Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

Елікбаев Көшкінбай 

Елікбайұлы

«Құрмет» орденінің иегері,

Төле би ауданының құрметті  

азаматы, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қызметкері,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ КӨРЕГЕНДІГІ

Патша  өкіметінің  отарлау  саясаты  ХХ  ғасырдың  басында  ең 

шырқау  биігіне  жетті.  Қазақстанды  бөлшектеп  билеп,  жергілікті 

жерде  орыстандыру  саясаты  қарқынды  жүргізілді.  Орталық  Ре-

сейден  орыс  шаруаларын  қазақ  даласына  қоныстандыру  арқылы 

қазақ даласын емін-еркін билеу кеңінен өріс алды. ХХ ғасыр қазақ 

даласы табалдырығын, міне, осындай ауыр жағдайда түнере атта-

ды. Қазақ халқының тарихи тағдыры қыл үстінде тұрды. Жерінен, 

тілінен, ділінен айырылу қаупі төнді.

Міне,  қазақ  елінің  мүшкіл  хал-ахуалы  ұлттық  сана-сезімдері 

оянған, көздері ашылған, туған халқының қамын ойлаған қазақтың 

зиялы  азаматтарына  қозғау  салды.  Олар  адамзаттың  тарихи 

көшінен көп кейін қалып қойған, марғау жатқан елді тығырықтан 

шығарудың  жолын  қарастырды.  Сол  қапастан  құтылудың  бір-

ден – бір  жолы – дамыған  Еуропа  елдерінің  қатарына  қосылып, 

өнер-білімге  ұмтылу  деп  білген  олар  өздерінен  бұрын  өткен 

ағартушылардың дəстүрін одан əрі жалғастырып, халық арасында 

осы бағытта жұмыс жүргізді.



93

Қазақ  оқығандарының  саяси  көзқарасының  мүлдем  жаңа 

сапаға  көтерілуіне  тұңғыш  орыс  революциясы  ерекше  ықпалын 

тигізді. Сол кезде қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу 

ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылықпен ұйымдасқан түрде 

кірісті. 

Осы  бағытта  газет  шығару,  күреске  шақыратын  кітаптар  ба-

стырып  тарату,  қоғамдық-саяси  талаптар  қоятын  петициялар 

ұйымдастыру  сияқты  қазақ  тарихында  болмаған  саяси  күрес 

құралдарын игере бастады.

Алаш  көшбасшыларының  басында  тұрған  Ə.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов,  т.б. 1905 жылы  маусымда  Қоянды  жəрмеңкесі 

кезінде жазылған Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының не-

гізгі ұлттық мүддесі есебінде мынадай талаптар қойды: діни сенім-

дерді  атқаруда,  оқу-ағарту  жүйесін  ұйымдастыруда  жергілікті 

халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою; ауылдарда орыс 

тілімен  бірге  қазақ  тілінде  де  жүргізілетін  мектептер  ашу;  қазақ 

халқының  мұң-мұқтажын  талқылауға  қажет  құрал-цензурасыз 

газет  шығаруға  жəне  баспахана  ашуға  рұқсат  беру;  жаппай 

қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жер-

лерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік ап-

паратта, сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, 

олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою т.б. Мұндай талап-

тар қазақ қоғамының сол кезеңдегі əлеуметтік-саяси жағдайынан 

туындаған еді. Осының бəрі қазақ даласының оянуына алып кел-

ді.  Қараңғы,  қамсыз  ұйқыда  жатқан  халқын  ояту  үшін  «Маса» 

болып  шағып, «Оян  қазақ!»  деп  жар  салды.  Олар  ескішілдікке 

қарсы күресті. Жоғарыдағы арыз - тілекте патша үкіметінің алды-

на  қойылған  талаптардың  қатарында  «ағымдағы  қажеттіліктерін 

айқындау  үшін  қазақ  тілінде  газет  шығару  керектігі»  алға 

тартылған болатын. Өйткені, сол амалға жұртқа мұрындық бола-

тын нəрсенің бірі-газет» (А.Байтұрсынов) деп біліп, жалпыұлттық 

басылым шығару идеясын жүзеге асыруға ұмтылды. 1913 жылдың 

басында қазақ қоғамы үшін саяси күресте мүлдем жаңа құрал жал-

пы  ұлттық  саяси  басылым  шығару  идеясы  жүзеге  асты. «Шын 

мəнінде, ұлттық сананың ұйытқысы бола білген, сөйтіп, өз ісімен 

өзіне  мəңгілік  ескерткіш  тұрғызған» (М.Əуезов). «Қазақ»  газеті 


94

осылайша  дүниеге  келді.  Газет  қазақ  даласында  болған  тарихи 

оқиғалардың  шынайы  шежіресіне  айналып,  ұлттық  азат  ойдың 

ұясы бола білді.

Осы  жылдары  алғашқы  бейресми  басылымдар  жарық  көрді. 

Соның  ішінде  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газеті  ұзақ  өмір 

сүрді.  Алаш  зиялылары  осы  екі  басылым  төңірегінде  топтасып, 

болашақта қазақ халқына көшбасшылық жасап, жол-жоба көрсетіп 

отырды.

Бірінші  орыс  революциясынан  кейінгі  кезеңде  қазақ 



оқығандарының 

алғашқы 


ізденісі 

нəтижесінде 

мынадай 

тұжырымға  келді.  Қазақ  қоғамын  орта  ғасырлық  мешеуліктен 

алып  шығатын  жол  Ресей  арқылы  жеткен  дамудың  батыстық 

нұсқасы, басқаша айтқанда, буржуазиялық қатынастарға жол ашу 

еді. 1910 жылы жарық көрген мақаласында Ə.Бөкейханов ол ту-

ралы былай деп жазды: «Таяу болашақта далада қырғыз арасында 

қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай екі партия құрылуы 

ықтимал. Олардың бірі ұлттық – діни атанып, мақсаты қазақтарды 

басқа мұсылман елдерімен біріктіру болмақ. Екіншісі – батыстық 

бағытта.  Алғашқысы  үлгі  ретінде  мұсылман,  татар  партияларын 

алса, соңғысы – орыс оппозициялық, мəселен, «Халық еркіндігі» 

партиясын алуы мүмкін». (7,16).

Ə.Бөкейхановтың  серіктестері  қазақ  жұртын  батыстың  озық 

мəдениетінен  үйренуге  шақыруын  бұдан  кейінгі  жылдарда  да 

тоқтатқан жоқ. Олар ел мен елді, ұлт пен ұлысты теңгеретін ғылым, 

өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қойды. 

Қоғамдық күрес жолына түскен жас қазақ зиялыларының ал-

дына  көлденең  тартылған  өзекті  жайлардың  бірі-ел  тағдырына 

қатысты жер мəселесі еді.

Қазақ  елі  патша  қол  астына  қарағаннан  кейін  қазақты  билеп 

– төстеу үшін 1891жылы «Дала ережесін» қабылдап, ол бойынша 

«көшпелі қазақ отырған жер қазынанікі» деп белгілеп, 120-бабында 

«бұл жер еріксіз көшпелі қазақ пайдасында болып тұратындығы» 

атап  өтілгендігіне  қарамастан,  сол  баптың  қосымшасында 

баяндалғандай, қазақ пайдасынан артық жер қазына керегіне алы-

нып, Ресейден келген қоныс аударушыларына берілді. Сондай-ақ, 

отырықшы  болуға  ниеттенушілерге  əр  отбасына 15 десятинадан 


95

жер  бөліп  бере  бастайды.  Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов  жəне 

басқалар  «Қазақ»  газетінде  жəне  қазақ  зиялылары  бас  қосқан 

жиындарда  халықтың  патша  үкіметінің  мұндай  саясатына  еріп, 

арандап қалмауын ескертті. Олар қазақ ауылдарын жедел, жаппай 

отырықшы болудан сақтандырды.

 

Қазақ зиялылары ежелден мал шаруашылығымен айналы-



сатын қазақ 15 десятина жерге таңылып қалса, мал жаятын өрісі 

тарылып,  түбі  қонысынан  айырылып,  күн  көрісі  қиындайтынын, 

оның ақыры үлкен зауалға апарып соғатынын айтып, халық ара-

сында үгіт-насихат жұмысын өрістетті.

«Алаш»  партиясы  бағдарламасында: «Қазақ  автономия-

сында  жерсіз  қазақ  бұқарасы  жер  еншісін  алып  болғанша  орыс 

қоныстанушыларының  келуі  тоқтатылуы  тиіс.  Жер  үлесін  алды-

мен патша заманында ата қонысынан айырылған жергілікті халық 

алуы керек», – делінген.

Ə.Бөкейханов  жəне  оның  жақтастары  қазақ  халқының 

отырықшылыққа емес (кезіндегілер солай түсіндірілді), отырықшы 

норманың отаршыл мазмұнын аңқау елді алдауды көздеген аста-

рына қарсы тұрды. (8,20).

Расында,  кешегі  Кеңес  өкіметі  дəуірінде  ғасырлар  бойы 

көшпенділікпен  айналысқан  қазақты  күштеп,  зорлықпен 

отырықшылыққа  айналдырды.  Бұл  үшін  қолындағы  малын  сы-

пырып  алды.  Соның  салдарынан  қазақ  халқы  отырықшылыққа 

ұрынып,  үлкен  нəубетке  ұшырады.  Қазақтың  аштық  қасіретін 

тартуы  сол  кездегі  үкіметтің  Алаш  азаматтарының  айтқан 

ұсыныстарына 

құлақ 

аспауынан, 



яғни, 

шаруашылықты 

эволюциялық  жолмен  емес,  секірмелі  (революциялық)  реформа-

мен өзгеріске ұшырауынан туындаған зобалаң еді. Ендеше, Алаш 

зиялыларының  ұстанған  бағыт-бағдары  бүгінде  қоғамдық  мəнін 

жойған жоқ.

Сондай-ақ, «Ақыл  да,  ұсталық  та  оқумен,  істеумен  жүре 

ұлғаяды.  Дүниедегі  жер  билігі  күннен  күнге  ақылды,  ұста  жұрт 

қолына ауып барады. Еуропада ұлығ патша атанған жұрт, халықтың 

ақылды ұсталығына сүйеніп ұлығ патша болып отыр. Бұрын қазақ 

«Аху-уху» деп неше мың жыл босқа өзімен өзі өсіп өнетін мал ай-

дап, көшіп жүрген жерден мұжық келе сала қазына суырып алып 



96

байып  отыр.  Күні – түні  қызметке  жанын  жалдағанның  рақатын 

көріп  отыр» (9,128), - деп  Ə.Бөкейханов  жермен  жұмыс  істеуді, 

орыс мұжықтарынан үйреніп жеріне ие болуды, қазақ халқын егін 

жəне мал шаруашылығын қатар алып жүруді, тауарлы өндіріспен 

айналысып,  туған  жердің  байлығын  өркендету  үшін  өнер  мен 

білімді меңгеруге үндеді.

Алаш  зиялылары  «Тілі  жоғалған  жұрттың  өзі  де  жоғалады» 

(А.Байтұрсынов)  деп  шырылдап,  тілімізге  төнген  қауіпті  алдын 

ала болжап, оның таза сақталуы үшін күресті. Олар араб əрпінен 

қазақтың тіліне, дыбыс жүйесіне негіздеп əріп алу, соған сүйеніп 

оқу құралдарын жазып, мектеп тілін қазақыландыру мəселелерін 

көтерді.  А.Байтұрсынов  сол  күнге  дейін  өзге  түрік  халықтары 

сияқты қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары қазақ тілі 

үшін  қолайлы  еместігін,  оны  қазақтың  ұлттық  жазуына  икемдеп 

қайта түзуді қолға алды. Осылайша ол араб əріпті қазақ жазуының 

жаңа  реформаланған  үлгісін  жасады.  Бұл  қазақтың  мəдени 

өмірінде  үлкен  рөл  атқарып,  қалың  көпшілікті  жаппай  сауаттан-

дыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына қызмет еткен прогресивті 

құбылыс болды. 

А. Байтұрсынов оны одан əрі жетілдірді. 1929 жылға дейін бұл 

əліпби елімізде қолданыста жүрді (12,23).

Қазақ  емлесін  оңайлату  турасында  Ж.Аймауытов  «Қазақ 

емлесі  орыс  емлесіне  жақын  болуы  керек.  Қазақ  баласы  орыс-

ша  хат  танымай  тұрмайды.  Өнер-білімді,  мəдениетті  ұрымтал 

орыстан  үйренбекпіз...  Қазақшаны  таныған  адам  орысшаны, 

орысшаны  таныған  адам  қазақшаны  тану  қиын  болмайды.  Ла-

тын  əрпін  қолданса,  еліміз  орыс  тілімен  тіпті  жақын  болуы  ке-

рек. Өйткені, латын жазуы, əрпі орысшаға өте ұқсас»,-деп өткен 

ғасырдың 20-жылдарында  –ақ  қазақ  əліпбиін  ауыстыру  мəселесі 

көтерілгенде, латын əліпбиіне ауыстыру жөнінде ой тастаған бо-

латын (13,112-б).

Міне,  өмір  талабына  сəйкес  «Қазақстан 2050» стратегиялық 

бағдарламасында əліпбиімізді латын əріптеріне 2025 жылға қарай 

көшіру міндеттелінді.

1917 жылы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі құрылып (5-

13  желтоқсан),  партияның  бағдарламасында  халыққа  білім  беру 


97

мəселесі  қаралды.  А.Байтұрсынов  оқулықтар  жөніндегі  комис-

сияны  басқарды.  Алаш  оқығандары  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 

Ж.Аймауытов, 

М.Жұмабаев, 

Ғ.Қарашев, 

С.Асфендияров, 

Х.Ж.Досмұхамедовтер,  Ə.Ермеков,  М.Əуезов,  М.Тынышбаев 

т.б.  ағартушылыққа  байланысты  ойлар  айтып  қойған  жоқ,  қазақ 

мектептерінің  жай-күйін,  бала  оқытудың  амал-тəсілдерін  газет-

журнал беттерінде сөз етеді. Оқу құралдарын жазып, қазақ тілінде 

сауат ашуға жағдай жасады. 

Алаш  көшбасшылары  «Қазақ»  газеті  арқылы  тіл  мəселесін 

бірінші орынға қойып, қазақ тілін сақтап, ары қарай дамыту керек-

тігін ол үшін қазақ балаларының сауаттылығын ана тілінде ашып, 

ана тілінде оқулары қажет деп жазды. Ол кезде мектептерде сабақ 

оқыту татар, орыс тілдерінде жүргізілетін. Ə.Бөкейханов тағы да 

басқа қазақ зиялылары 1905 жылы 26 маусымда патша үкіметіне 

жазған петициясының бір пунктінде: «Қазақ даласында оқу-ағарту 

ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептеріндегі балалар 

қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін» (8-13),-

деп талап қойған болатын. 

Алаш зиялыларының тіл жөніндегі саясаты тəуелсіздік жыл-

дарында  жүзеге  асты.  Қазақ  тілі  мемлекеттік  мəртебесін  алды. 

Бүгінде қазақ тілінің жауапкершілігі артты. Ол Қазақстан халқын 

біріктіруші күшке айналды. 2025 жылға қарай өмірдің барлық са-

ласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қолданыс тілі-

не айналады, қазақстандықтардың барлық 95 пайызы қазақ тілін 

білетін болады (18,8).

А.Байтұрсынов  қазақша  оқу  жайының  сол  кездегі  ахуа-

лына  тоқтала  келіп: «Қазақша  оқу  əлі  бір  белгілі  тəртіпке  келіп 

жеткен  жоқ,  кемшілігі  есепсіз  көп.  Қазақша  оқу  кітаптары  жаңа 

ғана  көріктеніп  келеді,  тəртіппен  оқытарлық  мұғалімдер  аз,  оқу 

бағдарламасы  жоқ,  белгілі  оқу  жүйесі  жоқ,  салған  мектеп  жоқ, 

мұғалімдерге арналған айлық жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей 

жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оның ғылымын үйрететін 

даримұғалимин  (педоқу  орындары)  жоқ» (3,255), -деп  атап 

көрсетіп, үкіметке қол жаймай, ол қазақтың қазақша оқуын тілей-

тінін, сондықтан, мектептерді ашуды жолға қою, қазақша оқуды ел 

ішіне тарату -өз міндетіміз деп ел қамын ойлайтын азаматтарға ой 



98

тастады. Тағы бір Алаш азаматы М.Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, 

келешекте  ел  болуы  да  мектебінің  қандай  негізде  құрылғанына 

барып  тіреледі.  Мектебімізді  таза,  сау,  берік  һəм  өз  жанымызға 

қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайын-

бай серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз 

күңгірт» (11,313),-деп қазақ мектебінің келешегіне алаңдап, қазақ 

мектебі қандай болуы керектігі жөнінде ой айтады. 

«Білім  жарысы»  деген  мақаласында  А.Байтұрсынов  білімді 

жұрттарда білім жарысы болатынын, оған бай адамдар бəйге тігіп 

сол дарындылардың: «Дүниеде күн көріп тіршілік етудің ауырын 

жеңілдету үшін, жеңілін рақатқа айналдыру үшін» (2,256) ғылымда, 

өнерде  жаңалық  ашуға  жағдай  қарастыратынын,  ал  бұл  мəселе 

қазақ елінде мүлде қолға алынбағанын айта келіп, қазақ елі эконо-

микасын дамыту үшін дəулеттілердің дарынды жастарды оқытуға 

қамқорлық  жасауы  керектігін  алға  тартады.  Бұл  іс-шара,  сайып 

келгенде, елімізді мешеу елден дамыған елге айналдыратынын сол 

кезде–ақ  Алаш  азаматтары  біліп,  мəселе  етіп  көтерген  болатын. 

Бүгінде  олардың  аңсаған  арманы  тəуелсіз  ел  болған  кезде  ғана 

орындалды.  Елбасы  Н.Назарбаевтың  бастамасымен  «Болашақ» 

бағдарламасы жасалып, білімді жастарды, ғалымдарды шет елдер-

ге  оқуға  жіберіп,  ғылым-білімі,  өнері  өркендеген  елдердің  озық 

технологиялары  мен  жетістіктерін  меңгеріп,  өз  еліміздің  эконо-

микасын дамытуға аталық қамқорлығын жасап отыр. Сондай-ақ, 

елімізде  жаңадан  ашылған  «Назарбаев  университеті», «Назарба-

ев  зияткерлік  мектептері»  жастарды  əлемдегі  ең  озық  біліммен 

қаруландыруға  мүмкіндік  жасайды.  Осы  іс-шараның  бəрі  Алаш 

зиялылары нұсқаған жолдың жалғасы емес пе?

А.Байтұрсынов  «Қазақ»  газетінің 1914 жылғы 9 мамырдағы 

нөмірінде  болашақ  қазақ  мектебі  қандай  болуы  керектігін,  мис-

сионерлік ниеттен аулақ болуын, ана тілінде сабақ оқытуды, ба-

стауыш  мектепте  қандай  пəндер  оқытылу  керектігі  жөніндегі 

ұсыныстарын  жасап,  бала  оқытуды  жақсы  білетін,  арнайы 

ғылымын оқып шыққан маман беруі керектігін тілге тиек етеді. 

Сонымен бірге, Алаш зиялылары мектепте баланы ана тілін-

де  ғана  оқытып  қана  қоймай: «Орысша  оқу  орыс  қолтығында 

тұрған жұртқа керек, керек болғанда, қазақша оқығанның үстіне 


99

керек» (7,140),-дейді.  Өйткені,  орыс  оқуы  батыс  ғылымы  мен 

өнерін игеруге көмектесетінін айта келіп, қос тілділікті ұсынады. 

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев бүгінгі жастарға үш тұғырлы тілді 

(қазақша,  орысша  жəне  ағылшынша)  білуді  міндеттеп  отыр.  Се-

бебі, əлемнің ғылымын, өнерін үйрену үшін əлем халықтарымен 

қарым-қатынас,  байланыс  жасау  үшін  ағылшын  тілін  білуді 

өмірдің өзі қажет етуде. Сондықтан, үстіміздегі оқу жылынан ба-

стап, мектептерде 1-сыныпта ағылшын тілі оқытыла бастайды. 

Еліміз  егемендік  алған  тұста  білім  саласы  бір  жүйеге  түсті. 

Соңғы мəліметке қарағанда, республикамыздағы мектептердің 60 

пайызында оқу ана тілінде оқытылады. Орта білім саласында 12 

жылдық оқытуға көшуге дайындық жұмыстары аяқталып келеді. 

Педагогтердің  біліктілігін  арттырудың  ұлттық  жүйесі  құрылды. 

Электронды оқыту енгізіле бастады. Мектеп мұғалімдерінің білік-

тілігін  көтеру  жөнінде  нақтылы  жұмыстар  жүргізілуде.  Апатты 

жəне үш ауысымды мектептерді жою, орын тапшылығын азайту 

жұмыстары атқарылуда. 2011 жылы 21 мектеп, 2012 жылы 56 мек-

теп  жаңадан  салынды.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  үшін  «Бала-

пан» бағдарламасы жұмыс істеп, 3956 балабақша, шағын орталық 

іске  қосылды.  Осылайша,  Президент  Н.Назарбаевтың: «Бəсекеге 

қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары 

елге айналуымыз керек» (16,4),-деп білім саласына қойған талап-

тары біртіндеп жүзеге асырылу үстінде. 

Алаш зиялылары денсаулық саласына да айрықша көңіл бөлді. 

«Тəні саудың–жаны сау» (А.Байтұрсынов) мақаласында əркімнің 

өз  денсаулығын  сақтап  күтінуге,  тəн  саулығына,  таза  жүруге 

үндейді. «Қай заманда болса да, адам баласы еңбегімен күнелтіп, 

жан сақтаған» дей келе,- «Мал табу үшін еңбек ету керек, еңбек 

ету үшін ден сау болуы керек» (5,320),- деп денсаулық сақтаудың, 

тазалық  мəдениетін  сақтаудың  амал-тəсілдерін  айта  келе,  адам 

тəрбиелеудің жан-жақты тəсілдерін, жеке тұлға қалыптастырудың 

жайларына  тоқталады.  Алаш  зиялыларының  осынау  пікірі  бүгін 

Елбасы  саясатымен  үндеседі. «Əрбір  қазақстандық  үшін  ба-

сты  құндылық-өзінің  денсаулығы»,-дейді  ол.  Адамдардың 

денсаулығын сақтап, саламаттық өмір салтын қалыптастыру үшін 

мемлекет  қамқорлық  жасап  келеді.  Бүгінде, 700-ге  жуық  жаңа 


100

денсаулық  нысандары  тұрғызылды,  медициналық  жабдықтар 

жаңартылды,  т.б.  іргелі  жұмыстар  атқарылуда. «Өзінің  жеке 

басының  денсаулығын  алдымен  адамның  өзі  ойлануы  керек» 

(15,5),-  деп  Н.Назарбаев  Алаш  зиялыларының  ойларын  одан  əрі 

жаңғырту үстінде. 

Алаш көшбасшылары сот ісін қазақша жүргізуге, оның қазақ 

қалпына сай болуына да аса мəн берді. Қазақ елі Ресейге қарағаннан 

кейін сот ісі орыс қалпына сай жүргізілді. Қазақтың дала заңы мен 

«Жеті  жарғысындағы»  билік  жүргізу  ісі  ескерілмеді.  Сондықтан 

қазақ зиялылары сот ісін қазақ қалпында, қазақ тілінде жүргізуді 

талап етіп, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, олар мемле-

кет аппаратында, сот ісінде қос тілділікті жақтады. 1905 жылы пат-

ша үкіметіне жазған арыз-тілегінде қазақ оқығандары осы мəселені 

қозғады. «Алашорда » үкіметін  құрған  соң  да  сот  ісіндегі  іс 

қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді, халық сотына ана тілін білетін 

қазақтарды,  тілмаштарды  тарту  жөнінде  бағдарлама  қабылдады. 

Ə.Бөкейханов  сол  кездегі  сот  жүйесін: «Біз  орыстың  судьясына 

қарасақ, бұл судья рəсіммен билік, айтпас болар, заман жолымен 

айтар. Мұның да бұл законы қайда? Қазаққа əкеліп мұжық киімін 

кигізе салса, бұл бір түске кірмеген қиыншылық. Мұнан қазақ безу 

керек. Не бұл судья қазақ рəсімін, араластырып қазаққа ыңғайлы 

закон жасап берсе, сонда бұл орыс судьясын мойындау керек. Біз 

бұл орыс судьясына құл болсақ, судья біздің жұрттың тілін білмей-

ді» (10,167-168), -деп сынап, сотқа қазақ тілін, қазақ салт-дəстүрін, 

қалпын білетін адам болуы жөніндегі ойларын білдіреді. Сондай-

ақ,  қазақ  арасында  сот  жұмысын  қазақ  əкімдері  мен  бастықтары 

жүргізіп,  заң  ұйымдарын  құруды  жақтады.  Алаш  зиялыларының 

сот жүйесі жөніндегі ұсыныс-ойлары тек тəуелсіздік алғаннан кей-

ін ғана қолға алына бастады. 

Еліміздегі  сот  жүйесі  қазақ  қалпына  жақындатылды.  Іс 

қағаздары  қазақ  тілінде  жүргізіледі.  Сот  орындарында  ана  тілін 

білетін  мамандар  қызмет  етеді.  Сонымен  бірге,  алдағы  уақытта 

ұлттық құқықтық жүйесі жаңартыла бермек. Заңнамалар тек ұлттық 

мүдделерді ғана қорғап қана қоймай, халықаралық құқықтық орта-

мен үйлестірілмек. 

Сот ісі жариялы түрде, құқық жүйесінің бəсекелестігін артты-

ру  туралы  шараларға  баса  назар  аударылады.  Сөйтіп,  құқықтық 



101

саясаттың маңызды мəселесі азаматтардың Конституция кепілдік 

беретін сот арқылы қорғану құқын жүзеге асырады (17,7). 

«Қазақ»  газетінде  А.Байтұрсыновтың  «Оқу  жайы» (1913,26 

сəуір)  мақаласы  жарияланды.  Сонда,  оқу-білімнің  қажеттілігін 

халықтың  экономикалық  тұрмыс  тіршілігімен  байланыстырады: 

«Қазақ  жерінде  өндіріс  жоқ,  шикізат  сатады,  екі-үш  есе  қымбат 

түрде  сатып  алады.  Бұл  надандықтан  келген  кемістік,  бұл  қазақ 

халқының білім-ғылымнан қалыс қалуы. Бұл қалыс қалуға себеп 

–қазақ  жерінде  мектептер  аз» (14,5),-дейді.  Ə.Бөкейханов  келе-

шекте «Қазақтың қойының күні тоқылып, үстіне киім, əрбір темірі 

өзіне түйме болуы тиіс» (14,5),-деп сол заманның өзінде нарықтық 

экономиканы  меңгеруге,  ұлттық  бизнестің  қалыптасуына  бағыт 

сілтеп,  кəсіпкерлікпен  айналысуға  қандастарын  үгіттеді.  Ұлт 

ұстазы А.Байтұрсынов «Біз бай, білімді һəм күшті болуымыз ке-

рек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кəсіп керек, күшті болуға 

бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»,-деген 

еді. Сонымен, Алаш зиялылары қазақ елін шикізат өндіріп қоймай, 

өзі тауар, өнім шығаратын индустриялы ел болуды армандады. 

Алаш  зиялылары  сол  кездегі  жағдайға  байланысты  қазақ 

халқын  нарықтық  қатынасқа  көшудің,  шаруашылықты  тиімді 

жүргізудің  жолдарын  қарастырады.  Мəселен, «Уақ  қарыз»  де-

ген  мақаласында  (А.Байтұрсынов)  қазақ  шаруасын  түзету  үшін, 

тұрмысқа қажетті тіршілікпен айналысу үшін қазынадан қарыз алу, 

оны қажетіне жарату, оның пайдасы жайлы мəселе көтереді. Уақ 

қарызды алған соң, оны тиімді, белгілі бір кəсіппен айналысудың 

жолдарын нұсқайды. 

Еліміз  егемендік  алған  тұста  Үкімет  тарапынан  шағын  жəне 

орта бизнеспен айналысам деген кəсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, 

банктен несие, субсидия, т.б. беріп, тауар өнім молшылығын жа-

сау  үшін  айрықша  қамқорлық  жасалуда.  Мемлекет  басшысы: 

«Отандық  кəсіпкерлік  жаңа  экономикалық  бағыттың  қозғаушы 

күші болып табылады. Шағын жəне орта бизнестің экономикадағы 

үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде екі есе өсуі тиіс» (17,8),-деп 

санайды. 

Алаш  зиялылары  қазақ  елінің  артта  қалу  себебі,  ғылым-

білімнен  қалыс  қалғандықтан,  қазақ  жерінде  мектептер  аз, 


102

мұғалімдер дайындайтын оқу орындарына қазақ балалары қаржысы 

болмағандықтан, түсе алмайды. Сол себепті де, қолжетімді мектеп-

тер, оқу орындарын ашып, түрлі мамандар даярлау жөнінде бағыт-

бағдар жасады. Сонда ғана, қазақ елі шикізат өндіріп қана қоймай, 

өзі тауар, өнім өндіретін іргелі елге айналатындығына сенім біл-

дірді. Бұл идея бүгінгі таңда Елбасы саясатымен үндесіп жатыр. 

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен елімізде 

үдемелі  индустриялық-инновациялық  бағдарлама  қабылданып, 

экспортқа сапалы, бəсекеге қабілетті өнім шығаратын елге айнал-

дыруды мақсат етіп қойып отыр. Сондықтан да: «Отандық тауар-

лар бəсекеге қабілетті болуы тиіс» (18,4), –делінген стратегияда.

Мақсатты,  жоспарлы  экономикалық  бағдарламалардың 

нəтижесінде  Қазақстан 20 жылдың  көлемінде  экономикасы 

дамыған  елдердің  қатарына  қосылды.  Еліміздегі  ауқымды  іс-

шаралардың бəрі еліміздің экономикалық əлеуетін онан əрі артты-

ра береді.

Сонымен  бірге,  Алаш  зиялылары  елімізде  егіншілік  пен  мал 

шаруашылығын  дамытудың  жолдарын  қарастырды. «Егін  егу», 

«Шаруа  жайынан» (1913) мақалаларында  (А.Байтұрсынов)  қазақ 

егіншілік пен мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын артты-

ру үшін ғылым мен білімнің озық, əлемдік жетістігін пайдаланып, 

егіншіліктен мол өнім алуға, мал шаруашылығын асылдандыруға 

қазақ жұртының назарын аударады: «Малдың асылын ұстау үшін 

қазақ қолындағы малын асылдандыру керек, асыл малдың ішінде 

қазақ жерін жерсінетін, жерсінбейтіндер болады. Оны да білу ке-

рек. 

Аз жерді аздырмай, көп жер орнына тұтыну үшін асыл малға 



керек білімнен де көбірек білім қажет» (4,238). «Қазақстан-2050» 

стратегиясында ауылшаруашылығы, өнімі өсіп отырған жаһандық 

сұраныс жағдайында ауқымды жаңартуды талап етіп отыр делін-

ген. «Ол  үшін  əлемдік  азық-түлік  нарығының  көшбасшысы 

болу  жəне  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  арттыру  үшін  егістік 

алаңын  ұлғайту.  Егістік  түсіміне  жаңа  технологияларды  енгі-

зу  арқылы  көтеру.  Əлемдік  деңгейдегі  мал  шаруашылығы  таза 

өнім шығару»-,міндеттелінді. Əсіресе, астық өнімдерін экспортқа 

шығаруда əлемде ондыққа кіруді жəне жылына 60 мың тонна ет 


103

шығаруды күн тəртібіне қойып отыр. Оған жетуге Қазақстанның 

толық  əлеуеттік  мүмкіндігі  мол.  Бұл  үшін 25 миллион  га  егістік 

алқапты, 180 миллион га мал жайылымын тиімді пайдалану керек. 

Сондықтан, бүгінде елімізде егіншілік мəдениетін арттырып, мал 

тұқымын асылдандыруға басым бағыт берілуде (18,8).

Міне,  Алаш  зиялыларының  аңсаған  армандары  тəуелсіз 

ел  болған  соң  жүзеге  асырылуда.  Қазақстан 20 жыл  ішінде 

қиыншылықтарды  артқа  тастап,  ауған  жүгін  түзеп,  əлемге  таны-

лып,  экономикасы  дамыған 50 елдің  қатарына  қосылды.  Таяуда 

Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстан - 2050» стратегиясын-

да 30 елдің қатарына жету межеленді. Бұның да орындалары хақ.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы-Алаш арманының іске асқан 

көрінісі. 



Пайдаланылған əдебиеттер:

1.  А.Байтұрсынов Ақ жол «Жалын», 1991. 255 б.

2.   Сонда 256-б

3.  Сонда 320-б.

4.  Сонда 238 б.

5.  Сонда 10 б.

6.  Бөкейханов А. Шығармалары, Қазақстан, 1994. 13 б.

7.  Сонда 16 б.

8.  Сонда 20 б.

9.  Сонда 128 б.

10.  Сонда 167-168 б. 11. Жұмабаев  М. «Жазушы»,  шығармалар, 1989. 

313 б.


12.  Сақ Қ.«Ұлттық сананың ұйытқысы», «Қазақ университеті»,2000.23б.

13.  Сағынбекұлы Р. Жүсіпбек, «Санат» 1997. 112 б.

14.  Перуашев А. «Егемен Қазақстан», 21.11.2012. 5 б.

15. «Айғақ» 10.07.2012, Н.Назарбаев  «Қазақстанның  əлеуметтік 

жаңартылуы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам».

16. «Егемен  Қазақстан» 15.12.2012, «Қазақстан-2050»  стратегиясы-

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, 4 б.

17.  Сонда 8 б.

18.  Сонда 7 б.


104



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет