55.Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер (1940-1958 жж.)
Ұлы Отан соғысы республиканың демографиялық тарихында өшпес із қалдырды. 1941 жылы есептегі арнайы қоныстанушылар мен эвакуацияларды қосқанда 7,6 миллион (қоспағанда 6425 мың) болған республика халқының 1366 мыңы Отанды қорғауға аттанды. Оның 330 мыңдайы өліп, 271 мыңы хабарсыз кетті, барлығы 601 мың адам тікелей шығын болды Жанама шығынмен қосқанда барлығы 1202 мың адам шығын болды. Соғыстаң кейінгі отбасылардың бірігуі, бірінші және екінші кезектегі некеге тұру негізіндегі «некелесу науқаны» кезінде туу деңгейлері өсті, бірақ, өлім-жітім төмендемеді. Соғыстан кейін депортацияланғандар өз еліне қайтарыла бастады. 1946 жылдың 1 қаңтарында республикада 726 мың, 1947 жылдың 1 қаңтарыңда 426 мың арнайы жер аударылғандар есептелінді. Арнайы жер аударылғандардын санының кемуі тек өз отанына қайта бастағанына ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы өлім-жітімнің де өскеңдігіне байланысты.
1940-1958 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон-белсенділігін туғызған әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудағы факторлар: тұтастай халықтарды күштеп жер аударулар, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы мен соғыс кезіндегі мобилизация, эвакуация, соғыстан кейінгі демобилизация мен реэвакуация, шаруашылықты қалпына келтіру мен репатриация, тың және тыңайған жерлерді игеру мен елдің индустриалдық дамуын жеделдету және т.б. шаралары Қазақстан аумағын түгел қамтыды және халық құрамын терең өзгерістерге ұшыратты. Яғни, республиканың демографиялық дамуына әсер еткен сырткы факторлар барлық аймақтарға ортақ болып, халық саны динамикасына ерекше әсер етті.
56. Ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан.
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі — бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты — қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі — экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, құқықтық мәдениеті, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» — деген болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт өткеннен соң ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. [2. 1-2].
Достарыңызбен бөлісу: |