46 Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдығына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» Стратегиялық даму жоспарының маңызды бағыттарын жүзеге асыруға, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру Концепциясына, сондай-ақ шетелдік инвесторлар Кеңесінің Қазақстан Республикасының Президентімен өткен XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының даму шеңберінде жасалған.
Бағдарлама 2010 -2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады және оның жүзеге асу тәжірибесін ескереді.
Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына күш біріктіру мен шектеулі секторлар қатары, аймақтық мамандандыруда кластерлі тәсілді қолдану және нәтижелі саланы реттеуге тоғыстырылған.
Бағдарламаның негізгі мақсаты диверсификацияны ынталандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:
1) өңдеуші өнеркәсіптің озық дамуы;
2) нәтиженің жоғарылығы және басымдық секторына қосылған құнның көтерілуі;
3) шикізаттық емес экспорттың жоғарылауы;
4) өніммен қамтылуды сақтау;
5) өңдеуші өнеркәсіптің технологиялық басымдық секторына жаңа деңгей берілу және алдағы жасалатын инновациялық кластерлердің қалыптасу негізі мен дамуы;
6) өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.
Бағдарламаның іске асуы 2019 жылы 2012 жылғы экономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді:
- өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемінің нақты 43% ға өсуі.
- өңдеуші өнеркәсіпте тұтас қосылған құнның өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;
- өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;
- шикізаттық емес (өңдеуші) экспорттың көлемдік өсуі 1,1 есе;
- өңдеуші өнеркәсіп энергиясының жұмсалуының төмендеуі 15 % дан кем емес;
- өңдеуші өнеркәсіпті жұмыспен қамтудың өсуі 29,2 мың адам.
-
- Бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде мемлекет:
- - мұнай және газ өңдеу, мұнай-газ-химия, мұнай-газ-химиялық машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібінің сервистік қызметтерімен байланысты базалық ресурстар секторының ұлттық кластерінің бірі:
- -өңдеуші өнеркәсіптің нарықтық нысаналық секторының конкурстық рәсім нәтижесі бойынша анықталатын үш аймақтық кластері;
- -«жаңа экономиканың» секторларындағы екі инновациялық кластерлер, Астана қаласында («Назарбаев университет» кластері), Алматы қаласында («Инновациялық технологиялар Паркі» кластері) теңдестірілген қуаттау және дамуға шоғырландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |