Байланысты: Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері -emirsaba.org
34. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. .1. ХҮІІІ ғасырдың соңы - XIX ғасырдың, Қазақ хандығы. Кіші және Орта жүздегі хандық би жойылуы
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хаңдық билікті сақгай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уели хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ресей әкімшілігі сұлтандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның іщщце Уөли ханға катысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, .сот және рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы:
ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін кұру;
билер соты;
қазақ балалары үшін мектеп ашу;
шекара жанындағы қазақтарды ұйымдастыру;
басқару қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедицияларды жіберу т.б.
Ал, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз жаңадан хан сайланбады.
Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға ере жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен сайланған Айшуақтың халық арасыңда беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісін саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы ЖанТөре хані (1805-1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орынбор губернаторы ЖанТөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1809 жылдың соңына қарай ЖанТөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған ЖанТөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін әлтіріп кетеді. ЖанТөре әлген соң Ресей үкіметі орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті, Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хаңдық билікті жоюға мүлделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіңдігінше кедергі жасауға тырысты 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы хаңды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіл-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол астында болды.
Осылайша, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басыңда Қазақ хандығы орталықтандырылмаған, керісінше Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз және Бөкей хандығы болып бөлініп және әр жүздің өз алдына басқарушысы бар бытыраңқылыққа ұшыраған мемлекет еді.
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары орыс-алшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғаны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.
1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібірдің әскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.
«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар «икі окруттерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары окруттерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (18.31 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).
Әр округ болыстар мен ауылдарға бөліңді. Батыс генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округ басшылығында окруттік приқаздар тұрды және сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтан басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құра 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір окруттен екінші округке әту жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.
Патша әкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, әкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жекшілдікке ұшырауына және үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүлдесін қорғауға шығарып. Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.
1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығының бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендейұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын қазақ-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы тәленді.
1824 ж. Жарғы бойынша құрамында тәраға, тәрт кеңесші және тәрт ауқатты қазақтан тұратын шеқаралық комиссия құрылды.
1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшынндарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шеқаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.
1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте - 8, Ортада - 20, Шығыста - 28 Дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатылды. 1844 ж. «Орынбор қазақтарды басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша әр шенеуніктерінен жергілікті әкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалар бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше әрекет ету мүмкін болмай қалды.
Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарын айналдыру үшін хаңдық билікті, яғни қазақ мемлекеттінің жойып және орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шеқаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шеқаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясыңда тұратын Кіші және Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.
Осы және одан кейін жалғасқан XIX ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. XIX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заң қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындалды.