3.2. сурет. оралмандар арасындағы
жұмыссыздық (жылдар саны)
ҚР «Халықтың көші-қоны» туралы Заңға сәйкес (29-
3 бабы) мемлекет оралмандарға жұмыс беруде,
біліктілігін жоғарылатуда және жаңа мамандықты
таңдауда көмек көрсетуге тиісті. Бірақ, соның
өзінде, оралмандарды жұмыспен қамтуға бай-
ланысты көмектер беру туралы интеграциялық
бағдарламалар жоқ. Оралмандарға көмек беру
өкілеттігі бар жергілікті органдар
18
, оларға жергілік-
ті жұмыспен қамту органдарына тіркелуге ақыл бе-
реді немесе «қоғамдық жұмыстарды» ұсынады.
19
16
МЕҰ өкілдеріне сауал қою барысында бізге белгілі болғаны, үш жағдайда оралмандарды өз мекен жайына тіркегені үшін ақша алған.
17
Қазақстанда , мысалы қытай дипломы мойындалмайды.
18
Жергілікті әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаменты.
19
Қоғамдық жұмыстар дегеніміз- шамамен 10000 теңге айлығы бар уақытша жұмыс.
1
Жалақысы төмен уақытша жұмысты ұсынумен
қатар жергілікті жұмыспен қамту органдары жаңа
мамандықты игеру курстарын ұйымдастырады.
Бірақ мұндай курстар тек қана орыс тілінде
жүргізілетіндіктен, бұл тілді білмейтіндер қатыса
алмайды. Оқу бағдарламаларының тақырыптары
да өте тар. Мысалы, Алматыдағы жұмыспен қамту
орталықтарында бухгалтерлердің, жүргізушілердің
курстары ғана ұйымдастырылған. Бір жұмыспен
қамту орталығы мұндай курстардың жұмыс
іздеушілердің ішінде, әсіресе, оралмандар арсын-
да онша сұранысы жоқ екенін айтты.
Қойылған сұрақтар көрсетіп отырғандай, он
оралманның тек қана біреуінің тұрақты табысы
бар; көшіп келгенге дейін олардың бірден төрт
бөлігінде (23,9%) тұрақты табысы болған. Уақытша
жалақы алатын немесе зейнетақы мен әлеуметтік
төлемдер алатын оралмандар саны екі есе өсті.
3.4. кесте. оралманның бір отбасысының
айлық табысы
Табыс
% оралмандар
Табысы жоқ
2,1
5000 тенгеден аз
13,7
5000-10 000
23,4
10 000-15 000
21,4
15 000-20 000
16,2
20 000-30 000
12,8
30 000-40 000
6,5
40 000-60 000
3,2
60 000 және одан да жоғары
0,7
2003 жылы Қазақстанда БҰҰДБ ең төменгі күнкөріс
минимумын 1 адамға шаққанда 5128 теңге көле-
мінде анықтады
20
. Кестеден көріп отырғанымыздай,
оралмандардың 45% (сауалдарға орай) 2000-
нан 15000-ға дейін табысы бар. Демек, оралман
отбасысының табысы күнкөріс минимумынан асып
тұрған жоқ.
Қазақстандағы заңдарға сәйкес, оралмандардың
жеңілдіктер мен төлемақы алуға құқығы бар, соның
ішінде мүгедектерге, жұмыссыздарға арналған жәр-
демақы мен зейнетақылар, атаулы әлеуметтік кө-
мек кіреді. Мұндай жеңілдіктерді алу үшін орал-
ман статусы қажет болғанымен, жинаған дерек-
тер бойынша көріп отырғанымыздай жергілікті
үкімет органдары мекен жайын тіркеу қағаздарын
талап етеді, сөйтіп, жеңілдіктерді алуға қиындық-
тар туғызады. Заңға сәйкес, барлық оралмандар
еңбек өтіліне және бұрынғы елде қандай жұмыс
істегеніне қарамастан ең төменгі мөлшерде мем-
лекеттік зейнетақы ала алады
21
. Осыған байланыс-
ты, кейбір оралмандар, әсіресе Қытай мен Ресейден
келгендер қазақстанның азаматтығын алғылары
келмейді, бұрынғы азаматтығын қалдырғысы ке-
леді.
22
3.2. тұрғын үй
Интеграция үрдісінде мемлекеттік органдардың
алдында оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз
ету проблемасы тұрады. Квотаға енгізілу дегені-
міз, тұрғын үймен қамтамасыз ету деген сөз, сон-
3.3. сурет. табыстардың негізгі көзі (сауалдар бойынша)
20
БҰҰДБ ақпараттық базасы.
21
Көші-қон комитетінің деректеріне сүйенсек, 2005 жылы жалпы зейнеткер-оралмандар саны жалпы оралмандар санынан 23 988 адам
немесе (5,17%) болды.
22
2005 жылы 1 қаңтарда ең төменгі зейнетақы 6200 тенгені құрады.
20
дықтан да оралмандардың квотасының өсуі қар-
жымен қамтамасыз ету және ұйымдастыру
қиыншылықтарын туғызады. Бүгінгі күнде мем-
лекеттік дотациялардың басым бөлігі оралман-
дарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмса-
лады.
23
Квотаға енгізілмегендер уақытша не-
месе тұрақты үй алуға мемлекеттен көмек
ала алмайды. Көші-қон комитетінің мәліметте-
ріне қарағанда оралмандардың 48,3% тұрғын үй-
мен қамтамасыз етілген.
24
Төмендегі кестеде ҚР
оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілген
мәліметтері көрсетілген.
3.5 кестеден көріп отырғанымыздай, тұрғын үй-
мен жеткілікті қамтамасыз етілмеу проблемасы
оралмандардың көп шоғырланған облыстарын-
да көрініс тапқан: Оңтүстік Қазақстан (11,9%),
Маңғыстау (31,9%), Алматы қаласы (47,1%) және
Жамбыл облысы (49,1%). Қазақстанның оңтүстік
өңірлері квотаға енгізілмеген оралмандарға және
қайтып келген иммигранттарға тартымды. Одан
басқа квотаға енгізілген оралмандар да бұл
аймақтарға көптеп көшіп жатыр.
Оралмандарға қойылған сұрақтарға орай байқа-
ғанымыз, олардың ішінде 29% жеке меншікте тұр-
ғын үйлері бар, 17% үй иесімен бірге тұрады және
12% тұрғын үйді жалға алған.
3.5. кесте. облыстар бойынша оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу
көрсеткіштері (2005 жыл 1 қаңтар бойынша )
Облыстар
үйі жоқ оралмандар
(отбасы саны), %
Облыс
үйі жоқ оралмандар
(отбасы саны), %
Акмола
97,3
Кызылорда
66,9
Ақтөбе
72,6
Костанай
79
Алматы
76,9
Павлодар
86
Атырау
82,0
Солтүстік-Казақстан
95
Шығыс Қазақстан
90,1
Маңғыстау
32
Батыс-Казақстан
50,5
Оңтүстік-Казақстан
12
Жамбыл
49,1
Астана қаласы
66
Қараганды
93,7
Алматы қаласы
47
БАрлЫғЫ
48
3.6. сурет. оралмандардың тұрғын үйді
алуға арналған қаржы көздері
Зерттеулер көрсеткендей, оралмандардың тұрғын
үймен қамтамасыз ету жағдайлары облысқа және
олардың нақты орналасқан жеріне байланысты.
Қалада тұратындар, көбінесе, қалыпты немесе
қанағаттанарлық жағдайдағы жеке өз үйлерінде
23
Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 2005 жылы 8 044 223 тенге бөлінді.
24
Бұл 45 635 оралман отбасына сәйкес келеді 2005 жылдың 1 қаңтар деректері бойынша. Қалған 51,7% жатақханаларда, мешіттерде,
бейімделу орталықтарында тұрады.
21
немесе жалға алған үйлерінде тұрады. Ауылдық
жерлерде оралмандар кедейленіп, үақытша со-
ғылған үйлерде тұрады. Барлық облыстарда орал-
мандарға берілген үйлер күрделі жөндеуді керек
етеді.
25
Көбінің үйінде ешқандай санитарлық жағ-
дай жоқ, тұрғын үйлердің сапасы нашар. Мұндай
селоларда асфальт жоқ, бұл өз кезегінде көліктік
қатынастарды қиындатады. Оралмандардың тұр-
ғын үй сапасын жақсартуға ақшасы болмағандық-
тан, мемлекеттен көмек күте алмайды, сондық-
тан ұзақ уақыт осындай нашар жағдайда, су құ-
бырларының, электр шамдарының, кейде газдың
болмауы орын алса да сапасыз өмір сүруге мәжбүр
болады
26
. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда ауыл-
дық жерде тұратын оралмандардың 45% салқын
сумен қамтамасыз етілген, 10,6%-ыстық сумен,
17,3%-газбен қамтамасыз етілген. Респондент-
тердің 71% сұйық газы бар баллондарды қолда-
нады. Орталық жылу тек қана 11% үйде бар, сұрақ
қойған оралмандардың 11% үйінде ғана канализа-
ция бар.
Ауыл тұрғындары сияқты оралмандар да орталық
су құбырлары болмағандықтан суды құдықтан
алады, кейде қалалық ағын судан алады, бұл өз
ретінде бұл ауылдарда жұқпалы аурулардың тарап
кетуіне жағдай жасайды.
27
2004 жылы ақпан айында квотаға енгізілген
оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің
бастапқы механизмдері өзгертілді
28
. Жаңа тәртіп-
ке сәйкес, көші-қон Комитетінің жергілікті депар-
таменті тұрғын үйді сатып алмайды, оның ор-
нына отбасының әр мүшесіне 100 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК) көлемінде – шамамен 97 200 тең-
ге (730 АҚШ доллары) ақша бөлінеді. Енді орал-
мандар өздері пәтер сатушымен келісім шарт
жасап үй табулары қажет. Бұл үрдісте мемлекет
ешқандай көмек көрсетпейді.
29
Бірақ, Қазақстанда тұрғын үй бағасы жылдам жо-
ғарылап жатқандықтан, бөлінген бір адамға 730
доллар үй сатып алуға жеткіліксіз (ауылда да,
қалада да
30
). Егер адамдардың жеке меншік са-
лымдары болса, жетпей тұрған ақшаны өздері
толтырады. Бірақ, жеке салымдары жоқ оралман-
дар немесе мемлекеттік грантқа қажетті пәтер
сатып ала алмайтын оралмандар бұл ақшаны бас-
қа мақсаттарға жұмсайды: мысалы автомобиль
немесе ауыл шаруашылық құрал саймандар сатып
3.7. сурет. оралман отбасыларының өмір сүру жағдайлары, %
25
Оралмандарға үй иелері қалаға көшіп кеткен тасталған үйлер беріледі.
26
Бұл қорытынды Байбесік және Сары-Ағаштағы Дастан ауылдарына барған кезде жасалды.
27
2004 жылға дейін Алматының жанында орналасқан Байбесик селосының оралмандары ластанған ағын суды қолданды.Кейіннен жергілікті
органдар құдық қазуға жағдай жасады.
28
Бұған дейін ДКҚА жергілікті департаменттері оралмандарға үй тауып беруге міндетті болатын. 25 ақпан 2004 жылы «Оралмандарға
республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыларды мақсатты қолдану тәртібі туралы» құжатқа өзгертулер енгізілді. Бұл өзгерістер
қаржыны дұрыс басқармау, тұрғын үйге баға өсуі және оралмандардың көбеюіне байланысты енгізілді.
29
Оралман нотариалдық бекіткен сату-сатып алу келісім шартын және банктік шот ашқаны туралы куәлік әкелген соң ғана, ақша
оралманның шотына аударылады.
30
Оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасымен айналысатын МЕҰ –дың мәліметтеріне қарағанда ауылдық жердегі
үйлердің ең төменгі бағасы 7000 – 8000 доллар ды құрайды.
22
алады. Кейбір отбасылар өз туысқандарынан не-
месе жолдастарынан ақшаны қарызға алады. Жер-
гілікті тұрғындар оралмандарға үйлерін сатқысы
келмейді, өйткені соңғылар қазақстан азаматтары
емес, сондықтан олар дер кезінде ақшаны төлей
алмайды. ҚР шоттық комитетінің мәліметтеріне
қарағанда оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз
етудің бұл жаңа механизмі оралмандарды тұрғын
үймен қамтамасыз ету міндетері мен мақсаттарын
шешпейді.
Квотаға енгізілген оралмандар кейбір көмекті
алса, квотаға енгізілмеген оралмандар тұрғын үйді
өздері табуға міндетті. Жергілікті басқару орган-
дары (әкімшіліктер) материалдық көмек көрсете
алады, бірақ қолдағы қаржылар тым аз. Бұрын
кейбір аумақтарда жергілікті басқару органда-
ры оралмандарға үй салуға жер бөліп отыратын
(мысалы, Алматы қаласында, Оңтүстік Қазақстан,
Маңғыстау облыстарында). Кейбір жағдайларда
оралмандар басқару органдарының рұқсатынсыз
үй салып алды.
Нақты айтар болсақ, тұрақты үйі немесе уақыт-
ша үйі болмау оралмандардың Қазақстанға кел-
гендегі ең бірінші проблемасы. «Көші-қон тура-
лы» заңға және де басқа заң актілеріне сәйкес,
оралмандарға көшіп келген соң міндетті түрде
«уақытша үй» берілуі керек немесе бейімделу
орталықтарына орналастыруы қажет.
2004 жылы ХКҰ жүргізген мониторинг мұндай
орталықтардың өз мақсаттарын орындамайты-
нын көрсетті. Көбінесе оралмандар мұндай ор-
талықтардың бар екендігінен хабардарсыз. Қан-
дай көмек көрсетілуі керек екендігі немесе қалай
орналасуға болатындығы туралы ешқандай қағи-
даттар жоқ. Мұндай орталықтарда уақыт шең-
берінде шектеулер қойылған (20 күн), бірақ кей-
бір оралмандарға мұндай орталықтар тұрақты ме-
кен жайға айналды.
3.3. денсаулық
Оралмандардың денсаулығы туралы ресми ста-
тистика жоқ. ҚР заңдарына сәйкес оралмандарға
Қазақстан азаматтарымен бірдей мемлекеттік
медициналық көмек алуға кепілдік беріледі
31
.
Қазақстанға көшіп келген соң, оралмандар толық
медициналық тексеруден өтуге міндетті. Бұл үрдісті
көші-қон Комитетінің жергілікті департаменттері
бақылайды
32
. Бірақ, облыстарда, аудандарда ме-
дициналық көмектің сапасының айырмашылы-
ғы бар. Ондай айырмашылық бастапқы медици-
налық көмек те де, толық медициналық тексеріс
өткізген де орын алады. Осыған байланысты
оралмандарды медициналық тексерістен өткізу-
дің біркелкі тәртібі бекітілмеген, емханалар мен
медициналық қызметкерлер мұндай медициналық
тексеріске әр түрлі уақыт жұмсайды.
33
Меди-
циналық тексерістен кейін оралмандар мемле-
кеттік медициналық ұйымдарда толық көлемде
медициналық көмек алуларына құқығы бар. Ме-
дициналық мекеменің қызметкерлеріне қойылған
сауалдан көріп отырғанымыздай, оралмандар
дәрігерге дер кезінде қаралмайды және дәрі-
герлердің емдеу ережесін сақтамайды, екінші ау-
рудың алдын алу тексерістеріне келмейді
34
.
Респондерттердің айтуынша, кейбір оралмандар
санитарлық гигиеналық ережелерді сақтамайды.
Оралмандар отбасының ішінде жұқпалы қауіпті
аурулардың пайда болу мүмкіндігі бар. Оралман-
дар медициналық көмекті уақытында алмауының
себебі деп, медицинаға сенбеушілік немесе
уақытының, ақшасының жоқтығы деп түсіндіреді.
Емдеудің басқа тәсілдерін білетін оралмандар,
зерттеу барысында өзін-өзі емдеумен айналыса-
тынын, бұрынғы тұрған елдің дәрігерлеріне ба-
рып емделетінін немесе жергілікті тәуіптерге ба-
ратынын айтты
35
. Осының нәтижесінде көптеген
оралмандар ауруды асқындырып алғанда ғана дә-
рігерлерге қаралады. Сұрақтар қою нәтижесі көр-
сеткендей, оралмандардың басым бөлігі (79%)
медициналық көмекті мемлекеттік медициналық
мекемелерден алса, 12% үйлерінде емделеді, 4%
жеке медициналық орталықтарда емделсе, 2%
жергілікті тәуіптерге барып емделеді.
Оралмандар ауруға бейім келеді деген көзқарас
бар. Қазіргі жағдайда орламандардың денсаулығы
мен басқа халықтың денсаулығын салыстыру ту-
ралы ақпарат аз болғанымен, әр аймақтардағы
медициналық қызметкерлермен өткізілген интер-
вью оралмандардың әр түрлі ауруға бейім екен-
дігін көрсетті. Маңғыстау облысында оралмандар
басқа халыққа қарағанда артрит ауруларымен,
31
«Халықтың көші-қон » Заңының . 29-3 . бабына сәйкес.
32
Жолдау қағазын жергілікті департамент береді.
33
БҰҰДД зерттеулер жүргізу барысында білім беру департаменті бастығының орынбасарынан сұхбат алды.
34
Жергілікті медицина өкілдеріне қойылған сауалдан белгілі болды
35
Қытайдан келген оралмандарға қатысты.
2
жүрек, қан-тамыры (көбінесе әйелдер) көбірек
ауырады. Жаңа-Өзен қаласының бас дәрігері
айтқандай, жүкті оралман әйелдердің 90%-і ане-
мия ауруымен, соның ішінде 50%-і осы аурудың
қатты асқынған түрімен ауырады екен. Павлодар
облысында дәрігерлер оралмандардың арасында
жиі кездесетін аурулардың бірі анемия, остеопо-
роз және артрит екендігін көрсетті. Қарағанды жә-
не Алматы облыстарының дәрігерлері оралман-
дардың денсаулығы басқа халықпен салыстыр-
ғанда нашар екендігін атап өтті.
3.4. Білім беру
«Халықтың көші-қоны» Заңының 29-2 бабына
сәйкес, Білім және ғылым министрлігі оралман-
дарға орта кәсіптік және жоғары оқу орнына түсу-
ге Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген
көлемде квота бөлінуін қамтамасыз етеді. Ми-
нистрліктің жергілікті департаменттері мектептер-
де және бала-бақшаларда оралмандарға орын
бөлінуіне жауапты. Жалпы, министрліктің жер-
гілікті және облыстық департаменті оралмандар-
ға білім алуды ұйымдастыруда белсенділік таны-
тып отыр. Көші-қон комитетінің мәліметтеріне сүй-
енсек, 2005 жылы оралмандадың мектеп жасын-
дағы балаларының ішінде бастапқы білімді 95,3%
алды.
36
Қазақстанға көшіп келген соң оралмандар бала-
сын мектепке орналасу барысында көптеген ке-
дергілерді кездестіреді. Оралмандар балаларын
орыс тілінде емес, қазақ тілінде оқытқысы келеді
37
.
Оралмандардың көбісі қазақ тілінде сөйлегенмен,
кириллицаны білмегендіктен жазбаша жазу мен
оқуда проблемалар пайда болады. Қазақ тілін-
де де, орыс тілінде де оқытатын мектептерде
білім берудің айырмашылығы бұрын көшіп кел-
ген елдердің білім беру жүйесінен анағұрлым
басқаша. Мұғалімдердің айтуына қарағанда, орал-
мандардың балаларының білім деңгейі басқа ха-
лықтың балаларымен салыстырғанда өте төмен.
Сондықтан мұғалімдер қосымша кластарды ұйым-
дастырады, ата-аналарына кеңес береді, арнайы
өту кезеңіне бағытталған бағдарламалар дайын-
дайды және де орыс, қазақ тілін үйрету курста-
рын ашады. Кейбір мұғалімдердің айтуынша,
топтық пікір таластар ұйымдастырып, оралмандар
мен басқа халықтың балаларының көзқараста-
рын айқындап, олардың қарым қатынастарындағы,
оқу барысындағы қиыншылықтарды жеңуге жағдай
жасайды.
Оралман ата-аналар өз балаларына үй тапсырма-
сын дайындауда уақыттарының тапшылығынан,
басқа елдерде алған білімінің айырмашылығы
болғандықтан көмектесе алмайды, сондықтан кей-
бір мектептер ата-аналарға кешкі оқу курстарын
ашты.
Оралмандар өз балаларының білім алуға де-
ген қызығушылығының жоғарылағанын айтады
(қаржылық қиындықтары бар отбасыларынан
басқа). Әсіресе, бұл үйде немесе үйден тыс жұмыс
істей алатын балалардың ата-аналарына қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысының мұғалімдері сауалға
жауап беру барысында бастапқы кезде мәдениеті,
дінге сену ерекшеліктеріне байланысты кейбір
оралмандар (Ауғанстаннан, Ираннан, Пәкістаннан
келген оралмандар) қыздарының ер балалар-
мен бір мектепке баруына қарсы болды. Кейбір
жағдайларда қыз балалар 13 немесе 14 жасында
сабақ оқуын тоқтатады, оларды ата-анасы күйеуге
шығуға дайындайды. Зерттеу барысында мектепке
бармаудың көптеген себептері анықталды, соның
ішінде денсаулығының болмауы, сабаққа деген
ынтасының жоқтығы, қаржылық қиындықтар. Тө-
мендегі көрсеткіштер мектепке бармаудың негізгі
себебі денсаулықтың нашар екендігін көрсетеді.
Келесі негізгі проблема киім кешектің жоқтығы,
ақшаның жеткіліксіздігі. Қалалық жерлерде ақша
табу үшін оралман балалардың 4,3%-і, ауылдық
жерде 2,4%-і мектепке бармайды.
«Білім-Орталық Азия» білім беру орталығының
зерттеулеріне сүйенсек,
38
мектеп бітіргендердің
46% университеттік білім алуға талпынады, 40%
әлі шешім қабылдаған жоқ, ал 14% кәсіптік не-
месе техникалық колледждерде оқығысы ке-
летіндігін айтты. Ата-аналардың ішінде 54% бала-
ларының жоғары білім алғандығын қаламайтын-
дығын, өйткені қаржы тапшылығы және балала-
рының үйден кеткендігін дұрыс деп санамайды.
36
из 93 363 баланың ішіндегі 89 025 бала мектеп жасындағы балалар. 1қыркүйек 2005 жылғы статистикалық деректер.
37
Орыс немесе қазақ мектептеріне баратын оралмандардың балалары туралы ресми деректер жоқ.
38
Бұл зерттеулерді «Білім-Орта Азия» орталығы Алматы қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысында оралмандардың сапалы білім
алу мүмкіндігін анықтау шеңберінде 2005 жылы жүргізді.
2
3.9. сурет. оралмандардың балаларының мектепке бармау себептері
Айта кету қажет, ғылым және білім министрлігі
білімдерін жалғастыратын оралмандардың санын
көбейтуде белгілі жұмыстар атқарып жатыр, мем-
лекеттік кредит пен грант алуда жеңілдіктер, атап
айтқанда 2% оралмандарға арналған мемлекет-
тік кредит пен грант. 2003-2004 жылдары 183 000
3.10. сурет. облыстар бойынша оралмандардың Жоо оқуы
ЖОО – дарына түсті, соның ішінде 153 000 – ақы-
лы түрде (өз қаржылары есебінен), 16000-мемле-
кеттік білім гранттары есебінен, 10 000-мемлекеттік
білім кредиттері есебінен білім алады
39
. Сонымен,
мемлекеттік көмек арқылы оқып жатқандар саны -
26 000 адам, соның ішінде 520 - оралмандар.
39
2004 жылғы Адам дамуы туралы БҰҰДБ есебі.
2
IV БөліМ.
орАлМАНдАрдЫҢ МӘдеНИ
БейіМделуі
4.1. тіл жағынан бейімделу
Тіл қарым қатынастың негізі болып табылады,
сондықтан да тіл интеграциясына айрықша көңіл
бөлінеді. Мигранттардың көшіп келген елдің тілін
білуі, олардың еңбек, әлеуметтік мәдени өмірге
интеграциялануының негізгі индикаторы болып
табылады. Мигранттарды қабылдайтын барлық
елдер интеграция бағдарламаларында тіл жа-
ғынан бейімделуіне аса көңіл бөледі, бірақ әр ел
тілді игеруге берілетін көмектің көлемін өздерін-
ше анықтайды.,
Қазақ ұлты халықтарының Қазақстанға көшіп ке-
луінің бірінші себебі қазақ тілін, мәдениетін, тари-
хи отанының әдет-ғұрпын сақтап қалу, балалары-
ның келешегін қамтамасыз ету. Көшіп келген
соң оралмандар қазақ тілі мен қатар орыс тілінің
күнделікті қолдану қиыншылықтарымен кездесе-
ді. Орыс тілі қарым – қатынаста негізгі тіл бол-
ғандықтан, оралмандардың еңбек рыногына ин-
теграциялануы, Қазақстанның әлеуметтік және
мәдени өміріне қатысуына қиындықтар туғызады.
Бұл өз кезегінде орыс тілін білмеу салдарынан
өмірлерін одан-әрі қиындатады. Оралмандардың
қазақ қоғамына интеграциялануына теріс әсерін
тигізетін тіл білмеушілікті елемей қалуға болмай-
ды. Бұл жерде айта кететін жайт, қазір үш қазақ
алфавиті қолданылады; Қазақстанда, Ресей мен
басқа ТМД елдерінде кириллица, Турция мен
Батыс Еуропада латиница, Қытайда, Иран мен
Пәкістанда - ескі қазақ алфавиті (араб алфавиті
негізінде құрылған). Осының нәтижесінде Қы-
тайдан, Ираннан, Пәкістаннан, Ауғанстан мен
Турциядан келген оралмандар толық қазақ тілін
меңгере алмайды, сондықтан да келе салысы-
мен тіл білмеушілікке байланысты қиыншы-
лықтарға кездеседі. Кейде ең қажетті істерді, мы-
салы, оралман статусын алуға құжаттарын тол-
тыра алмайды. Осы қиыншылықтарға байла-
нысты оралмандарға тілді меңгеру курстары ұй-
ымдастырылмайды. Мемлекеттік бағдарламалар
жоқ болғанымен, кейбір мектептер мен ЖОО
өздері орыс тілі мен қазақ тілі курстарын
ұйымдастырады.
4.2. мәдени бейімделу
Қазақ диаспорасының бір бөлігі ретінде көптеген
оралмандар қазақ мәдениетінің әр түрлі аспек-
тілерін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Мұндай жағ-
дай мәдени бейімделуге жақсы жақтарымен қа-
тар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі
жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп кел-
ді және қандай облысқа қоныстандырылды. Бұл
жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы (Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау)
бойынша байқауға болады, бұл облыстарда қа-
зақ мәдениеті мен әдет ғұрпы жақсы сақталған.
Бұл облыстарда оралмандардың әлеуметтік-мә-
дени бейімделуі солтүстік пен орталық өңірлер-
ге қарағанда жеңілдірек өтеді. Оралмандар сол-
түстік және орталық облыстарда интеграциялау
барысында көптеген қиыншылықтармен кездесе-
ді. Совет Одағынан бері, қазақ мәдениеті бұл об-
лыстарда басқа мәдени және этникалық топтар-
дың ықпалында қалды. Бұл өңірлерде орыс тілі,
орыс мәдениеті басым болғандықтан, ол жерде
тұратын оралмандардың жергілікті жағдайға бей-
імделуі көп уақытты алады.
Оралмандардың қазақтармен бір тарихи түбірі
болса да, олардың мәдениеті мен тұрмысында
ауқымды айырмашылық бар. Мұның себебі, орал-
мандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір
сүру қағидатын сақтап қалса, Қазақстандағы қа-
зақтар совет одағы кезеңіндегі әр түрлі өзгерістер-
дің, нарықты экономикаға өту кезіндегі өзгерістер-
дің ықпалына бейімделіп қалды. ТМД елдерінен
басқа мемлекеттерден көшіп келген қазақтар дінге
өте жақын болады.
2
Оралмандардың мәдени бейімделуіне ықпал ете-
тін тағы бір жағдай, оралмандардың өмір сүру си-
паты, дінге деген көзқарасының ерекшелігі. Бұл
әсіресе киім киюінде, отбасылық қарым-қатынаста
нақты көрініп тұрады. Әйел оралмандар, әсіресе оң-
түстік өңірлерде мойынды жауып тұратын көйлек
киеді, оның үстіне жакет киіп, бастарына орамал
тартады. Түркменстаннан, Ираннан және Ауғанс-
таннан келген оралман әйелдер жергілікті қазақ
әйелдерінің киімін өте ашық, ибадатсыз, сыпайы
емес деп санайды. Оралман ерлердің де көзқара-
сы осындай. Өзбекстаннан келген оралмандар
бастарына тақия киеді, Иран мен Пәкістаннан
келгендер (әсіресе жасы келгендер) сәлде киеді.
Оралмандар мен жергілікті халықтың күнделікті
өмірінде де айырмашылық бар. Көптеген орламан-
дар жиһаз сатып алмайды, өткені қолдан құрап
жасалған көрпені, жастықтарды және кілемдерді
қолданады. Олардың кейбіреулері киіз үйде (көш-
пенділердің палаткасы) тұрғанды қалайды. Тамақ
ішкенде аяғы қысқа столдарды қолданады. Қызмет
өзгерген сайын, өндірісті урбанизациялау үрдісінің
ықпалынан үй жиһаздарын өндіру Монғолиядан
келген оралмандардың арасында төмендей бас-
тады. Бұл жағдай материалдың жоқтығынан жә-
не ондай тауарларға сұраныстың төмендеп кет-
кенінен болып отыр. Зерттеулер нәтижесі көрсетіп
отырғандай, оралмандардың (әсіресе, Монғолия-
дан келгендердің) мәдениеті әртүрлі өзгерістерге
ұшырады, модернизацияланды.
Мәдени айырмашылық оралмандар мен жергілік-
ті тұрғындардың арасында түсінішпеушілік туды-
рады деген ақпарат жоқ, дегенмен, жергілікті ха-
лықтың оралмандарға деген көзқарасы әрдәйім
жақсы емес. 2005 жылы әлеуметтік технологиялар
Орталығы жүргізген зерттеулер жергілікті халықтың
оралмандарға қатынасын былай көрсетті.
