Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
31. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз. Кеңес үкіметі билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да сауаттылық және мәдени деңгейін артты ру саласында қомақты жетістіктерге қол жеткізілді. Бұрыңғы артта қалған халықтардың ілгері кеткен Орталық Ресейді қуып жетуі үшін халықтардың ана тілінде мектеп, баспасөз,театр,клуб ісін дамыту ,халық шаруашылығының барлық салалары үшін білікті кадрлау дайындау ,ол шараларды іске асыруға арналған мектептер мен курстар желісін кең өрістету , жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарын ашу міндеті алға қойылды.
Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты. Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А.Байтұрсынов, М.О.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Қ.Жұбанов, т.б. дәріс оқыды. Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік ин-ты (1929), Қазақ ауыл шаруашыфлық институты (1930), Қазақ медициналық институты (1931), Орал пед. институты (1931) ашылды. 1932 ж. Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40,5%-ы қазақ жастары болды. Республиканың жоғарғы білім жүйесінің қалыптасуына С.Асфендияров,Т.Жүргенов, А.Байтұрсынов, М.О.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Қ.Жұбанов жңне басқа да ғылым мен мәдениет қайраткерлері көп көмектесті.
1934 жылы С.М.Киров атныдағы Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Осы жылы Кен-металлургия институты ашылды. Бұл институттың ашылуы республикада инженер-техник кадрларын дайындаудың негізін қалады.Ұлы Отан Соғысы қарсаңында Қазақстада 19 жоғары оқу орны , 120 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. 1950–60 ж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қ-ларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медицина институттар, Алматыда халық ш., Қарағандыда политехнология және кооперативтік, Павлодарда индустриал, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инженер құрылыс, 1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған пед. ин-ттары ашылды. 1986–87 оқу жылында Қазақстанда 55 Жоғары оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды.
Ал арнаулы орта білім беретін оқу орындарына тоқталсақ, революцияға дейінгі кезеңде көптеген қазақ жастары Ташкент, Орынбор,Омбы қалаларының орта арнаулы оқу орындарында оқыды.Кеңес билігінің алғвшқы жылдарында Кәсіптік техникалық білім беру жүйесі жолға қойылды. 1920 жылдың соңына қарай Оралда,Семейде, Торғайда,Верныйда, Петропавлда,Жымпитыда 17 Кәсіптік-техникалық білім беру орындары ашылып, мамандар дайындай бастады. Орта арнаулы білім беру орындарының рөлі артып,оларда білім беру ісі жетілдірілді.
Алайда халық шаруашылығына ғылыми-техникалық кадрлар жетіспеу мәселесі шешімін таппады. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын анық аңғартты. Жоғарғы оқу орындарында қазақ жастарының аздығы сезіліп тұратын. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде Қазақстанда Сталиндік қуғын сүргін салдарынан инженер-техник,ғылым мен өнер адамдарының қатары сиреп қалды.Революцияға дейін қалыптасқан зиялылар тобы жойылып кетті. Жазалаудан әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлері де көп азап шекті.