Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы


Бөкей ордасындағы көтеріліс



бет18/80
Дата17.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#117370
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Байланысты:
Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері -emirsaba.org

Бөкей ордасындағы көтеріліс
ХІХ ғасырдың басында патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Бұрынғы рулық бөлініс, бағынушылықтың орнына аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Сол себептен 1801 жылы Кіші жүзге қарайтын Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді бөліп, Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды.
Қарапайым халық жер мен жайылымдар әділетті, біркелкі бөлінеді ғй деп үміттенді. Бірақ мәселе олай болмай шықты. Бөкей ордасы казак станицаларының желісімен және Жайық өзенін бойлай салынған қамалдармен кіші жүз жерінен бөлініп тасталды. Соның салдарынан Еділ мен Жайықтың арасында көшіп жүрген қазақтар жан-жақтан орыс ауылдарымен, қамалдармен қоршалып қалды. Каспий жағалауындағы шұрайлы қоныстардан қазақтар ығыстырылып, орыс помещиктері граф безбордко мен князь Юсуповтар және Орал казак әскерлері иелік етті. Олар қазақтарды бұл жерлерге жолатпады. Қыс болса қазақтардан от ауызы, жаз шықса тұяқ аты деген сияқты неше түрлі салықтар алынды.
Орыстардан қалған тәуір жерлерге хан мен оның туыстары, сұлтандар иелік жасады. Мысалы, Жәңгір ханның меншігінде 400 мың десятина, оның туысы Нұралыхановтардың меншігінде 750 мың десятина, Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановтың қарамағында 700 сың десятина жерлері бар еді. Бұрын жерге меншікті білмейтін, кім бұрын келіп орналасса, сол жайлай беретін елде енді таршылық туды, көшпелі елдің шаруашылығы қатты күйзелді. Мәселен, Қарауылқожа қазақтарға жерді жалға беру дегенді шығарды. Жалға жер алғаны үшін қазақ малшылары өте ауыр салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Сонымен қоса қарауылқожаның отбасы үшін әрбір шаңырақ 2 сомнан төлеуге, ал ауыл старшыны бір бие беруге міндеттенді. Қыста Каспий теңізінің жағалауынан қазақтар Қарауылқожа Бабажановқа қамыс дайындауға тиіс болды. Қамысты қыста дайындаттырып, сол қамыстан үй немесе малға қора салдырған. Сонымен бірге патша үкіметі Ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне сай бейімдегісі келді. Сондықтан бұл жерлерде дистанциялар (бекініс аралық басқару жүйесі) құрылды. Осындай экономикалық, әкімшілік қысымдармен қатар елдің ар-намысына тиерлік рухани қысымшылықтар да көбейді. Қит етсе айып алып, дүре ссоғу және т.б. жәйттер халықтың зығырданын қайнатты. Осындай патша үкіметі мен хан тарапынан жасалған шаруашылық, әкімшілік, рухани қысымшылық, жан түршігерлік әділетсіздік халық көтерілісіне алып келді. Көтеріліс Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарды.
Көтерілістің негізгі мақсаты – патша өкіметінің жерді тартып алып жатқан отарлық саясатын тоқтату, ханның өктемдігін, өзбырлығын шектеу, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту болды.
Алғашында жәңгір хан исатай мен махамбетті өз жағына тартпақ болды. Бұдан ештеңе шықпаған соң ол оларды ашықтан-ашық қуғындауға шықты. Жәңгірдің сенімді деген билеріне жазған хатында былай делінген: «Исатай мен махамбет басқаларды маған бағынбауға шақырады. Олар старшина қарабөкен мен Жоланға шабуыл жасап, жарақаттады...барлығыңызға жоғарыда аталған бойұсынбаушыларды ұстап маған әкелуді бұйырамын».
1836 жылдың ақпанында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті алдап қолға түсіріп, айдатпақ болады. Сол оймен оларды өз ордасына шақыртады. Мұны іштен сезген Исатай мен Махамбет бармайды. Оларды оңайлықпен қолға түсіре алмайтындығын білген хан сол жылдың 17 наурызында қараылқожаны басқартып 522 адамнан тұратын жасақты жібереді. Мұны естіген Исатай мен Махамбет өз қаруластарымен Қарауылқожаға қарсы щығады. Олар 1936 жылы 4 сәуірде манаш қыстауында кездеседі. Исатай қантөгіс болмасын деген оймен бұрынғы қазақ салты бойынша Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Істі сонымен шешпек болады. Бірақ Қарауылқожа да, оның қасындағылар да жекпе-жекке шығуға қорқады, соғыспен басып алуға да сескенеді. Сөйтіп кері қайтуға мәжбүр болады. Исатай да қантөгіске барғысы келмей, өз қосынына кетеді. Сөйтіп екі жағы да қан төкпестен тарасады. Күз айларында Исатай мен Махамбет ауыл-ауылды аралап, халықты Жайық жағасына келуге, Орал казак-орыс әскерлерінің алған жерлерін қайтаруға, байлардың жерлерін қайтадан бөлуге шықырып, үгіт жүргізеді.
1838 жылдың басында Исатай мен Махамбет даңқы қазақ даласына кең тарайды, оларға жан-жақтан шаруалар, кейбіпр ағамандар келіп қосыла бастайды. Сол жылдың жазы мен күзінде олар біраз ірі бай ауылдарына шабады. 16 қыркүйекте көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылына қарулы шабуыл жасап, талқандады, 50 адамын, 41 түйесін, 441 жылқысын айдап әкетті, мұның алдында шаруалардан жиналып алынған 3000 сом ақшаны тартып алды. Қарауылқожа әрең дегенде қашып құтылды. К.Арсланов, С.Ақмурзин сияқты сұлтандарды, көптеген алыпсатарлар мен ру старшиналарын тұтқынға алды.
1837 жылы көтерілісшілер саны өткен дылмен салыстырғанда 3-5 есе көбейіп, барлық топтарды есептегенде 4-5 мың адамға жетті.
Исатай мен Махамбет жаңа шайқастарға дайындалды. Жайықтың бергі бетіндегі Адай, Әлім және т.б. елдерге кісі жіберіп, өздері барып қару-жарақ, әскер жинады. Олардың бұл қимылдарына Орынбор губернаторы мен Жәңгір хан қарсы шаралар ұйымдастырды. Ресей әскерінің полковнигі Геке басқарған үш полк әскер Баймағамбет сұлтанныңғ бастауымен Исатай, Махамбеттің жауынгерлерін жоймақ болып аттанды. Исатай мен махамбет жасақтарын кейін қалдырып, өздері шағын серіктерімен алдағы шепті барлап қайтуға шығады. Сөйтіп, олар 1838 жылдың 12 шілдесінде ойламаған жерде Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің аралығында Геке басқарған біріккен ірі жазалаушы отрядпен кездесіп қалады. Ұлын-асыр шайқас болады. Сан жағынан бірнеше есе басым Геке әскерлер бұларды қоршап алады. Сол күнгі кескілескен соғыста Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше серіктерімен соғыс шебін бұзып шығады. Бірақ ол қалған жасақтарымен жақсы қаруланған Геке әскерлеріне қарсы бұл жолы табан тіреп соғыса алмады. Көмектесемін деп келген Қайыпғали ұрысқа кірмей кетіп қалды. Көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды.
Исатай қаза болғаннан кейін күрес жалыны кеміп, қол тарай бастайды. Махамбет Хиуа ханының беремін деген әскерін алып, еліне оралып, көтерілісті қайта бастамақ болады. Бірақ Хиуы ханы әскер бере алмайды. Олар қайтып еліне оралады. Жәңгір хан бұл жөнінде сетіп, отряд қүрып, Махамбетті ұстап әкелуге жібереді. Отряд оны Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде ұстап, Калмыков түрмесіне жеткізеді. Екі жұмадан кейін оны Орынборға жөнелтеді. Онда Махамбеттің ісі генерал-губернатордың бұйырығымен әскери сотқа беріледі. Сот істі қарап, егер келешекте Махамбет тағы да «бүлікшілікке» араласатын болса, қатаң жазалатынын ескеріп, босатады. Бірақ Жәңгір хан өлгеннен кейін аға сұлтан болған Баймағамбет айшуақов махамбеттің соңына қайта түседі. Оның басына 1000 сом бәйге тігіледі. Кейін хорунжий шенін алған Ықылас Төлеев деген сатқан Махамбетті қапылыста өлтіреді.
Көтеріліс басылды. Оған қатынасқандар қатаң жазаланды. Әскери соттың шешімі бойынша оларды екі топқа бөлді. Бірінші топқа Исатай мен Махамбеттің жақын көмекшілері, көтерілістің белсенді басшылары жатқызылды. Олардың тағдырын Орынбор генерал-губернаторы мен полковник Геке шешті. Мысалы, Исатайдың жақын серіктері Р.Жәнібекұлы мен Ұ.Төлегенұлына 1000 реттен тұзға салынған шыбықпен дүре соғып, сібірге жер аударылды. Қожахмет Өтемісұлы, Бекен Сарыұлы, таңрық Нұржанұлы, Балабек Нұржанұлы сияқты және т.б. көтерілістің белді басшылары 500 адамдық қатардан өткізіліп, шпицрутенмен дүре соғылып, Ригаға 8 жылға қара жұмысқа айәдалды. Егер кейін ауырып, денсаулығы көтермесе Иркутск губерниясына жер аударылатын болып шешілді. Смайыл Өтемісұлы, Смайыл Қалдыбайұлы сияқтылар дүре соғылып, солдатқа жіберілді. Ал көтерілісшілердің екінші тобына жатқызылғандарға 20-дан 50-ге дейін шпицрутеннен дүре соғылып, басқа да жазалар қолданылды. Көтерілісті басып-жаншуда ерен «ерлігімен» көзге түсіп, белсенділік танытқандар орыс болсын, қазақ болсын шен-шекпен, әскери атақ алды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет