«Мәңгілік Ел» - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама
Н.Ә. Назарбаев: Ұлттық идея негізінде 4 фактор болуы қажет Бірінші – бұл ұлттық бірлік, екінші – қуатты бәсекеге қабілетті экономика, үшінші – зияткерлік, жасампаз қоғам. төртінші фактор Қазақстанды құрмет тұтатын мемлекет ретінде құру. 2011 ж. қараша
“Мемлекеттің ең басты мақсаты -2050 жылға дейін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрып, дамыған экономика қалыптастырып, күшті мемлекетті сақтау”Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан-2050”
«Мәңгілік Ел» патриоттық акті Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи “Тәуелсіздік толғауын” негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Ел құру жолында біргеміз. Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан. Біз, Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан-ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.