40
4.1. кесте. Жергілікті халықтың
оралмандарға қатынасы, %
Жақсы
34
Шыдамдылықпен
25
Немқұрайлы, селқос
22,5
Нашар
10,1
Дерек көзі. ӘТО – ның басылымдары «Оралмандар: нақты
жағдайы, проблемалары және перспективалары»
Қазақстан халқының оралмандарды қабылдауы
да әр қилы. Бір жағынан, тарихи отанына қайтып
келген оралмандарды құрметтейді, қабылдаған
елге олар қандай пайда әкелетінін жақсы түсіне-
ді. Бірақ, әсіресе, әлеуметтік жәрдемақы мен
мақсатты жеңілдіктерді берген кезде оларға деген
сенбеушілік бар.
Жергілікті халықтың ұлттық ерекшеліктеріне бай-
ланысты оралмандарға қатынасы былай көр-
сетіледі.
Қазақтар және этникалық топтың басқа өкілдері
(орыстар емес) жалпы оралмандардың көшіп ке-
луіне қарсы еместігін білдірді. Орыстардың ішінде-
40
Бұл зерттеулер елдің 6 аймағында жүргізілді: солтүстікте, оңтүстікте, шығыста , батыста, орталықта және Алматы қаласында.
4.2. сурет. оралмандарға қалай қарайсыз, %
Дерек көзі. ӘТО – ның зерттеулері. Жергілікті халықтың 60 аймағындағы 1800 адамға сауалдар қойылды.
2
гі (елдегі санына қарай екінші орындағы этника-
лық топтың) 15% респонденттер немесе әрбір
алтыншысы оралмандарды жақтырмайтынын
айтты. Зерттеулердің тағы бір көрсеткені мұндай
көзқарас барлығына тән емес, кейбіреулері жұмыс
табуда немесе тұрғын үймен қамтамасыз етуде
оралмандар тарапынан қауіп қатер тууы мүмкін
деп есептейді. ӘТО өткізген зерттеулер табысы
жоғары респонденттердің оралмандарға көзқарасы
жақсы, табысы аз халық тобы оралмандарға
жақсы қарамайтындығын, яғни қарама-қайшы
қатынастарын көрсетті.
Жергілікті халықтың географиялық жағдайларға
байланысты оралмандарға қатынасы мынадай:
4.3. кесте. регион бойынша оралмандарға жергілікті халықтың қарауы
Өңірлер
Жақсы
Шыдамдылықпен
қарау
Селқос, енжар
халық
Нашар
Солтүстік
28,8
34,6
24,2
5,6
Оңтүстік
42,5
19,7
15,4
7,4
Батыс
46,4
13,7
23,7
4,8
Шығыс
26,2
18,4
24,6
17,2
Орталық Қазақстан
31
28,4
29
10,6
Алматы қаласы
28,2
33,6
18,1
16,1
Жалпы ел бойынша
34
25
22,5
10,1
2
V БөліМ.
орАлМАНдАрғА сЫртқЫ көМек
Бүгінгі күнде елде шамамен оралмандардың ин-
тегрциялауымен айналысатын 20 ҮЕҰ жұмыс іс-
тейді. Олардың жұмыстарының негізгі бағыттары
мыналар:
•
ақпараттық және анықтама қызметін
көрсету;
•
құқықтық қызмет көрсету (кеңестер, тір-
кеуге көмек беру, квотаға енгізілгенде
статус алуға өтініш жазуға көмектесу,
азаматтық алуда, әлеуметік төлемдерді
алуда көмек);
•
қоныстанған кезде көрсетілетін көмек;
•
мектепке және ЖОО түсу кезінде бала-
ларға көрсетілетін көмек;
•
Қазақстанның мәдениеті, тарихымен ті-
лін игеруде, заңдармен танысуда және
шағын бизнесті ашуда қажетті білімдерді
беретін курстарды ұйымдастыру;
•
біліктілігін жоғарылататын курстарды ұй-
ымдастыру;
•
оралмандардың құқығын қорғау және құ-
қықтық және әлеуметтік сұрақтарды жер-
гілікті жерде талқылау;
•
гуманитарлық көмек көрсету;
•
тұрғын үймен қамтамасыз етуде көмек
көрсету;
•
бизнес жоспарды және шағын бизнесті
бастауда көмек көрсету;
•
жергілікті және шет ел донорларына өтінім
жасауда көмек көрсету;
•
оралмандар сұрақтары бойынша кезде-
сулерді, семинарларды, дөңгелек үстел
мен конференцияларды ұйымдастыру;
•
оралмандардың құқықтық стандартын
жақсарту бойынша ұсыныстар жасау жә-
не оларды парламентке, үкіметке, жер-
гілікті басқару органдарына беру.
Мұндай ҮЕҰ-дардың ерекшелігі сонда, көбінесе
мұндай ұйымдар ды оралмандар өзі құрды. ҮЕҰ-
дардың олардың қызмет ету шеңбері айрықша,
қаржыландыру көздеріде, оралмандарға қатысты
сұрақтарды шешуде де әр деңгейде жүргізіледі.
41
Тәжірибелі және танымал ҮЕҰ-дарға «Асар» жә-
не ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы жатады . ҮЕҰ
«Асар» Алматы облысында 1998 жылы Монғо-
лиядан келген квотаға енгізілмеген оралмандарға
тұрғын үймен қамтамасыз етуде көмек көрсету
мақсатымен құрылды. Бұл ұйымның әр аймақта
12 өкілдігі бар, және олардың ең негізгі жетістік-
тері мыналар:
•
квотаға енгізілмеген 183 оралмандар от-
басына үй салуға жер бөлу;
•
ХКҰ мен бірге осы селода инфрақұры-
лымды дамыту жұмыстарын жүргізу
42
;
•
Қазақстанның 6 өңірінде оралмандарға
курстар ұйымдастыру;
•
әр түрлі аймақтарда қоныстандыруға жер
алу;
•
оралмандарға арналған «Көш» газетін
шығару;
•
Рахат ТВ апта сайын шығатын теле-
визиялық шоу дайындау;
•
әр түрлі мәдени шараларды ұйым-
дастыру.
Қазақстандық Қызыл Жарты Ай қоғамы, атап
айтқанда, 18 облыстық комитетінің үшеуі орал-
мандармен 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
ХКҰ мен ҚЖАҚ бірігіп іске асырған жоба шеңбе-
рінде 9 әйел оралмандарды қолдау орталықтары
ашылды. Содан бері ҚЖАҚ комитеті оралман-
дарға әр түрлі көмектер көрсете бастады, соның
ішінде жаңа мамандықты игеруге оқыту, құқықтық,
медициналық, материалдық және гуманитарлық
көмек көрсету.
ҮЕҰ-дардың Қазақстанда ықпалы нығайғанмен,
мемлекеттік органдар, әсіресе жергілікті жерде
олардың қызметіне селқос немқұрайлы қарайды
және олармен жұмыс істеуге жылы ықылас білдір-
мейді.
Тек қана Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ)
халықаралық ұйымдардың ішінде бір өзі орал-
мандар интеграциясы шеңберінде жұмыс істей-
ді. 1997 жылдан бері ХКҰ осы үрдісті жақсарту
41
Кейбіреулерін донорлар қаржыландырады, ал кейбіреулері ешқандай сыртқы көмексіз жұмыс істейді. МЕҰ-дардың бір қатары
оралмандармен мақсатты түрде жұмыс істейді, кейбіреулері, жалғыз басты әйелдер, қашқындар, жетімдер сияқтя халықтың қорғалмаған,
табысы аз тобына көмектеседі.
42
Байбесік, Алматы қаласының жанында орналасқан.
2
мақсатымен және әлеуметтік проблемаларды
шешуде әр түрлі шаралар жүргізді. Бұл жұмыстар
мемлекеттік және жергілікті билік органдары-
мен, оралмандармен және мемлекеттік емес
ұйымдармен бірлесіп жүргізді.
ХКҰ жұмыстарының осы бағыттағы негізгі жұ-
мыстары мыналар:
•
өмір сүру жағдайларын жақсарту - Са-
ры-Ағаштағы оралмандар қоныстанған
мекен жайдың инфрақұрылымын дамыту
(Оңтүстік Қазақстан облысы); Шымкент
бейімделу орталығын күрделі жөндеуден
өткізу; Байбесік (Алматы қаласы жа-
нында) мекен жайын жоспарлауда кө-
мек көрсету; Байбесік мекен жайының
инфрақұрылымын дамыту.
•
Қазақстанның алты аймағында («Асар»
ҮЕҰ-мен бірге) оралмандарға орыс тілі-
нен, бизнес дамытудан, құқықтан оқу кур-
сын ұйымдастыру;
•
құқықтық үрдістерде көмек көрсету –
Нұрлы селосының оралмандарына (Ал-
маты облысы) азаматтық алуына және
тұруға рұқсат қағаз алуда және тірке-
уге қажетті 300 000 өтініштің бланкісінің
көшірмесін, 500000 анкетаны таратуда
көмек көрсетті;
•
оралман әйелдерге табыс табу мақса-
тымен кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
көмек көрсету (КОКК–мен бірлесіп Қа-
зақстанның үш өңірінде тоғыз қоғамдық
орталық ашу жобасы және мини-гранттар
бөлу);
•
семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстел,
конференциялар мен оқу іс сапарларын
ұйымдастыру;
•
оралмандармен жұмыс істейтін ҮЕҰ
қолдау;
•
ХКҰ–ның мигранттарға құқықтық көмек
көрсету жобасы шеңберінде оралман-
дарға әріптестік ұйымдар арқылы (Адам
құқығы және заңды орындау қазақстан-
дық бюросы) құқықтық көмек көрсету;
•
зерттеулер жүргізу, басылымдарды шы-
ғару: Қазақстандағы және шет елдер-
дегі иммигранттардың интеграциясы
туралы салыстырмалы аналитикалық
жазбалары; Қазақстанның жаңа аста-
насындағы оралмандар туралы зерт-
теулер; оралмандарға арналған ақпа-
раттық кітапша.
Осы айтқанға қосымша ретінде ХКҰ ҚР көші-
қон саясатын дайындау мен іске асыруда жұмыс
істейтін министрліктер арсындағы жұмыс то-
бын құруға бастамашы болды. Сыртқы істер ми-
нистрлігінің вице-министрі бұл топты басқарады,
мемлекеттік ведомстволар бастықтары мен орын-
басарлар деңгейінде мәжілістер өткізіледі. Бұл
жағдай көші-қон жұмысының толық спектры со-
ның ішінде негізгісі, оралмандардың көшіп келуі
мен қоныстануы бойынша, ынтымақтастық жұ-
мыстар жүргізуге жағдай жасайды.
0
ҰсЫНЫстАр
Қазақстан Үкіметіне оралмандардың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін,
оралмандардың интеграция саясатындағы ең қажеттісі квоталау жүйесін қайта қарау қажет. Бұл үрдіс-
тің мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін «Халықтың көші-қоны» Заңына оралмандарды квотаға енгізудің
нақты критерийлерін бекіту қажет. Квота бойынша көрсетілетін мемлекеттік көмек (көшуге берілетін
субсидиялар, бір жолғы берілетін жәрдемақы, баж төлемдерінен босату, тұрғын үйге берілетін жәрде-
мақы) мұқтаж адамдарға берілуі қажет. Оралмандардың көшіп келуі және олардың интеграциялану
үрдісін тиімді басқару мақсатымен көші-қон комитеті мен оның жергілікті облыстық департаменттері-
нің өкілеттігін күшейту қажет. Оралмандар санының өсуімен қатар, оларға бөлінетін қаржылар да көбейіп
жатыр, бірақ комитеттің құрылымы, жұмыскерлер саны және олардың техникамен қамтамасыз ету жағ-
дайы 1997 жылғы осы комитет құрылған кездегі деңгейде қалып отыр. Жұмыскерлердің штатын көбейту,
оларды жүйелі түрде оқыту, жұмыс жағдайын жақсарту комитеттің үйлесімді жұмыс істеуіне жағдай жа-
сайды. Әрине, бұл жағдайда ең негізгі рөл мемлекетте болып отыр.
Заң құжаттарында ресми түрде оралмандарды жұмыспен қамтамсыз ету, тілге үйрету бекітілгенмен,
іс жүзінде тіл үйрету курстары, ақпарат және анықтама материалдарына қол жеткізу, жұмысқа тұрғызу
және қайта даярлау курстары сияқты арнайы интеграциялық бағдарламалар жоқтың қасы. Жұмыспен
қамту шеңберіндегі арнайы интеграциялық бағдарламалар жаңа мамандықты игеруге, оралмандардың
біліктілігін жоғарылататын қазақ тілінде, орыс тілінде ұйымдастырылатын нұсқаулықтарды кіріктіреді.
Қазақстанда оралмандарға тезірек еңбек рыногына қатысуға мүмкіншілік беру үшін, мемлекет олардың
еңбек ету құқығын, лайықты статус алған соң бекітуі қажет (оралманның куәлігін алудан бастап
43
.
Оралмандардың ресми және бейресми квалификациялары (дипломдарын қосқанда) бағалаудан өтіп,
тиісті өзіне тән жағдайда мойындалуы қажет.
43
Кейбіреулерін донорлар қаржыландырады, ал кейбіреулері ешқандай сыртқы көмексіз жұмыс істейді. МЕҰ-дардың бір қатары
оралмандармен мақсатты түрде жұмыс істейді, кейбіреулері, жалғыз басты әйелдер, қашқындар, жетімдер сияқтя халықтың қорғалмаған,
табысы аз тобына көмектеседі.
1
БИБлИоГрАфИЯ
заңдар
Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қон туралы» Заңы, 26 маусым, 1992 жыл
Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қон туралы» Заңы,13 желтоқсан 1997 жыл (2001, 2002ғ 2004
жылғы толықтырулар мен өзгерістермен бірге)
«2003 жылғы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,
12 желтоқсан 2002 жыл
«2004 жылғы республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының Заңы,
5 желтоқсан 2003 жыл
«2005 жылғы республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының Заңы,
2 желтоқсан 2004 жыл
«2006 жылғы республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының Заңы,
22 қаңтар 2005жыл
«Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 17 шілде 2001 жыл
президент Жарлықтары
«2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы» туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы, 27 желтоқсан 2004 жыл
«2004 жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы» туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы, 31 қараша 2004 жыл
«2003 жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы» туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы, 10 ақпан 2003жыл
Үкімет Қаулылары
18 тамыз 1999 жылғы «Оралмандарға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыларды
мақсатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
9 шілде 2002 жылғы «Оралмандарға жеке үй салуға бөлінетін жерді бөлу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы
18 қараша 1991 жылғы «Басқа республикалардан және шет елдерден қазақ халқы өкілдерін Қазақ СРО
көшіру тәртібі» туралы Қазақ СРО Мнинитрлер Кабинетінің қаулысы
11 қараша 2002 жылғы «Орта кәсіби білім беретін және жоғары білімді мамандық алу үшін кейбір халық
топтарына квота бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
21 желтоқсан 2004 жылғы «2005 жылға арналған кепілдік берілетін медициналық көмектің көлемін анықтау
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
көші-қон және демография туралы Агенттіктің бұйрықтары (кҚдА)
17 август 2004 жылғы «Оралманнның статусын анықтау және квотаға енгізу туралы нұсқаулықты бекіту»
турлалы КҚДА бұйрығы
14 сәуір 2000 жылғы «Бейімделу мен фильтрден өту орталықтарының көшіп келгендерді қабылдау
тәртібін бекіту туралы» КҚДА бұйрығы
1998 жылғы 25 желтоқсандағы «Оралмандарға және басқа көшіп келгендерге бейімделу орталықтарын
құру туралы» КҚДА бұйрығы
2
Басқа мемлекеттік органдардың қаулылары
30 көке 2005 жылғы № 2/241 Алматы қаласы әкімінің «2005-2007 жылғы Алматыға көшіп келген имигрант-
тарды қабылдау және қоныстандыру туралы» қаулысы
10 ақпан 2005 жылғы Бюджет комитетінің «2000-2004 жылғы көші-қон комитетінің бюджет қаржыларын
қолдануын тексеру нәтижелері туралы» №6 қаулысы
есептер
Қазақстандағы Адам дамуы туралы БҰҰДБ есебі , 2004 жыл
«Қазақстанда және шет елдерде имигранттардың интеграциялауын салыстыру тәжірибесі»,
Аналитикалық жазба ХКҰ-Қазақстан, 2004 жыл
статистикалық көрсеткіштер
Көші қон комитетінің ресми ақпараттары
Статистика жөніндегі Агенттіктің ресми ақпараттары
Қазақстандағы БҰҰДБ статисткалық базасы
зерттеулер
«Оралмандар: қазіргі жағдайы, проблемалары және перспективалары, Әлеуметтік технологиялар
орталығының басылымдары, 2005 жыл
«Оралмандар: сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндіктері» - Білім-Орталық Азия және білім беру саясатын
талдау Орталықтарының зерттеулері, 2005 жыл
конференция материалдары
Президент Назарбаевтың қазақтардың 25 қыркүйек 2005 жылғы Астана қаласында өткен үшінші сам-
митіндегі сөзі (www.zakon.kz)
Қазақстан Республикасы көші-қон комитетінің төрағасы Абдиев мырзаның Орталық Азиядағы халықаралық
көші-қон туралы өткізілген конференциядағы сөзі (Алматы қаласы, 12-13 май 2005 жыл)
Интернет сайты
Қазақстандық құқықтық портал
www.zakon.kz
«Казинформ» Ұлттық ақпараттық агеттігі
www.inform.kz
Gazeta .kz ақпараттық-аналитикалық портал
www.gazeta.kz
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
www.enbek.kz
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен сұхбат «Миграциялық
басымдықтар тиым салусыз болмайды», Казахстанская Правда, 02.09.05
www.kazpravda.kz
қос
ЫМ
ш
А
лА
р
о
ралм
андар
дың негізгі қоныстанған ж
ер
лерін көрсе
те
тін Қа
зақстан
ре
спуб
ликасының кар
тасы.
Document Outline - КРАТКОЕ СОДЕРЖАНИЕ
- ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ политики ЭТНИЧЕСКОЙ ИММИГРАЦИИ
- Особенности расселения оралманов
- ЭКОНОМИЧЕСКАЯ И СОЦИАЛЬНАЯ ИНТЕГРАЦИЯ ОРАЛМАНОВ
- КУЛЬТУРНАЯ ИНТЕгрАЦИЯ ОРАЛМАНОВ
- Приложения
- Рекомендации
- ВНЕШНЯЯ ПОмощь ОРАЛМАНАМ
Достарыңызбен бөлісу: |