Қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың элеуметтік жағдайы



Дата05.05.2023
өлшемі18,93 Kb.
#90459
Байланысты:
эссе. Қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесі


Қарағанды медициналық университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: “Қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың элеуметтік жағдайы”

Орындаған: Муратқызы Ж. 


Топ: ФӨТ 1-011
Қабылдаған: Әли М. Т. 
Қарағанды, 2023жылы
Баспанасыздық- қазіргі заманның нағыз әлеуметтік мәселелерінің бірі және бірегейі. Бұл мәселенің басты себептердің бірі ол- жұмыссыздық, қаражат жетіспеушілік, яғни кедейлік, жеткілікті мүліктің болмауы және де табиғи апаттардың салдары. Байқап қарасақ баспанасыз адамдардың қоғамда алатын орыны өте төмен, дәлірек айтқанда ешбір жан елемейді. Елімізде 2020 жылғы көрсеткіш бойынша айтатын болсақ 39% баспанасыз жандар екен. Ол биылғы жылы азайыпта немесе керісінше көбейіпте кетуі әбден мүмкін. Бұған қазіргі таңдағы баспаналардың бағасының шарықтап тұрғаны және жұмыс орындарының санының аз болуы әсер етіп жатқандай.
Баспана зарының ХХ ғасырда қара халықтың етінен өтіп, сүйегіне жеткені сондайлық, қазір отау құрған жастар ертең дүниеге келер ұрпағының қай жерде қоныс теуіп, қайда тұрақтарын ойлап, қамығады. Бір ғажабы, кешегі көшпелі елдің ұрпағына ғана тән қасиет бұл. Себебі ежелден отырықшы елдердің тұрғындары үшін баспананы несиеге сатып алу немесе өмір бойы пәтер жалдап тұру сөкеттік емес, олар тіпті көп уақыт қонақ үйде тұрақтауды бойына ар санамайды. Ал қазақ үшін баспана – «өз үйім, өлең төсегім» ғана емес, қонақ қабылдар құтханасы, әулет айбары – қара шаңырағы, ал қазіргі заманда – әлеуметтік дәрежесін көрсетер индикаторы, тіпті капиталды көбейтер инвестициясы. Сондықтан да баспана – қазақ үшін әлі талай жыр болар өзекті тақырып.
Біз баспанасыздыктын себептерін 2 -ге бөліп қарастырсақ
болады.
Бірінші ,Курылымдык -жеке тулганын негізгі кажеттіліктерді қанағаттандыру кабілетіне әсер ететін экономикалық және әлеуметік жагдайлар деп түсініледі.Жеке жағдайлар . Оларға жағымсыз оқиғалар (өрт,жұмыс орындарының жоғалуы, отбасының бұзылуы),денсаулықтың жекелеген маселелері (сонын ішінде мугедектік , тәуелділік проблемалары , психикалық бұзылыстар), отбасылық проблемалар ( отбасы
мушелерінің біріне тауелділік, ажырасу, балалар мен ата-аналардың арасындағы қақтығыстар, тұрмыстық жағдайлар, куш қолдану)
Екінші,Жүйелік қателіктерге (сәтсіздіктерге )
Үйлестірудің болмауы немесе осал адамдарға қолдау көрсету жуйелеріндегі турғын уй кызметтерінің тиімсіздігі
жатады . Мысалдар - мигранттарга және босқындарға,
жетім балаларға , ауруханалардан , түрмелерден , психиатриялық ұйымдардан , туелділікті емдеуге арналған стационарлык ұйымдардан шыққан адамдарға қолдау көрсету қызметтері. Әлеуметтік қолдау жүйелерін үйлестірудегі ойланушылыктын болмауы кобінесе осал
топтардын баспанысыздыкты тудырады.
Тағы да жалпы айта кететін үлкен мәселе, жағдайы бар адамдар пәтерді жағдайы жоқ адамдарға жалға беруі – капитализм дәуіріндегі адамды қанаудың бір түрі. Бұл әлеуметтік теңсіздікке әкелетін өркениетті қоғамға қайшы негативті құбылыс. Өйткені, өркениетті қоғамда адамды қанау факторлары түбегейлі болмау керек. Әйгілі ағылшын премьер-министрі Маргарет Тэтчер «Мемлекеттің бірінші байлығы халық. Үкімет тек оның потенциалын ашуға көмек беруі керек» деген парасатты сөзі Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың жоғарыда келтірілген сөзімен ұштасады. Ұрпақ өнбесе, өспесе ұлан-ғайыр жерге ие болатын, мемлекеттің қазынасын салықпен толтыратын, әскер боп қорғайтын ұлттың саны қайдан өседі? Демографиялық өсім кең байтақ Қазақстанның дамуы үшін басты стратегиялық мәселе екені айдан анық. Үйсіздіктің салдары ұлт дамуына өте қымбатқа түседі. Үйсіздіктің салдары күйсіздік, күйсіздік салдары надандық. Күнін көре алмай жүрген жастарды қалай рухани жаңғыртып, өркениетті елдерге жетеміз? Ендеше, жастары үйсіз-күйсіз халық оба тигендей саны да, сапасы да өнбейді.
Бұл тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан үлкен мәселелердің бірі. Кез келген елде тұрмысы төмен немесе баспанасы жоқ жандар бар. Сол үшін қазір баспана алудың тиімді тәсілдерін үйрететін мамандар саны да артуда, әрбір адам бұл мәселеге бей-жай қарамай сауатты бола білсе және де көп жұмыс жасап баспанаға қаражат жинақтаса бұл мәселенің де қарасы азаятыны сөзсіз деп ойлаймын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет