Қазақстанның қазіргі заман тарихы


Дәріс 8 Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі



бет19/40
Дата09.05.2022
өлшемі138,74 Kb.
#33689
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихы

Дәріс 8 Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі

1.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік  шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. Н.Ә.Назарбаевтың  қанатты нұсқамасы – «ең әуелі экономика – сонан соң – саясат».  

2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.

3. Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары – экономика дамуының кластерлік принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты, инфрақұрылымды әсіресе көлік және байланысты дамыту.

4. Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін»  және оның маңызы.

5. ХХІ ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі.  

6. ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

- экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;

- нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы көрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды. Олар:



  • реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың сөзсіз саяси шарты ретінде тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты қамтамсыз етуі;

  • меншіктің мемлекеттік және мемлекетті емес нысандарын қамтитын әлеуметтік рыноктың шартты және практикалық базасын жасау;

  • өзінің барлық азаматтарының жеткілікті әл-әуқат дәрежесін қамтамасыз ететін қоғам құру;

  • адамның еркіндігі мен құқтарын сақтау, дүниежүзілік экономикада бекем шептерге ие болу негізінде Қазақстанның дүние жүзілік қауымдастықтағы лайықты беделін қалыптастыру;

  • демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта алуан пікірлікті қамтамасыз ету;

  • Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестициясын тарту және пайдалану;

  • Ұлттық валютаны енгізу және оның ішкі, сыртқы еркін айналымын қамтамасыз ету.

Сонымен елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы кезеңі. 1992-1993 жылдардың аралығы болып табылады. Бұл кезең экономиканы түбегейлі қайта құрудан, яғни жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге дейін аралықты қамтиды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды. Сыртқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді.

Экономикалық реформаның екінші кезеңі 1993 жылы қараша айында ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды.

Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені, жекешеледіру экономикалық реформалар саясатының басты бағыттарының бірі болды. Содан бергі аралықта республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауыл шаруашылығында – 95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз.

Ұлттық өнім өндірісінің ортақ көлеміндегі жеке сектордың үлесі 50 пайыз, оның ішінде өнеркәсіпте – 40, ауыл шаруашылығында - 90 пайызға жуық, құрылыста – 60, саудада – 85 пайыз болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Қазіргі уақытта «Жеке меншік кәсіпорындарда 4,7 млн. адам жұмыс істейді, бұл экономикада жалпы еңбекпен қамтылғандардың 77 пайызын құрайды. Елімізде миллионға жуық азамат еңбек ететін 400 мыңдай шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді.

Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізінен алғанда шикізат кешенінің даму бағытын тікелей байланысты болып отыр. Олай дейтініміз Қазақстан әлеміндегі шикізат қоры бай елдердің қатарына жатады және экономикасы шикізат өндіруге бағытталған. Қазақстан фольфрам, ванадий, уран және барий қоры жөнінде бірінші орын алса, әлемдік мыс қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10, көмірдің – 9, марганецтің – 25, хромий кендерінің – 30 пайызын иеленіп отыр.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. Жетістіктері баршылық. Мәселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды. Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы – 56,7% өсті. 2000 жылы елдің экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді. 2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды.

Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды.

Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін,


бәсекеге қабілетті халық үшін! Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы
2004 жылғы 19 наурызда жарияланды. Жолдауда Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді. Инновациялық экономиканы құрудың экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырумен тікелей байланыстылығы, Қазақстанның жетекші дамыған елдер сияқты жетістіктерге жету үшін адамдар әлеуетін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін түпкілікті көтеру қажеттілігі тұр. Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, Қазақстанның да тиімді жүзеге асырылатын ұлттық бәсекелік басымдылықтары бар, олардың ішінде табиғи ресурстар қоры: вольфрамның әлемдік қорының 50%, уранның 25%, хром құрамды қазбалардың 23%-ын құрайды. Қазақстанда бүкіл дүниежүзіндегі фосфор қорының 90% орналасқан және сирек металдар монополиялық өндірушілерінің әлемдік клубына кіреді. Бірақ республика бай табиғи ресурстары бола тұра, ішкі өндірісте жоғарғы технологиялық туарлар мен қызметтің жетілдірілмегендігінен шығаратын өнімі жалпы әлемдік өнімнің 0,06%-нан аса алмады. Қазақстанның ұлттық басымдылықтарының бірі — аграрлық өндіріс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және жетілдіру салаларында кластерлік бастамаларды жүзеге асыру арқылы аграрлық секторды индустрияландыру жұмысы қолға алынды, әсіресе нарықтық бәсекені қалыптастыру. Жаһандық бәсеке — заманауи қоғамдық даму заңдылығы, ол ұлттық мемлекетті ғана қамтымайды, ол трансұлттық корпорациялар (ТҰК) арасында да жүреді. ТҰК интеллектуалды, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеттік ортада құрылады. Шамамен неғұрлым табысты салалардың әлемдік сауда және қаржы айналымының жартысынан көбі солардың бақылауында. Көптеген ТҰК өздерінің экономикалық айналымы жөнінен ірі елдерден асып түседі. Жетекші 500 трансұлттық корпорациялар өңдеуші кәсіпорындар экспортының үштен бірін, әлемдік саудадағы шикізаттық туарлардың төрттен үшін, жаңа технологиялық сауданың бестен төртін қамтиды, дүниежүзінің барлық елдерінде ондаған миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жүргізілген реформалар барысында Қазақстан бас аяғы он жылдан аса уақыт мерзімінде нақты нарықтық экономикаға қол жеткізді. Қазіргі кезеңде экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізаттық әлеуеті болып табылады. Республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды және ашық сыртқы сауда саясатын жүргізеді. 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемі 7 млрд. доллардан аса оң айырыммен, 33 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 1994 жылмен салыстырғанда үш есе өсімді берді. Сыртқы сауда жүргізу аймағы алғашында ТМД көлемімен шектелсе, 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында алғашқы орынды ЕО елдері, Ресей, Швейцария және Қытай тұрды. Осылайша Қазақстан жаһандық бәсеке орталығына қосылды. Әрбір ел ұлттық тәуелсіздігіне, жеке дамуына ұмтылғандықтан да ашық ұлттық нарық, шетел капиталын, халықарылық кооперацияны тарту, әсіресе экономиканың стратегиялық салалары қатаң бақылауды қажет етті. Елдің ұлттық мүддесі жергілікті капиталды толықтырумен, отандық тауар өндірушілерді қолдау, оларды ынталандырумен байланысты болды. Дамудың түпкі мақсаты — халықаралық еңбек бөлінісінде бәсекеге қабілетті, бірте-бірте легитимді пайда табу (заңнамалық негізде) арқылы ұлттық капиталды қалыптастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет