Қазақстан аумағының ішкі сулары: өзен, көл, жерасты сулары, мұздықтар
Қазақстанның аласа таулары мен жазықтарына тән ерекшелік: ағыны тұрақты өзен торларының сиректігі мен уақытша ағындарының жиілігі
Өзен жүйесі: біртіндеп бір-бірімен қосылып, бір өзен түзіп, суын теңізге немесе көлге құятын, кейде құмға сіңетін тұйық арна түзетін өзендердің үйлесімділігі
Өзен торларының жиілігі: өзен ұзындығының белгілі бір аумаққа қатынасы
Өзен торлары біршама жиі: Алтай мен Тянь-Шаньда
Қазақстан аумағындағы өзендер саны: 85 мыңнан астам
Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу
Меандр: жіп тәрізді иректеліп түзілген арна
Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі бөліктері: еңістігі, шаю аймағы, шөгу аймағы
Қазақстанның ең биік сарқырамасы: Бұрқанбұлақ сарқырамасы (100м-ден асады)
Бұрқанбұлақ сарқырамасы орналасқан өзен: Қора өзенінен
Қазақстандағы ең енді сарқырама: Алтайдағы Қатын жотасындағы Көккөл өзені
Өзен режимінің негізгі элементтері: су шығыны мен жылдық ағын
Су шығынының өзгеруі өзгертеді: өзеннің көлденең қимасының ауданы, тереңдігі, ағынының жылдамдығы, су бетінің көлбеулігі
Су шығыны есептеледі: Q=S*v (өзен арнасының көлденең қимасының ауданын өзен ағысының жылдамдығына көбейту)
Қатты ағын: өзен ағызатын барлық қатты материалдар
Іле өзенінің лайлылығы: 650 г/м³
Шудың сағасының лайлылығы: 900 г/м³
Сырдария өзенінің лайлылығы: 1200 г/м³
Қазақстан өзендері қоректенеді: қар суымен, мұздықпен, қар-мұздықпен, аралас
Мұздықтармен суымен қоректенетін өзендері: Алтай, Тянь-шань, Жетісу Алатауы өзендері