын  айқындауда  өткен  жүзжылдықтағы  90-жыл-

дары  орын  алған  экономикалық  және  әлеуметтік 

өзгерістер,  сондай-ақ,  эмиграцияның  шарықтауы 

шешуші  рөл  атқарды.  Өткен  уақытта  орын  алған 

әр  түрлі  репрессиялар  мен  қуғындардың  салда-

рынан болған әділетсіздікті жою үшін қабылданған 

этникалық  иммиграциялық  саясат  халықтың  ор-

нын  толтыру  жұмыстарын  жүргізуде  де  маңызды 

орын алады. Осы тұрғыда қазақтардың этникалық 

иммиграциясын  дамыту  ұлттық  көзқарасты  да-

мыту  үрдісімен,  ұлттық  ерекшелік  пен  мәдениетті 

сақтап қалуда және мемлекеттің ішкі тұрақтылығын 

қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

1.1. тарихи түбірлер

Қазақстаннан  тыс  6  млн  этникалық  қазақтар  40 

– тан астам елде тұрып жатыр. Шамамен 1,5 млн – 

Өзбекстанда, 1,5 млн – Қытайда, 1 млн – Ресейде, 

100000 – Түркменстанда, 80000 - Монғолияда және 

45000  –  Қырғызстанда.  Қазақ  диаспорасының  ба-

сым бөлігі Турцияда, Ауғанстанда, Иранда тұрады.

Қазақтар сондай–ақ, Батыс Еуропада, Азияда, Сол-



түстік және Оңтүстік Африкада өмір сүреді.

Шет елдегі этникалық қазақтардың басым бөлігі –  

20-шы  және  30-шы  жылдары,  саяси қуғыншылық-

тан,  репрессиядан,  аштық  пен  коллективизация-

лаудан  қашып,  Совет  Одағын  тастап  кеткен  аза-

маттардың тұқымдары.

4

200000  казақтар  Совет  Одағынан  қашып,  Қытай, 



Монғолия, Индия, Ауғанстан, Иран, Турцияға көшіп 

кетті,  осы  кезде  көрші  советтік  республикаларда 

1926 жылдар мен 1930 жылдар арасында қазақтар 

2,5 есе көбейіп, 794000 адам болды.

18-19  ғасырда  басталған,  совет  одағы  кезеңінде 

жалғастырылған күштеп жүргізілген миграция мен 

«славяндық» иммиграцияның арқасында қазақтар 

өз елінде ұлттың ең аз бөлігіне айналды. 1959 жы-

лы  орыс  халқының  саны  қазақ  халқынан  басым 

болды. Кейінгі кездері бұл көрсеткіш өзгергенмен, 

1989 жылы қазақтардың саны орыстарға қарағанда 

бәрібір басым болған жоқ

5

.

1.2. совет одағынан кейінгі мезгіл



Совет Одағы ыдырағаннан соң, Қазақстан этника-

лық  орыстар  мен  немістердің  эмиграциясының 

өсуіне  байланысты  халық  санын  азайтып  алды. 

1991 жылмен 2004 жылдар аралығында 3 158 400 

адам  елден  кетті.  Эмиграция  ағымының  өсуімен 

бірге  адам  тууы  азайды,  иммиграция  төмендеді. 

Есептеулерге  қарағанда  1989  жылмен  1999  жыл-

дар аралығында республика халқы 16,5 млн адам-

нан 15 млн адамға азайды.

6

 



3

 Президент Назарбаевтың 25 қыркүйек 2005ж Астанада өткізілген үшінші Дүниежүзілік құрылтайшылар съезінде сөйлеген сөзінен 

4

 Қазақстанда қазақ халқы 1926 жылы 3,36 млн адамнан 1939 жылы 2,31 млн адамға азайды Осы кезеңде этникалық орыстар 1,26 млн 

адамнан 2,45 млн адамға көбейді. (1926 мен 1939 жылы болған халық санағының ресми деректері).  

6

 Статистика Агеттігінің мәліметтері бойынша, 2005 ж. 1 желтоқсаныңда Қазақстан халқы 15 205 100 адам болды.

10

1.1. сурет.  2005-1991 жж Қазақстан халқының саны (млн адам)

 Дерек көзі: Статистика Агенттік, 1991-2005 ж Қазақстан.

1991  жылы  18  қарашада  Қазақстан  тәуелсіздік 

алғанға  дейін  Үкіметтің  «Ауылдық  жерде  жұмыс 

істеуге  талпынысы  бар  басқа  республикада,  шет 

елдерде  тұратын  қазақтарды  Қазақ  ССР  –  на  кө- 

шіру  тәртібі  мен  шарттары  туралы»  қаулысы  қа-

былданды, бұл қаулы қазақтардың иммграциясын 

реттеп қана қоймай, сол кезде орасан дағдарысқа 

ұшыраған қазақ ауылы мен ауыл шаруашылық ке-

шендерін дамытуға септігін тигізді.

Осының  нәтижесінде  1991-1992  жылдары  Қазақ-

станға 61 609 этникалық қазақтар көшіп келді.

1992  жылы  мамыр  айында  «Көші-қон  туралы» 

Заң  қабылданды.  Осы  заңның  1  бабына  сәйкес, 

этникалық  қазақтарға  тарихи  отанына  көшіп  ке-

луге  құқық  берілді.  Заң  жүзінде  оралмандарға 

иммиграциялық  квота  бекітіліп,  этникалық  им-

миграция  бойынша  жұмыс  істейтін  арнайы  орган 

құрылды.

Экономикалық  және  тарихи  тұрғыдан  этникалық 

қазақтардың  тарихи  отанына  көшіп  келуі  мем-

лекеттің  ұлттық  ерекшелігін  сақтап  қалуға  және 

ішкі  тұрақтылықты  нығайтуға  септігін  тигізеді.  Со-

вет  Одағы  кезінде  көптеген  қазақтардың  әдет-

ғұрыптары  жоғалды,  қазақ  тілін  қолдану  тек  қа- 

на  ресми  деңгейде  ғана  емес,  бейресми  деңгей- 

де  де  төмендеп  кетті.  Осыған  байланысты  қазақ 

тілі  де,  қазақ  мәдениетінің  көптеген  элементтері 

де  жоғалуға  жақын  болды.  Осы  бағытта  орал-

мандардың  көшіп  келуі,  қазақ  мәдениетін  сақтап 

қалуда  мемлекеттің  иммиграциялық  саясатының 

негізгі бөлігі болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет