25. 1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. Қос үкіметтілік және оның негіздері.
Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтыңұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.
26. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан (1965-1985 жж.). 1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ке жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонның зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.
Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті.
Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.
Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды.
Одақты қайта құру идеясы п.б. және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қаз.тер-ғы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және эконом. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі тур. батыл мәлімденді. Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне аспады.