«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
Тұтастай бір ұлттың сана сезімін, тарихи жадын қалыптастыратын тәрбие құралы-тарих. Сондықтан ұлтымыздың тарихын ұлқықтау, оның сан ғасырлық тағылымына мән беру аса маңызды.Тек сонда ғана ұлттық сана нығайып, тарихи таным арта түседі.Нәтижесінде тарихи зердесі күшті халықтың рухы да асқақ болады.Ал рухы көтерілген халық қазіргі жаһандық жағдайда ұлт болып сақталып,өзінің құндылықтары мен рухани байлығымен сусындап, болашағын жарқын ете алады. Яғни «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің маңызы зор. Елбасымыз осы маңыздылықты айқындау үшін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу жобасын жасауды ұсынды.
2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі – ҚР БҒМ ҒК төрағасының орынбасары А.К. Төлешов қатысты. Отырыс ММ «Мемлекет тарихы институтының» директоры, т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяғанның төрағалығымен өтті. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы Хаттамалық шешім қабылдады: I. 2013 жылдың 10 шілде мен 10 тамызы аралығындағы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлаудың ұйымдастыру схемасы бекітілсін; II. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы құрылымының жобасы негізге алынсын; III. 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын; IV. 2013 жылдың 10 тамызына дейін, белгіленген ереже бойынша ЖҒТК-ның қарастыруына «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы ұсынылсын. -Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Астана және облыс әкімшіліктерімен, жоо-ның ректорларымен біріккен жиналыстар ұйымдастырылып, өткізілді
1. Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің республикалық ғылыми зерттеу орталығы
2.Дүниежүзі тарихын зерттеудің республикалық орталығы
3.Геоархеология лабараториясы
«Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясын» құру мәселесі бойынша (мұнан әрі-Ассоциация) қоғамдық бірлестік бастамашыларының Құрылтай жиналысы өткізілді. Ассоциация 2013 жылдың 7 маусым күні Астана қаласында құрылды. Құрылтайшылары 10 жас тарихшы болып табылады. Ассоциация органы: Жалпы жиналыс, Төраға, Төраға орынбасары, хатшы болып табылады. Ассоциацияның жоғарғы басқарушы органы Жалпы жиналыс болып табылады. Қазіргі кезеңде Ассоциация мүшелерінің саны – 31 адам. Ассоциацияның жоғарғы басқарушы органы Астана қаласында орналасқан. -Құрылтай жиналысында бекітілген «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы жасалынды. Жарғыда мәні, мақсаты, міндеттері және қоғамдық бірлестіктің қызмет түрлері айқындалды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі Комитетіне «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құжаттарының тізімі даярланды. Мемлекеттік тіркелуден кейін, облыстарда, Алматыда Ассоциация филиалдарын құру жоспарлануда. Қазіргі кезеңде Ассоциацияның 2013 жылдың екінші жартысына арналған іс-шаралар Жоспары жасалынды. Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясының Тұжырымдамасы, тұсаукесер тәртібі жасалды. Жарғы жобасы ҚР Әділет министрлігіне тіркеуден өткізу үшін жіберілді (17.07.2013г.). «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласында 2013 жылдың 29 шілдесі күні заңдық тұлғалық мемлекеттік тіркеуден өтті. Оқу-методологиялық жұмыстар: Оқулық жазылуда, жұмыс тобының жетекшілері: 1 том: Қазақстан тарихы (тәуелсіздікке дейін) – Р.Ж. Темірғалиев 2 том: Тәуелсіз Қазақстан тарихы – Б.Ғ. Аяған Ғылыми-зерттеу жұмыстары: ұлттық тарихты зерттеуді методологиялық және ғылыми жаңартуға бағытталған, ғалымдарды даярлау және қайта даярлықтан, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткізу бойынша шаралар жасалынды: - Голландия – МТИ директоры, т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Аяған -Кембридж Университеті (Ұлыбритания) – БҒҚ МТИ Анафинова М.Л. - РФ Президенті жанындағы ХШМБ Академиясы (Ресей) – КҒҚ МТИ - Аманжолов Д. Ақпараттық жұмыстар саласында: § Ғылыми қызметкерлердің жариялынымдарын, фото-видеоматериалдармен үнемі толықтырылып отырыатын Институт аккаунты құрылды § Жаңаша, жетілдірілген Институттың веб-сайтын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жасау жұмысы жүргізілуде § Институттың веб-ресурстарында ұлттық тарихты зерделеудің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми қызметкерлер жетекші ақпараттық агенттіктер мен телеканалдарда мақалалар жариялап, видеоинтервьюлар беруде § Спикерлер тізімі жасалды. § Ұлттық тарих тақырыбы бойынша республикалық «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде аналитикалық талдаулар жариялынымы ұйымдастырылды.
2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
Бұл мәселені қоғамдық деңгейде талқылау, бүгінде екі түрлі көзқарастың қалыптасуына түрткі болды. Мәселен, қазақстандықтардың бірнеше бөлігі ұлттық идеяның бүгінде қажеттілігі жоқ, себебі, әлеуметтік, саяси және т.б. идеялар мен идеологиялар уақыты өткен кеңестік кезеңде қалды, сондықтан да, нарық жағдайында саналы іс-әрекет пен индивидуализмге жүгінуі керек дейді. Ал қазақстандықтардың келесі бір бөлігі жалпыұлттық идеяны мүлдем жоққа шығарып, қандай да болмасын ұлттық негіздегі идея қауіпті және көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде өте зиян дейді. Олардың көзқарастары бойынша қандай да болсын ұлттық идея қандай да түрде болмасын бұқара санасында адамзатқа талай қасірет әкелген ұлтшылдықты тудырады.
Бұдан өзгеше көзқарасты жақтаушылар, яғни, көпұлтты мемлекетте ұлттық идея тек бір ғана этностың немесе халықтың идеясы болып қала алмайды. Қазақстандағы көпұлтты мемлекет ретіндегі ұлттық идея мән-мазмұн жағынан жалпыұлттық идея болуы қажет.
Бұл жерде атап өтер мәселе, республиканың саяси басшылығы кеңестік кезеңдегі ұлттың этникалық мазмұндағы түсінігінен бас тартып, ұлттың әлемдік теория мен іс тәжірибеде орныққан азаматтық негіздегі түсінігін қабылдап 1996 жылы сәуір айында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ІІІ сессиясында сөз сөйлей отырып, ел Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа бірегейлікті қалыптастыру тек демократия, бостандық, плюрализм, адам құқығы, азаматтық қоғам идеялары жалпыұлттық идеямен астасып жатқанда ғана сәтті болмақ. Бұл, менің пікірім бойынша тек екі ірі идеологиялық тақырыпта - саяси тәуелсіздік және Қазақстанның ішкі демократиялануы арнасында мүмкін. Жаңа бірегейліктің үлгісін іздеу, Қазақстан халқының өзін өзі жаңадан тану үрдісі сырт көзге қарағанда оңай, әрі қарапайым сияқты, ал бірақ іс жүзінде асыруға келгенде ең бір күрделі істердің бірі болып табылады. Бұның мазмұны мынандай: «Тек демократиялық Қазақстан ғана тәуелсіз бола алады. Бұның өзі, біріншіден, саяси тәуелсіздік болмайынша, Қазақстанда шынайы демократия болуы мүмкін еместігін көрсетеді». Және осы жерде үшінші компонент, ол Қазақстанда жаңа саяси азаматтық қауымдастық қалыптастыру болып табылады. Нақ осы азаматтық қауымдастық, мифологиялық суперэтнос емес» [1, 8 б.].
Ұлттық идея этникалық, мәдени, діни немесе басқа да тұтастық негізінде біріккен қандай да бір адамдар қауымдастығының ортақ ұстанатын түсініктері, идеалдары, стереотиптер, ұжымдық естеліктер мен құндылықтары болып табылады. Ұлттық идея негізінде, қазіргі әлемде этникалық немесе құрамы жағынан мультиэтникалық болып келген қауымдастықтың ұлттық бірегейлігі қалыптасады. Ұлттық бірегейліксіз, ұлттық идеясыз ұлт қалыптасуы мүмкін емес. Осы мақсатқа сай зерттеу жұмысында мынандай міндеттер қойылады:- ұлттық бірегейліктің қалыптасуының объективті және субъективті факторларын ғылыми түрде анықтау;- ұлттық бірегейлік үрдісі қалыптастырудағы элита тобының рөлі мен орнын көрсету;- саяси тарихи кеңестік дәуір мен қазіргі тәуелсіз қазақстандық саяси және рухани, интеллектуалдық-мәдени элиталардың халықтың бірегейлік санасын қалыптастырудағы қоғамдық қызметінің ерекшелігін зерттеу; - тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық шоғырлану үрдісінің негізгі кезеңдері мен бағыт бағдарларына сараптама жасау